Инфоурок Математика Презентации"Қасиетті жеті" сыныптан тыс жұмыс

"Қасиетті жеті" сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал
Скачать материал ""Қасиетті жеті" сыныптан тыс жұмыс"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Кештің тақырыбы:  Қасиетті жеті.Аршаты орта мектебіАбильмажинова МақташНургал...

    1 слайд

    Кештің тақырыбы: Қасиетті жеті.
    Аршаты орта мектебі
    Абильмажинова Мақташ
    Нургалиева
    Күлдаш

  • Кештің мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық п...

    2 слайд

    Кештің мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
    Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.

  • I  күн.  «Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және    
        ойларға пайд...

    3 слайд

    I күн. «Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және
    ойларға пайдалы да, қажеттісі де». Р.Бэкон. Әлемнің 7 кереметімен танысымыз.
    Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
    Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
    Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
    Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
    Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
    Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
    Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

  • 1. Мысыр пирамидасы. 
Хеопс пирамидасыМысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орна...

    4 слайд

    1. Мысыр пирамидасы.
    Хеопс пирамидасы
    Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
    Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
    Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.

  • Семирамида аспалы бағы— Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоно...

    5 слайд

    Семирамида аспалы бағы— Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоносор ІІ патша Иранның таулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялық Семирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
    2. Семирамида
    аспалы бағы

  • Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салын...

    6 слайд

    Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.
    3. Артемида ғибадатханасы Эфестегі Диана ғибадатқанасы.

  • Галикарнас кесенесі екінші Артемида ғибадатқанасымен бір кезде салынған. Прос...

    7 слайд

    Галикарнас кесенесі екінші Артемида ғибадатқанасымен бір кезде салынған. Проспаер Мериме былай деп жазды: «Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, сыққанда сөлін шығаратындығы сонша, Геродоттың айтуынша, оның қойшылары қойды жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай қалушы еді. Ол өз қол астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын: керек болса жерлеуге де ерекше салық шығарған. Шаш салығын жүргізген. Осылайша қыруар байлық жинаған. Неге Мавзолдың бейіті әлемнің жеті кереметіне қосылды дегенде, осынау мол байлықты және кариялықтар мен гректердің ұдайы аралас құралас болғандақтан дейді».
    Қалай десек те, бұл патшаны Карияда жан тәнімен сүйген бір адам болған. Ол әрі туған қарындасы, әрі әйелі Артемисия еді. Мавсол жиырма төрт жыл патшалық құрып дүние салғанда, Артемисия да қайғыдан мерт болған.
    «Артемисия өзінің күйеуін өліп өшіп жақсы көрді деген сөз бар, деп жазды Авл Геллий, мұндай махаббатты айтып жеткізу былай тұрсын, әлемдік шежіреден бұған тең түсер сезімді ұшырату қиын... Патша дүние салғанда Артемисия мәйітті құшып, көзінің жасын көлдеткен қалпы, мәйіттен қалған күлге жұпар септірді де, суға салып ішіп қояды. Оның көз жұмған күйеуіне деген өлшеусіз махабаты мұнымен де басылмайды. Кейін байлықтың бет жүзіне қарамастан күйеуінің құрметіне тамаша мазар салдыртады, онысы әлемнің жеті кереметінің санатына қосылады.»
    Мавсол өлген соң екі жылдан кейін Артемисия дүние салған. Және өмірінің соңғы айларын ұдайы соғыспен өткеріп, әйел басымен тамаша қолбасшы екенін көрсеткен. Сөйтіп, төңірегіне дұшпандары анталаған алақандай ғана Кариадағы күйеуі құрған патшалықты қиын қыстау кезінде сақтай білді.
    Мавзолей теңізге ентелей салынған қаланың жуан ортасына орналасқан. Сондықтан биік жерге орналасып жоғары тұрған ғибадатқана, теңізден қарағанда алыстан көзге түсіп, жақсы көрінетін. Галикарнас мовзолейінің беріктігі сонда, қанша тозса да, екі мың жылдай тұрды.
    4. Галикарнас кесенесі

  • Родос алыбы   Родостағы алып мүсін- Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының к...

    8 слайд

    Родос алыбы Родостағы алып мүсін- Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын.
    Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң ең жетілген әскери техникасы гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
    Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Харес Гелиостың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды.
    Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.
    Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жылдан кейін родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.
    Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан.
    Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.
    5. Родос алыбы

  • Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280...

    9 слайд

    Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
    6. Александрия шамшырағы

  • Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға о...

    10 слайд

    Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
    7. Зевс мүсіні

  • Тапсырма:  
     Жеті  шал келе жатыр. Әқайсысының  жеті балдағы бар, әр балд...

    11 слайд

    Тапсырма:
    Жеті шал келе жатыр. Әқайсысының жеті балдағы бар, әр балдықта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар, әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай бар. Барлық торғай қанша?
    117649

  • II  күн. «Арифметмка -математиканың,  
             математика -ғылымдардың п...

    12 слайд

    II күн. «Арифметмка -математиканың,
    математика -ғылымдардың патшасы»
    К.Гаусс
    Әз Тәукенің жеті жарғысы мен танысу
    1-жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын
    (мемлекеттің бүтіндігін сақтау жарғысы).
    2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім
    жазасына бұйырылсын (елдің бүтіндігін сақтау жарғысы).
    3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын
    (адам өлтірушілікті тыю, мәдениеттілікті сақтау жарғысы).
    4-жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы
    бұйырылсын (шаңырақтың бірлігін сақтау жарғысы).
    5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы
    бұйырылсын (ат ер қанаты, соғыс күші ретінде бағаланды).
    6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
    А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса
    қыздың қалыңмалын береді.
    Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
    7- жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып
    төлеттірсін.

  • Ол үшін екі таңбалы санның бірінші санын бірге арттырып, көбейтіндісін табамы...

    13 слайд

    Ол үшін екі таңбалы санның бірінші санын бірге арттырып, көбейтіндісін табамыз да оған 25-ті тіркеп жазамыз.
    Мысалы: 352 = 1225; 3· (3+1) = 12 оған 25-ті тіркеп жазамыз.
    Цифрлардың қосындысы 10-нан аспайтын екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын ашып арасына екі цифрдің қосындысын қою керек.
    Мысалдар: 72*11=7 (7+2) 2= 792 35*11=3 (3+5) 5= 385.

    Цифрлардың қосындысы 10-ға тең немесе 10 асатын екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын ашып арасына екі цифрдің қосындысын қою керек, одан кейін бірінші санға 1-ді қосып, ал екінші және соңғы(үшінші санды) сол беті қалдыру керек.
    Мысал: 94*11=9 (9+4) 4= 9(13)34=1034.
    5-пен аяқталатын сандардың квадратын табу
    Сандарды 11-ге көбейту

  • Екі таңбалы сандарды 22,33,...,99-ға көбейту үшін ,осы көбейткішті бір таңбал...

    14 слайд

    Екі таңбалы сандарды 22,33,...,99-ға көбейту үшін ,осы көбейткішті бір таңбалы санмен (2 ден 9-ға дейін) 11-дің көбейтіндісі түрінде келтіру керек,яғни 44=4*11; 55=5*11 және т.с.с.Одан кейің алғашқы екі санның көбейтіндісің 11-ге көбейту керек.
    24*22=24*2*11=48*11=528 23*33=23*3*11=69*11=759
    18*44=18*4*11=792.
    Санды 50-ге көбейту үшін, осы санды 2-ге бөліп, 100-ге көбейту керек.
    Мысалы: 432*50=(432:2)*100=21600
    848-50=848:2*100=42400.
    Санды 50-ге бөлу үшін, осы санды 100-ге бөліп , 2-ге көбейту керек.
    21600:50=21600:100*2=432 42400:50=42400:100*2=848.
    22, 33, …, 99- ға көбейту
    50- ге көбейту және бөлу

  • III  күн. «Мен математикаға қаблетсіз адам 
               болады дегенге сен...

    15 слайд

    III күн. «Мен математикаға қаблетсіз адам
    болады дегенге сенбеймін»
    А.Г.Постников.
    Жеті қазына туралы
    Біздің қазынамыз білім. Әр топқа сұрақтар қойылады, олар тез, нақты жауаптар беру керек.
    1.ер жігіт
    2.сұлу әйел
    4.ақыл, білім
    5.жүйрік ат
    3.берен мылтық
    6.қыран бүркіт
    7.құмай тазы

  • IV  күн. «Геометрияны білмеген акедемияға кірмейді»...

    16 слайд

    IV күн. «Геометрияны білмеген акедемияға кірмейді»
    Платон
    Жеті жұт туралы
    1. Құрғақшылық
    2. Су тасқыны
    3. Оба, ауру
    4. Өрт
    5. Соғыс
    6. Зілзала
    7. Жұт, ашаршылық

  • «Танграм  ойыны»  
Суреттегі  шаршы жеті бөлікке  бөлінген. Ос...

    17 слайд






    «Танграм ойыны»
    Суреттегі шаршы жеті бөлікке бөлінген. Осы бөлінген фигуралардан түрлі фигуралар құрастырыңдар

  • V  күн.  «Табиғаттың ұлы кітабы математика    
                 символдарымен...

    18 слайд

    V күн. «Табиғаттың ұлы кітабы математика
    символдарымен жазылған» Г.Галилей
    Жеті ғашық туралы
    Жеті ғашық. Шығыс ақындары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар:
    1.Ләйлі- Мәжнүн.
    2. Зылиқа –Жүсіп.
    3. Фархад- Шырын.
    4. Таһир- Зуһра.
    5. Арзу- Қамбар.
    6. Мәлік- Жамал.
    7. Жүсіп – Зылиқа.
    Тапсырма . «Жұбыңды тап». Математикалық формулалар жазылған қима қағаздар екі бөліп таратылады, жұптарыңды табыңдар

  • VI  күн.  «Ақынжанды болмаған адам  математик те бола 
                aлмайд...

    19 слайд

    VI күн. «Ақынжанды болмаған адам математик те бола
    aлмайды»
    С. Ковалевская
    Жеті ата туралы
    Ата
    әке
    бала
    немере
    шөбере
    шөпшек
    немене

  • Өлеңмен  берілген есептерді шешу:1). Бір бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыста...

    20 слайд

    Өлеңмен берілген есептерді шешу:
    1). Бір бірімен жарысқан
    Төрт аю, бір арыстан.
    Үш қоян, бір мәлік бар
    Бәрі нешеу? Табыңдар. (9)
    2). Көл тоғанды қырға бар,
    Келіп қонды тырналар.
    Жұптан қонып сол жерде,
    Отыр екен он жерде.
    Бірім, бірім, бірім деп,
    Біл бар санын біріндеп. (20)
    3). Бір бірімен жарысқа,
    Төрт аю, бір арыстан.
    Екі қой мен бір түлкі,
    Бәрі нешеу? Кім білді? (8)
    4). Түйе, бота маң басқан,
    Төрт аяғын тең басқан.
    Шұнақ құлақ бес ешкі,
    Қос лақпен қос ешкі.
    Төрт қозылы екі қой
    Бәрін бірге санап қой. (17)
    5). Дүкеннен мен сабын алдым,
    Оның және қабын алдым.
    Екі дәптер, бір қарындаш,
    Тіс ысқышты тағы да алдым.
    Есептеші соның бәрі
    Қанша болды қолда бары (6)
    7). Он бір түйе, бес жылқы. Екі қоян, үш түлкі,
    Екі сиыр, бір ешкі Болды сонда нешеуі? (24)
    6). Кездесіп бір топ аңменен,
    Болды отыз бас малменен.
    Олар кетті қоштасып,
    Үш түлкімен достасып
    Есепті ойлап тезірек,
    Мал саны қанша шешіңіз? (33)

  • Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:
.   ....

    21 слайд

    Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:
    . . . . . . . . . . . . . . алады,
    . . . . . . . . . . . . . . болады.
    . . . . . . . . . . . . . . . .
    . . . . . . . . . . . . . . қалады.
    Құралған өлең мысалы: Ақыл ойды математикадан алады,
    Ойлағаннан математик болады.
    Егер математиканы дұрыс меңгермесе,
    Ол оқушы сол орнында қалады.
    Екінші тапсырма: өлең құрау:
    Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын, ұйқасын тауып, өлең құрайды.
    Шәкіртім, жарқын сенің келешегің,
    Алдыңда қарызың көп берешегің,
    . . . . . . . . . . . . . .
    . . . . . . . . . . . . . .

  • VII  күн.  «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, 
                  сонд...

    22 слайд

    VII күн. «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика,
    сондықтан да оны оқу керек»
    М.В. Ломоносов
    Жеті жоқ туралы айтылады
    Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

  • 1-тапсырма.  Бала бірінші күні жәшіктен барлық алманың жартысын, екінші күні...

    23 слайд

    1-тапсырма. Бала бірінші күні жәшіктен барлық алманың жартысын, екінші күні қалғанының жартысын, үшінші күні осыдан қалғанының жартысын, төртінші күні сол қалғанының тағы жартысын алды. Сонда жәшікте 10 алма қалды. Әуелде жәшікте неше алма болды
    2- тапсырма. а)Тізбектегі амалды орында, неше шықты:
    б) Сандар тізбегінің ерекшелігін тауып, келесі қай сандар екенін тап: 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, …, …, 11
    10;13, өйткені 9-2=7- 10-3; 10-2=8=11-3; 11-2=9=12-3;
    12-2=10=13-3; 13-2=11=14-3
    (160)
    90
    30
    ·3
    :15
    -45
    45
    3
    51
    139
    100
    ·17
    +88
    -39

  • 3-тапсырма.  Мақал- мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою.   Әр топқа екі мақ...

    24 слайд

    3-тапсырма. Мақал- мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою. Әр топқа екі мақалдан беріледі.
    1. 1) ... жақсы қос болмас,
    ... жаман дос болмас.
    2) ... кісі қазған құдықтан,
    ... кісі келіп су ішер.
    2. 1) Ер ... рет өледі,
    Қорқақ ... рет өледі.
    2) Батыр ... оқтық,
    Бай ... жұттық.
    3. 1) Ер көрмеймін деген жерін ...
    көреді,
    Ат баспаймын деген жерін ...
    басады.
    2) ... күн тұзын татқанға,
    ... күн сәлем бер.
    4. 1) ... орда бұзбасаң,
    ... қырдым деме.
    2) ... рет өлшеп,
    ... рет кес.
    5. 1) ... ала болса, ауыздағы
    кетеді
    ... түгел болса, төбедегі
    келеді.
    2) Білгенің бір ... ,
    Білмегенің ... .
    6. 1) ... біреу шешен,
    ... біреу көсем.
    2) ... тістен шыққан сөз,
    ... рулы елге жайылар.
    7. 1) Досыңды ... күн сынама,
    ... жыл сына.
    2) ... құзғын таласса,
    ... қарғаға жем болар.

  • Мақал- мәтелдің жауаптары1. 1) ...(2) жақсы қос болмас,
        ... (2) жаман...

    25 слайд

    Мақал- мәтелдің жауаптары
    1. 1) ...(2) жақсы қос болмас,
    ... (2) жаман дос болмас.
    2) ... (1) кісі қазған құдықтан,
    ... (1000) кісі келіп су ішер.
    2. 1) Ер ...(1) рет өледі,
    Қорқақ ... (1000) рет өледі.
    2) Батыр ...(1) оқтық,
    Бай ...(1) жұттық.
    3. 1) Ер көрмеймін деген жерін ...
    (3) көреді,
    Ат баспаймын деген жерін ...
    (3) басады.
    2) ... (1) күн тұзын татқанға,
    ... (1000) күн сәлем бер.
    4. 1) ... (30) орда бұзбасаң,
    ... (40) қырдым деме.
    2) ... (7) рет өлшеп,
    ...(1) рет кес.
    5. 1) ...(6) ала болса, ауыздағы
    кетеді
    ... (4) түгел болса, төбедегі
    келеді.
    2) Білгенің бір ...(9) ,
    Білмегенің ... (99).
    6. 1) ... (100) біреу шешен,
    ... (1000) біреу көсем.
    2) ...(30) тістен шыққан сөз,
    ...(30) рулы елге жайылар.
    7. 1) Досыңды ...(3) күн сынама,
    ...(3) жыл сына.
    2) ...(2) құзғын таласса,
    ...(1) қарғаға жем болар.

  • Назарларыңызға
рахмет

    26 слайд

    Назарларыңызға
    рахмет

  • Аты жөні:             Абильмажинова    
                                Мақта...

    27 слайд

    Аты жөні: Абильмажинова
    Мақташ
    Мамандығы: математика пәні
    мұғалімі
     Білім деңгейі: Жоғарғы
     Ұстаздық өтілі: 40 жыл
     Санаты: бірінші
    Мұғалімнің өзекті мәселесі «Математикалық білімді игеру процесінде оқушылардың пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қаблеттерін арттыру». Осы мақсатта 2011-2012 оқу жылында «Интелектуалдық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қаблеттерін дамыту» деген тақырыппен аудан мұғалімдері арасында семинар өткізіп, өз іс тәжірибесін аудан математика мұғалімдері арасында таратты.
    Аудан көлемінде 2007-2008 оқу жылында мектепте өткен директорлардың аудандық семинарында «Мектептің білім сапасын басқару жайы» іс-тәжірибесінен баяндама жасады. 2008-2009 оқу жылында тамыз кеңесінде «Мектепте білім сапасын артырудағы мұғалімдер жауапкершілігі» атты баяндама жасады. 2010-2011 оқу жылында облыстық тамыз кеңесінің математика секциясында «12 жылдық білімге көшу барысындағы математика білімінің сапасын арттыру жолдары» атты баяндама жасалды Аудандық тамыз маслихатында жасаған «Математикадан білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланды. Ол интернеттегі «Ашық сабақтар» сайтына жіберілді.

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мен сіздерге ұсынып отырған презентациям "Қасиетті жеті" деп аталады. Жалпы бірінші жеті санына түсінік, одан кейін оның қасиеттері берілген. Жеті қазына, жеті ата, жеті жоқ, жеті жарғы, т.с.с Жеті санына әр қайсысына жеке жеке тоқталып, жетінің қасиетті сан екенін бәріміз білеміз. Және бұл суреттерде әр түрлі қосымша тапсырмалар, тесттер, және фотосуреттер берілген. Сабақ сыныптан тыс оқушылармен өткізілді. Жарыс түрінде оқушылар әр түрлі жеті санына байланысты мақал- мәтелдер, жұмбақтар айтып жарысты. Сабақтың мақсаты:

Кештің мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептерімен таныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 754 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2015 1154
    • PPTX 895.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Арайлым Сайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Арайлым Сайлаубаевна
    Ахметова Арайлым Сайлаубаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34039
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания математики в среднем профессиональном образовании в условиях реализации ФГОС СПО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе