Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАта-анамен жұмыс "Әке отбасының тірегі"

Ата-анамен жұмыс "Әке отбасының тірегі"

Скачать материал

Бекітемін                                              Қ. Айтбенбетов

 

Тақырыбы: Әке-отбасының  тірегі

Мақсаты:балаларға  отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке    тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі  ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. 

Барысы:

Армысыздар ата-аналар мен оқушылар!

 «Ата –сая болар бағың болса,

Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың тірегі»атты  кездесу сағатына  қош келдіңіздер!

 

 Бүгінгі кездесу сағатында  ата-анасымен бірге баласы берілген тапсырмаларды бірігіп орындайды. Бүгінгі кездесу сайыс түрінде өткізіледі. Сайыс кезеңдерімен танысыңыздар.

1-     Кезең «Бала деген кім?» ( Түрлі түсті қағаздан гүлдің бейнесін жасау)

2-     Кезең «Сұрақтары бар қорап» Ата-аналарға сұрақтар беріледі, балаларына пәндер бойынша тест тапсырмасы беріледі.

3-     Кезең «Мақал сөздің мәйегі» ( Ата-ана баласымен бірге мақалдың жалғасын табады)

Балалары әріпті жұмбақтардың шешуін табады.

Сергіту сәті «Қызықты сұрақтар»

-         1.Балаңыздың туған күні, айы жылы?

-         2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?

-         3.Балаңыздың парталас көршісі?

-         4.Кеше сабақтан қандай баға алды?

-         5.Балаңыздың  сүйікті асы қандай?

-         6.Балаңыздың сүйікті түсі?

-         7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

-         8.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?

-         9.Балаңыздың ең жақын досы?

-         10.Балаңыздың сүйікті пәні?

4-кезең «Рөлге ену». Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым
3 - оқушы Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым
4 - оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым

5-оқушы Анашым бүгін мен сабақтан үй тапсырмасын орындамағаным үшін екілік  баға алып қалдым.

6-оқушы Анашым мен сыныптастарыммен ұрысып қалдым, ертеңнен бастап сабаққа бармаймын.
Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс - қимылын салып) көрсетеді.

5-кезең . Ендігі кезекті «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойынына берейік. Ойынның шарты: ортаға ата-аналар келіп бір әріпті таңдайды. Таңдаған әріптерден басталатын сөздермен қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жасырылатын әріптер: м,н,ж,е,к,ш

1. Бақыт деген не?

2. Қиындықты қалай жеңесіз?

3. Кіммен бірге тұрасыз?

4. Бақшада не өседі?

5. Кімге сенбейсіз?

6. Әке көрген не істейді?

7. Ананың көңілі балада, баланың көңілі қайда?

8. Сіз үшін байлық не?

9. Ұстаз кім?

10. Кімнің қамын ойлайсыз?

11. Сіз үшін достық деген не?

12. Қандай аспапта ойнайсыз?

13. Базарда не бар?

14. Сіз үшін байлық не?

15. Өмірлік мақсатыңыз не?

16. Неден қорқасыз?

17. Қазақстан қандай?

18. Сіз үшін ең құрметті не?

19. Ұстаз кім?

20. Кіммен бірге тұрасыз? 

 

6-кезең «Баламның болашағын қалай елестетемін?», «Менің оған қосатын үлесім қандай?» Екеуі бірігіп өз ойларын суреттейді.

 

Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Құрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына
деген сүйіспеншіліктен басталады»демекші, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»

Мақсаты:         Балаларға  отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке    тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі  ыстық байланысты ұғындыру.

Барысы:

І-жүргізуші: «Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі» кешімізге қош келдіңіздер!

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,  адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

Ата болып, ақыл айтып көріңдер,

Әже болып, ертегі айтып беріңдер.

Әке болып, еркелетіп көріңдер

Ана болып, мейірімділік төгіңдер.

Аға болып, үлгі көрсет кішіге,

Іні болып, көмектес сен ісіне

Әпке болып, мейіріміңді аяла,

Қарындас боп  бауырыңды саяла.

Тәрбиеші:

—          Балалар, кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді  жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз. (Ата)

—          Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, концертке, циркке т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы.Ол кім (Әке)

Бүгінгі кешіміз ІІбөлімнен тұрады.

І. «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі, жыр шашулары. Ертегі «Тоқылдақ», «Бес саусақ»

ІІ. «Әжем және мен» сайыс

1.        Гүлбақыт. –     Қамқорсың ,әке ,өмірде

Қуатым -сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгінзде

1.        Ақгүлім.  —      Аңсадым жылы сөзіңді

Ақылшың болған кезіңде

Есімде, әке , сақтаймын

Асқар биік өзің өзіңді

1.         Аэлита. —       Арманы едім аңсаған

Әкелем бақыт мен саған

Ұрпағым болып жалғастым

Қуаншы, әке, сен соған

1.        Асарбек. –     Теңіздей шалқып жүремін

Сүйенер сенсің- тірегім

Барсам да қайда, жан әке

Өзіңмен бірге жүрегім.

1.        Ерасыл.          Атам айтса «ұлым» деп,

Әжем айтар «күнім деп.

Екеуімен қаймығып

Ықыласы бір менде

Бір шытпайды қабағын

Үйде, түзде, жүргенде

Соған ұқсап бағамын

1.        Ерсұлтан.-      Атам-менің әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамды

Жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамды

Мақтанбауды жөн көрем.

1.        Нұрайым.-      Кім сүймейді атасын

Асқар таудай көрінген

Бөбекке айтар батасын

Жаттап алған едім мен

1.        Назерке.Ғ.-     Кім болсаңда әйтеуір

Адамзаттың бірі бол

Туған елдің ұлы бол,

Ойға тоқы парқын сез

Ата сөзі-алтын сөз

1.        Айана .-          Ең жақын адамдар

Әке мен анам бар

Әкемнің әкесі

Ақ басты атам бар

Әкемнің анасы

Ақ шашты әжем бар

1.        Айнагүл.-       айтады ертек жан атам

Ақ сақалын сипалап,

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап,

Ертегілер еліне

Бір шеетін сапары

Ардақтаймын өмірде

Асөар таудай атамды.

1.        Назерке.-        Әке тілін аламын

Ана тілін аламын

Жақсы оқу-мақсатым

Таудай үлкен талабым

1.        Елдос.-                       Ата-анамның күнімін

Туған елдің ұлымын
Тілімде бал, өзім –бал,

Балдай тәтті қылығым

1.        Сабира.-         Өзіңнің ерке балаң бұл,

Арнайды бүгін саған жыр

Жақсылық тілеп жолына,

Әрқашан әке, аман жүр.

Хор: Сен бақытты ұлансың (тақпақ)

Ән: «Әкем әнім»

ІІ. Бейне таспадан әкелер туралы айтқан әңгімелерін тыңдау.

Ертегілер: «Бес саусақ»

Кешіміздің ІІІ –бөлімі «Әкем және мен»  сайысын тамашалаңыздар.

Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады.

1.        Гүлбақыт әкесімен бірге

2.        Сабира әкесімен бірге

3.        Асарбек әкесімен бірге

4.        Ерсұлтан атасымен бірге

5.        Ақгүлім әкесімен бірге

6.        Назерке әкесімен бірге

7.        Ерасыл атасымен бірге

8.        Елдос әкесімен бірге

Сайыс шарттары:

1.        Өзін –өзі таныстыру

2.        Тренинг: «Айналайын, толғанайын»

3.        Мен әкеммен біргемін (ән айту, қамшы өру т.б.)

4.        Мақал –мәтел айту

5.        Бата «Ата сөзі-бата сөз»

6.        Ойын «Кім шапшаң»

І. Гүлбақыт әкесімен бірге

Әке-шешем мақтаған

Гүлбақытқызың мен болам

Тақпағым бар жаттаған

Осы күнге сақтаған

Сайыс десе жайнймын

Намысымды қайраймын

Тоты құстай құлпырып

Сандуғаштай сайраймын

Ән де айта аламын

Би де билей аламын

Өзім кіп-кішкентай болсам да

Таудай үлкен талабым.

 

Асарбек әкесімен бірге

Былдырлаған сәбилер, шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып, ән шырқап үйренеміз өнер біз

Ұрпағымын Рысқали немересі Асарбек

Күн санаймын үнемі ер жетем мен қашан деп

Мен Қазыбектің ұлымын қадірменді

Айтамын жүрегіммен жалын сөзді

Барша жұрттың алдында тізе бүгіп,

Баршаңызға беремін сәлемімді

Ерасыл атасымен бірге

Күні бойы думандатқан баламыз

Ертең-ақ біз мектепке барамыз

Амандық ата жалғасымын Ерасыл

Ержетіп біз қалаларды саламыз

Елдос әкесімен бірге.

Бисекеннің баласы

Көзінің ағы-қарасы

Елдос деген жалғасы

Мен боламын қарашы

Ойыншығым да, досым да

Бәрі, бәрі қасымда

Назерке әкесімен бірге

Армысыздар ,ата-анам, тәрбиешім

Бұл сайыста сыналар бағым менің

Айта беріп созбалап не етпекпін

Еркелеткен әкемнің юбір қызымын.

Өзімді мен таныстырсам

Назеркемін еркелеген

Қызымын мен Алпамыстың

Бір үйдің мен кенжесімін.

2. Балалар әкелерің сендерді қалай еркелетеді.

Ойын: «айналайын ,толғанайын»

-Күлімдеген бота көзіңнен айналайын

-Айналайын құлыным

-Жарасың ақылдым менің

-Қолғанатым менің ,қадамыңнан айналдым (дауыс ырғағына салып айтады)

3. Мақал –мәтел айту.

1. Әке –асқар тау

2. Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

3. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық

4. Әке шаңырақты

4. Әке- шаңырақтың негізгі тірегі

5. Әке-балаға сыншы

6. Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар атаджан өте туады, бір бала бар кері кете туады.

7. Әке ұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

8. Әкесі құрдастың баласы құрдас

9. Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды

10. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

11. Атадан жақсы ұл туса , елінің қамын жейді.

12. Атадан ақыл алса, тентек ұ л да жөнделер

13. Атадан –ақыл, анадан-мейірім.

4. Мен әкеммен біргемін (ән, қамшы өру т.б.)

5. «Ата сөзі –бата сөз» бата беру

Гүлбақыт.

Дұшпаныңа киелі бол,

Халқыңа иелі бол

Айтқан сөзің әрдайым

Осылай жүйелі болсын

Сабира:

Жаз келіп көңілің жай болсын

Көргенің шаттық той болсын!

Абзал досың көп болсын

Бергем батам сол болсын

Асарбек.

Жас баланың күлкісін бер

Жомарттың қолын бер

Сапарлының жолын бер

Судың тұнығын бер,

Түнгі оттың жалынын бер

Асөқар таудың паңдығын бер

Бұлбұл құстың таңғы үнін бер

Даланың жазықтығын бер

Гүлдің нәзіктігін бер

Лашынның жүрегін бер

Нағыз достың тілегігн бар.

Ерсұлтан.

Ұсақ болма ірі бол

Өз ортаңның гүлі бол

Ата-анаңның көзінің

Сөнбейтұғын нұры бол

Ақгүлім.

Күнің шуақты болсын

Көңілің суатты болсын!

Қонысың өрісті болсын

Еккенің жемісті болсын,

Еңбегің кейісті болсын!

Назерке.

Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсыларға жақын бол.

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол

Ерасыл.

Жарылқа, алла қабыл ет

Жарылқаудың қамын ет

Ізет-абырой, бақ-дәулет

Қызыр қарап бақ қонсын

Елдос.

Айтқаның әділ болсын

Тілегің қабыл болсын

Жортқанда жолың болсын

Қыдыр шылауында болсын.

Мадақтау рәсімі: «Өнерлі әке» номинациясына Қасимовтар отбасына, Баянғалиевтар отбасы,»Ақылшы әке» номинациясына Исағалиевтар отбасы, «Мейірімді әке» номинациясына  Есқаливтар отбасы, «шебер әке» номинациясына Сүйіналивтер отбасы, «Үлгілі әке» номинациясына Қыдырашевтар отбасы, «Өнегелі әке» номинациясына Матжановтар отбасы ие болды.

 

1.     Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі жыртылып, немесе бет – аузы көгеріп келеді. Сіз:
а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;
ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта - қайта айтып, балаға ұрсасыз;
б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешуі керек.

2. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:
а) олардың ата – аналарымен сөйлесесіз;
ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;
б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.

3. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:
а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз;
ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз;
б) балаңызды жеңілуді ұнатуы үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.

4. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйықтауы керек болса да жатқысы келмейді. Сіз:
а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;
ә) қалаған уақытта жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;
б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз

1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
Психолог: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.

1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескеркеніне қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
4. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
5. Жеткіншегіңіз жақсы оқиды. Тәртібі де оңды. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. «Бүгін ұлыңыз сабаққа келмеді. Бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалған»деді. Сіздің оны мектепке жібермеген күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?
6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4 - 6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
7. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата - аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
8. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіңе көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың?»- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс – әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
9. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
10. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
11. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Мектеп психологі: Есбосынов Сәбит «Көпір»тренингі
VI. Қызықты сұрақтар.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Отырған әкелерге парақшалар тарату;
- өзі қандай әке?
- баласы қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-анамен жұмыс "Әке отбасының тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Әке-отбасының тірегіМақсаты:балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Барысы:Армысыздар ата-аналар мен оқушылар! «Ата –сая болар бағың болса,Әке-асқар тауың» дейді қазақта.Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың тірегі»атты кездесу сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесу сағатында ата-анасымен бірге баласы берілген тапсырмаларды бірігіп орындайды. Бүгінгі кездесу сайыс түрінде өткізіледі. Сайыс кезеңдерімен танысыңыздар. 1-Кезең «Бала деген кім?» ( Түрлі түсті қағаздан гүлдің бейнесін жасау) 2-Кезең «Сұрақтары бар қорап» Ата-аналарға сұрақтар беріледі, балаларына пәндер бойынша тест тапсырмасы беріледі. 3-Кезең «Мақал сөздің мәйегі» ( Ата-ана баласымен бірге мақалдың жалғасын табады) Балалары әріпті жұмбақтардың шешуін табады. Сергіту сәті «Қызықты сұрақтар» -1.Балаңыздың туған күні, айы жылы? -2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі? -3.Балаңыздың парталас көршісі? -4.Кеше сабақтан қандай баға алды? -5.Балаңыздың сүйікті асы қандай? -6.Балаңыздың сүйікті түсі? -7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? -8.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз? -9.Балаңыздың ең жақын досы? -10.Балаңыздың сүйікті пәні? 4-кезең «Рөлге ену». Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады 1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы 2 - оқушы Әке мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым 3 - оқушы Анашым, мен бүгін сіздің жақсы көретін құмыраңызды сындырып алдым 4 - оқушы Әке мен бүгін мектепте жарысқа қатысып, мақтау қағазын алдым 5-оқушы Анашым бүгін мен сабақтан үй тапсырмасын орындамағаным үшін екілік баға алып қалдым. 6-оқушы Анашым мен сыныптастарыммен ұрысып қалдым, ертеңнен бастап сабаққа бармаймын. Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс - қимылын салып) көрсетеді.5-кезең . Ендігі кезекті «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойынына берейік. Ойынның шарты: ортаға ата-аналар келіп бір әріпті таңдайды. Таңдаған әріптерден басталатын сөздермен қойылған сұрақтарға жауап береді.Жасырылатын әріптер: м,н,ж,е,к,ш1. Бақыт деген не?2. Қиындықты қалай жеңесіз?3. Кіммен бірге тұрасыз?4. Бақшада не өседі?5. Кімге сенбейсіз?6. Әке көрген не істейді?7. Ананың көңілі балада, баланың көңілі қайда?8. Сіз үшін байлық не?9. Ұстаз кім?10. Кімнің қамын ойлайсыз?11. Сіз үшін достық деген не?12. Қандай аспапта ойнайсыз?13. Базарда не бар?14. Сіз үшін байлық не?15. Өмірлік мақсатыңыз не?16. Неден қорқасыз?17. Қазақстан қандай?18. Сіз үшін ең құрметті не?19. Ұстаз кім?20. Кіммен бірге тұрасыз? 6-кезең «Баламның болашағын қалай елестетемін?», «Менің оған қосатын үлесім қандай?» Екеуі бірігіп өз ойларын суреттейді.Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз 1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін» 2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір» 3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын» 4 - қателік Балаларды тым еркелету 5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ» 6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету 7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау Құрметті ата - аналар! «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»демекші, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Сондықтан балаларыңыз елін, Отанын сүйген азамат болып өсіп сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2020 1067
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Цуканова Мария Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Цуканова Мария Сергеевна
    Цуканова Мария Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75584
    • Всего материалов: 219

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе