Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тақырыбы "Киелі - 7 саны"

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тақырыбы "Киелі - 7 саны"

Скачать материал

«Болашақ» балабақшасы

Тәрбиеші: Алиева Гүлнұр Айдарханқызы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Киелі – 7 саны»

Мақсаты: Балалар 7 санымен таныстыру. 7-ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып, ажыратуды, геометриялық пішіндерді көріп-тану, ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып, халқымыздың киелі – 7 санына деген ұғымдарын кеңейту.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар, тақпақтар, мақалдар, тақтамен жұмыс,

Көрнекілігі: Слайд, сандар, пішіндер, суреттер.

Пән аралық байланыс: Математика, тіл дамыту, орыс тілі

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Тәрбиеші:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң балалар!

Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Себебі, бізге көптеген апайлар қонақтар келіпті. Олай болса, қонақтармен амандасайық.

Балалар:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем делік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, қайталату.

Кіріспе.

Тәрбиеші: Балалар, 1 жылда неше мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл, Қыс, көктем, жаз, күз

Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші: Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: 3 айдан, Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Тәрбиеші: Қазір қандай ай?

Балалар: Желтоқсан

Тәрбиеші: 1 аптада неше күн бар?

Балалар: 7 күн. Апта деген апайдың 7 бірдей ұлы бар,

1-шісі – Дүйсенбі

2-шісі –Сейсенбі

3-шісі – Сәрсенбі

4-шісі – Бейсенбі

5-шісі – Жұма

6-шісі – Сенбі

7-шісі – Жексенбі

Тәрбиеші: Балалар сендер балабақшаға неше күн келесіңдер?

Балалар: 5 күн

Тәрбиеші: Неше күн демаласыңдар?

Балалар: 2 күн

Тәрбиеші: Тақтада геометриялық пішіндер арқылы балалардан сұрақ – жауап, түсіп, пішінін, санын сұрау.

Балалар, бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Киелі – 7 саны» деп аталады.

Біз бүгін қазақ халқында, жалпы мұсылман халқына ерекше сипатқа ие, киелі саналатын, құпияға толы 7 – санымен танысатын боламыз. Осы 7 саны туралы сендер қандай ұғымдарды білесіңдер?

Балалар: 7 ата, 7 шелпек, 7 қазына, 7 қарақшы, 7 күн

Тәрбиеші: Балалар, сонымен бірге 7 жетім, 7 жұт, 7 жоқ, 7 ғашық, 7 ғалам, 7 нота, 7 байлық, 7 керемет т.б. нақыл сөздер өте көп.  7-ең ерекше сандардың бірі. Тіпті, әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға берген. Дінде де 7 санының орны ерекше. Мәселен Аллаһ тағаладан пенделеріне 7 қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта 7 саны 500 рет қайталанады. Жұмақтың 7 қақпасы, Қағбаны 7 рет айналу сияқты, 7, 7, 7, ... айта берсек өте көп. Жалпы 7 саны, сандық қатардан 6-дан кейін тұрады. 7 бірліктен тұрады. 7-саны тақ сан болып табылады. Тура, кері санату.

Билингвизмді пайдалану.

7 саны 3 элементтен тұрады. Олар: Толқынды сызық, көлбеу, және кіші түзу таяқша. Тақтамен жұмыс. Ауада жаздыру.

Ассоциация құру.

Слайдпен жұмыс.

Дәулетхан: Жеті байлық

Аянат: Жеті жетім

Нұрбану: Жеті жоқ

7 ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Әулік – Ғарра, Уәки – Күлшах.

7 ғалам: Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, Жер үсті, Жер асты, Аспан

7 ата: Бала, Әке, Ата, Үлкен ата, Баба, Түп ата, Тек ата

7 жұт: Құрғақшылық, Жұт (мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топен су, Зілзала (Жер сілкіну)

7 қазына: Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім-білім, Жүйрік ат, Берген мылтық, Құмай тазы, Қыран бүркіт.

7 керемет: Мысыр пирамидасы, Ұлы Қытай қамалы, Биік таулар, Тадж-махал мешіті, Иордания Петр ғибадатханасы, Рим қисық мұнарасы, Мачу-Пикчу ежелгі ескі қаласы, Перу.

Видеоролик. (7 керемет), түсіндіру.

Тақпақтар.

Балнұр:

Киелі сан 7 деген, байланысты 7 менен

Көп ұғымы халқымыздың,

Белгісінде салтымыздың

7 қат көк жер үсті, 7 қабат жер асты

7 жарғы, заң 7, Қазынамыз бар 7

Нұрым:

7 атамыз тегі жұрт, Ағайын 7 жұт

Қызықтар құбылыс, 7 түсті шұғылы

Жерде бар 7 керемет, 7 шелпек берекет.

Самал:

1аптада 7 күн, Тап әр күннің кетігін

7 ішекті жетіген, Соны тарт деп өтінем

Көкте 7 қарақшы, жұртты өзіңе қаратшы

Түскен карта бетіне, Жетісу мен Жетікөл

Өзгелерге күлме сен, 7 атаңды білмесең.

«Көршісін тап» ойыны.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Топтық жұмыс.

1.      7 моншақтан жіпке тізу түстеріне қарай.

2.      2 санамақтардан 7 санын құрау

3.      Ф.Фребельдің әдістемелік құралынан 7 санын құрату.

Тыныштық сәті: (жәй музыка қойылады)

Күн ана жер әлемге шуағын шашып, жылуын беріп тұр, құстар ән салып, көбелектер ұшып жүр. Сендер өздеріңді жап-жасыл алқапта жүрміз деп сезініңдер. Алқапта әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Тып – тыныш. Кенет, жаңбырдың жылы тамшылары денемізді сипағандай болды. Өздеріңді жалаң аяқ жасыл шөптің үстінде жүгіріп жүрміз деп ойлаңдар. Қандай керемет!

Жаңбыр толастап, күннің көзі күліидеп, айнала нұрға бөленді. Аспанда доға тәріздес түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болады.

(көздерін ашу) кемпірқосаққа таңдану.

Көңіл – күйлерің қалай, не сезіндіңдер?

Тақтамен жұмыс.

Балалар, енді осы кемпірқосақты барлығымыз бірге құрастырып көрейікші!

Түстерін сұрау.

Құрастыру үшін әр түстің артындағы сұраққа жауап береді.

1.      Геометриялық пішіндерге не жатады?

2.      2 қоянда неше құлақ бар?

3.      7 санына дейінгі тақ сандарды кім айтады?

4.      Ағашта 2 торғай отыр, 5 торғай келіп қосылды?

5.      7 санын тура және кері санау.

6.      Қонжық екеу, табаны нешеу?

7.      7 санын орыс тілінде кім айтады?

Мінекей, біздің 7 түсті кемпірқосағымыз пайда болды.

«Адасқан сандар» ойыны

3 ре шапалақтағанда кері тұру, 2 рет шапалақтағанда тура тұра қалу.

7 санына дейінгі санамақты айтып тақырыпты қорытайық.

1 – дегенім бесік, шықтым содан өсіп.

2 – дегенім елім, далам, тауым, көгім.

3– дегенім үміт, үміт артар жігіт.

4 – дегенім дегенім төзім, төзе білем өзім.

5 – дегенім дегенім бақыт, бағалайтын уақыт.

6 – дегенім ақыл, тыңдағаның мақұл.

7 – дегенім жалау, жүректегі алау.

Қорытындылау.

Не білді: 7 саны туралы толық мағлұмат алды, тура және кері санауды, элементтерін ұғындырды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тақырыбы "Киелі - 7 саны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 432 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 586
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гульнур Айдархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гульнур Айдархановна
    Алиева Гульнур Айдархановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7116
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов