Главная / Химия / Ашық сабақ жоспары: Арендер. Бензол.

Ашық сабақ жоспары: Арендер. Бензол.

hello_html_5c246fb9.gifhello_html_20a2c9e1.gifhello_html_5c246fb9.gifhello_html_20a2c9e1.gifhello_html_m6a2fa401.gifhello_html_7909eae.gifhello_html_5be522a3.gifhello_html_m13f1130b.gifhello_html_m5b334f23.gifhello_html_7909eae.gifhello_html_2cd414a8.gifhello_html_59ea88d8.gifhello_html_m4187e677.gifhello_html_7909eae.gifhello_html_m8944ef0.gifhello_html_m5413bb8e.gifhello_html_412c821b.gifПәні

Сыныбы 11

Күні 26.11.14

Тақырыбы

Арендер. Бензол

Сілтеме

Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова Алматы «Мектеп» 2012ж, әдістемелік оқулықтар, презентациялар, электронды оқулық.

Жалпы мақсаты:

Бензол мысалында оқушыларда ароматты көмірсутектер арендер туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

1.Қасиеттері бойынша көмірсутектер класын анықтай алады, сәйкес реакция теңдеулерін жаза алады;

2.Ақпараттық материал, оқулықпен жұмыс жасай алады;

3.Есеп шығару дағдылары одан әрі қалыптасады;

4.Тәжірибелер бойынша логикалық қорытынды жасай алады;

Түйінді идея

Жалпы ароматты көмірсутектер туралы білім қалыптасады, класаралық байланысты анықтай алады, формуласы бойынша қосылыстардың қасиеттерін болжай алады.

Сабақтың түрі

Проблемалық -ізденіс сабағы

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақта, таратпа материалдар, органикалық қосылыстардың модельдерін құруға арналған жинақ.

Ақпараттық қолдау

Бейнефильм: «Ароматты көмірсутектер қасиеттері»,

Презентация «Арендер. Бензол» (қосымша 1)

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу(Салеметсіңдер ме, оқушылар! Өз орындарыңа отырыңдар, біз сабақты бастайық, бұл сабақ сендерге жемісті, ең бастысы – пайдалы болады деп ойлаймын! )

ІІ.Өткен тақырыпқа шолу жасайық:

Тапсырмалар:


Сабақтың эпиграфы: «Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді» Гете

1.Бой жазу. Лездік сұрақтар екі топқа (Презентация, слайд 2,3)

І топ.

- Алкиндерде болатын байланыс түрі? (үш)

-Бутин-1 бром суын түссіздендіре ме ? (түссіздендіреді)

-Алкиндерге тән изомерия түрлері? (көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерия)

-Гидратация реакциясын темірдің үш валентті тұзының қатысында жүргізуді ұсынған Қазақстандық ғалым (Шәріпханов)

5.Алкиндерге тән гибридтену түрі? (sp)

ІІ топ.

-Алкиндердің жалпы формуласы (СnH2n – 2)

-Алкиндердің гидратациялану реакциясын ашқан кім және қашан? (1881ж, Кучеров)

-Калий перманганаты ерітіндісін түссіздендіретін қандай көмірсутектер: қаныққан әлде қанықпаған? (қанықпаған)

-Ацетиленнің металдармен қосылысы қалай аталады? (ацетиленидтер)

5.Алкиндердің молекулаларының кеңістік пішіні?(жазықтық)

2.Топтарға семантикалық кесте бойынша тапсырмалар. (Презентация, слайд3,4))

Сәйкестендіру кестесі. Iтоп:

Реакция реагенттері

Реакция өнімдері

2СН4 --------

C2Ag2 + H2O

СаО + 3С -------

C2H4

С2Н2 + Н2 -------

C2H2 + 3H2

С2Н2 + НСІ ------------

CaC2 + CO

С2Н2 + Ag2O -------

C2H3CI

Сәйкестендіру кестесі II топ:

Реакция реагенттері

Реакция өнімдері

C2H2 + Br2 --------

CH3-COH

СаC2 + 2H2O -------

C2H2Br2

С3Н6Br2 + 2KOH -------

HOOC-COOH

С2Н2 + /O/ ------------

Ca(OH)2 + C2H2

С2Н2 + H2O -------

C3H4 + 2KBr + 2H2O

3. Өткен тақырыпты қорытындылау. Логикалық сұрақтар: (Слайд 5)

І топқа:

19 ғасырда қала көшелерін жарықтандыру үшін карбид салынған шамдар қолданған. Оларда жарық беру процесі қалай жүзеге асқан?

ІІ топқа:

Неге өндірісте металдарды пісіру, кесу үшін ацетилен газы қолданылады ?

Сонымен құрамында үш байланысы бар алкиндер класының құрылысы, қасиеттері, қолданылуымен таныстық.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық

Бүгінгі жаңа сабағымызды есеп шығарудан бастайық. Есептің берілгенін алдарыңда жатқан таратпа қағаздардан көресіңдер. Есептердің берілгенін мұқият оқып, есептің қай типіне жататынын анықтап, есепті шығарыңдар. (Слайд 6)

Оқушылар есеп типін анықтайды: реакция өнімдері бойынша органикалық қосылыстардың формулаларын анықтау. Осындай типті есептерді шығару алгоритміне сүйене отырып, қосылыстардың формулаларын анықтайды..

І топ (қосымша 1, слайд 1)

Есеп. Заттың буының тығыздығы 3,48 г/л. Оны пиролиздегенде 6г күйе және 5,6л сутек түзіледі. Заттың формуласын анықтаңдар.

Бер. Шешуі:

P (зат) = 3,48г/л 1) v(С) = m/М = 6/12 = 0,5 моль

m(C) = 6г 2) v(Н2) = V/VM = 5,6/22,4 = 0,25 моль

V(H2) = 5,6л v(Н2) = 2*0,25 = 0,5 моль

т/к СхНу 3)х : у = 0,5 : 0,5 = 1 : 1 --- СН – қарапайым формула

М(СхНу) = P (зат) * VM = 3,48*22,4 = 77,996 ≈ 78г/моль

М (СН) = 13 г/моль

n = М(СхНу) / М (СН) = 78/13 = 6

Ж: С6Н6

ІІ топ. (қосымша 1, слайд 2)

Есеп. 0,78г затты жаққанда 1,344л көмірқышқыл газы және 0,54г су түзілді. Заттың формуласын анықтаңдар. Заттың сутегі бойынша тығыздығы 39.

Бер. Шешуі:

m (зат) = 0,78г 1) v(H2O) = m/М = 0,54/18 = 0,03 моль

V (CО2) = 1,344л 2) v(CO2) = V/VM = 1,344/22,4 = 0,06 моль

m (H2) = 0,54г v(Н2) = 2*0,03 = 0,06 моль

DH2 = 39

т/к СхНу 3)х : у = 0,06 : 0,06 = 1 : 1 --- СН – қарапайым ф -а

М(СхНу) =DH2 *2 = 39*2 = 78г/моль

М (СН) = 13 г/моль

n = М(СхНу) / М (СН) = 78/13 = 6

Ж: С6Н6

ІҮ кезең

А)Жарықтандырушы газ құпиясы


























Б)Бензол қасиеттерінің қарама-қайшылығы















































С)Ароматты көмірсутектің құпиясын ашу

Құрамы С6Н6 болып келетін зат бензол деп аталады Яғни, бүгінгі сабағымыз арендер және олардың маңызды өкілі бензол туралы болмақ. Бензол ароматты көмірсутектердің алғашқы өкілі. Жалпы формуласы СnH2n-6 болатын, құрамында бір немесе бірнеше бензол сақинасы бар көмірсутектер ароматты көмірсутектер немесе арендер деп аталады. Ароматты көмірсутектер деп аталу себебі, ең алғаш табылған көмірсутектердің жағымды иістері болды, одан кейін ашылған арендерде ондай иіс болмаса да, бұл тарихи қалыптасқан атау сақталып қалды.

Бензол кездейсоқ ашылған қосылыстардың бірі. 19 ғасырдың басында Лондон қаласының көшелерін газбен жанатын шамдармен жарықтандыра бастады. Бұл шамдардың бір кемшілігі, олар жазды күні жақсы жарық беріп, ал суық күндері сығырайып, жөндеп жанбады. Оның себебі, газ сақталатын ыдыс түбінде белгісіз бір сұйықтықтың жиналуы және әсіресе, суық күндері көп мөлшерде жиналуы болды.

Белгілі физик, әрі химик М.Фарадей газды шам шығаратын зауыт иелерінің сұрауы бойынша ол сұйықтықтың құрамын, қасиеттерін зерттеді. Зерттеу нәтижесінде белгісіз сұйықтықтың буының салыстырмалы тығыздығын, жану өнімдерін анықтап, заттың формуласын шығарды. Қалай ойлайсыңдар, 1825ж М.Фарадей қандай формуланы есептеп тапты? (С6Н6).

1865 жылы неміс ғалымы Ф.Кекуле бензолдың құрылымдық формуласын ұсынды: (презентация , слайд 7). Екі топ келтірілген формула бойынша бензолдың шарстерженьді моделін құрастырады.

Сұрақ: Бұл көмірсутекті қосылыстардың қай класына жатқызуға болады?



СН3 – СН3 СН2 = СН2 СН2 = СН – СН = СН2 СН Ξ СН hello_html_238bb4e0.png


Сараптама жасау:

Қорытынды: Біз қарастырған көмірсутектердің кластарының біреуіне

де жатқыза алмаймыз. Бензолдың молекулалық формуласына қарасақ, өте қанықпаған көмірсутек, ал құрылымдық формуласы бойынша әрі дара, әрі қос байланыстары бар циклді қосылыс. Яғни, бензолдың молекулалық формуласы мен құрылымдық формуласы арасында қарама-қайшылық бар. Сонда бензол қаныққан қосылыс па, әлде қанықпаған қосылыс па және көмірсутектердің жіктелу қатарында қандай орын алады деген сұрақ туындайды. Бұл проблемалық сұраққа жауап беру үшін бірінші бензолдың құрылысын және физикалық қасиеттерін қарастырайық.

Топтарға тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Кластер құру:

І топ: Бензолдың құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру






ІІ топhello_html_5eabda23.png

Бензолдың физикалық қасиеттеріне тоқталу


бензол







Енді бензолдың көмірсутектер қатарындағы орнын анықтау үшін, оның химиялық қасиеттерімен танысайық.

Бензол –өте улы зат, сондықтан мектепте онымен жұмыс жасауға тыйым салынған. Осы ескертуге сәйкес, біз тікелей бензолмен тәжірибелер жүргізе алмаймыз. Сондықтан, арнайы зертханаларда бензолмен жүргізілген тәжірибелердің бейнежазбасын қарап шығамыз. Және сол бейнежазбаларды қарай отырып, І топ бензолды қаныққан көмірсутектерге жатқызуға болатын дәлелдерді, ал ІІ топ – қанықпаған көмірсутектерге жатқызуға болатын дәлелдерді табады.

1 Сұрақ: Қаныққан көмірсутектерге тән реакция қандай? (Орынбасу)

«Бензолдың нитрленуі» бейнежазбасын көріп, оқушылар бейнежазба бойынша қорытынды жасайды, реакция теңдеуін жазып, түзілген өнімнің шарстерженьді моделін құрастырады.

C6H6 + HNO3 ------------- C6H5NO2 + H2O

нитробензол

І топ: Бензол қаныққан көмірсутектерге тән орынбасу реакциясына қатысады.

2Сұрақ: Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция қандай? (Қосылу)

«Бензолдың хлорлануыі» бейнежазбасын көріп, оқушылар бейнежазба бойынша қорытынды жасайды, реакция теңдеуін жазып, түзілген өнімнің шарстерженьді моделін құрастырады

http://festival.1september.ru/articles/590417/img4.gif

ІІ топ: Бензол қанықпаған көмірсутектерге тән қосылу реакциясына қатысады.

3.Сұрақ: Күйелі жалын шығарып қандай көмірсутектер жанады, қаныққан ба, әлде қанықпаған ба?

Бұл сұраққа жауап беру үшін «Бензолдың жануы» бейнежазбасын көреміз.

ІІ топ: бензол күйелі жалын шығарып жанады, өйткені оның құрамындағы көміртектің үлесі жоғары, сондықтан бензолды қанықпаған көмірсутектерге жатқызуға болады.

Жану реакция теңдеуін құрады:

6Н6 + 15О2 ––> 12СО2 + 6Н2О.

Проблеманың шешуі:

Бензолға орын таба алмаған схемамызға қайта оралайық. Біз бензолдың әрі қаныққан, әрі қанықпаған көмірсутектеріне жататынына жеткілікті дәлел таптық, енді не қосуымыз керек? Бензол қасиеттері бойынша қаныққан және қанықпаған көмірсутектер арасында аралық орын алады екен. Оған бензолдың құрылысы да, химиялық қасиеттері де дәлел. Іс жүзінде көмірсутектердің жіктелуі мынадай болуы керек. (Презентация, слайд 9 ).

Осылай біз көмірсутектер қатарындағы бензолдың орнын анықтадық, туындаған проблеманы шештік.


Ү кезең. Ой толғаныс

Бензолды осыған дейін білмесек те, оның туындылары аспирин, ванилин, эфедрин т.б. бізге өте жақсы таныс.

Қалай ойлайсыңдар, бензол және оның туындылары қайда қолданылады және олардың маңызы қандай?

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып, бензол және оның туындыларының қолданылуы бойынша кластер құрады, қорытынды жасайды.

Тест жұмысы. Тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру үшін әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест жұмысы беріледі.

Тест жауаптары:

Нұсқа/ жауап

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

І нұсқа

А

В

Е

А

Д

А

Д

В

Е

С

ІІ нұсқа

А

А

А

Д

А

А

С

Е

В

С




ҮІ.Рефлексия

Сабақтың эпиграфы ретінде Гетенің «Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді» деген нақыл сөзін алдым. Тегіннен-тегін алғам жоқ. Мен әрқашанда өз біліміме, тәжірибеме сүйенемін. Сендерге де пәндер бойынша алған білімдерің, пәндер бойынша қалыптасқан дағды-біліктерің көмектесті деп ойлаймын. Сабақтан алған әсерлеріңді смайликтерді таңдау арқылы білдірулеріңе болады және мына сұрақтар бойынша ойларыңды білгім келеді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/85/Smiley.svg/200px-Smiley.svg.pnghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRVEp8cvqqGXlKYqqRKAuqU8uEHJ2aT1FLdZ8Mw5BkQZX98VzMs1mhtWQ

1)Көп жаңа мағлұмат білдім

2)Маған бұл өмірде қажет болады

3)Ойланатын жайттар болды

4)Маған көмектесті .............

5)Өте жақсы жұмыс істедім

6)Сабақ ұнады

ҮІІ Бағалау

Топтарға таратылған бағалау парағына әр оқушы өзінің жинаған ұпайларын жазады, одан кейін оны бағаға айналдырамыз.

Бағалау парағы»

Күні _________ Оқушының аты-жөні_______________________


Бағалау параметрлері

Ұпайлар

Өзін-өзі бағалау

Жинаған ұпай саны

I. бой жазу(0-5)

Дұрыс жауап мөлшері



II. Сәйкестендіру кестесі (0-6)

Дұрыс жауаптар



III. Логикалық сұрақ (0-3)

Дұрыс болжам



IV. есеп (0-2)

Есептің берілгенін, формуланы дұрыс жазды



Есептеу жолдары дұрыс



Ү. Зерттеу жұмысы(0-3)

Қосылыстың шарстерженьді моделін дұрыс құрды



Реакция теңдеуін дұрыс жазды, қорытындыны дұрыс жасады



VI. Тест (1-10)

Дұрыс жауаптар



Жалпы ұпай саны

Сабақ бойы жинаған ұпайларыңды қосыңдар және келесі критерийлер бойынша қорытынды бағаларыңды анықтаңдар:

21 - 29 ұпай – «5»

14 - 20 ұпай – «4»

9 - 13 ұпай - «3»

8 және одан төмен – «2»

ҮІІІ.Үйге тапсырма

§5.1-5.3 жат.(15-18)

Қолданылған модульдер

Сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық, АКТ, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабаққа талдау







Ашық сабақ жоспары: Арендер. Бензол.
  • Химия
Описание:

Бұл папкада "Арендер.Бензол" тақырыбында сабақтың жоспары және презентациясы беріліп отыр. Бұл сабақты мен жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің семинарында өткіздім. Қатысқан мұғалімдерге ұнады. Менің сайтыма кіріп көрген адамдарға да ұнайды деп ойлаймын. Әркім өзі үшін бір жаңа мағлұмат, жаңа дерек  алады деп сенемін. Бұл сабақта оқушылардың есеп шығару, реакция теңдеулерін жазу, тақтамен жұмыс, зертханалық жұмыстар бойынша қорытынды жасау дағдыларын дамыту мақсатында тапсырмалар алынды. Қазіргі заман талабы - оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, соған байланысты логикалық сұрақтар қарастырылған.

Автор Садвакасова Шинар Тулеуовна
Дата добавления 04.01.2015
Раздел Химия
Подраздел
Просмотров 2453
Номер материала 28267
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓