Инфоурок Физика Конспекты"Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр." 7-сынып

"Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр." 7-сынып

Скачать материал

Күні: 18.02.16ж

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның пайда болу себептері. Торричелли тәжірбиесінің мәні, атмосфералық қысымның өлшем бірлігі туралы, қалыпты атмосфералық қысым, атмосфералық қысымның биіктікке, ауа райына байланысты өзгеруі, атмосфералық қысымды өлшеуіш құрал барометр туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу. 
3. Тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Технологиясы: СТО

Көрнекілігі: слайд, шприц, стакан, қағаз, су, жұмыртқа
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын тексеру
Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты таныту
Оқушыларды топқа бөліп алу (капитан, палуба, шлюбка, обед)

1. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қатынас ыдыстарға мысыл келтір.(Шәйнек, кофейник, су құбыры)

3. Су құбыры не үшін қолданылады?

4.Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

(Ареометр)

5.F-күш дегеніміз не,өлшем бірлігі.

Fы=Fa=PgVg (H)

Бағалау 5 - «5»

4 – «4»

3 – «3»

Кубизм әдісі:

Кубикті лақтырып бетіне түскен формуланы оқып, өлшем бірлігін айту және қандай физикалық шама.

1. P = F/S Қысым

2. Fa = mg Ауырлық күші

3. ρ = m/V тығыздық

4. Fүйк = μN Үйкеліс күші

5. Ʋ = S/t Жылдамдық

6. F = kx серпімділік күші


II. Мағынаны таныту. Жаңа сабақ.
1. Бұл ертедегі үлкен тарихи мәдени орталық. Қазақстанның IX–XII ғасырлардағы сәулет өнері. Ендеше бұл кесенеге кіріп аралау үшін жаңа тақырыпты тыңдайық
■ Атмосфера – Жердің ауа қабаты.
■ Атмосфераның құрамы:
78%-азот, 21%-оттегі.
• Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
Атмосфера су бетінен төмен қарай бағытталған қысыммен әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысым барлық бағыттарға бірдей беріледі, міне суды поршеньмен ілестіре көтеретіні осы атмосфералық қысым әсерінен екен.

Ал енді 18 ғасырда итальяндық ғалым Торричелли жасаған тәжірбиені қарастырайық. Ол ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толыстырылады.

Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сонда сынаптың кішкене ғана бөлігі ыдысқа төгіледі. Ал түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады.
Торричелли алғаш рет сынап бағанының атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Кейін Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдалана бастады.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күш 105 Па екені белгілі. Атмосфералық қысымның бірлігі-1 миллиметр сынап бағаны алынады.  (1 мм.сын.бағ)
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. (барос-ауырлық, метрео-өлшеймін) Қазіргі кезде барометр-анероид кеңінен қолданылады.
Барометр анероидтың құрылысы
1. Дөңгелек жұқа металл қорапшадан
2 . Серіппе
3. Беріліс тетігі
4. Көрсеткіш
5. Шкала
Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады екен.

2. Тәжірибелер демонстрациясы.

3 топқа тәжірибе беру

1 - тәжірибе. Су, стакан, пипетка. Пипетканың резеңке қабық ішіндегі ауаны қысып тұрып, суға батырса су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
2 - тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды. Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым.

3 - тәжірибе. «Төңкерілген стакан» Стаканға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.



ІІІ. Ой толғаныс (Рефлексия) Сабақты бекіту.

  1. Эксперименттік тапсырма. 

  1. Су, тиын, стакан, қағаз, шірпі.

Жалпақ тарелкаға тиын салып оның беттік деңгейінен сәл ғана асатындай су құйылады. Тарелкадағы су астындағы тиынды қолды ылғалдамай алу керек. Ол үшін қағазды жыртып жағып стакан ішіне саламыз, стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі неде?

Мұның себебі жану кезінде стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады. Іштегі ауа қысымын, атмосфералық қысым азайтады. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

2. Ішкі қабырғаларына тығыз кептеліп тұратын жылжымалы поршені бар шыны түтік алынады. Оны ішінде суы бар ыдысқа батырып, поршеньді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршеньмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды.

Неліктен деп ойлайсың?

Мұның мәнісі мынада. Атмосфералық қысым су бетіне төмен қарай әрекет етеді. Паскаль заңы бойынша ол қысымды түтікке төменнен жоғары қарай жеткізеді. Міне, суды поршеньмен ілестіре көтеретін осы атмосфералық қысым



2) Есептер шығарады. Карточка бойынша әр оқушы есеп шешеді.

1-есеп

Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын

есептеңдер.Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3

2-есеп

100 см2 ауданға 50 Н кш әрекет етеді. Қысымды анықтандар

3-есеп

Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэфиценті 0,3.

4-есеп

Болат серіппе 245 Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарды.Серіппенің қатаңдығын анықтандар.



3) Сөзжұмбақ.

1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)






Қ








Ы









С







Ы









М





4) «Сергіту сәті»

Физикалық шаманың аты, белгіленуі, өлшем бірлігі

Білім картасы

Физикалық шамалар

Математи-калық өрнегі

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал

1

Жылдамдық

ν=l/t

м/с

Спидометр

2

Уақыт

t=s/ν

с

Сағат, секундомер

3

Масса

m=ρV

кг

Таразы

4

Көлем

V=m/ρ

м3

Мензурка, сызғыш

5

Ауырлық күші

Fa=mg

Н

Динамометр

6

Салмақ

P=mg

Н

Динамометр

7

Қысым

P=F/S

Па

Барометр

Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі. 

5)Қорытындылау.

Физикалық тест

  1. Деформация дегеніміз не?

     А) Дененің өзгеруі        

     Ә) Дененің тоқтауы, сынуы      

     Б) Дененің ағуы

В) Сыртқы күштің әсерінен дененің көлемі мен пішінің өзгеруі

2. Атмосфералық қысым бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал ...
А) барометр            

Ә) альтиметр      

Б) анероид        

В) барометр-анероид

3. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымының негізгі формуласы
А)Р=Ғ/S        

Ә)Р=gрh

Б)Р=gт         

В)Р=mV

4. Пішіні мен көлемі өзгерген денені қандай дене дейді?

А) пластикалық    

Ә) деформацияланған    

Б) серпімді    

В) өзгертілген

5. Күшті өлшейтін құрал?

А) танометр          

Ә) динамометр        

Б) альтиметр         

В) амперметр

6. Ауырлық күші дегеніміз –

     А) салмақ түскендегі күш         

     Ә) механикалық күш

     Б) дененің Жерге тартылу күші    

     В) сырттан әсер етуші күш

7. Тығыздықтың өлшем бірлігі

     А)м/с              

     Ә)м3                                            

        Б) сағ                       

     В) кг/м3

8. Бір дене екінші дене бетімен қозғалғанда пайда болатын күш ..... деп аталады

     А) ауырлық            

     Ә) серпімділік                                   

     Б) қысым                                        

     В) үйкеліс

9. Нормаль қысым күшін  ....  әрпімен белгілейді.
А) N                  

     Ә)R                            

     Б) F                                  

     В)  p

10. Гук заңын өрнектейтін теңдеу 

     А) Ға=mg

     Ә) Ғ=mN     

     Б) Ғ=kх       

     В) р=m/V

  1. А 2. А 3. Ә 4.А 5.Ә 6. Б 7.В 8. В 9. А 10. Б


9-10 – «5»

6-8 – «4»

4-5 – «3»


Сонымен оқушылар біздер бүгінгі сабағымызда атмосфералық қысым және оны өлшеуіш құрал туралы түсінік алдық. Сонымен қатар Торричелли тәжірбиесімен таныстық.


6) Үйге тапсырма §40

7) Бағалау. Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр." 7-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 2875
    • DOCX 31.9 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изгалиева Нурслу Исмагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Изгалиева Нурслу Исмагуловна
    Изгалиева Нурслу Исмагуловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22034
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 536 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 130 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе