Главная / Другое / Ғасыр үні 11 сынып

Ғасыр үні 11 сынып

Ережепбекова Майгул

Семей қаласы,№42 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіздік жолы-қасиетті жол Сабақтың мақсаты:Қазақстанның Тәуелсіздік алуының тарихи мәнін насихаттау. Отансүйгіштік,патриоттық,елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың туған Отанына,өз халқына деген сүйіспеншілігін күшейту.

1.Немере: - Ата, бүгін сынып сағатында еліміздің Тәуелсіздігі жайында көп әңгіме айтылды. Тәуелсіздікке жету оңай ма? Оған қандай жолмен жеттік?

1.Ата: Ия, балам, бостандық пен елдік жолындағы күресіміздің байырғы ғұн, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар. Тәуелсіздік жолы – ғасырлық жол.

Тәуелсіздік халқымызға аспаннан түскен құдіреттің сиы емес.Ол ғасырларға созылған ата-баба қанды жорығының, дабылды-дауылды күресінің заңды жалғасы. Бұл көп мерекелердің бірі емес, бұл – арман мен тағдырдың ұштасқан өте қымбат , ерекше мереке. Жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арманы еді ол. Жүректерін батпандаған мұң, қатпарлаған қасірет тоң боп қатып, шер болып басып жатпады ма?

Қаншама елдің ардагер перзенттері осы тәуелсіздіктің өзі емес, тек сәулесі үшін қанын төкті, жанын пида етті десеңші!

Сен,тыңда! Мен саған тарих беттерін аздап сыр шертейін.

ХVIII ғасырда Жоңғар хандығына қарсы күресте тарих сахнасына Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сияқты батырлармен бірге айлалы саясаткер Абылай шығып еді.

1.Абылай:

  • Уа, Абылай, Абылайша! Елдің елдігін білмеген, құдайдың бірлігін білмейді.

Жаужүрек батырларым, Бөгенбай, Қабанбай, Еспенбет, Жәнібек, Шоңқай батырларым! Бұл заман - қазақтың жер бетінде қазақ боп қалатын немесе өшетін заманы. Бір тудың астына бірік, мыңдаған тұлпарларымыздың тұяқтарымен ошақтап ойып, қанымызбен қазақ даласын сызып, жеңіс туын желкілдетіп болашақтың қолына тапсырайық! Ел болсайшы қайран қазақ!

2.Немере:Ата, Абылай бабамның арманы орындалып, 1991 жылы тәуелсіздік алды.(Қазақстанның Туы әкелінеді.)

3. Ата: Тәуелсіздік жолы – қасиетті жол. Халқының азаттығы үшін енді тарих сахнасына Сырымдай батырлар шықты.

Сырым батыр:

Ау,қаумалаған халайық!

Жеңілмейтін жау бар ма?

Шешілмейтін дау бар ма?

Жеткізбейтін жол бар ма?

Халқына жау хандармен

Алыспай кеткен ербар ма?

Атқа қонар күн туды

Ақтайтын батыр атыңды.

Қас батырдың баласы

Жаудың жанын аямас.

Сүйегі тұтам қалғанша

Дұшпанына бағынбас.

Мен бастайын-сен аттан

Қаумалаған қарындас?

3. Немере: Ата ,Сырымдай батырдың арманы орындалып, өз президентімізді сайлап, еліміз әлемге танылып, БҰҰ-на мүше болдық қой.(1992ж) ( Елбасы портретін алып шығады.)

3.Ата: : Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы ,балам. Тәуелсіздік жолындағы күрестің келесі қайраткері – Кенесары хан еді.

3.Кенесары:

  • Киіз туырлықты қазақ баласы! Сона бір қысылтаң шағыңда ер деп етегінен ұстағаның – менің атам Абылай еді. Халық дәме қылып мені сайласа, кеудемде шыбын жаным тұрғанда, ақ тілеуіңді ақтармын-ақ. Жетпей жығылсам көзің жетер. Жолыңа міне басым, міне жаным...

Қалың қазақ баласының қамалған көшіне септігім тиер ме деп жүрмін ғой. Езіліп бара жатқан елдің жоғын жоқтап жүрген жоқпын ба? Бүлінгені бүтінделер деп, бас қамын ұмытып жүргем жоқ па, сол ел үшін!

4. Немере: Ата , Кенесары атамыздың да арманы орындалып, өз рәміздерімізді бекіттік қой. (ҚР рәміздерін алып шығады.)

4.Ата: Тәуелсіздік жолы – күрес жолы. Балам, сен батыр елдің ұрпағысың.

Биыл шынында да ерекше жыл, биыл Исатай Тайманұлы мен Махамбет бастаған күреске-17 5 жыл, ал ұлт-азаттық күреске 95 жыл толады екен.

4.Исатай Тайманұлы:

Еділ үшін егестік,

Жайық үшін жандастық,

Қиғаш үшін қырылдық,

Тептер үшін тебістік,

Теңдікті малды бермедік,

Теңдіксіз малға көнбедік.

Қара қазан, сары бала

Қамы үшін қылыш сермедік!

5.Немере: Бабаларымыз аңсаған өз еліміздің Ата заңы да қабылданды.

(Ата заңы әкелінеді.)

5.Ата: Тәуелсіздік жолы – сын жолы.

Қазақ халқы басқа халықтармен бірге патша өкіметіне де қарсы шықты. Амангелді Иманов та азаттық үшін күресіп, жанын қиды.

5.Амангелді Иманов:

Салған соң патша қысымды,

Аямаңдар ешкімді.

Патша менен ұлықтан,

Ертеңгі наурыз екісі

Алатын күні кегіңді.

Атыңды шығар, ерлерім,

Қалсын мәңгі тарихта

Іс еткен соң өкінбе.

Жауды қырып жапырып,

Көрсете бер күшіңді!

6.Немере: Азаттық үшін, елінің жақсы тұрмысы үшін күрескен Амангелді атамның мақсаты орындалып, 1993 жылы ұлттық валютамыз да егемендігімізді паш етіп тұрған жоқ па?( Ұлттық төл теңгелер суретін алып шығады.)

6.Ата: Тәуелсіздік жолы –парыз жолы . Ұлт мүддесі үшін тарих сахнасына «Алаш» партиясы шықты.. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар шықты.

6.Әлихан Бөкейханов:- Біз қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» соң, 200 жылда , басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты , дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс!Алаштың баласын қорғауға қам қыл!

7.Ахмет Байтұрсынов:

Дүниедегі бүкіл халықтың рухы, жаны – өзінің ана тілі, сол себепті әр халық, алдымен, ана тілін жоғалтпаудың себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, әдебиет сияқты нәрселер мал, дәулет арқасында сақталмайды, халық арасынан шыққан талапты, жау жүрек, халқы үшін білімін, қаламын аямайтын ер көңіл жігіттердің қызметі арқасында сақталады. Тілі жоғалған елдің ертеңі де жоғалады.

8.Міржақып Дулатов:Әй, Алаш азаматтары!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты.

Азаматы алаштың

Аттанатын күн туды.

Тұлпар мініп, ту ұстап

Баптанатын күн туды!

7.Немере: Дініміз, тіліміз, ұлттық болмысымыз үшін жанданын қиған Алаш арыстарының да арман- мақсаттары жүзеге асты. Оның дәлелі – Мемлекеттік тіл туралы заң, Астана жұртына қаланған –асқақ Астана қаласы, әлем мойындаған кешегі ЕҚЫҰ саммиті емес пе, Ата?

(Мемлекеттік тіл заңы, Ақорда суреті, ЕҚЫҰ белгісі бар суреттерді алып шығады.)

7.Ата: Ер жүрек Бауыржан, Қасым сынды батырларымыз сонау Ұлы Отан соғысында да бәрі «Жеңіс үшін» деп аянбай шайқасты.Ендеше, Тәуелсіздік жолы – ұлы мақсат жолы.

9.Бауыржан Момышұлы:

- Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы ұрпақ!

Бір ғаырда бір Наполеон, екі жүз жылда есуас Гитлер тумай қоймас. Ондай жауыздардан елді, жерді сақтап қалу – сенің борышың, алғы ұрпақ.

Ей, жүз жылдан кейінгі, мың жылдың ар жағындағы кейінгі ұрпақ, жұрағат, жас ұрпақ! Естисәң бе менің үнімді, жете ме саған менің даусым! Жетсе, бүгінгі балалардан бастап, көп ұлтты Отанымыздың барлық болашақ ұрпақтарына айтар екі ауыз сөзім бар.ү Ол – Отанды сүйіңдер, оны қорғаңдар, оған қызмет етіңдер деген сөз. Ол – халықтар достығын қадірлеңдер, қасиеттеп ұстаңдар деген сөз.

8.Немере: Ата, тәуелсіздігімізді баянды ету мақсатында өз мемлекетіміздің Қарулы күштері нығайтылды.( Қарулы күштер салынған суреттерді алып шығады.)

8.Ата: Тәуелсіздік жолы – ақ жол, қайсар рух жолы.

Тәуелсіздігіміздің алтын әріптермен жазылатын тұсы осы болды. Тарих сахнасына Қайрат, Ләззат жастар шықты.

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқының

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

10. Қайрат Рысқұлбеков:

Қорлай да беріп

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.



Салт- санадан айрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.



Қазақ деген атым бар,

Қайрат деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең, атыңдар!



Хош аман бол, артымда,

Ағайын, туған азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым, саған аманат!

9.Немере: Ата, қазіргі ұрпақ бақытты ғой. Ақ азиада өткізген халқымды мақтан тұтамын! Әлем таныған қазақ елі тек алға!

(Ақ Азиада белгісі болып киінген Ирби шығады.)

9.Ата: Мұның бәрі ертегі емес, болған іс.Міне осындай тарихы бар тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Тәуелсіздік – баға жетпес құндылығымыз!

Күн мен жердің мәңгілік екені сияқты аспанымызда тәуелсіздік туы мәңгілік

желбіресін! ( Қолдарында шар, жалау барлығы бірігіп, «Атамекен» әнінің

әуенінде сахнаны жабады.)











Ғасыр үні 11 сынып
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы:Ғасыр үні

Сабақтың мақсаты:Қазақстанның Тәуелсіздік алуының тарихи мәнін насихаттау. Отансүйгіштік,патриоттық,елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Оқушылардың туған Отанына,өз халқына деген сүйіспеншілігін күшейту.

1.Немере: - Ата, бүгін сынып сағатында еліміздің Тәуелсіздігі жайында көп әңгіме айтылды. Тәуелсіздікке жету оңай ма? Оған қандай жолмен жеттік?

1.Ата: Ия, балам, бостандық пен елдік жолындағы күресіміздің байырғы ғұн, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі желтоқсанға дейінгі сан ғасырлық шежіресі бар. Тәуелсіздік жолы – ғасырлық жол.

Автор Ережепбекова Майгуль Ануарбековна
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 236
Номер материала MA-061308
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓