Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАталар мұрасы – халық қазынасы.

Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Скачать материал

Аталар мұрасы – халық қазынасы.

Тәрбие сағат тақырыбы: Аталар мұрасыхалық қазынасы.

 Тәрбие сағат мақсаты: а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу. б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Жоспар: 1. Аталар сөзіақылдың көзі.

2. Ата өсиеті.

3. Баталы құл – арымас.

 4. Жарасып тұрдәстүрім.

1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасыхалық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

 1 – жүргізуші: Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлімтәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.

 2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, атааналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзіақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

Жігіт: Ата! Қол бастау қиын ба, Жол бастау қиын ба, Сөз бастау қиын ба? Қарт:Е, балам! Қол бастау қиын емес, Көк найзалы ерің болса, Жол бастау қиын емес, Соныңнан ерген елің болса, Бәрінен де сөз бастау қиын. Тауып айтсаң, мереке қылады. Таппай айтсаң, келеке қылады.

 Жігіт:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

 Қарт: Е,балам! Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп Әділ төре ел бастар, Батыр жігіт жау бастар. Аға жігіт қол бастар, Шешен адам сөз бастар. Құсты жисаң,бүркіт жи. Қыс тоныңды түлкі етер. Бір жақсымен дос болсаң, Азбас – тозбас мүлк етер. Бір жаманмен дос болсаң, Бүкіл алаңға күлкі етер.

Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ Ақыл – адамды аздырмайтын ем. Білім – таусылмайтын кен. Адамның басшысы - ақыл. Жетекшісі – талап. Шолғыншысы – ой. Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез болуы керек.

1 – жүр: Аталар мұрасыхалық қазынасының бірі домбыра.

2 – жүр: Халық әні. «Еркем - ай»

1 – жүр: Әй, тәкапар, дүние! Маған да бір қарашы! Танимысың сен мені, Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші: Ізетіңді ине етіп Иманыңды түйме етіп Инабатты күйме етіп, Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

 1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиетіертегісі.

Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата! Қарт: Аманбысың, балам! Балам,бақытты болу оңай ма? Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында

 Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.

 Қарт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз! Балам, үйде кім, елде кім қадірлі? Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Балаүйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.

 Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазықана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам. Қарт: Ой, қандай керемет сөздер! Балам, достықты нығайтатын не?

Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.

Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.

 Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын! - Иә барлығымыз сақтаймыз.

 2 – жүрг: Домбыра. Халық әні «Еркем - ай»

 1 – жүрг: Салтдәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салтдәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз. Баталы құларымас, Батасыз құлжарымас. Батаменен ел көгереді Жауынменен жер көгередідейді дана халқымыз.

2 – жүрг: Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы. Батаның түрлері көп. Жасұланға бата беру.

 Жігіт: Әумин! Қарт: Ата сөзі дарып мол, Ақ уызға арып бол, Абылайдай алып бол, Шоқан сынды жарық бол, Абайға ұқсап милы бол, Құрманғазыдай күйші бол, Ақандайын сері бол, Қажымұқандай ері бол, Сәкен сынды сұңқар бол, Бағың жанып әрдайым, Жақсыларға жақын бол, Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын. Бәрінен де құлыным, Аман бол, қалқам, аман бол! Әумин!

 1 – жүрг: Кең даланың ежелгі, Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.

 2 – жүрг: Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң Тістерсің бір күн бармақты.

1 –жүрг: Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақдеп ендеше «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар. Жарасып тұр дәстүрім!

 А: Сүйінші, сүйінші! Ауылдан әжем келді.

 Е: Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мә, сыйлығыңды ала қой. А: Айбота, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?

 А: Байғазы берсең, көрсетем.

 А: Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ. Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші.

 А: (Басына бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал, атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар.

А: Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. М: Әйгерім, білесің бе? Менің ағам Түркияға қыдырып кетті.

 А: Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.

М: Ол не?

 А: Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойынсауық, өлеңжыр айтылады.

М: Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. өйткені сен менің нағыз досымсың ғой.

А: Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, іріліұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.

М: Жұлдызай, бағанадан үндемей тұрған мына досың кім? Ж: Бұл – Арайлым. Жақын да көшіп келген көршіміз.

 М: Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» береді деген әжем. Ендеше, Арайлымды бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге Арайлым мен бірге. (Бәрі шығып кетеді.)

Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.

Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

 1 – жүрг: Аталар сөзімен үсіп өнген,

 2 – жүрг: Бабалар бұлағынан нәр алған,

1 – жүрг: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

2 – жүрг: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

 1 – жүрг: Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен.

 2 – жүрг: Кешіміздің қадірменді қонақтарын ортаға сөз кезегіне шақырамыз. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аталар мұрасы – халық қазынасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу. б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

 Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп Әділ төре ел бастар, Батыр жігіт жау бастар. Аға жігіт қол бастар, Шешен адам сөз бастар. Құсты жисаң,бүркіт жи. Қыс тоныңды түлкі етер. Бір жақсымен дос болсаң, Азбас – тозбас мүлк етер. Бір жаманмен дос болсаң, Бүкіл алаңға күлкі етер.Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ Ақыл – адамды аздырмайтын ем. Білім – таусылмайтын кен. Адамның басшысы - ақыл. Жетекшісі – талап. Шолғыншысы – ой. Жолдасы – кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез болуы керек. 

Ізетіңді ине етіп Иманыңды түйме етіп Инабатты күйме етіп, Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 339 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2014 1122
    • DOCX 29.6 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нагызбаева Аяулым Жанымхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28245
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1474 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 784 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе