Инфоурок Другое Другие методич. материалыАта-аналарға арналған дөңгелек үстел

Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел

Скачать материал

 

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Б.К.Мергенбаев  атындағы №226 гимназия

 

 

 

 

 

                                             MPj04002390000[1]

 

 

             "Мен  сені  жақсы көремін !"

Ата-аналарға  арналған   дөңгелек  үстел

 

 

 

 

Педагог – психолог

 Аманкелдіқызы Надира

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:  ата-ана мен бала арасындағы  қарым-қатынасты жақсартуға,жақсы көру сезімдерін байқау,балаға деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға  ықпал ету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд

Керекті құрал – жабдықтар:  6- орамал ,плакат А3 формат,пламастер

Әдісі: пікірталас   

Жұмыс түрі:  дөңгелек үстел 

Психологиялық бағыты: психоконсультация

Психолог сөзі:

     Сіздерді  бүгінгі  «Мен сені жақсы көремін !» атты   психологиялық бағыттағы  дөңгелек  үстелге   қатысып  отырғандарыңыз  үшін алғысымды білдіремін.  Яғни   біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне  көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп айқайлап келетіні,жарық дүниеге  бір пенде келгенін өзінің бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді»  біліп туған сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің  ақылынсыз,екінші қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен  жүре түзелер қасиеттердің  екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзін еркін таныта алса,ал екіншісі  адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан  отбасында  ата-ананың  балаға деген сүйіспеншілік  сезімі  қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық   дамуы қалыпты жағдайда  қалыптасады. 

-  Олай болса, түйіні  терең  ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

-  Қазір мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық  жұмыс жасауда 2 сұрақ ұсынамын.Сол сұрақ төңірегінде сіздер пікірлеріңізді плакатпен жұмыс жасау арқылы қорғап шығасыздар?

1 сұрақ: Өз балаңызды  жақсы  көру деген нені білдіреді?

2 сұрақ: Неліктен  кейбір ата-аналар өз балаларын  жақсы көрмейді? Себебі не?

  - ата-аналардың пікірлері тыңдалады.

Психолог сөзі:  Жарайсыздар! Рақмет сіздерге! Ал енді «Әке мен бала» арасындағы  шағын диалогке назар аударсаңыздар.

*  Әкесі науқастанып,ауруханада  жатыр.Қызы әкесінің  халін  білуге алыстан келіп тұр еді.

- Ләззат келіпті гой ,қызым менің!Қане саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы.

- Қалайсың әке? Халің қалай?-деп сұрады Ләззат

- Нашар,қызым,нашар.Аз ғана өмірім қалды-ау деймін....

- Әке қойшы,олай демеші!

- Тоқтай тұр,Ләззат менің саған айтарым бар.Мен  осында жатып көп ойландым.Сен туралы, анаң туралы,өмір жайлы.....Сонда түсінгенім:сен  мен үшін өте қымбатсың,сен –менің қуанышымсың,қанымсың.Бірақ мен өмірімде саған ең  басты  маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені  әрқашан жақсы  көрдім,Ләззат,бірақ  соны саған  ешқашан айтпадым.Жақсы көретінімді неге әрдайым айта бермедім  деп өкініп  жатырмын..... деген екен.

Психолог сөзі:

    Біздің балаларымыз  да әрқашан  бізден  осы сөздерді  күтеді.Ендеше  балаларыңызға  жақсы ,жылы сөздерді  жиірек айтып отырсаңыздар деймін.

    Ата –ана бала көзімен  қарағанда  қандай әсерде болатындарыңзды байқап көру  мақсатында  «Бала   мүсіні»  атты  көріністі  ұсынамын.

     Психолог сөзі:  Баланың  роліне  ата-аналардың  бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан  көрініс  кезінде  айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен  байлап тұру тапсырылады.

     Менің кішкентай  қызым  бірінші  сыныпта  оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа  асығып  келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре  жөнелдік.

-          Мама,анау не,қарашы!-деді қызым.

-          Уақыт жоқ,аяғыңның  астына қара,сүрінесің де  жүресің!Неге жан-жағыңа  алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым  сөздерді  тура мғынасында  түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз  әрі қарай  мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды  кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият  тыңдап, содан соң былай деді.

-          Мама,мама,құстың сайрағанын  естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.

-          Мен,  неге сен үлкендердің әңгімесіне  жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ  ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын  байлаймыз)

     Біз а втобустан  түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп    

     қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

     Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар    

     ,мен оған фантик әкелемін  дегенмін,анау ше..... –деді.

-          Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба?  ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен  аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

-          Осы сенің қолдарыңа  тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен  қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

-          Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен  аяқтарын  байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

-          Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба,  Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп  тұрмынғой керең  неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп  айқайлады.

-          Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың  ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай  қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған  менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың  ой пікірлерін  тыңдау

-          Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

-          Ата –ана бала көзімен  болғанда қандай әсер алдыңыз?

-          Кішкене болсада  бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Қорытынды:

      Психолог сөзі:  Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!

 Атақты  жанұялық терапевт Вирджиния  Сатир  балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни  балаңыздың өмір сүруі үшін  4 рет құшақтау өте қажет болса,ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген.Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшінде өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды.Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек. Балаңыздың  психологиялық  дамуына  көмектесе отырып, эмоционалдық  жағынан  қоректендіреді.Бала  осындай белгілерді  алмаса, онда эмоционалдық проблемалар,мінез-құлқындағы ауытқушылықтар пайда болып,тіпті психикалық –жүйке ауруларына да ұшырауы мүмкін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:  ата-ана мен бала арасындағы  қарым-қатынасты жақсартуға,жақсы көру сезімдерін байқау,балаға деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға  ықпал ету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд

Керекті құрал – жабдықтар:  6- орамал ,плакат А3 формат,пламастер

Әдісі: пікірталас   

Жұмыс түрі:  дөңгелек үстел 

Психологиялық бағыты: психоконсультация

Психолог сөзі:

     Сіздерді  бүгінгі  «Мен сені жақсы көремін !» атты   психологиялық бағыттағы  дөңгелек  үстелге   қатысып  отырғандарыңыз  үшін алғысымды білдіремін.  Яғни   біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне  көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп айқайлап келетіні,жарық дүниеге  бір пенде келгенін өзінің бақырып-шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді»  біліп туған сәби,өзгенің көмегінсіз,тәрбиесінсіз,үлкеннің  ақылынсыз,екінші қасиетті бойына дарыта алмайды.Туа біткен қасиет пен  жүре түзелер қасиеттердің  екеуі екі бөлек.Бірі өзімшілдігі оңай дамыса,өзін еркін таныта алса,ал екіншісі  адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан  отбасында  ата-ананың  балаға деген сүйіспеншілік  сезімі  қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық   дамуы қалыпты жағдайда  қалыптасады. 

-  Олай болса, түйіні  терең  ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

-  Қазір мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық  жұмыс жасауда 2 сұрақ ұсынамын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 1396
    • DOCX 296.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангелдіқызы Надира -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амангелдіқызы Надира -
    Амангелдіқызы Надира -
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6952
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе