Главная / Математика / Ашық сабақ;"Жай бөлшектерді көбейту"

Ашық сабақ;"Жай бөлшектерді көбейту"

Ашық сабақ;"Жай бөлшектерді көбейту"
  • Математика
Описание:

Тақырыбы: «Жай бөлшектерді көбейту» 5 сынып.

(Ғарыш айлағының 50 жылдық мерейтойына арналған

қорытынды сабақ)

 

Оқулық: А.Е.Әбілқасымова , Т.П. Кучер. З.Ә.Жұмағұлова «Математика, 5 сынып»

 

Сабақтың мақсаты: Жай бөлшектерді көбейту ережелерін қолдануда білім-білік дағдыларын қалыптастыру, білімді бақылау, білімге құштарлықты дамыту, есеп шығаруда туындаған қиындықтарды жеңе білу, Қызылорда облысының тарихы жайлы мәлімет беру.

 

Сабақтың түрі: «Жаратылыстану» пәнімен байланысты аралас ойын-сабақ.

Құрал-жабдықтар: есептер жазылған жеке топтамалар, зымыранның фигурасы, интерактивті тақта, слайдтар  /Power Point презентациялары/

 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бес топқа бөлінеді. Әрбір топ- саяхат жасайтын зымыранның экипажы. Әр қатысушыда «Жол парағы» бар. Онда сабақ барысында кездесетін есептер мен өзіндік жұмыстың жауабын жазады. Сабақ аяқталғанда мұғалім тексеруге «Жол парағын» жинап алады.

 

2.      Тарихи анықтама. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Байқоңыр ғарыш айлағы туралы қысқаша сипаттама береді.

 

 - Адамзат ерте заманнан бері ұшуды армандаған болатын. Әуе көлігінің шығуы олардың ойын одан әрі қарай жетеледі. Ғарышқа алғашқы жол 1957 жыл 4 қазан күні ашылды. Жердің жасанды серігі алғаш рет жердің орбитасына ұшып шықты. Ғарышты зерттеудегі ең үлкен қадам 1961 жылы 12 сәуір күні бірінші ғарышкер Ю.А.Гагариннің «Восток» атты ғарыш кемесімен жерді айнала ұшып, алғаш рет Жерді ғарыштан көруі.

/ Power Point презентациясы /

12 сәуір күні адамзаттың тарихындағы елеулі оқиғаның - алғашқы ғарышкер Ю.А.Гагариннің ғарышқы ұшуына 50 жылдығын тойлаймыз.

Бізге, қызылордалықтарға, бұл күн өте ерекше күн, өйткені біз Әлемнің батыл әрекеті жасалған аңызды жерде өмір сүреміз. Байқоңырға тарихи міндет қойылды – ғарышқа ұшатын алғашқы мәре алаңына айналу. Байқоңыр көптеген дарынды адамдардың – ғалымдардың, зымыранның конструкциясын жасаушылардың, инженерлердің, құрылысшылардың, зымыраншылардың күшімен салынды.

Ғарыштың тарихы бар аңызға айналған Қызылорда облысында тұратынымызды мақтан етеміз. Байқоңырдың елтаңбасында адамның алақаны бейнеленген. Бұл аспанға ұшып бара жатқан зымыранды жылытады деген сеніммен жасалған. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланады. Тәуелсіздікті алғалы ғарышқа ұшу мүмкіндігі қазақстандықтардың да еншісінде болды. Оқушылар, қандай қазақ ғарышкерлерін білесіндер?

/Оқушылар Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев жайлы қысқышы баяндама жасайды/

3. Өз зымыраныңды тап

Экипаждың әрбір мүшесі шығаратын есептер беріледі. Есептер 3 амалдан тұрады. Әр жауаптың өзінің коды бар. Өзін өзі бақылау жұмысы жасалады. Нәтижесінде зымыранның номері екі әріп пен бір цифрдан тұрады. Зымыранның номерін бірінші тапқан оқушы экипаждың командирі болады. Ол зымыранның үлгісін өзінің партасына қояды. Номерлері былай болады: КР2, МИ5; АТ3; БУ1; НЕ4.

 

Экипаждарға арналған топтамалар

1.     

 

2.

 

 

3.

 

4.     

 

7

 

3.     

 

4.      Саяхатқа дайындықты тексеру

Ұшуға дайындықты тексеру, жарамсыздықты табу және жою, құрал-жабдықтарды тексеру.

Тапсырма. Жіберілген қатені табу, жөндеу және түсіндіру.

Қате жіберілген есептер тақтада берілген. Әрбір экипаж өз есептеріндегі қателерді тауып, уақыт болған жағдайда қатысушылар басқа экипаждарға көмектесе алады. Қате табылған жағдайда экипаждың бір мүшесі жөндеп, түсіндіру қажет.

1.     

2.       

3.     

4.     

5.        

5. Ұшу

Жарамсыздық табылды, енді біз ұштық. Ұшу кезінде демалуға да, зерттеу жұмыстарымен айналысуға да болады.

Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Ай жөнінде қысқаша мәлімет береді. /презентация/

- Жердің жалғыз серігі – Ай. Аспан денелері арасындағы ең жақыны және адамзаттың аяғы басқан аспан денесі болып табылады. Осы уақытқа дейін астронавттар Айға 6 рет ұшқан. 1969 жылы 20 шілде күні Нил Армстронг и Эдвин Олдрин Айдағы Тыныштық теңізіне қонып түсті.

Айдың бедері сансыз кратерлерден тұрады. Олар құлаған метеориттер мен астероидтардың ізі. Айдың бетіндегі қара дақтарды Галилей заманынан бері теңіздер деп аталады – Тыныштық теңізі, Жауын теңізі, Дауыл теңізі. Айдың жарық жері құрлық деп аталған. Айдың бетінде ешқандай да судың жоқтығы белгілі болғанымен, атаулар қалды. Айдың жарық болатын себебі, күн сәулесін қабылдай алмадй, оның орнына тек қана шағылыстыратын қабілеті бар. Сондықтан Ай бізге түнде жарық болып көрінеді.

 

6. Зерттеу жұмысы

Оқулықтағы №600 есепті шығару /174 бет./

7. Ғарыш кемесін қондыру.

Саяхат аяқталуға жақын. Ғарыш кемесін Жерге қондыру үшін шаршы тәрізді қондыру алаңының ауданы мен периметрін табыңдар, егер қабырғасы а =

 

8.      Карантин (өзіндік жұмыс)

Әр экипаждың мүшесі 5 есебі бар топтаманы алады. Барлық топтамаларда есептер бірдей, бірақ әртүрлі жазылған. Жұмыс жасауға 5-6 мин беріледі. Интерактивті тақтада экипаж мүшелері есептердің дұрыс жауаптарын тексереді.

1.   

2.   

3.   

4.   

5.   

9.      Сабақты қорытындылау.

Белсенді оқушыларды бағалау. «Жол парақтары» тексеруге жиналып, әр мүшеге бағалар қойылады.

Үй жұмысы: бөлшектерді көбейту ережелерін қайталау,  №601, 602 есептер,      «Менің Айдағы өмірім» тақырыбында эссе жазу.

 

 

Автор Умирбаева Мария Утебаевна
Дата добавления 17.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров 873
Номер материала 59774
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы