Главная / Математика / ашық сабақ "ЭКСПО көрмелеріне саяхат"

ашық сабақ "ЭКСПО көрмелеріне саяхат"

ЭКСПО көрмелеріне саяхат

Жалпы мен сабағымды 2017 жылы Астана қаласында болатын ЭКСПО 2017 көрмесі ретінде өткізгім келіп отыр.

Сабақтың тақырыбы: Пайыз және күнделікті пайыздың есептері

Жалпы пайыз тақырыбы бәрімізге мәлім. Сол себептен мен осы тақырыпты алып отырмын. Пайыз - заттың бағасының өсуін,жинақ кассасына салынған ақшаның өсімі,оқушылардың үлгерімдері және т.с.с шамаларды айтамыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Пайыз, яғни пайыздық есептерге амалдар қолдануды үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Пайыздық есептерді шығару кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. II. Ой түйін – сұрақтарға жауап беру.

  3. III. Ой толғау – білімдерін пысықтап бекіту.

  4. IV. Ой қозғау – есептер шығару (деңгейлік тапсырмалар)

  5. V. Бейнефильм. Үй жұмысын беру, сабақтың қорытындысы.

  6. VI. Рефлексия

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)


Сабақтың эпиграфы:

«Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады»

Н.Ә.Назарбаев.

Яғни, EXPO-2017 Астанада. Жалпы Бас қаламызда 2017 жылы ЭКСПО-ға байланысты көрме болмак.

II. Ой түйін – сұрақтарға жауап беру.

  1. Пайыз деп не айтады?

  2. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер

  3. Бөлшек пайызбен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер

  4. Берілген санның пайызы қалай табылады? Оны микрокалькуляторда есептеуді түсіндіріңдер

  5. Пайыздың негізгі формуласы қандай?


Эйфель мұнарасы

ЭКСПО -1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. “Темір ханым” деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара париждің символы.


III. Ой толғау – білімдерін пысықтап бекіту.

1-есеп.

Жалақысы 10%-ға өскеннен кейін жұмысшы айына 38 500 теңге алатын болды. Жұмысшының бастапқы жалақысы қанша болған?

Жауабы (Жауабы:35000 теңге)

2-есеп.

Жинақ кассасына жыл басында 15%-дық өсіммен салынған ақша жыл соңында 62100 теңге болды. Жинақ кассасына жыл басында неше теңге ақша салынған?
Жауабы
(Жауабы:54000 теңге)

3-есеп.

Атай жинақ кассасына 95000 теңге ақша салып, бір жылдан соң одан 104500 теңге алды. Атай жинақ кассасына салған ақшасын неше пайыздық өсіммен алды?

Жауабы (Жауабы:10%)


Шанхай қаласы – ЭКСПО 2010

"Жақсы қала - жақсы өмір".

2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. Көрме тақырыбы “Жақсы қала-жақсы өмір”. Көрменің жалпы ауданы –

5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 миллион адам қатысқан екен. Ұйымдастырушыларға 12 млрд.доллар пайда әкелінді.Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.



IV кезең («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы). Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының элементтері арқылы бүгінгі сабақты өткізбекпін.Жалпы сіздер 3 топқа бөлініп, деңгейлік тапсырмаларды орындайсыздар.

(Деңгейлік тапсырмалар)


А деңгейі

Балықшы 15 қара балық аулады, ол барлық ұстағанының 30% құрады. Балықшы қанша балық ұстады?


hello_html_m39d4b6c1.gif

15 қ/балық. – 30%

балық ? – 100%

Жауабы: Балықшы 50 балық ұстады


В деңгейі

Санырауқұлақ салмағының 90 %-ы су,

ал құрғақ санырауқұлақ салмағының 12 %-ы су. 22 кг жаңа терілген саңырауқұлақтан қанша құрғақ санырауқұлақ алынады?


 

Массасы

% құрамы

Су (кг)

Құрғақ зат

Жаңа терілген санырауқұлақ

22 кг

90 %

0,9 * 22 = 19,8

2,2 кг

Құрғақ санырауқұлақ

х кг

%

0,12 х

0,88 х кг



Теңдеу құрастырамыз: 0,88 х = 2,2

х = 25 кг

Жауабы: 25 кг




С деңгейі

Қазіргі таңда әр жанұядағы ең өзекті мәселелердің бірі не деп ойлайсыздар? Несие төлеу. Ендеше, несие алу тиімділігін қарастырайық. Бір адамға үй алу үшін 3 000 000 теңге ақша керек болды. Оны алу үшін сіздердің көмектеріңіз қажет.
13%
300000 тг
21%
300000 тг
27%
300000 тг
Осы үш банкіден алынған ақшаны қанша өсіммен қайтарамыз, есептейік.
39000тг
69000тг
81000тг
Несиені қандай пайызбен алған тиімді?
Әрине, ең төмені 13%
Егерде осы 3 000 000 теңгені тек осы банкіден алғанда, қанша өсіммен қайтарылады?
390 000 тг өсіммен.
S – банкке салынған ақша
P – проценттік өсім саны
n – жыл немесе ай саны
Sn– күрделі проценттік өсіммен есептелген соңғы ақша






Монреаль қаласы ЭКСПО -1967 жыл

1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер. Франция Жак-Ив-Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді. 1967 жылғы АҚШ Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. “Адамдар планетасы” тақырыбындағы көрмеге 50 миллионнан астам адам келген. Салыстырып көрелік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 2 млн болатын.


Дүниежүзілік көрме


Көрме өткен жыл

Көрме өткен қала

Көрменің тақырыбы

1988 жыл

Лиссабон

«Мұхиттар – болашақтың мұрасы»

2000 жыл

Ганновер

«Адам.Табиғат.Технология»,

2005 жыл

Нагоя

«Табиғат даналығы»

2008 жыл

Сарагос

«Ауыз - су мәселесі»

2010 жыл

Шанхай

«Көрікті қала- үздік өмір»

2015 жыл

Милан

"Планетаны тамақтандыру, өмірге арналған энергия"

2017 жыл

Астана

«Болашақтың энергиясы»


V. Бейнефильм.

Үй жұмысын беру, сабақтың қорытындысы.


VI. Рефлексия


Қорытынды

ЭКСПО - ның пайдасы қандай?


  • Мемлекеттік инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді


  • Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта

бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек


  • Елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі. Көрмеге

үш айда 100 елден 5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде


  • ЭКСПО болашақта Қазақстанды халықаралық ақпараттық-

экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.


ашық сабақ "ЭКСПО көрмелеріне саяхат"
  • Математика
Описание:

ЭКСПО көрмелеріне саяхат

Жалпы мен сабағымды 2017 жылы Астана қаласында болатын ЭКСПО 2017 көрмесі ретінде өткізгім келіп отыр.

Сабақтың тақырыбы:    Пайыз және күнделікті пайыздың есептері

Жалпы пайыз тақырыбы  бәрімізге мәлім. Сол себептен мен осы тақырыпты алып отырмын. Пайыз  - заттың бағасының өсуін,жинақ кассасына салынған ақшаның өсімі,оқушылардың үлгерімдері және т.с.с шамаларды айтамыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Пайыз, яғни  пайыздық  есептерге амалдар  қолдануды  үйрету.

Дамытушылық:Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Пайыздық есептерді шығару  кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру

2.      II. Ой түйін  –  сұрақтарға  жауап беру.

3.      III. Ой толғау – білімдерін пысықтап бекіту.

4.      IV. Ой қозғау  – есептер шығару   (деңгейлік тапсырмалар)

5.      V. Бейнефильм. Үй жұмысын беру, сабақтың қорытындысы.

6.      VI. Рефлексия

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

 

Сабақтың эпиграфы:

«Бұл Қазақстан  үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз  экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың  ең үздік бренді болады»   

Н.Ә.Назарбаев.

 

Яғни, EXPO-2017  Астанада. Жалпы Бас қаламызда 2017 жылы ЭКСПО-ға байланысты көрме болмак. 

Автор Молдрахметова Сымбат Аманжоловна
Дата добавления 07.01.2015
Раздел Математика
Подраздел
Просмотров 1368
Номер материала 40886
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓