Инфоурок Другое КонспектыАқтан Керейұлы өмірі мен шығармашылығы

Ақтан Керейұлы өмірі мен шығармашылығы

Скачать материал

        Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:  Ақтан Керейұлы        

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                      Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Маңғыстау әдебиеті дегеніміз не?

Өкілдері кімдер?

Маңғыстау әдебиеті оқудағы басты мақсат?

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақтан  Керейұлының шығармашылық өмірбаяны (1850-1912)

Ақынның өмір жолынан қысқаша мәлімет беру; шығармашылығының ақын өмірімен байланыстылығы. Жыраудың өз өмір өткелдерін салыстырмалы түрде суреттеу шеберлігі; бес жүйріктің бірі екендігі; жыраулық дәстүрдің дидактикалық үлгісін дамыта айту шеберлігі.

Ақпа ақын, жыраулар дәстүрі, өлеңді ауызша айту, ерлік толғаулар, дастандарды дамыта жырлаушы, халық поэзиясы, арқалы жыршы, айтулы жүйрік.

ХIХ ғасырдың II жартысындағы көрнекті ақынның бірі- Ақтан  Керейұлы.

            Қаумалап халқым келгесін,

            Селдетпей топан-жел сөзді,

            Көрінбейін бекер жек...

            Таңдайына татымас,

            Абыл менен Нұрымнан

            Дәніккен жұртым секер жеп.

  Осылайша ұстаз ақын, жырауларын ерекше бағалай толғайтын Ақтанның өз ақындығы да олардан кем болмаған. Ол-өзінен бұрынғы жыраулар мұрасынан мол сусындап, жырларын тау бұлағындай тасқындатқан ақпа ақын. Ақтан туыстарының  бірі, әңгімеші Әмірше Мұттахиевтің 1966 жылы бізге жаздырған деректеріне қарағанда, «Ақтан бұдан (1966 жылдан.-Қ.С) 54 жыл бұрын-тышқан жылы Шибұлақ деген жерде қайтыс болған. Бұдан 116 жыл бұрын –тауық жылы туған». Нұрмаш қарттың айтуынша ақын 1854-1917 жылдары өмір сүрген. Ақының әкесі Керей өз еңбегімен күн көрген кедей шаруа ғана екен. Жас кезінде алған аз-кем сауатына қарамастан, Ақтан өзінен бұрынғы жыраулар дәстүрімен өлеңді ауызша айтуды машық еткен.Сіңірі шыққан кедейлігіне айналып мал бағып, шаруа күйттеп қалмай,ол өмірінің көп жылдарын өнер қуумен өткізеді.Ақтан Орынбор,Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау, Хиуа алқабындағы елдерді көп аралаған. Сол мекендердегі Жетіру, Әлім,Байұлы елдерінің ақын,жырауларымен кездесіп,жиын-тойларда той бастап,жыр толғаған

 Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Ақтан Керейұлы кім?

             Оның өмір жолы қандай болған?

Үйге тапсырма:    Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:  Ақтан Керейұлы  «Жайық деген жанды су»      

 Сабақтың мақсаты:  а)   Ақтан Керейұлының өмір мен өлеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    Маңғыстау әдебиеті оқулығы ,кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1      Ақтан Керейұлы кім?

2      Оның өмір жолы қандай болған?

3      Оның туған жылы туралы қандай деректер бар?

                                            б) Жаңа сабақ

 Ауыз әдебиеті мен жыраулар мұрасындағы бұқара қамы, ерлікті дәріптеу әуені Ақтаннан кейін Қубала, Аралбай, Өмір, Нүрпейіс,Ығылман,Сәттіғұл,Түмен жырларында дами түсті. Оның «Жайық деген жанды су» өзінің жыршылық қабілетін айғақтайды

Жайық  деген  жанды  су

Жайық  деген  жанды  су

Көзі  қара  қанды  су

Біздің   жүрген  жеріміз

Күнде  базар,  күнде  ду.

Мен  сүргіннің  сойымын

Арқалы  жерде  шапқандай

Ойпаң  жерде  сортақ  бар

Жабыдан  туған  қорқақ  бар.

Сөйле  десең  жырышыңыз

Алдарыңда  жортақтар.

Туған  айға  айт  берген

Ақ  қағазға  хат  берген.

Бекіту  Өтілген тақырыпқа, өлеңге  байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Ақтан Керейұлының жолын жалғастырған кімдер?

Өлең неге осылай аталған?

Өлең арқылы Ақтан жыраудың қандай қырларын тани түсеміз?

Үйге тапсырма:    Ақтан Керейұлының «Жайық деген жанды су»  өлеңін жаттап  келу.

    Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:  Ақтан Керейұлы  « Аққулар көркем көрінер»

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   «Аққулар көркем көрінер » атты Ақтан Керейұлының өлеңі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар өлеңдерінен келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау әдебиеті оқулығы,   кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Маңғыстау әдебиеті оқулығы

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1  «Жайық деген жанды су»  өлең не туралы?

2   Бұл өлеңде қай өлке суреттелген?

3   Көркемдегіш құралдар бар ма?

4   Мысал келтіріп дәлелдеу

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақтан жырлары, көбінесе, терме, толғаулар мен ерлік дастандар. Бір топ арнау өлеңдері де бар.Ел арасына кең тарған Ақтан «Тойбастары» мен «Аққулар көркем көрінер» өлеңдерінде негізгі өзегінде адалдық пен сұлулықтың, адамгершілік пен ізгіліктің идеясы жатады. Ақынның ерекшке назар аудара жырлайтыны-қыз ата-тегінің байлығы мен мансабы емес, оның адамгершілік мінез-құлқы, көрік сипатты дәріптейді

Аққулар  көркем  көрінер

Аққулар  көркем  көрінер

Айдын  шалқар  көлдегі

Құралайдың  балдары

Бұл  да  көркем көрінер

Орғып  қашқан  шөлдегі

Қатарланған  қалың  көш

Бұл  да  көркем  көрінер

Сағым  шалған  шөлдегі

Қыз,  жігіт  көркем   көрінер

Қалың  дара  елдегі

Аруанадан  туған  кез  өркеш

Бұл  да  көркем   көрінер.

Бекіту сұрақтары:

1   «Аққулар көркем көрінер »  өлеңі не туралы?

2   Басқа өлеңдерінен бұл өлеңнің ерекшелігі бар?

3   Ел арасына кең тараған өлеңдері қандай?

4   Басқа өлеңдерімен салыстыр

Үйге тапсырма:    Ақтан Керейұлының «Аққулар көркем көрінер»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                           Пәні: маңғыстау  әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:            Аяғына сан түссе

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   Ақтан Керейұлының жырлары туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

                                   ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

                                   б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1    «Аққулар көркем көрінер »  өлеңі не туралы?

2    Басқа өлеңдерінен бұл өлеңнің ерекшелігі бар?

3     Ел арасына кең тараған өлеңдері қандай?

4     Басқа өлеңдерімен салыстыру

                                                б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Аяғына  сан  түссе

 Аяғына  қан  түссе

Айрылар  жүйрік  ағыннан

Тұрасынан  мертілсе,

Тұлпар  қалар  қарғыннан.

Көтермешің  болмаса

Топта  туың  жығылған

Көмекшіңіз  болмаса

Бәйгіден  атың  қалынған.

Айдын  көлден  сән  кетер

Айрылса  қу мен  қазынан

Айдынның  нұры  тамбаса

Көл  қалады  шабыннан.

Кітаппен жұмыс:      Кітаптан жырлар  туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

Топпен жұмыс:  .Ақтан Керейұлының  жырларын топтастыру                   

                                                                                                                                     Аққулар көркем көрінер

Овал: Ақтан Керейұлның жырлары
жырлары

жыр жырлар
 Жайық деген жанды су                            

                                                                                                                             Аяғына сан түссе

              Ерлік жыры

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Жырлардың  қандай айырмашылығы бар?

Үйге тапсырма:        «Аяғына сан түссе » жырын оқып   келу.

Күні:                                           Пәні: маңғыстау  әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:           Ерлік жыры

Сабақтың мақсаты:

                                 а)   Ақтан Керейұлының жырлары туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

                                   ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

                                   б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1    «Ерлік жыры »  өлеңі не туралы?

2    Басқа өлеңдерінен бұл өлеңнің ерекшелігі бар?

3     Ел арасына кең тараған өлеңдері қандай?

4     Басқа өлеңдерімен салыстыру

                                                б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ерлік  жыры

  Дүние  пәни  болғалы

Өтпеді  кімдер  заманнан?!

Неше  ерлер  өтулі

Егіскен  жерден  ар  алған.

Қаза,  Алшын,  Байұлы

Сегіз  арыс  Адайдан

Рет-рет  ер  өтті

Қарғытқан  атың  қамалдан...

Найза  ұстаған  Адайда,

Ер  өткен  жоқа  Шабайдан

Бір  азырақ  айтайын

Айта  алсам  парқын  байқайын

Бердәулет  пен  Жоламан

Ел  жүрияты  шабаздан

Солардан  ерік  көрелі

Хал-ауқат  етіп  біз  жүрміз

Өлмессің  бұрын  қазаңнан.

Кітаппен жұмыс:      Кітаптан жырлар  туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.

 Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Жырлардың  қандай айырмашылығы бар?

Үйге тапсырма:        «Ерлік жыры » жаттап  келу.

Күні:                                           Пәні: маңғыстау  әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:           Айтуған жырау Тайұлы «Замандастарға»

Сабақтың мақсаты:

                                 а) )  Айтуған жырау Тайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру,                                                   ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін дамыту;

                                   б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:      жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,   дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1    «Ерлік жыры »  өлеңі не туралы?

2    Басқа өлеңдерінен бұл өлеңнің ерекшелігі бар?

3     Ел арасына кең тараған өлеңдері қандай?

                                                б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Айтуған жырау Тайұлының туған, өлген жылдары туралы нақтылы деректер жоқ.Ақынның шығармаларын газет бетіне жариялатып, алғаш ол туралы көлемді материал берген Ізбасар Шыртанов ақынның өмір сүрген кезеңін XVII-ғасырдың екінші жартысымен XVIII-ғасырдың екінші жартысы аралығында жүз жылға жуық өмір сүрген адам депкөрсеткен. Біздің жобалауымызша Айтуған жыpay көрсетілген кезеңнен бір ғасыр кейінөмір сүрген болуы керек. Айтуған Маңғыстаудағы Жыңғылды жерінде туып-өскен, бейітіЖыңғылдыдағы Сартөбеде Құнан-ата қауымында.Түбегіміздің шежіреші абызы Алтын Меңдалыұлының «Адай шежіресінде» Айтуғанжырау туралы мынадай деректі жолдар бар: «Даңның Тай деген баласынан Айтуған аттыжырау туған, бірақ ол кісі жырды ерте тастап кеткен. «Жырды неге тастадың, қайтабастамайсың ба?» – деп сұрағандарға, ол «Жыр айтсаң сұрайсың. Сұраудың соңы неекенін мен Абыл Тілеуұлынан тәжірибе алдым. Абылдың соңы онша болмады ғой» депжауап береді екен... Айтуған 98 жасында өлді» – деп көрсетілген. Соған қарағандаАйтуған жыраудың жас шамасы Абылмен тұстас немесе одан сәл кейінірек өмір сүргендеп жобалауға болады.

Айтуған жыраудың ататек түзілісін баяндасаң: Адай – Келінберді – Тобыш – Ораз –Жайық – Әлмембет – Шоқай – Тоқсанбай – Даң – Тай – Айтуған, сонда ақын Адайатамыздың оныншы ұрпағы. Айтуғанның Артығалы деген баласы болған. Бір назараударарлық жай: Абыл ақынның екі баласының бірінің аты да Артығалы. Абыл менАйтуған бір дәуірде болған тұстас адамдар деген сөзіміз нанымдырақ сияқты болады.

ЗАМАНДАСТАРҒА

Қаз ұшар айдын көлден қиғаш қанат,

Уағдаға берік болар бек асыл зат,

Қиғаш қас. оймақ ауыз сұлу қыздар

Келіп кет мәжіліске жалғыз сағат.

«Кетәрі» демеді жұрт тыңдағанда,

Арманға жігіт жетер тынбағанда,

Тамсанды естіген жұрт қайран қалып

«Қырымның қырық батырын» жырлағанда

Шын сөзім, інілерім, наныңыздар,

Ішінен ұнағанын алыңыздар,

Бүгін бар бұл өмірде, күні ертең жоқ

Ноғайлықты түгел алып қалыңыздар.

Жаманның айтқанына нанбаңыздар,

Тіріде екілікке бармаңыздар,

Бір күндік қолыңызға билік тисе

Қаріпті әурелікке салмаңыздар.

Денсаулықта жігіттер, кемшілік жоқ,

Аулыңнан жақсы шықса көңілің тоқ,

Ақымақ балаң үшін сөз естісең

Секілді қақ жүректен қадалған оқ.

Білімді бекіту:     Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Үйге тапсырма:        «Ерлік жыры » жырын жаттап  келу

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Өнерлі жігіттерге

 Сабақтың мақсаты:

                                   а) « Өнерлі жігіттерге» өлеңі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар өлеңдерінен мысал келтіре отырып оқушыларды адалдыққа, өнерге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Маңғыстау әдебиеті оқулығы

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1.      Ақтан «Тойбастарының»  негізгі идеясы?

2.      шығармаларының зерттелу жайы

3.      Ақтан  толғауларындағы  тыңдаушы халықпен қатынасы

4.      Бұқара қамы, ерлікті дәріптеу әуенін Ақтан кейін жалғастырушылар

                                            б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ӨНЕРЛІ ЖІГІТТЕРГЕ

Келесің, немене ойлап, қарақтарым?

Айтар деп бір жақсы сөз алақтадым.

Дүние, сұм жарлықтың жаманын-ай,

Иттей боп жемтік іздеп салақтадам.

Жасымнан бай болуды жаратпадым,

Сөз айтып, жыр жаттауға талаптандым,

Жас келіп, жер ортасы ауғаннан соң

Ақылмен алды-артымды сараптадым.

Келесің, ей балалар, немене ойлап?

Дүниенің қызығына бар ма тоймақ?

Ішіңде сөз үйренер қайсың барсың –

Айтыңдаршы ниеттерің болса жайлап?

Дарияның ортасына шыққан дара

Төгілген жапырағы шынар едім,

Жоқтықтан қолым қысқа, ыққан малдай

Күн бойы үй ығында тұрамын мен.

Атадан тумақ парыз, өлмек парыз –

Бәрін де ақылменен ұғамын мен,

Алтынның көз көргендей сынығы едім,

Тірлікте ойын-сауық құрамын мен.

Десеңдер жыр үйренем, үйге кірің,

Болсам да өзім жарлы көңілім кең...

Бекіту сұрақтары:

  1   Айтуған Тайұлы кім?

  2   «Өнерлі жігіттерге »  өлеңі не туралы?

Үйге тапсырма:    «Өнерлі жігіттерге»  өлеңін жаттап  келу.

  Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Бұл  өмірдің  мысалы

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шыармашылығы туралы ақпар беру                                                 ә)  тәрбиелік мәні бар өлеңдерінен мысал келтіре отырып оқушыларды адалдыққа, өнерге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Маңғыстау әдебиеті оқулығы

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

  1   Айтуған Тайұлы кім?

  2   «Өнерлі жігіттерге »  өлеңі не туралы?

                                                                б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қашаған –XIX  ғасырдың екінші жартысы  мен  XX  ғасырдың бас кезінде өзінен бұрынғы Ыбыл мен Махамбет қалыптастырған дәстүрдің нәрлі өнегесіне қаныға, оны ілгері дамытқан,әйгілі ақпа ақын. Оның жырлары Қазақстанға ғана емес, Орта Азия республикаларына, РСФСР-бірқатар облыстырына, Иран, Ауғанстан, Түркиядағы қазақтар арасына кең тарған.   Қашаған осы Ташауыз қаласына шектес қазақ аулында 1841 жылы қаңтардың 7-інде дүниеге келген. Әкесі Күржіман кедейлікпен күн кешкен.

   Әкеден жастай жетім қалған Қашаған қабырғасы қатып, бұғанасы бекіместен кедейлік,жоқшылық тауқыметін көреді. Кейін сол ауыр күндерді тебірене еске алады:

             Атам бір қайтты дүниеден,

              Бес жаста жетім қалдырды,

              Басыма қайғы салдырды.

              Анам көрді жесірлік,

              Өзім көрдім жетімдік,

              Сөйтіп басым қаңғырды.

 Бірақ жетімдік болашақ ақының жас жүрегін бұғаулай алмайды. Өмір соққысы жігерлі жасты шыңдап, құлшындыра түседі.

   Ел әңгімелеріне қарағанда, Қашағанды жастай жиын-тойға апарып, ақындық өнерге баулыған Қалнияз ақын. Сол өнеге арқасында өнершіл баланың ерекше құмарта өскені қазақ, қарақалпақ,түрікмен елдеріне кең тараған халық әдебиетінің нұсқалары.

  Қашағанның  жас кезінен жаттай, еліктей өскені Махамбет пен Шернияз, Абыл мен Есет жырлары  болса ,өз замандастарынан ерекше қадір тұтқаны Нұрым, Ақтан ақындар.

                   Көзім көрген адамға

                   Абыл мен Нұрым, Ақтаным-

                   Осылар еді тақтағым,-

деп аларды әр кез айта жүрген.

     Қашаған бағзы өнерпаздар дәстүрімен көп елді аралаған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық,Елек, Қобда, Жем, Сағыз, Ойыл,Қиыл өзендерінің бойын жайлайтын елдердің бәрінде болды.

     Кеңестік дәуір тұсы Қашаған ақынды кедейлік, аурулық тауқыметі тақымдап тастаған кезі еді. Сексенге аяқ басып ,жұбайынан ерте айырылып , жалғызбастылық меңдеткен ақын Құлат мекеніндегі қараша күркеден  серпіле шығып , ел аралап кетеді. Өмірінің көп жылдары  өткен Жем бойы, Астрхань қолтығындағы елдерге барып, бұқараның күні туғандығын қуана жырға қосады.

    Алайда майталман ақынға ескілікті ауру тағы да құрық салып,86 жасқа келгенде көз нұрынан айрылады. Қашаған 88 жасында 1929 жылы тамыздың 25-і күні Маңғыстауда, Құлат мекенінде дүние салады. Бейіті сол маңдағы Қырықкөз деген жерде.

   Ақының надан молдаларды аяусыз шенеп, өнерді қорғаған жырларының озық үлгісі –«Есқали сұпыға айтқаны». Ақын мұнда сұпының екіжүзділігімен қатыгез,сараңдығын әшкерелейді,домбыраны « қу ағаш» деп кемітуін негізгі ілік етіп, домбыраны қорғай жыр төгеді.

     Қашаған бір топ өлеңінде («оразалыға», «Байларға», «Томпы байды тілдеуі», «Көбентайдың Мұрынқұл», «Бекес байға», «көптілеу байға айтқаны », « Қарашұбар ала ешкі») сараң, дүниеқоңыз байлардың жиынтық образын береді. Олар мал-дәулетті шалқып жатса да,дүние рақатын көрмей өтер шықбермес сараң,даңғой, атаққұмар, қатыгез,қайырсыз,реті келгенде жалт берер екіжүзді де. Кедейге кекірейе қарап, болыс-биге құлдық ұрар құбылма жандар. Бұл сипатты ақынның «Бекес байға» деген өлеңінен айқын аңғарамыз. Ақын байларды әркез өлтіре сынап, күлкі ете жүрген. «Оразалыға» деген өлеңіндегі:

         ...Бет терісін түлетіп,

          Төбесінен күн өтіп,

          Шыбын жанын пида етіп,

          Шаруаға жүдетіп

          Жүргенде,кетпесе игі еді

          Біздің аршыланға тіл өтіп,-

 деген сырттай қарағанда аяушылық сияқты жолдар Шернияздың «Баймағанбетке айтқаны », Абайдың  «Дұтбайғасы» іспеттес, үстем тап өкілдерін аяусыз әшкерелейтін қатты сын,өткір сықақ.

Бұл  өмірдің  мысалы

Әділдіктің  белгісі-

Расын  сөйлеп  сардиған.

Пітне  көңіл  белгісі-

Құпия сөйлеп  ыржиған.

Өпірем  болу  не  керек

Бақ – базарың  ауған  соң

Бәсеке  ету  не  керек

Бастан  билік  кеткен  соң.

Бұлаң – сұлаң  не  кғерек,

Ақ  бетіңнен  нұр  тайып,

Жер  ортадан  асқан  соң

Елең-селең  не  керек.

Жас  елуден  кеткен  соң

Жалтаң – жұлтаң  не  керек

Жігіттік  бастан  өткен  соң

Қыздан  түсің  кеткен  соң

Қырмызы  кию   не  керек

Бұл  өмірдің  мысалы:

Кешегі  көрген  бүгін  жоқ,

Ұшып  кеткен  көбелек.

Бекіту сұрақтары:

1.         Қашаған Күржіманұлы шығармалары туралы ғалымдар пайымдаулары

2.      ақын туындыларының жиналу, зерттелу деңгейі

3.      Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

4.      Толғауларында ізгіліктің насихатталу жайы

5.Қашаған Күржіманұлы шығармаларының    қазақ әдебиетінде алар орны

Үйге тапсырма:    Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу

     Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Бұл дүниеде не жетім?

 Сабақтың мақсаты:

                                   а) Қашағанның  « Бұл дүниеде не жетім? » өлеңі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

                                   ә)  тәрбиелік мәні бар өлеңдерінен мысал келтіре отырып оқушыларды адалдыққа, өнерге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, Маңғыстау әдебиеті оқулығы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1          Қашаған Күржіманұлы шығармалары туралы ғалымдар пайымдаулары

2     Ақын туындыларының жиналу, зерттелу деңгейі

3    Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

   Қашаған екі дәуірді бірдей көрген ақын. Кеңестік кезеңде он шақты жыл өмірсүрсе де, дәуір сырын жанымен ұғып, шаттана үн қосты. Қанау,зорлық-зомбылық, паңдық,мастық жол алған феодалдық дәуірдің қоғамдық системасын тұспалдап та,ашық та сынап шенеді,келешекке үмітпен қарады. Халық басынан өткен елдікті,ерлікті жыр етті. Әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсіне білді. Дүниенің мәңгі дамуда екенін,уақыттың өтпелілігін, табиғат заңдылығын сезе, түсіне білді,әлеуметтік қайшылығын көре білді.Өзі өнген кемтар бұқараны жырлап өтті,солардың қиянат қысымды әшкерелейтін жалынды тілі болды. Ілияс ақын: «Қашаған-жүйрік жырау,елдің тілі»,-деп текке айтпаған. Ол – сыншыл,тура, өткір,сықақ мәнді шығармаларымен танылған айтулы бұқара жыршысы. Оның ақынды, жыршылық өнерінен замандастары мен өзінен кейінгі талай өнерпаздар өнеге алған.

Бұл  дүниеде  не   жетім?

Бұл  дүниеде  не   жетім?

Кім  қажетсіз  болса  сол  жетім

Хакім  адал  болмаса

Бұқара  байтақ  ел  жетім

Қаптап елі  қонбаса

Жайылған малы болмаса

Көкорай шыққан  Балқашы

Жеусіз  тұрып  сорласа

Ел қонбаған  жер  жетім

Ішсең,  суы  құрсағыңа  жақпаса

Адам  менен  мал  түгіл

Қаңғырған  қарсақ  татпаса

Ащы  дария  көл  жетім.

Бекіту сұрақтары:

              1       Қашаған Күржіманұлы кім?

2        « Бұл дүниеде не жетім? »  өлеңі не туралы?

3         Айырмагылығы  неде деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма:    «Бұл дүниеде не жетім ? »  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966)  Уа, жігіттер масықпа

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   Сәттіғұл Жанғабылұлы толғауларының көркемдік ерекшеліктері, зерттелу жайынан мағлұмат беру.

                            ә)  Тақырыптық ерекшеліктеріне назар аударту.

                                   б) Өмірінен мәліметтер; туған жер әдебиетінде өзіндік орны бар жыр жүйрігі екендігі; Ақынның  түрлі тақырыпта жазылған туындыларының мән-мағынасын түсіндіру.

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, Маңғыстау әдебиеті оқулығы,   кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1     «Бұл дүниеде не жетім ? »  өлеңнің құндылығы

2     Ақын туындыларының жиналу, зерттелу деңгейі

3    Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сәттіғұл Жанғабылұлы – өткен заманның ақын-жыраулар мұрасындағы халықтық дәстүрді біздің заманымызға ұластырушы, жаңғырта жырлаушы ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Ол – Адайдың Мұңалыдан  тарайтын  Тастемір ауылының перзенті. Оның шежірелік түзілісі былай келеді:

Адай- Келімберді- Мұңал-Жаулы-Жары- Назар-тастемір-Қылыш-тұрнияз-дабыл-Жанғабыл-Сәттіғұл, сонда Сәттіғұл ақын Адай атамыздың он бірінші ұрпағы.

  Сәттіғұл 1876 жылы Маңғыстау уезі, 2-Бозашы болысында (қазіргі Маңғыстау ауданы тұщықұдық ауылында) дүниеге келіп , атамекені Маңғыстау жерінде 90 жасынла дүние салды. Балалық, жастық шағы қиыр түбекте, күнелтісі кем, білімнен кенде жарлы ауылда өтеді. Жас Сәттіғұлдың көкірегіне берік ұялап, сезіне, көре өскені – михнатты еңбек, жоқшылық азабын тартқан абзал жандардың ауыр өмірі. Сол ауыр тұрмысын ақын былай бейнелейді:

Бес атадан бер қарай,         Сорқұдық, Теппе – ойлардан

Мал бітпеген сорлымын.    Егін салып, жер қазған-

   Өзімнің әкем Жаңғабыл,     Шертетін көрген қорлығын.

Менде көрдім жарлықтың

   Уа,  жігіттер  масықпа

Жігіттер  жүр  масығып

Лауазымға  таласқан

Алдауына  еріп  сұмдардың

Әділ  жолдан  адасқан

Үлгі  аламыз  десіп  жүр

Қайдағы  бір алаштан

Алаштың  сырын  білмейсің

Бәсекемен мал  жинап

Дәулеттерін  санасқан

Құзғындар  тобы  жемтікке

Бөлісе  алмай  таласқан

Екі  бөліп  ерлерін

Таласып  жүрген  айғырдай

Әркімдерді  үгіттеп

Тура  жолдан  тайдырды-ай.

Бекіту сұрақтары:

1              Сәттіғұл Жанғабылұлы  кім?

2   «Уа, жігіттер масықпа  »  өлеңі не туралы?

Үйге тапсырма:    «Уа, жігіттер масықпа»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     «Пушкинге», «Ер Исатай»  өлеңдері

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   Сәттіғұл Жанғабылұлы толғауларының көркемдік ерекшеліктері, зерттелу жайынан мағлұмат беру.

                            ә)  Тақырыптық ерекшеліктеріне назар аударту.

                                   б) Өмірінен мәліметтер; туған жер әдебиетінде өзіндік орны бар жыр жүйрігі екендігі; Ақынның  түрлі тақырыпта жазылған туындыларының мән-мағынасын түсіндіру.

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,   Маңғыстау әдебиеті оқулығы   кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1      Сәттіғұл Жанғабылұлы  кім?

2   «Уа, жігіттер масықпа  »  өлеңі не туралы?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Пушкинге

Сұм  заманда  өтіпсің

Өлеңге  өрен  жетіксің

Жауһарын  жырдың  жаудыртып

Телегей  теңіз  етіпсің

Өмірден  опа  таба  алмай

Қиянат  көріп  кетіпсің

Лағынат  айтып  түндерге

Қол  создің  алғы күндерге.

Бірақта  нұрлы  күндерге

Есіл  ер  жете  алмадың

Құшағын  жайып  біздерге

Табысты  асыл  арманың.

Ер  Исатай

Ақ  жүректен  ақтарып

Мен  жырлаймын  шаттанып

Ер  шыққан  соң  елімнен

Маңғыстаудай  жерімнен

Қасқыр,  иттей  қаңсылап

Арт  жағына  ыршып-ақ

Жапырылып  жау  қашты

Иасатайдай  ерімнен.

Бір  өзінің  оғынан

Үш жүздейін  фашистің

Қара  қаны төгілген.

Қабырғасы  сөгілген

Исатайдай  ерімнің

Қатты  батты  фашиске

Тегеуріні  темірден.

Бекіту сұрақтары:

1  «Уа, жігіттер масықпа  »  өлеңі не туралы?

2        «Пушкинге», «Ер Исатай»  өлеңдерінің бір-бірінен ерекшелігі

Үйге тапсырма:   «Пушкинге», «Ер Исатай»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Түмен Балтабасұлы (1884-1957)  «Қазақстан»

 Сабақтың мақсаты:

                                   а)   Түмен Балтабасұлы өлеңдерінің ұлтжандылық ерекшеліктері жайынан мағлұмат беру.

                            ә)  Тақырыптық ерекшеліктеріне назар аударту.

                                   б) Өмірінен мәліметтер; туған жер әдебиетінде өзіндік орны бар жыр жүйрігі екендігі;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  Маңғыстау әдебиеті оқулығы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1                   «Уа, жігіттер масықпа»  өлеңі не туралы?

  2«Пушкинге», «Ер Исатай»  өлеңдерінің бір-бірінен ерекшелігі

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Түмен Балтабасаұлы 1884 жылы Маңғыстауда, қазіргі Ақшымырау кеңшары территориясындағы Қызан жерінде дүниеге келген. Түмен ақын –Адайдың Жеменейінің Бәйбішеруынан тарайтын Байғара ауылының перзенті. Ақынның арғы атасы кезінде зайырлы, ілгергі күнді, ауа-райын алдын ала болжайтын, адамдардың көрген түстерін дәл жорып айтатын адам болыпты. Түмен жастайынан- ақ ақындық дарыны ерте білініп, халық арасында таныла бастаған кездің бірінде, үлкендердің айтуынша дін жолын қатты ұстаған әкесі Балтабас ұлына : «Шырағым, сенен бір тілегім бар, берер болсаң айтамын» -депті. Ол кезде қай бала әке тілегін қайтарған. Үлкенді, әсіресе әкке-шешені қатты сыйлап өскен Түмен «тілегіңізді берейін , айтыңыз» десе, әкесі: «сені жұрт әр жерде жиын тойға қатысып, сөз шығарып жүр деп айтады. Бұрынғы үлкендер «Тақтақтың түбі тақтұқ болар» деуші еді. Тілегімді берсең , сен осы сөз шығаруыңды қой»,-депті. Түмен әке тілегін орындаған екен. Түменнің жасы елулерге келгенде көрген ұл баласы Сайын он жасына шығып тұрғанда ауырып жастай өлген. Басқа қыз балалары болғанымен, алпысқа келгенде , ұрпағымды жалғастырар деп үміттенген Сайыны өліп, қапаланған ақын :  әй, енді менің тақтұқ болмаған нем қалды , деп соған дейін сыртына шығармай, іште тұншықтырып келген табиғи дарынына ерік беріпті.

ҚАЗАҚСТАН

Кешегі  өткен  заманда

Билеген  елді  хан  екен

Қайырымсыз  хандардың

Қанағатсыз  жандардың

Еліменен  ісі  жоқ

Елдің  қамын  ойлайтын

Іштерінде  кісі  жоқ

Ойлағандары  сол  күнде

Өз  басының  қамы  екен

Қолданып  керкен  үкімі

Ақсақ  Темір,  Шыңғыстың

Шығарып  кеткен  заңы  екен

Бұл  күнде  біздің  көсемдер

Халыққа  қамқор,  пана  екен

Жарық  қылған  жер  жүзін

Һәммеге панар  шам  екен.

Бекіту сұрақтары:

1        Түмен Балтабасұлының өмірі .

2        «Қазақстан » өлеңінің басты идеясы.

Үйге тапсырма:   «Қазақстан » өлеңін жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Жеңіс жыры.   Ақын мен жирен ат

 Сабақтың мақсаты:

                                                                    а)  С.Жанғабылұлының  шығармашылығынан  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы  жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

 б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, Маңғыстау әдебиеті оқулығы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1Түмен Балтабасұлының өмірі .

2«Қазақстан » өлеңінің басты идеясы

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ЖЕҢІС ЖЫРЫ

Құттықтаймын қуанып

Ерлерімнің екпінді

Жауды жеңген жеңісін,

Елімізге еңбекші

Жегізгенін жемісін,

Құзғындардың құртқанын

Құрт секілді жегісін.

Жауынгерлер жасасын –

Талай жерде тауып жүр

Тарылғанның кеңісін.

Біздің Қызыл Әскердің

Жақыны түгіл жаты да

Айта алмас тауып кемісін.

Жер жүзінің еңбекші

Миллиондаған халқының

Тілектес қылды тегісін,

Тегі жат елдің тиып жүр

Тентегі менен телісін,

Дүниесін қоғамның

Майданына жаратып

Тәртіпті таза таратып

Жұмыстардың жоспарлы

Келтірді талай келісін.

Жауынгер жастар жасасын

Тынышын елдің жақтаған,

Үміт артқан халқының

Еңбегін еткен ақтаған,

Залымдардан залалды,

Жауыздардан жалмауыз,

Менмендерден мінезсіз

Елдерін аман сақтаған,

Елі үшін еткен еңбегін

Ешкімге бұлдап сатпаған,

Жарағын жауға жарантып

Саймандарын сақтаған.

Алды елу, арты он сегіз

Арасында адам жоқ

Майданға шығып шаппаған,

Пулемет, танк, зеңбірек,

Бесатар мылтық, автомат

Оғы жоқ жауға атпаған,

Жапырған жау, жанған шоқ

Қайырды жауды қаптаған,

Қазған ор, құрған торлардың,

Кеселді мықты зорлардың

Белін басып аттаған,

Батырлыққа баулынып

Әскерилік тәртіпті

Үйреніп оқып жаттаған.

Майорлар маршал жасасын –

«Балдарым батыр болсын» – деп.

Шаршамайтын дем беріп,

Көңіліне жел беріп,

Бойларына сел беріп

Бәйгі атындай баптаған.

АҚЫН МЕН ЖИРЕН AT

АҚЫН:

– Мен көрдім жирен жылқы қаңғып жүрген,

Аяғын әзер басып қалғып жүрген,

Шелектің шылдырлаған дауысы шықса

«Адам, – деп, –ат суарған» аңдып жүрген.

– Ал, жирен, сәл сұрамақ менен, – дедім

Сұраққа жауап бермек сенен, – дедім

Колхоздың бір қадірлі көлігісің –

Болдыңыз бұ секілді неден? – дедім.

Арықсың, арқаң жауыр, алдыңыз қыс,

Етесің бұған қайрат немен? – дедім.

Қарныңыз қата болып жарылмасын,

Жел–құрсақ, шөңге-шөпті жемең, – дедім.

Аралас ақ шөппенен аз да болса;

Жемің жоқ оған қоса жеген, – дедім.

Ақсақал Шалқар деген шалға айттым:

Көліктің күтімсізден жауырғанын –

«Отанға опасыздық неден?» – дедім.

«Қазірде халықаралық жағдай солай –

Жалған сөз жаннан шыққан демең, – дедім,

Жылы үйге жерден қазған кіргізің де

Арқасын ақ сабынмен әбден жуып

Жауырын жирен аттың емдең» – дедім.

Бекіту сұрақтары:

1 «Қазақстан»  өлеңінің басты түйіні

2«Жеңіс жыры»,« Ақын мен жирен ат» өлеңдерінің айқындауыш белгілері

Үйге тапсырма:   Берлген  өлеңдерді  оқып  келу

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Өмірзақ  Қалбайұлы (1926)

 Сабақтың мақсаты: а) Өмірзақ  Қалбайұлы шығармаларынан   мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих, Маңғыстау әдебиеті оқулығы

Сабақтың барысы:

                                          а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1 «Қазақстан»  өлеңінің басты түйіні

2«Жеңіс жыры»,« Ақын мен жирен ат» өлеңдерінің троптық белгілері

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

                                        Өмірзақ Қалбаев өмірі мен шығармашылығы

 Сал-серілер, Адайдың жеті қайқысы, халық өнерпаздары, рухани дәстүр,аузы дуалы, поэтикалық әдіс, пайымды ой, суырып салма ақын.

Қалбаев Өмірзақ-1926 жылы Қарақалпақ автономиясы Шоманай ауданы Құмжыққан өңірінде «Бегжат» ауылында дүниеге келген халық ақыны, шежіреші.

Есепші, бөлім меңгерушісі, жанар май таратушы сияқты әр түрлі шаруашылық жұмыыстарын істейді. Жасынан Абыл, Қалнияз, Өгізбай, Нұрым жырларын, Орта Азия елдеріне тараған аңыз-хикаялар мен шешендік сөздері, арғы-бергі замандардағы тарихи оқиғаларды ести өседі. Өз ауылында да жыршы, күйші өнерпаздар көп болған, жеті кластық білім алған.

Өмірзақ   Қалбаев шығармалары екі салада: бірі-өлең, толғаулары  мен дастандар, екіншісі-тарихи, әдеби, шежірелік мақалалар. Басты шығармалары «Алаңқай батыр», «ЕР Қосай», « Қазақ Сауран айналғанда», « Білімдар»(Оразмұхаммед), «Тобанияз» сияқты жыр, дастандар, «Адай шежіресі», «Бердәулет пен Жоламан», « Қалнияз ақын-жорық жаршысы» тарихи әдеби мақалалар.

Бекіту сұрақтары:

1             Өмірзақ Қалбаев қай жерде дүниеге келген?

2   Шығармасының ерекшелік құпиясы неде?

3      Қандай еңбектері бар?

Үйге тапсырма:   Өмірзақ  Қалбайұлы шығармалары   мен  өмір жолы туралы қосымша ақпарат алып келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Ер Қосай аңыз-дастаны

 Сабақтың мақсаты: а) Өмірзақ  Қалбайұлының    Ер Қосай аңыз-дастаны туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар, Маңғыстау әдебиеті оқулығы т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1     Өмірзақ Қалбаев қай жерде дүниеге келген?

2   Шығармасының ерекшелік құпиясы неде?

3      Қандай еңбектері бар?

                                                        б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ер Қосай

Байқасақ бұл пәниге ой жіберіп

Дүние шарғы пәлен заман өткен,

Лайық заманына адам өткен.

Жаралып жер мен аспан, дүние пәни,

Мақұлық он сегіз мың ғалам өткен

Есте жоқ ескі заман хикаясы

Бұрынғы соңғыларға арыз еткен...

Ойласақ дүние пәни баяны жоқ

Бақиға бұрынғының бірі кеткен

Бекарыс кіші жүздің нәсіліміз

Түсінер сөз мәнісін шыдам еткен.

Болғанда әкем-Елтай, Шешем-Анай

Туылған екеуінен атам Адай

Байқожа Елтай атам әкесі ғой

Әкесіз адам жоқты білсең солй

Байқожа-әкесі Елтай, Алтау-Алшын

Бұрынғы көне шалдар айтқан талай

Шежіре жобасымен айтып тұрмын

Мұнысы құр сөз деме әлдеқалай

Адайдан Құдайберді-Келімберді

Аталған туылыпты екі бала ай

Туылған осы екеуден сегіз және,

Үлкені төрағасы дейді Қосай

Соңында сегіз бала сегіз ру

Аталған сегіз арыс болды Адай.  

Пысықтау сұрақтары:

Бекіту сұрақтары:

            1. Тұрсынның ән орындауындағы өзге қайқылардан ерекшелігі

            2.  Ермембет би Хиуа ханымен Адай руы үшін нендей мәмілегерлік істер атқарды? 

             3. Мәтжан мен Ерменбет би билік  сөздеріндегі ортақ

             4. Билер сөзінің тәрбиелік мәні    

Үйге тапсырма:   Ер Қосай аңыз-дастанын жатқа айту

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Уәйіс Қайралапов (1927-1993)

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің өкілі Уәйіс Қайралапов өмірі туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1     Өмірзақ Қалбаев қай жерде дүниеге келген?

2   Шығармасының ерекшелік құпиясы неде?

3      «Ер Қосай » аңыз дастанының басты идеясы неде?

                                                        б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Уәйіс Қайралапов

1927ж Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар елді мекенінде дүниеге келді. 
Ақтөбе, Қызылорда педагогикалық институттарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих факультеттерін бітірген. Форт-Шевченко қаласында ұстаздық жолын бастаған.
Форт-Шевченко  қалалық оқу бөлімінің бастығы , Маңғыстау ,Бейнеу аудандық білім беру бөлімдерінің бастығы міндеттерін атқарды.  
"Ақбөбек", "Махаббат ғаламаты", "Маңғыстау аңыздары мен ақиқаттары" еңбектерінің авторы. Ол 1993жылы дүние салды. 

Жан жазының алтын таңын атырып,
Кәрі-жасты тұрар бірдей шақырып,
Тіршілікте болған емес - болмас та
Махаббаттан мойны ұзын тақырып
Тамсандырған талайды естен тандырып
Талай жанның жүректерін жандырып
Махаббаттың кіршігі жоқ жалауы,
Желбіреумен қала бермек мәңгілік.
Талайлардың аңсағаны, құмары
Ем дәрісі, даруы , бой тұмары
Махаббаттың алтын үйі мәңгілік,
Азбайтұғын миллиондардың тұрағы.

Бекіту сұрақтары:

1.      Уәйіс Қайралаповтың дүниеге келген жері?

2.      Негізгі мамандығы қандай?

3.      Еңбектерін атаңыз.

Үйге тапсырма:  Уәйіс Қайралаповтың еңбектерін салыстырып, ақпарат  алып келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     «Ақбөбек» поэмасы

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің өкілі Уәйіс Қайралапов өмірі туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу;

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

У.Қайралапов туралы  қосымша мағлұматпен танысу, тың деректерді жаздыру   

                                                    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Ақбөбек»  поэмасы

Сөз  басы

Парақтап,  тарих,  сенің  беттеріңді,

Естіп  тұрмыз  бізге  де  жеткен  үнді.

Арманына  көз  жасын  сусын  етіп,

Көз алдымда  көп  өмір  өткерілді.

Тұншығып  қанға  бөгіп  талай  жүрек

Заманынан  азаттық  арай  тілеп.

Тарихтың  дәптеріне  қанмен  жазып,

Өткен  жоқ па,  өмірден  таппай  тірек?

Солардың  күңіренген  мұңды  үні

Құлағымда  шулайды  әлі  күні.

Айтпақшы  боп  толғаныа  отырғаным-

Жүрегімді  тербеген  соның  бірі.

І бөлім

Үстірттің  түстік – батыс  тарабында,

Адайлардың  көш – қон  табанында

Есқуат,  Дүйсен  деген  болды  кедей

Маната,  Бесбұлақтың  алдында.

Жылына бес-он  құлын  байлағаны

Бір  бөлек  ірі  қара айдағаны

Жылдағы  төл-соғымдық,  шай-су  болып,

Өзгеріссіз  көп  жылдар  айналады.

Риза  айналасы – ағайынға

Байлардың  барған  емес  маңайына.

Дүйсені  өткен  жылы  отау  тіккен –

Біткен  ұлдың  кенжесі  маңдайына.

Дүйсенге  жалғас  бір  қыз  бар  артында

Отауға  ес  боп  қалған  ел  салтында

Халық  оны  «бойжеткен»  дей  бастады

Келгесін  жас  шамасы  он  алтыға

Қиғаш  қас,  дөңгелек  жүз,  жазық  маңдай

Ақ  беті -  үлбіреген  ақша  қардай

Мөлдір  көздің  жанары  жалт  еткенде

Қарай  бергің  келеді  көзің  талмай.

Кеудесі – жүген  қудың  жүрегіндей

Ажары – таңның  алтын  сілеміндей

Құлпырып ,  нұрын  шашқан  бет  бейнесі –

Бұхардың  мақпал  қалы  кілеміндей.

Қастың  ұшы   озып  көз  қиығынан

 Қарлығаш  қанатындай  бір  қиылған

Кіршіксіз  аппақ  тістер  тізіледі

Күлгенде  езу  тартып  миығынан.

Бекіту сұрақтары: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап берем, поэманы қорытындылаймын.

Үйге тапсырма«Ақбөбек» поэмасын оқып және үзінді жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:     Айтуар Өтегенов «Қарашүңгіл»

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Айтуар Өтегенов «Қарашүңгіл өлеңі туралы мәлімет беру

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

У.Қайралапов туралы  қосымша мағлұматпен танысу, тың деректермен танысып, моэманың шарықтау шегі, композициялық құрылымы туралы ой бөлісем.   

                                                    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Айтуар  Өтегенов  1946 жылы 14 қазанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Құлсары кентіндегі Абай атындағы орта мектепті бітірген соң, сол кездегі «Коммунизм таңы» кеңшарында шопанның көмекшісі, механизатор, шофер, Құлсары мұнай өндіру басқармасында, автокөлік кәсіпорнында жұмысшы, слесарь, аудандық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық газетінде редактор, Бейнеу аудандық кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, «Отан» партиясының облыстық филиалында кеңесші болып қызмет еткен. 1976 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (сырттай оқып), 1982 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Қазір «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс тобының жетекшісі.
«Тұңғыш» (1978), «Ақкөйлек» (1980), «Ақсұқсыр» (1994), «Арманым саған ауған» (1999), «Қарашүңгіл-қаракөзім тұңғиық» (2000), «Адыраспан» (2003) атты жыр жинақтары жарық көрген. «Бір нәзік сәуле», «Атырау айдыны», «Жыр моншақ», «Жыр арқауы – Пір Бекет», «Жылыой қаламгерлері», «Азаматтық парыз» ұжымдық жинақтарына өлеңдері, очерктері енген. «Маңғыстау» энциклопедиясының (бірінші шығарылуы), «Бейнеу» өлке танытқыш кітабының авторларының бірі. 
Бірнеше жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Тәуелсіздікке 10 жыл» мерекелік медалімен, Елбасының «Алғыс» хатымен, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің,

             Атырау, Маңғыстау облыстарының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бейнеу ауданының Құрметті азаматы.

Қарашүңгіл

«Қарашүңгіл» + мұнай  кені.  Ол  1860 жылдан  белгілі.  Ембі  мұнай  бассейніндегі  бірінші  мұнай  фонтаны  1899 жылы  осы  жерде  атқылады.  (тәулігіне  15- 150 т)

Қарашүңгіл,

Өзіңде аласым жүр,

Құпияңды ашпаған даласың бір.

Шежіреге жүгінсек, шежіреге,

Дарияның бастауы боласың бұл,

Нанайын ба, япырау нанбайын ба,

Таңдану бар тақылдақ таңдайымда,

Бір тонна май әлі күні бермесең де,

Бақ бар екен өлшеусіз маңдайыңда.

Жазылған жоқ сен жайлы дастан әлі,

Қазылған жоқ жыртылып астар әрі.

Қарт Ембінің жұмысшы тарихы да,

Осында бір өзіңнен басталады.

Өткен ғасыр шымырлап өзегіңнен,

Шыққан майды.

Жақты жұрт тезегіңмен.

Жер түбінен енжеусіз осыны да,

Қалай ғана ағылшын сезе білген.

Оңай олжа өзгені шат қылады,

Белгі – қазық әр жерге қақты-дағы.

Атырауға салынып тұңғыш бұрғы,

Тұңғыш фонтан өзіңнен атқылады.

Барар жері болып сан соқпақтардың,

Қазынаңды абайсыз текке ақтардың.

Өзге жұрттың өпіремін білгендей-ақ,

Ұзамай тоқтап қалдың.

Содан соң да шырқатып қанша жырды,

Қойныңа бойламады қанша бұрғы.

Сонда да (шошындың ба алпауыттан),

Қалпыңда міз бақпадың сол сабырлы.

Дейді жұрт: «Қарашүңгіл киелі бел,

Айдарын аймалайды, сүйеді жел,

Оңдырмайды кетсең де тасын алып,

Аруағы дәл түсер жасын анық.

Сұғанақ қол шошытып бермей жатыр,

Бар майын бауырына басып алып».

...Жалған ба екен білмеймін, рас па екен,

Бұл аңыз (кімге сірә сыр ашты екен?)

Халқымның туған жерге махаббаты,

Осылай Атырауын нұр асты етер.

Әлі талай ақынға боласың жыр,

Қарашүңгіл әулиенің іргесінен қазылған бір алып мұнараны жер қабаты жұтып алып, оқыс мінез танытқан.

Сөйтіп, өз мұнайын әлі бермей жатыр.

Бекіту сұрақтары: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап берем, поэманы қорытындылаймын.

Үйге тапсырма:  «Қарашүңгіл» өлеңін оқып және үзінді жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Қожа-Ахмет Демеубергенұлы «Ырым», «Кіндік көз»

 Сабақтың мақсаты:а)Қожа –Ахмет Демеубергенұлы өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет беру:

ә) Ой еркіндігін, пікірлерін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге үйрету, өз бетімен ізденуге бағыттау:

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:                           

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                            ә) Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтар қою арқылы тексеру.

б) Жаңа сабақты түсіндіру: 

Қ.Демеубергенұлы 1950 жылы Маңғыстау ауданында дүниеге келген.Қаламының қарымын әзіл- қалжыңмен түйреп, өмірдің келеңсіз құбылыстарын сынға алған.Ол жиырма жылдай теледидарда журналистік қызметті қоса атқарған.Оның «Быды-быды», «Күлеміз бе,қайтеміз?», «Алтыбақан», «О,несі-ай»  жарық көрді.

Ырым

Қазақ деген қашанда

Дана халық болған ғой

 Тіршіліктен сыр тартып,

Болашаққа құлшынып,

Кемелдене толған ғой,

Осы халық қашанда,

Ырымшыл болып келеді

Кейде көзі тартса да,

Тек жақсылық болғай деп,

  Күйемен «емін» береді.

Шуылдаса құлағы,

Өсекшіден көреді.

Алақаны қышыса,

Маңайына тигізіп,

Ойша олжа тереді.

Қалса кенет шашалып,

«Май қап!» деп ұрып жатады.

Қышыса бір сәт табаны

«Жол түсіп тұр » деп алдыма,

Соған басы қатады.

Түшкіріп қалса серпіліп,

«Жәррекім Алла!» - дегені.

Кіндік көз

-         Осы күнгі қыздар,

Кііндігін ашып жүреді,

Мені көрдің бе, дегендей

Тайраңдап басып жүреді

Кіріңкі, шығыңқы

Сырғаланған, сүрленген

Арық, семіз, орташа,

Сары, қоңыр, түрленген,

Кіндіктің түрін көріп жүрміз

Одан не мағына сезіп жүрміз?

Оларддың матаны ептегені ме,

Әлде, кіндігіне ауа жетпегені ме?

Кінддік – ауа жұтар ауызға емес,

Көретін көзге ұқсайды,

Сірә, онымен де көрсе керек.

Сондықтан да қу қыздар,

Кіндіктің көзін ашып жүрсе керек!

-Маңдайдағы екі көз,

Құайдың бергені шығар.

Ал «Кіндіктен» дегенің

Еріккеннің ермегі шығар!

Бекіту сұрақтары: 1 Қожа-Ахмет Демеубергенұлы кім?

                                   2.Басқа да Маңғыстаулық ақындардан жанр жағынан ерекшелігі

                                    3. Өлеңдерінің оқырман үшін жанына жақын сезіліп,ерекше болуының себебі неде деп        ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма:  Қожа-Ахмет Демеубергенұлының өмірімен танысу, «Кіндік көз» , «Ырым» өлеңін жатқа айту

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:   Қ. Тұрмағанбетұлы(1954-1992) «Келін мен косметика», «Арсыздың ақыры»

 Сабақтың мақсаты: а) Қ. Тұрмағанбетұлының  «Келін мен косметика», «Арсыздың ақыры»

өлеңі туралы мәлімет беру

 ә) Оның айтыскерлік қасиеті,сатиралық өлеңдері, шымшымалары мен пародия, эпиграммалар, жас ақын, суырып салма ақындар айтысы туралы ақпарат беру

б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

1  Уәйс Қайралаповтың өмір жолы

2  «Қарашүңгіл» аталуының себебі

                                                     б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қыдырбай Тұрмағанбетұлы 1954 жылы 8 наурызда Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында туған. Жамбыл мәдени ағарту училищесінің театр бөлімін 1990 жылы Орал педагикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Маңғыстау аудандық мәдени бөлімінде автоклуб, клуб меңгерушісі, көркемдік жетекші, халық театрының режиссері болып қызметтер атқарды. 1983-1991 жылдары аудандық «Жаңа өмір» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы болып қызмет жасады. 1992 жылдың қыркүйек айына дейін облыстық «Маңғыстау» газетінде меншікті тілші болып еңбек етті.

Келін  мен  косметика

Біздің  бір  келін  бет- аузын 

Күндіз  де  бояйды,  түнде  де  бояйды.

Ал енді тірлігіне қарай қалсаң

Адам тіпті аяйды

Бәтір-ау,беті сонымен

Жүргендей ғана «тыныстап»

Немесе денсаулығы бұзыла ма?

Пайдаланбаса дұрыстап

Бірдені опаны уыстап

Екі шықшытына

Кезекпен ұрып жатады.

Ол аз болса, тағы бірде

Қас-қабағын қырып жатады.

Қысқасы азанда көрсең

Косметтикасын құшақтап

Төсегінен тұрып жатады.

Ал, енді «массаж» деген «масқараны»

Көргің келсе, ол кешке басталады:

Екі бетті уқалайды,

Шапалақтайды, ысқылайды,

Қос қолдап қысқылайды

Тіпті кейде қасиы.....

Мен келіннің өзіне емес

Бақытсыз болған сорлы анау

Бетіне жаным ашиды.

Арсыздың  ақыры

Аңдардың  «тең  праволығын  қорғау  қоғамының»  бастығы  барысқа  қыр  қояндарынан  арыз

(мысал)

Біз – қыр  қояндары

Даланы  мекен  етеміз

Қос  құлағымыз  қалқиып

Қыбырлаған

Қурайдан  да  секм  етеміз.

Ағай  айтыңызшы:

Бұл  фәниден

Қашанғы  қорқумен  өтеміз?

Біз – қыр  қояндары,

Арман,  мұрат,  тілегімізді

Керек  десең  жүрегімізді

Ғұмыр  бойы  қолымызға  ұстап  келемеіз

Сонша  мүсәпірміз  неге  біз?

 Бекіту сұрақтары: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін, поэманы қорытындылаймын.

Үйге тапсырма:  «Келін мен косметика » өлеңін  жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Есенғали Раушанов (1957) «Түнгі жыр»

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Есенғали Раушанов  «Түнгі жыр»  өлеңі туралы мәлімет беру

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;    б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Қ.Тұрмағанбетұлы кім?

Ол қандай жанрда Маңғыстау әдебиетінде көрініс тапты?

              «Келін мен косметика» мен «Арсыздың ақыры»  қандай жанрда жазылған?

                                                    б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Раушанов   Есенғали  Әбдіжапарұлы  (Қарақалпақстан.  Хожелі  ауданы)   – ақын.  ҚазМҰУдың  журналистика  факультетін  бітірген.  Ұзақ  жылдар  баспа  саласы,  телевидение  салсында  еңбек  еткен.  «Жалын»,  «Арай-Заря»  журанлдарында  жауапты  хатшы  қызметін  атқарды.  1988-1996ж.  «зерде»,  бұрынғы  «Білім  және  еңбек»  журналының  бас  редакторы  болған.  Ол-  1996жылдан  «Жазушы»  баспасының  директоры.Оның  «Бастау»1980,  «Келінтөбе» 1984,  «Шолпан  жұлдыз  туғанша»  1986  атты  үш  өлеңдер  жинағы  «Жалын»  баспасынан,  «Ғайша  бибі» 1992  аттыкітабы  «Жазушы»  баспасынан  жарық  көрді.  Өлең,  толғаулары  орыс,  украин,  балқар,  өзбек,  қырғыз  тілдеріне  аударылған.  Ақсақ  Темірдің  «Темір  өсиеттері»  атты  орта  ғасырлық  мұрасын  өзбек  тілінен  қазақшаға  аударған. Е.үР.  поэзиясының  негізгі тақырыптары – ұлт  бостандығы,  өмір  мәні,  туған  дала  тарихы  жайында.  Қазақстан  Ленин  комсомолы  және  «Алаш»  әдеби  сыйлықтарының  иегері.

Түнгі  жыр

«Жеті  қарақшы-жеті  жұлдыз,

Ақбоз,  Көкбоз – екі  жұлдыз»...

Жеті  мәрте  айтқан  сауап  бір  деммен,

Енді  су  сыбырлады  іргемнен.

Мен  де  ішімнен  сыбырладым  жеті  рет

Құмға  еңкейді  құс  жолының  шеті  кеп.

Аппақ  болып  шыға  келді  астары

Қара  шапан  тігісінен  сетінеп.

Ақбоз,  Көкбоз – екі  бірдей  күлігім,

Тақымында  кетпесе  екен  ұрының.

Үн келеді  құлағыма  қиырдан

Жарып  өтіп  моторлардың  гүрілін.

Бүгін  айдың  жаңасы,

Сапарына  аттанады-ау,  шамасы

Темірқазық,  кеңеселік,  кел,  кәне,

Сол  орныңнан  тұрсың  қарап  жерге  әлі

Ескі  жұрттан  тапжылмайтын  ғұмыры

Мен  секілді  қасқасың-ау,  сен-дағы.

Заман-өзен,  талай  толқып  озды  алға

Озады ғой,  оған, сірә,  сөз  бар  ма?

Темірқазық,  біздікі  жөн  бәрібір

Темірқазық,  айналайын,  қозғалма.

Бекіту сұрақтары: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін, поэманы қорытындылаймын

Үйге тапсырма:  «Түнгі жыр» өлеңін жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    «Қара бауыр қасқалдақ»  өлеңі

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Есенғали Раушанов  «Қара бауыр қасқалдақ»  өлеңі туралы мәлімет беру

 ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Есенғали Раушановтың шығармашылығы

«Түнгі жыр » өлеңінің мағынасы

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қара  бауыр қасқалдақ

Қара  бауыр  қасқалдақ,  қай  жаққа  ұштіың  пыр-пырлап?

Сазың  қалды  сәбидің  еңбегіндей  былқылдап.

Қара  бауыр  қасқалдақ,  қасқалдағым,  кері  қайт,

Сиреп  кеткен  тоғайға  қамықпа  деп  көңіл  айт!

Ұя қалса,  иесіз,  айдын  үшін  сол  - қайғы,

Қаңғып  келген  шүрегей  көлдің  сәні  болмайды.

Өз  босағаң  бұл  жердің  тауы,  белі,  төбесі,

Босағасын  басқаға  тастай  ма  екен,  о  несі?

Қасқалдағым,  кері  қайт!..

Бекіту сұрақтары:

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін, поэманы қорытындылаймын

Үйге тапсырма:  «Қара бауыр қасқалдақ » өлеңін жаттап келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    «Бердәулет пен Жоламан» поэмасы І бөлім

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Есенғали Раушанов  өлеңдерімен қоса поэмасы бар екені  туралы мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін сүюге оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

                                            а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Есенғали Раушановтың шығармашылығы

«Қара бауыр қасқалдақ  » өлеңінің мағынасы

Өлеңдегі теңеу, метафоралар

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Бердәулет  пен  Жоламан»  поэмасы  1-ші  бөлімі

Көне  зират  басындағы  ой

(пролог  орнына)

Жырығы  жоқ,  жаны  жоқ  тілсіз  қала,

Құла  майдан  елсізде  дар,

Бір  сіз  ғана  тіршілік  бар  дейтұғын,

Тіршілік  жоқ  дейтін  де  бір  сіз  ғана.

Сағана  там,  саты  тас,  жансыз  қала

Думаны  өткен,  дауы  жоқ,  әнсіз  қала

Әнсіз  қала  жабығып  қалмасын  деп

Жел  соғады  бір  ауық  әлсіз  ғана.

Самның  құмы.  Сары  құм  сағым  басқан,

Сартас  мола.  Сазарған  сабырлы аспан.

Тасқа  қашап  салынған  қалың  сурет

Тасқа  қашап  жазылған  қалың  дастан.

1.                                                  Самдағы  аз  ауылында

«Біздің  ел  жаз  жайлаған  қырға  барып,

Көлденең  шыңыраулы  шыңға  барып,-»

Дүзадым,  Айтман,  Бабыс,  Қарнау, Қары

Қалаған  тас  әйкелін  сырға  малып.

Әр  суда  зираты  қап  тұлғаланып,

Қалың  көш  ұзын-шұбай  сұлбаланып

Сасұрқа,  Сүмбе  суға  қайтқан  күзде

Қара  нар  тең-тең  жүкті  ырғап  алып.

1.      Мінгескен  жайдақ  нарға  екі  бала

Мінгесіп  жайдақ  нарға  екі  бала,

Жүреді  келіп-кетіп  осы  маңға

Бірі-аға, екіншісі –інісі ме,

Елсізде  екуінің  жүрісі  не?

Түнеріп  қу  молаға  көп  қарайды

Не  себеп  нарға  жайдақ  мінісіне?

Сыз  қабақ  қиын  сынды  серпілуі.

Апанда  ауызданбай  жетім  қалған

Бөрінің  екі  бірдей  бөлтірігі.

  1. Ақын  кетіп  барады

Қанды  бет,  қақпақ  жауырын  қара  жігіт,

Бердәулет  ерте  есейді  дара  жүріп.

Інісі  Жоламандай  қызба  емес

Сәл  затқа  тұра  шабар  алағызып.

Толысқан  бұл  нар  түйе  іріленіп,

Немесе  дағдан  ағаш  діңі  берік.

Тең  ұстап  Жоламанды  сөйлеседі

Қақпастан  жасы  кіші  іні  көріп.

Жоламан  он  алтыға  жаңа  келген,

Тік  мінез,  өр  көкірек  бала  мерген

Самдағы  аз  ауылдың  жаны  түгіл

Малы  да  таниды  оны  далада  өрген.

Бекіту сұрақтары:

«Бердәулет пен Жоламан » поэмасының сюжеттік құрылысы

Шарықтау шегі

Жардақ нарға мінгескен екі бала кім еді?

Поэмадағы басты кейіпкер кім?

Үйге тапсырма:  «Бердәулет пен Жоламан »  поэмасының І бөлімін оқып келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    «Бердәулет пен Жоламан» поэмасы ІІ бөлім

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Есенғали Раушанов  өлеңдерімен қоса поэмасы бар екені  туралы мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін сүюге оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

«Бердәулет пен Жоламан » поэмасының сюжеттік құрылысы

Шарықтау шегі

Жардақ нарға мінгескен екі бала кім еді?

Поэмадағы басты кейіпкер кім?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Бердәулет  пен  Жоламан»  поэмасы  ІІ  бөлімі

«Бізге  әуелден  шын  берілмеген  Адайлар  1870 жылғы  көтерілістен  кейін  бағынудан  кетті.  Біз  Маңғыстауда  аяғымыздан  тік  тұрып,  өзімізді  оның  қожасымыз  дей  алмадық...».

Маңғыстау  приставының  1874жылға іс-қағаздарынан,

Центральный   государственный  архив КазССР.9.84л.

165-166.

1.  Хан  ауылы

«Біздің  ел  қайтушы  еді  Ойыл  жайлап,

Тепсеңге  суы  шыққан  бие  байлап

Самаурын  шай  қайнатқан  саздың  суы

Сәскеде  пісуші  еді  азар  қайнап.

Қылаңдар  құюшы  еді  көзі  жайнап

Ақсақал  жүруші  еді  кеңес  ойлап

Тарталы,  Ұланақпен  тартушы  едік,

Көкжарға  көк  алалы  жылқыны  айдап»!

2.  Мұңлық-Зарлық

Орғыл-орғыл  шағыл  құм,

Шағыл  құмды  қуырады  жалын  күн

Көз  ұшында  бір  аруана  келеді

Теңізіне  батып-шүміп  сағымның.

Көзінен  жас,  бауырдан  тер  тамшылап,

Желеді  ол,

Соңында  аппақ  шаң  шұбап,

Қыз  бен  жігіт  келе  жатты  үстінде

Сауырына  қамшылап.

Көрінді  ауыл,

Иттің  даусы  шығады,

Екі  жігіт  мал  суарып  жүр,  әне

Аруанадан  түсе  қалып  сол  мезет

Қыз  бен  жігіт  жылады.

Бердәулет  пен  Жоламанды  көрді  де

Жылады  олар – бақытты  ма,  шерлі  ме,

Қос  міскіннің  дауысын  естіп,  жан-жақтан

Қалды  үймелеп  ел,  міне.

  1. Көш

Күз  келді  теңбіл  қанат,  ала  бауыр,

Шаңғытты  зілді  қонақ  қара  дауыл

Тықырлап  Дүзадымның  майса  шөбін

Құлады  Маңғыстауға  жаралы  ауыл

Жоқ  мұнда  нарға  жапқан  қалы  кілем

Бұл  өзі  неткен  ауыл  бәрі  бір  өң

Бұлтындай  Бозашының  бұрқай  көшкен

Матайдың  бірге  сусып  шағылымен

-Бермейміз қос тұлпарды кермеге жат.

-Салауат-солар үшін көрген азап.

-Аманат- мойынға алдық.

-Әмин- десті

Жақсысын жауға қияр ел ме қазақ ?!

Жасыды зіркілдеген зілді бастық,

Қой болып жуасыды, тынды мастық,

Қырық шауып қысқа күнде екі батыр,

Ханға да оқ өтерін жүрді паш қып.

Бекіту сұрақтары:

«Бердәулет пен Жоламан » поэмасы ІІ бөлімі қандай бөлімдерден тұрады?

Шарықтау шегі?

Мұңлық –Зарлықта не айтылады?

Үйге тапсырма:  «Бердәулет пен Жоламан »  поэмасының ІІ бөлімін оқып келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Сабыр Адай (1960)  Маңғыстау

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Сабыр Адай « Маңғыстау» өлеңдері бар екені  туралы мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін сүюге оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

«Бердәулет пен Жоламан » поэмасы ІІ бөлімі қандай бөлімдерден тұрады?

Шарықтау шегі?

Мұңлық –Зарлықта не айтылады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

 Сөз зергері, тегеурінді ақын, халық тарихы,  сын, сықақтық сипат, халық жыршысы, жыр-толғаулар.

Сабыр Адай Шеркешбайұлы – 1960 жылы Қарақалпақстан Республикасы, Шоманай ауылында дүниеге келген ақын. 1981 жылы Алматыдағы эстрада-цирк өнері студиясының ұлттық аспаптар бөлімін бітірді. Ол- өнердің ләззатына елтіген қатардағының бірі емес , өнердің азабына бас тіккен бірегей, ертеңнен шапса кешке озған тарлан», өнер бәйгесінде суырылып алға шығар  жүйріктік  қалып танытты. Оның қайратты қаламынан туып , бір-біріне жалғаса жарық көрген  «Таңғы нөсер»,(1996ж. ) «Кетемін көкке  жұлдыз боп»,(1996ж) ,»Жұмбақ түннің жылуы »(1999ж), секілді кітаптары оқырмандар мен талғампаз әдебиетші қауымның көзайым қуанышына айналып жарқын жаңалық ретіңде күтіп алынып отырды.

         “Үш қиян” баспасы Сабыр Адайдың 1976-2001 жылдары жазылған өлеңдерін   ширек ғасырлық ақындық  еңбегінің лайықты  қорытындысындай  топтастырылған «Әр қазақ- менің жалғызым» атты қалың кітабы жарық көріп , оқырмандарға  ұсынылып отыр.

Маңғыстау

Маңғыстау,  қой  тастарың – жүрегімдей,

Мұнараң- жылы  жалын  күреңімдей.

Аспаның – Адайлардың  көкірегі,

Құс  жолы – Көкмойнақтың  шідеріндей

Бөлінген  бөктерлерің  бөбегімдей,

Қақтары  қас  айғырдың  төбеліндей

Самалың  сағыныш  пен  мұңға  толы

Қалнияз,  Қайыптардың  өлеңіндей

Бекетім – құдайлардың  арысындай

Жасылы- ерлдерімнің  намысындай

Әйтеуір,  Мен  білетіен  Маңғыстаудың

Иті  де  басқалардың  барысындай.

Бекіту сұрақтары:

           1. Бабалар даналығының асыл тәрбие көзі бастауы екендігін өлеңдері арқылы дәлелдеңіз

           2. Ақынның қазақы қалпы мен дәстүрін дәріптеу шеберлігі

Үйге тапсырма: Сабыр Адайдың өмірі мен шығармашылығын,  «Маңғыстау»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Алтын бесік

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Сабыр Адайдың «Алтын бесік» өлеңі туралы мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін сүюге оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           1. Бабалар даналығының асыл тәрбие көзі бастауы екендігін өлеңдері арқылы дәлелдеңіз

           2. Ақынның қазақы қалпы мен дәстүрін дәріптеу шеберлігі

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Алтын  бесік

Аққу  деген  құс  болар

Ақ  бауырынан  аппақ  мамық  түлеткен

Айдынын  аңсап,  алқына  ұшып  жыр  еткен

Ақ  ұлпа  ұям,  аруана дала  кемеңгер

Баршаңа  сәлем,  Маңғыстау сынды  түбектен.

Маңғыстау  деген  май  бүйір  серке,  паң  дала

Талайлар  кеткен  таңдайын  қағып  таңдана

Ақбөбектен  арнасын  алған  сұлулық

Мақтаулы  қала – Ақтауға  жатар  жалғана

Маңғыстау  түбек  түйіле  қалса  түнерген

Сүйіне  қалса,  сезімнен  нәзік  гүл  өрген

Бұл  даладан  Досан  шыққан  Исамен

Жауының  басын  жаһаннамға  жіберген.

Маңғыстау  деген  тектілер  туын  тіккен  жер

Шайқалып  шаңырақ,  қансырап  қанша  тіктелді ел

Жандармадр  да,  жаналғыштар  да  бата  алмай

Жауының  өзі  тағдырдан  зауал  күткен  жер

Маңғыстау  сені  жырлаған  сәтте  тереңнен

Қаңтардағы құйынды  қырау  таңдаймын

Төрлетің  қонақ,  көңілдер  сыйға  кенелсін

Жатаған төбе,  жар  қабақ  тауға  теңелсін

Толқыған  көңіл,  торқалы  тойдың  үстінде

Халқым-ау саған,  осыдан  артық  не  дерсің...

            Бекіту сұрақтары:

Сабыр Адай кім?

Шығармаларының басты тақырыбы неде?

Өлеңдерінің үндестігі, жанрлық ұқсастығы

Үйге тапсырма: Сабыр Адайдың өмірі мен шығармашылығын,  «Алтын бесік»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Светқали Нұржан. Шерғала-шер.  Отман- тау

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Светқали Нұржанның өмірі мен шығармашылығы туралы  мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін өмірмен байланыстыра отырып  оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

           1. Сабыр Адай кім?

           2. Оның қандай өлеңдері бар?

           3.Оның жолын дамытушылар кімдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру: 

Нұржанов Светқали  1962 жылы 1 қаңтарда  Маңғыстау облысы, Қаңға баба мекенінде дүниеге келген. Ақын, Т.Айбергенов атындағы жастар сыйлығының лауреаты. Орта мектеп бітіргесін кеңшарда жылқышы, мұнай өндірісінде жұмысшы болады. ҚазМҰУ филология факультетінің  қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіреді.(1986). 1986-87 жылдары «Пионер» журналында,1987-94 жылдары Қарақия ауданының мәдениет бөлімінде, 1994-95 жылдары облыстық «Өнер» қорында қызмет істеген. 1995 жылы «Өнер» қорының Президенті. өлеңдері облыстық, республикалық мерзімді баспасөзде, «Аудитория» аталатын студенттердің жыр жинағында жарияланған. 1993 жылы жеке кітабы «Аруана» жарық көрген. 1996 жылы «Дарын» сыйлығының иегері болды. Светқали Нұржан (Айт-ман). «Таң қауызын жарғанда» атты үш томдық жыр жинағы. Поэзия күннiң шығуы, гүлдiң өсуi, бұлақтың ағуы тәрiздi мәңгiлiк қозғалысты сүйедi

Шерғала-шер

Шерғала!

Уа,  шерменде  шерлі  қала!-

Аршылан-бұзып  шыққан  торды  жаңа

Қымтама  құпияңды  тырнағыңмен

Есімді  жиған  кезде  енді  ғана!

Есімді  енді  жиып  келіп  тұрмын

Қақталып  әуіріне  көрік-құмның

Дүниеде  биіктік  бар- деген  сөзді

Шерғала,  ең  әуелі  сен  ұқтырдың!

Қанаты  сымпылдаған  көк  үйрек-түн-

Жеткенде  осы  жерге  кемиді  екпін...

Жалғанда  сұлулық  бар-  дегенді  де,

Епсіздеу  ерініме  сен  үйреттің.

Отман- тау

 Отман –Тау!

Мен  қайтейін  биігіңді!

Иітіп  бір  жағынан  иіріңді

Жиырып  бір  ждағыңа  бүйі – құмды

Кей  кезде  тас  төбеңнен  ай  туғанда

Бір  От бар – жылытатын  бүйірімді.

Отаман –Тау!

Мен  қайтейін  биігіңді!

Айрақтың  құлжасындай шиырулы

Төрінде  Маңғыстаудың  сен  тұрасың-

Салсам  да  қай  қиырдан  қиығымды.

Түн  жалмапкөз  алдында  кәрі  шыңды

Кім  білсін,  қанша  арыстың  сағы  сынды!..

...Төбеңде  Ай  тұрады  кей  кездері

Тәңірі  жаққан  Оттың  табы  сынды...

 Бекіту сұрақтары:

Светқали Нұржанның шығармашылығы?

Шығармаларының басты тақырыбы неде?

«Шерғала-шер»  өлеңі не туралы?

Үйге тапсырма: Светқали Нұржанның   «Отман - тау»  өлеңін жаттап  келу.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Светқали Нұржан.     Айрақты  бәлкім.   Қаңға  баба

 Сабақтың мақсаты: а) Маңғыстау әдебиетінің ірі өкілі Светқали Нұржанның өмірі мен шығармашылығы туралы  мәлімет беру

 ә) Өлке тарихының әдебиетін өмірмен байланыстыра отырып  оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Светқали Нұржанның шығармашылығы?

Шығармаларының басты тақырыбы неде?

«Шерғала-шер»  өлеңі не туралы?

б) Жаңа сабақты түсіндіру: 

Қаңға  баба

Айналдым  аруағыңнан,  Қаңға  баба,

Қарайсың  қара  көзбен  паң  далаға.

Базарың  тарқап  бастан,  дәурен  көшкен,

Көшпеген  қорымдағы  таңба  ғана.

Мың  заман  ұя  салған – бағзы  мекен,

Мың  мәрте,  алдияр – жер,  тағзым  етем...

Тістері  опырайған  Керуен  сарай

Кәрідей  үн  өқатпайды  аузы  бекем.

Жол –шиыр,  Артыі – қиыр,  Алдың – арман,

Көз  таста  тарих  көзі – мәігі  жанған,

Қозғайды  қиял  шоғын  Көсеу  таңба,

Бір  белгі – қаңғып  кеткен  Қаңлылардан!..

Қаңырап  қалыпсың –ау,

Қаңға – Құтпан,

Жамырап  сағыныштан  жанда  бұққан-

Орда  едің  сан  керуен  тоқайласқан:

Ұрымнан,  Қарағорым,  Ханбалықтан.

Айрақты  бәлкім

Жасынын  Шерғала  мен  Жалғанға  атып,

Көзінен  айрақтының  тамған  жақұт

Көтеріп  төбесіне  табыт-тауды,

Көп  әйел  сүйенісіп  қалған  қатып.

Дұшпанды  қайырғанда  қалың  батыр

Мерт  болған  табыт-тауда  алып  жатыр...

Жоқ  әлде,  намысым  мен  арым

«Жеті  жұрт»  іздері  өшкен  халық  жатыр?...

Әйтеуір  тегін  емес  бұл –Айрақты!

Сорды  да  өлшеп  берген,  құдай – бақты,

Алаштың  аналары  сүйенісіп,

Арқалап  келатқандай  ұлы  аймақты!

Бұлдырап  иір – қиыр  соқпағы  аллда,

Көп  әйел  бара  жатыр  ақ  боранда

Қолынан  ұлдарының  келмеген  соң

Мүсінін  Аналардың  соққан  Алла!

Бекіту сұрақтары:

 Светқали Нұржанның өмірі?

 Өлеңдерінің  басты ерекшелігі  туралы?

 Оқырмандардың  пікірі

Үйге тапсырма: Светқали Нұржанның   өлеңдерін салыстыра отырып анализ жасау.

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Әбіш Кекілбаев

 Сабақтың мақсаты: а) . Тәлім алған рухани арналары, үйренген жазушылық мектептері. Ақындық өнерге жас кезінен икемделуі, алғаш жазған шығармаларының сипаты.  Қоғамдық қызметі. Қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шығармалары туралы.

 ә) Өлке тарихының әдебиетін өмірмен байланыстыра отырып  оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу; 

  б) оқушылардың өз ойын айта білуге, ой-өрісін,ойлау қабілетін арттыруға, шығармашылық ізденіске жол ашу;

Сабақтың түрі:     факультатив, дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:,    кітаптар,  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Светқали Нұржанның шығармашылығы?

Шығармаларының басты тақырыбы неде?

Өлеңдерінің  басты ерекшелігі  туралы?

б) Жаңа сабақты түсіндіру: 

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің  көрнекті өкілдерінің бірі – Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.Жазушының әңгіме, повестерінде адамдар арасындағы адамгершілік, моральдық мәселелер көтерілген. Жазушы тосын орта, тосын оқиға іздеп әуре болмайды, күнделікті өмірде болып жатқан жайттарға терең үңілу нәтижесінде философиялық түйін жасайды. Оның әңгімелерінде Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі,одан кейінгі жазылмас тән жарасы мен жан жарасы, қазақ ауылының кешегі тұрмысы, бүгінгі қала қазақтарының тыныс тіршілігі сынды мәселелер көтерілген. Қазақ ауылының көрінісі бар болмысымен суреттелгені сонша оның шығармаларынан қазақ даласының исі мен қазақ баласының ұлттық мінез ерекшелігі өзіне тән әдет-ғұрпы анық аңғарылады. Ол кейіпкер бейнесін сомдауда психологиялық талдаудың тың жетістіктеріне қол жеткізді. Бұл – жазушының ғана емес қазақ прозасының табысы.

Бекіту сұрақтары: 1 Ә.Кекілбаевтың өмір жолы, алғашқы туындылары

2.  Қаламгердің қоғамдық, мемлекеттік істерге араласуы 

             3. Ә. Кекілбаевтың повестерінің тақырыптық ерекшеліктері қандай?

Үйге тапсырма: Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын  оқып келу

Күні:                                   Пәні: Маңғыстау әдебиеті                            Сыныбы: 7

 Сабақтың тақырыбы:    Әбіш Кекілбаев.  «Автомобиль»  хикаяты

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақтан Керейұлы өмірі мен шығармашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күні: Пәні: Маңғыстау әдебиеті Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Ақтан Керейұлы Сабақтың мақсаты: а) Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың білімін бақылау арқылы ақынның өлеңдерін оқуға дағдыландыру; Сабақтың түрі: факультатив, дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын. Маңғыстау әдебиеті дегеніміз не? Өкілдері кімдер? Маңғыстау әдебиеті оқудағы басты мақсат? б) Жаңа сабақты түсіндіру: Ақтан Керейұлының шығармашылық өмірбаяны (1850-1912) Ақынның өмір жолынан қысқаша мәлімет беру; шығармашылығының ақын өмірімен байланыстылығы. Жыраудың өз өмір өткелдерін салыстырмалы түрде суреттеу шеберлігі; бес жүйріктің бірі екендігі; жыраулық дәстүрдің дидактикалық үлгісін дамыта айту шеберлігі. Ақпа ақын, жыраулар дәстүрі, өлеңді ауызша айту, ерлік толғаулар, дастандарды дамыта жырлаушы, халық поэзиясы, арқалы жыршы, айтулы жүйрік. ХIХ ғасырдың II жартысындағы көрнекті ақынның бірі- Ақтан Керейұлы. Қаумалап халқым келгесін, Селдетпей топан-жел сөзді, Көрінбейін бекер жек... Таңдайына татымас, Абыл менен Нұрымнан Дәніккен жұртым секер жеп. Осылайша ұстаз ақын, жырауларын ерекше бағалай толғайтын Ақтанның өз ақындығы да олардан кем болмаған. Ол-өзінен бұрынғы жыраулар мұрасынан мол сусындап, жырларын тау бұлағындай тасқындатқан ақпа ақын. Ақтан туыстарының бірі, әңгімеші Әмірше Мұттахиевтің 1966 жылы бізге жаздырған деректеріне қарағанда, «Ақтан бұдан (1966 жылдан.-Қ.С) 54 жыл бұрын-тышқан жылы Шибұлақ деген жерде қайтыс болған. Бұдан 116 жыл бұрын –тауық жылы туған». Нұрмаш қарттың айтуынша ақын 1854-1917 жылдары өмір сүрген. Ақының әкесі Керей өз еңбегімен күн көрген кедей шаруа ғана екен. Жас кезінде алған аз-кем сауатына қарамастан, Ақтан өзінен бұрынғы жыраулар дәстүрімен өлеңді ауызша айтуды машық еткен.Сіңірі шыққан кедейлігіне айналып мал бағып, шаруа күйттеп қалмай,ол өмірінің көп жылдарын өнер қуумен өткізеді.Ақтан Орынбор,Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Маңғыстау, Хиуа алқабындағы елдерді көп аралаған. Сол мекендердегі Жетіру, Әлім,Байұлы елдерінің ақын,жырауларымен кездесіп,жиын-тойларда той бастап,жыр толғаған Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Ақтан Керейұлы кім? Оның өмір жолы қандай болған? Үйге тапсырма: Ақтан Керейұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2020 1911
    • DOCX 345.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рыдванова Анна Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рыдванова Анна Николаевна
    Рыдванова Анна Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83757
    • Всего материалов: 201

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе