Главная / Начальные классы / Ата - аналарға арналған жиналыс

Ата - аналарға арналған жиналыс

Бекітемін:

Күні:16.01.2014 ж, уақыты: 17 00

Тақырыбы: “Балаға мейірімді қарым-қатынас орнату жіне бос уа ”

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Ата-аналарға арналған тренинг

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

I бөлім.

  1. (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

  2. (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)

 Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

II бөлім. Жалпылау.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

-  иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;

-  жоқ  десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

    

1)   Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы  бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2)   Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана  бірдей ықпал жасай-ма?

-   егер  жанұя десеңіздер жымиыңыз.

-   Егер қоршаған орта, қоғам  десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3)  Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

-   егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

-   Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

-   Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.


 Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қалам)

0. Бала-білімді әрі тәрбиелі болу үшін ата-ана қандай жағдай жасау керек?

1 Балаңыздың бос уақытын қалай ұйымдастырасыз?

2)   Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және  біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:

Қызықты сұрақтар

1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. Тест Сіздің көңіл күйіңіз

  Қорытынды.

            Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.  Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға  бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

2-тоқсанда жүргізілген жұмыстарға есеп

а) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін  арттыру;

ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында  үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері :

 Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі     ролі    және негізгі  психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.

-Ата — аналар  бір-бірімен  тәжірбие алмасу  арқылы   баланы тәрбиелеу .






Ата - аналарға арналған жиналыс
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: “Балаға мейірімді қарым-қатынас орнату және бос уақытын тиімді ұйымдастыру”

 

      Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Ата - аналар жиналысы тренингпен басталды.Ата - аналардың белсенділігін оятуда өзіндік ерекшелігі бар.

Автор Нурбайрова Багдагул Тулегеновна
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 2548
Номер материала 54334
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓