Главная / Классному руководителю / Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі»

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі»

hello_html_26cff987.gif«Күншуақ» балабақшасы



флаг Казахстана




Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23-жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты

Ересектер «Айголек» тобы



Тәрбиеші Құсайынова А.Т.











2014 жыл желтоқсан айы





Сағаттын тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі»

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің нышандарының қойылуы туралы жайында толық мәлімет беру. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қ Р рәміздері, ҚМ картасы. Отан, отбасы, балабақша туралы сурет жинақтары.

Өткізу тәсілі: Түсіндіру,көрсету, әңғімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көркем сөз.

Шара барысы:

Жүргізуші:

Қуан,шаттан алақай!

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Құрметті қонақтар,балалар.

Балалар, бізге бүгін қонақтар келіп отыр екен. Қане, бәріміз шаттық шеңбер құрып амандасайық.

Шаттық шеңбері

Армысыз,қайырымды Аспан ата! Армысыз, мейірімді Жер ана! Армысыз,шуғылалы Нұрлы күн! Армысыз, балабақша, дос-жаран! Апайлар!

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі» деп аталады. Біздің туған еліміздің, туған жеріміздің егеменді ел болып , Тәуелсіздік алғанына 23жыл толыпты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Тәуелсіздікті еліміз 1991 жылы алды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Осы үш нәрсемен бізді алыс-жақын шет елдер -егемендігімізді мойындап отыр.

-Балалар, айтыңдаршы Отан дегеніміз не?

-Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған-туыс, бауырымыз, ауыл қаламыз, өзіміз, туған жеріміз.

-Біздің отанымыз-Қазақстан . Балалардың зейінін Қазақстанның картасына аудару. Қазақстанның мемлекеттік шеқарасын көрсету, оның қандай жері кең байтақ екенін айту.

-Балалар, біздің ұлтымыз кім? (Біздің ұлтымыз-қазақ)

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі

Тәуелсіздік еліміздің күн, айы,

Жанға қуат беретіңдей ұрайы.

Еліміздің атанғандай есімі

Еліміздің кіретіндей шырайы. Мерей.


Кенге толы қайнауы,

Төлге толы жайлауы.

Ол біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеу, ақ,

Отан біздің біреу ақ,

Ол біздің Қазақстан. Алуа.


Қазақстаным, алға

Қадам бас тағы да,

Жаңа қадам баса бер,

Шарықта жылда. Асханби.

- Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады. Мемлекетіміздің ең алғаш Конституциясы 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Болашаққа жол сілтейтін заңымыз,

Содан біз бағыт аламыз.

Сол заңмен өсіп, ер жетіп,

Мектепке дайын боламыз.

Біз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Ата Заң балалардың құқығын және туған күнінен бастап өз қамқоршылығының астына алады. Балаға дүниеге келгенде ең бірінші құжат «Туу туралы куәлік» беріледі

-Балалардың назарын тақтада ілініп тұрған ҚР рәміздеріне аудару.


Фото1744Фото1743

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы (көрсету)

-Түдың түсі қандай? (тудың түсі көк)

-Мемлекеттік ту көгілдір түсті. Тудың көгілдір түсі бұлтсыз ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді. Бүркіт тәуелсіздіктің белгісі, биікке болашаққа самғайды. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігінің белгісі. Тудың авторы-Шәкен Ниязбеков.

Кім Қазақстан туы туралы тақпақ біледі?


Қазақстан байрағы,

Зеңгір аспан көгілдір.

Алтын күні төрінде,

Тамылжытып төгіп тұр. Елдана


Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Тұса күндей төгіп нұр,

Жылдарымыз жайдары. Аруана


Фото1747

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы(көрсету)

-Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?( Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген.)

-Шаңырақ –ошақтың амандығын білдіреді. Екі тұлпар-батырлықты, еркіндікті нышаны. Бес жұлдыз-жұлдызымыз жарқырасын деген ниетті ң белгісі. Елтаңбаның авторлары суретші -Жандарбек Мәлібеков аға мен сәулетші Шота Уәлиханов ағай.

-Кім Қазақстан елтаңбасы туралы тақпақ біледі?

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі. Мадияр.



Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Биілігім өз қолымда,

Еркіндігім –елтаңбам. Жаннұр


Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны (үнтаспа)

Әнұран орындалады

Фото1749

Әнұранда бізді Отансүйгіштік сезімге бөлейтін, еліміз, жеріміз туралы жырланған. Әнұран салтанатты жиындарда, мемлекеттік іс-шараларда айтылады.

Авторлары -Жұмекен Нәжімеденов ағамыз сөзін жазған, Н.Ә.Назарбаев кейбір сөздеріне өзгертулер еңгізді. Әнін Шәмші Қалдаяқов ағамыз жазған.

-Балалар, кім Отан туралы мақал –мәтелдер біледі?

Д/ойын : «Жалаушаны ал- сөз жалғасын тап».

Ойынның шарты: Балалар шеңбер құрып отырады. Біріне-бірі жалауша бере отыра мақал-мәтелдер айтады.

Аруана

1. Отан-елдің анасы

Ел-ердің анасы.


2.Отан қадіріне жетпеген

Өз қадіріне жетпес.

Гүлнәз

3.Отан оттан да ыстық.

Дамир

4. Отансыз адам- ормансыз

Бұлбұл.



Медина

5.Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол.

Елдана

6.Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

Асханби

6.Оқу-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Айша

7. Денсаулық-зор байлық.

Нұрсултан

8. Еңбек түбі-береке.

Мерей

9. Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тіленбей.

Әминә

10. Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

Ильнәз

11. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

-Балалар,Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Н. Ә. Назарбаев Қ Р Президенті.

Егеменді елімнің

Президенті бастаған,

Отанымда барлық ұлт

Татулықты қостаған. Дамир.

-Қазақстан Республикасының Астанасы?

-Астана қаласы.

Кім Астана туралы тақпақ біледі?

Жас Астана-жас ғалам,

Тарихын бар ашпаған,

Ордасы бол ойшылдың,

Ей, бас қалам-Астанам. Ильнәз.

Бүгінгі тәрбие сағатында балалар, өзіміздің еліміз-Қазақстан туралы білдік. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстық.

Әнұран, ту, елтаңба бір сөзбен калай айтылады?

-Рәміздер.

-«Рәміздерім елдігімнің белгісі» атты тақпақпен аяқтаймыз.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім- әнұран, ту,елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі»
  • Классному руководителю
Описание:

Сағаттын тақырыбы: «Рәміздерім елдігімнің белгісі»

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің нышандарының қойылуы туралы жайында толық мәлімет беру. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қ Р рәміздері, ҚМ картасы. Отан, отбасы, балабақша туралы сурет жинақтары.

Өткізу тәсілі: Түсіндіру,көрсету, әңғімелеу, сұрақ-жауап, ойын, көркем сөз.

Шара барысы:

Жүргізуші:

Қуан,шаттан алақай!

Қуанатын күн келді!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Құрметті қонақтар,балалар.

Балалар, бізге бүгін қонақтар келіп отыр екен. Қане, бәріміз шаттық шеңбер құрып амандасайық.

Шаттық шеңбері

 

Армысыз,қайырымды  Аспан ата!                                                                      Армысыз, мейірімді Жер ана!                                                               Армысыз,шуғылалы Нұрлы күн!                                                                         Армысыз, балабақша, дос-жаран! Апайлар!

 

Автор Керімбек Шынар Арапбайқызы
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 1010
Номер материала 43245
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓