Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық тәрбие сағаты "Өз құқығынды білесін бе?"

Ашық тәрбие сағаты "Өз құқығынды білесін бе?"

Скачать материал

Тәрбие сағат тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?»

Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Тәрбие сағат міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

 Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Тәрбие сағат түрі: Байқау-сабақ

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары

Тәрбие сағат барысы І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. ІІ. Ой қозғау Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар:

 Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым – ардағым,

 Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда – Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда - Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты,

 Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады)

 ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)

 Конституция туралы не білесіңдер?

 ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар» Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995) Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі. Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру:

 1 – бап Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

 7 – бап Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.

27 – бап 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

 36 – бап Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)

 VІ. Қорытындылау. ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар Кіріспе 1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы 2. Қазақтың ата-заңы 2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы 2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі 2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары 3. Қорытынды 4. Қолданылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. 1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады. Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады. Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. 2. Қазақтың ата-заңы 2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады. Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр. Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған. Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді. Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды. Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан. 2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады. Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық. Президент ел халқына "Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті. Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды. Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар. Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды. Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты. Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей тәуелді. Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған "Азаматтық кодекс” пен "Қылмысты істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады. Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған. Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Конституцияның 19-бабында "Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған. Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген. 39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған. Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар. Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған. Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі. Қорытынды Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс. Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды. Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады. Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек. Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж. 2. Нысанбаев Ә. "Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз. 3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. "Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз. 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30 тамыз мемлекетіміздің ең елеулі күндерінің бірі. Бұл Қазақстан Республикасының Ата Заң күні. Әрбір азамат үшін елінің заңы, мемлекетінің нышаны мен рәміздері аса қасиетті де ардақты. Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» дегеніндей, Ата заң адамға жауапкершілік жүктеумен қатар, оның құқықтарын да қорғайды. Заң мемлекет тұрақтылығы, азаматтар құқығы мен бостандығының кепілі.

\\\\\\\\\\\\\\\Балалар енді осы Ата Заңды қастерлейтін халқы бар Отан туралы ойланып көрелікші: Біздің Отанымыз - өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жылдан – жылға алға ұмтылған, ғылымы мен мәдениеті озық ел. Отанымыз жайлы шығарылған ән де көп, күйде мол. Атақты би - шешендер, ақын-жазушылар, ғалымдар өсиет сөздер қалдырған. Мысалы: қаз дауысты Қазыбек би: 
«Алтын ұяң – Отан қымбат, 
Құт – берекең – атаң қымбат, 
Аймалайтын анаң қымбат» деген екен. 
Бір оқушы Қымбат Әбілдәқызының «Мемлекетім» өлеңін мәнерлеп оқиды. 
МЕМЛЕКЕТІМ ! 
Тірліктегі тірегім – мемлекетім, 
Лүпілдеген жүрегім – мемлекетім. 
Тәубәмді айтып, Аллаға жалбарынсам, 
Сенсің, алғаш тілерім, мемлекетім І 

Мемлекетім – ұлтыма ұлы құжат, 
Әлемдік аэропорттар қабылдайтын. 
Тілім мен дінімді әлі ұққанға, 
Пейілін танытудан жаңылтпайтын. 

Мемлекетім тарихын кеш таныған, 
Ұлдары аз бабалардан сес дарыған. 
Бодандықтың қамытын тастағанмен, 
Босбелбеулік қалмаған жастарынан. 

Мемлекетім самғай бер қыран қанат, 
Сүйем сені арменен Құрандағы ақ. 
Көп ұлт басқа, өз иең қазақ болса, 
Саған қайсы жақын деп тұрам қарап... 
«Қазақстан жалауы» өлеңін оқу. 
«Біздің Елтаңба» өлеңін оқу. 
Енді балалар, Ата Заңның бірнеше бабына тоқтала кетелік: 

Қазақстан Рес¬публикасында аза¬маттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай¬лар жасалады. 25-бап, 2-тармақ. 

Әркімнің өзінің жеке басының бос¬тандығына құ¬¬қығы бар.16-бап, 
1-тармақ. 

Қазақстан Республикасындағы – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?

Жарияланды 21-02-2013, 20:34 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Байқау-сабақ
Көрнекіліктер:
Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ. Ой қозғау
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.

Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)

ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?

ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

V. Суреттермен жұмыс ( мемлекеттік рәміздер туралы оқушылар білімін саралау)
VІ. Қорытындылау.
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты: «Ел рәміздері-ел рухы»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 1.Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу.

 2.Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру. 3.Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер,олимпиада туралы баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны, Астана қаласы, ХХХ олимпиада ойындарының жүлдегерлерінің суреттері. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. (Мұғалімнің құттықтау сөзі) Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймын. Дендеріріңізге саулық, бастарыңызға байлық, балаларыңыз еліміздің білімді, тәрбиелі азаматы болуға тілектеспін. Ал оқушыларымды жан-жақты дамыған, үлгілі, білімді, ертеңгі болашаққа зор сеніммен қарайтын азамат болуларыңды тілеймін. - Балалар көздеріңді жұмып бір-бірлеріңе жақсы тілектеріңді айтыңдар. ( оқушылар өз тілектерін айтады)

Мұғалім: 1-қыркүйек білім күні. Адамға тіл , құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек. Сонда ғана сенің ол ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің болады. ІІ. Негізгі бөлім 1.Асыл ұям –мектебім -Асыл ұя мектептеріңе қандай сезіммен келдіңдер? (Сұрақтар қойылып оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады.

 Мұғалім: Ал қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер? Оқушы: Отан-дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы. - Ал балалар тәуелсіздігімізді алғаннан бері республикамызда қандай өзгерістер болып жатыр? - Қандай мейрамды тойладық? - Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (сұрақтарға жауап береді) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды. - Енді бүгінгі тақырыбымыз «Ел рәміздері-ел рухы»» дегенді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын айтады.) Мұғалім: Егемендігіміздің белгілерінің бірі – мемлекеттік рәміздер. «Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ , сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке»-деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне , енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Халқымыздың еңсесі жоғары. Оқушылар орындарыннан тұрып Әнұранды орындайды. Республикалық референдумда қабылданған Қ.Р-ның Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап бұрынғы күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы Қ.Р. Конституциясының күші жойылады. Қажет болған жағдайда еліміздің заң шығарушы органы Парламент өзгертулер мен толықтырулар енгізе алады. Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн.Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз. Қалай ойлайсыңдар, Ата Заң не үшін керек? (Өз ойларыңды қағаз бетіне сурет салып көрсете қойыңдар) Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек: 7- бап. Қ.Р-ның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

9- бап.Қ.Р-ның нышандары-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

15- бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

 24- бап. Әркімнің еңбек ету,кәсіп пен қызмет түрінеркін таңдау құқығы бар

. 29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар

. 30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді.Орта білім алу міндетті.

36-бап. Қ.Р-ның қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті. Конституция деген сөзден кім көп сөз шығарады? М: ( он, ту, сия, су, тон, т.с.с)

 Мұғалім: -Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар. Отан- елдің анасы Ел-(ердің анасы) Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас). Отанды сүю-(отбасынан басталады) Отан оттан да (ыстық) Пәлен жерде алтын бар ( Өз жеріңдей қайда бар) Отансыз адам-( ормансыз бұлбұл) Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес) Ел іші- (алтын бесік) Мақал- мәтелді көп айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

 Мұғалім: Осы жаз сендерге қандай әсер қалдырды? ХХХ олимпиада ойындары туралы не білесіңдер? Жүлдегерлері кімдер? ( мұғалім өзі толықтырып кетеді) -Сендерге спорттың қай түрі ұнайды? Неліктен? ( спортпен айналысуды таңғы жаттығудан бастауымыз қажет) Мұғалім: - Балалар, мысалы сендерге шет елден қонақтар келді. Сендер сол қонаққа біздің елімізді сурет салу арқылы қалай таныстырар едіңдер? Оқушылар: өздіктерінен шет елден келген қонаққа қалай таныстыратындарын суретке салады. Бірінші жеке , жұппен, топпен жұмыс жасап, 1 спикер қорғап шығады. Сонымен қорыта келгенде өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін. Ата Заң. Ата заңым, алтын заңым-ардағым, Аялаған азаматтың арманын Жол бастайды болашаққа жасампаз, Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың- дегендей тәрбие сағатымызды қорытындылайық. 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Өз құқығынды білесін бе?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағат тақырыбы: «Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?» Тәрбие сағат мақсаты: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету. Тәрбие сағат міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру. Дамытушылық: Түрлі сұрақтар, суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Тәрбиелік: Өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Тәрбие сағат түрі: Байқау-сабақ Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары .

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.09.2020 556
    • DOCX 36.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ефимова Галина Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ефимова Галина Николаевна
    Ефимова Галина Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 102369
    • Всего материалов: 195

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1184 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 563 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе