Главная / Физкультура / Аңшылық - ата кәсіп (ер балалармен жұмыс)

Аңшылық - ата кәсіп (ер балалармен жұмыс)

Тақырыбы: Аңшылық - ата кәсіп (ер балалармен жұмыс)


Мақсаты: Халқымыздың ұлттық аң аулау дәстүрімен таныстыру, құсбегі

туралы айтып, құсбегілікке қатысты құрал-жабдықтармен

таныстыру.

Көрнекілігі: әр түрлі құсбегілікке байланысты суреттер, бүркіттің,

қыранның суреті.


Барысы:

Халқымыз аңшылықты күнкөрістің бірі деп санаса, бүгінде оны сауық, сайран, сән-салтанаттың бірі дәрежесінде қызықтап тамашалайды.

Халық қайраткерлері саятшылықты өнер түріне бағалаған, Шоқан, Абай, Ақан сері және басқалар қатты ұнатқан. Олар қыран құс туралы көптеген шығармалар жазған. Ол шығармалар талайдың таңдайын қақтырған. Бүгін біздер аңшылық, құсбегілік туралы үлкен мағлұматтар аламыз.

Саятшылық- ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Саятшылық өнері арқылы халық табиғатпен қоян қолтық араласып, бір–біріне жақындығын сезінеді. Қыран құстарды көктем мен күзде аулайды. Құсбегі қыранды екі тәсілмен ұстайды. Біріншісі-қанаты қатпаған сарыауыз балапан кезінде ұядан алады. Екіншісі-түз тағысын тормен ұстайды. Есейген түз тағысын қолға үйрету қиынның қиыны. Сондықтан құсты үйрететін адам ерекше шыдамды, ерінбейтін адам болу керек.

Енді құсбегі деген кім? Құсбегі-қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам. Олар өз ішінен текке, туыстыққа, ұрпаққа бөлінеді. Қыран құстардың түр-тұлғасына, сүйек бітіміне қарай құсты сынай білетін сыншы адам. Қыранды үйрете, түлете білетін, аңға сала білетін, бау қылауын түсірмей ұстай білетін адам.

Бүркітші-бүркіт ұстап, оны баптап, аңға сала білетін, аң мен құстан жан-жақты сауаты бар адам.

Салбурын-саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топтасып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Ол жерде жолы болған аңшылар топталып келіп, табақ-табақ қуырдақ жеп, сорпасын ішіп әңгіме дүкен құрады. Осылар-салбурындар.


Енді оқушыларға орындауында Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңін тыңдалық.

1-оқушы:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.

2-оқушы:

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда.

Бүркітші тау басында, қағушы ойда,

Іздің бетін түзетіп аңдағанда.

3-оқушы:

Біреуі-көк, біреуі-жер тағысы,

Адам үшін батысып қызыл қанға.

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

4-оқушы:

Көлеңкісі түседі көкейіңе

Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң.

Мұны ұқса, жігіттер, аңшы ұқсын,

Біле алмассың құс салып дәм татпасаң.


Кәне енді қалған оқушылардың әзірлеп келген мақал-мәтелдерін тыңдайық:


  1. Баба бүркіт барлап ұшар,

Балапан бүркіт шарлап ұшар.

  1. Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас.

  2. Құс қанатымен ұшады,

Құйрығымен қонады.

  1. Атбегі тұяғына қарар,

Құсбегі қияғына қарар.

  1. Аңды не көрінбеген атады,

Не ерінбеген атады.

  1. Сұңқар –құстың төресі,

Лашын-Құстың жендеті,

Қаршыға –құстың ұрысы.

  1. Құстың алғанынан салғаны қызық.



Мұғалім:

Құсқа ауа, балыққа су, аңға орман керек. Аңды кез-келген адамға атуға болмайды, аңды ататын мерзімдері бар. Кейбір аң, құстарды «Қызыл кітапқа» енгізген.




Аңшылық - ата кәсіп (ер балалармен жұмыс)
  • Физкультура
Описание:

Тақырыбы: Аңшылық - ата кәсіп  (ер балалармен жұмыс)

 

Мақсаты: Халқымыздың ұлттық аң аулау дәстүрімен таныстыру, құсбегі  

                    туралы айтып, құсбегілікке қатысты құрал-жабдықтармен

                   таныстыру.

Көрнекілігі: әр түрлі құсбегілікке байланысты суреттер, бүркіттің,  

 

                     қыранның суреті.

Автор Темиров Арман Аманбаевич
Дата добавления 04.03.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров 1274
Номер материала 57489
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓