«Зейтін
Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тақырып:
Ашық
сабақ
8 «Б»
сынып
Өткізген: химия пәнінің мұғалімі
Абишева
А.А
2014-2015
оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Оттегі .Оксидтер. Жану»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химиялық
элементтер атомының, ядросының құрылысы,ядро заряды, мәні, электрондар саны,
протон- нейтрондық теория, изотоптар, салыстырмалы атомдық масса, физикалық
мәні жөнінде білім беру;
Дамытушылық: Химиялық
элементтер, оларды сипаттайтын шамалар жөніндегі білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: дүниетанымдық,
материалистік, адамгершілік көзқараста тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Оқыту әдісі: топтық
Пәнаралық байланыс:
Көрнекіліктер: периодтық кесте, интербелсенді
тақта, стикерлер, элементтер
Сабақтың жоспары:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
А. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
Б. Сыныпты 4 топқа бөлу. Әр оқушыға
сабақ кезеңдері бойынша бағалау парақтарын тарату
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау (элементтерінің
атомдық құрылысын жазу)
1-топ. Күкірт, хром, цирконий
2-топ. Магний, ваннадий, криптон
3-топ. Көміртек, темір, германий
4-топ. Натрий, марганец, стронций
- Жаңа сабақ
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мұқият оқы . V-таныспын,
!-білдім, ?-білгім келеді
Графиктік журналды
толтырыңдар
Есте сақтап
қалатын терминдер
|
Маңызды ақпарат
|
Сұрақтар
|
|
|
|
Мәтін.
ХІХ ғасырдың екінші жартсында химиялық
элементтердің 60-тан астамы белгілі болды. Элементтерді өздеріне тән ортақ
ұқсастықтарына байланысты-металдарға және бейметалдарға бөлуге болады. Нағыз
металдар мен нағыз бейметалдардың айырмашылығы физикалық және химиялық қасиеттерінен
байқалады.
Орыстың ұлы ғалымы Д.И.менделеев табиғи жіктеу
арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Периодтық жүйеде
элементтер периодтар және топтарды құрайды.
Д.И.Менделеев периодтық заңды ашып, химиялық
элементтердің периодтық жүйесін жасаған кезде, олардың физикалық мәні
түсіндірілмеді. ХХ ғасырда атом құрылысы айқындалып, оның құрылыс теориясы
ұсынылды. Ғалымдар атомның ядродан және оның айналысында қозғалып жүретін
электрондардан тұратынын анықтады.
1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд атом
құрылысының планеталық моделін ұсынды.
атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде, оның
ядросының құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретінін
анықтады. Ядродағы протондар саны элементтің реттік нөміріне тең.
Атом ядросының құрамымен таныстыңдар, енді сол
ядроның айналасында электрондар қалай орналасқан деген сұраққа туады. Атомның
электрондары энергиясына сай бөлініп энергетикалық деңгейлерде орналасады.
Атомдағы электрондық қабаттың саны сол элемент орналасққан период нөміріне сай
келеді. Ең сыртық қабатта орналасқан электрондар сол элементтің топ нөміріне
сәйкес келеді.
Калий
элементінің атом құрылысы және периодтық кестедегі орны бойынша сипаттамасы
- Химиялық
таңбасы, атауы
|
К,калий
|
- Химиялық
элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы
|
К ІҮ
периодта, І негізгі топшада, рет саны 19, салыстырмалы атомдық массасы 39
|
- Атом құрамы және
құрылысы
|
39
К +19 (19р,20n)19е
+19 К
)2)8)8)1
|
- Қасиеті,
валенттігі
|
Нағыз
металл, аленттігі І
|
- Оксид, гидроксид
қосылыстары
|
К2О,КОН
|
2-тапсырма. Атом
құрылысы және периодтық кесте бойынша сипаттама беру. Топпен жұмыс
1-топ. Алюминий
2-топ. Оттегі
3-топ. Мырыш
4-топ. Күкірт
Сергіту сәті.
«Химиялық элементтер елінде» Шығармашылық жұмыс
Әр топқа элементтер сипаттамасы бар мәтін
беріледі. Олар тез арада өздеріне тиесілі элементтің сипаттамасын жазып алып,
топпен көрініс көрсету керек.
15 элемент: сутегі, бор, көміртегі, азот,
оттегі, натрий, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, калий, темір, мыс, алтын,
күміс.
Сутегі: 1776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды.
Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум”
деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді. Сутекті отын ретінде
пайдалануға болады; Сутек жалынының температурасы 3000 0 С жетеді;
Сутек таусылмайтын табиғи қорға жатады;
Бор: Борды алғаш рет 1808
ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы
алған. Жер қыртысындағы үлес салмағы 3•10–4%. Б. табиғатта тек қосылыстар
құрамында (бор қышқылы H3BO3, бура Na2B4O10H2O)
кездеседі. Кристалды Бор — шала өткізгіш. Қалыпты жағдайда электр тогын нашар
өткізеді, бірақ 800оС-қа дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі
артады. Бор комплексті қосылыстар түзуге бейім, көпшілік қосылыстарында үш
валентті.
Көміртегі: Көміртек бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын
аллотропиялық күйлерінде кездеседі. Табиғи қосылыстары
карбонаттар (СаСО3 • MgCО3 - доломит, СаСО3
- мәрмәр, MgCО3 - магнезит). Байланысқан
күйде көмірде, мұнайда, табиғи газдарда
кездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы,
ССl4 - төрт хлорлы көміртек, CS3 — күкіртті көміртек улы
заттар.Аллотропиялық түр өзгерістері кристалдық торларының
әр түрлілігімен сипатталады.
Азот: Азотты ең алғаш ағылшын ғалымы Даниель
Резерфорд 1772 жылы ашқан.
Адам ағзасында 3 % ,ауада – 78 % , нәруыз
денеде 17%,қазба отындар құрамында, өсімдік текті тағамда, жануар текті тағамда
болады.
Оттегі: Оттек латын тілінен аударғанда-oxygenium
деген мағына береді.Оттек-химиялық белсенді және жерде ең көп таралған элемент. Біздің ғаламшарымыздағы атмосферада оттек бос күйінде 21% шамасында
болады.Жер қыртысында басқа химиялық элементтермен қосылыс түріндегі оттектің
массасы 49,13%-ға тең химиялық элементтер кіреді.
Натрий: теңіз суының
1л-де 10,6гр болады, клеткааралық кеңістікте болады. натрий хлориді (ас
тұзы) тамақты тұздауға, консервілеуге тоңазытқыш ретінде қолданылады.
|
Алюминий: Алюминий- күміс түсті ақ металл
,жылуды және электр тоғын жақсы өткізеді, соғуға икемді, меншікті салмағы 2.7
г/см, балқу температурасы 660 С, қайнау температурасы 2500 С, коррозияға
берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен
тұратын қабыршақ оны тотығудан қорғайды.
Кремний: Кремнийді алғаш
рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 – 1825 жылдары швед
химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен
тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп
жеке бөліп алған. Жер
қыртысындағы мөлшері 29,5%. Табиғатта оттектен кейінгі көп
тараған элемент.[1]
Фосфор: Фосфор табиғатта химиялық
белсенділігіне байланысты тек қосылыс күйінде кездеседі.
Фосфор мына заттардың құрамына енеді:фосфорит
және апатит минералы,кальций фосфатының құрамында Ca3 (PO4)2;
Қазақстанда фосфорға өте бай ірі кен орындары
бар.Олар:Ақтөбе,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл облыстары. өсімдіктердің генеративті
мүшелеріндегі нәруыздың құрамына кіреді; адам және жануарлардың ағзасындағы
жүйке жүйесі мен жұлында болады ; Ми жасушаларында болады.
Күкірт: иіссіз, суда ерімейтін сары түсті,
морт сынатын кристалл. Күкірт тірі организмге қажет нәруыздың құрамына кіреді.
Шаштағы керотинде, құстардың қауырсынында, жануарлардың жүнінде күкірт көп
болады. Бос күйіндегі күкірт адам өмірі үшін аса қауіпті емес.
Калий: Калийді 1807 ж. ағылшын
химигі Г.Деви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл,
жұмсақ, оңай балқитын металл. Негізгі минералдары сильвин, карналлит, кайнит. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада
және биологияда
қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары
тыңайтқыш ретінде сіріңке,
оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б.
үшін пайдаланылады
Темір: Аспан тасы. Адам денесінде 4-5 г
болады.Жануар денесінде, жер қыртысында 5,1%, кен-руда құрамында, минералды
суда кездеседі. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қаназдық ауруына әкеліп,
адам денсаулығын әлсіретеді.
Мыс: мыстың жер қыртысындағы
массасы бойынша мөлшері 0,01 % Ол саф күйінде және көбінесе, қосылыстар түрінде
кездеседі. Мыс кендерінің- табиғи минералдары құрамында мыстың мөлшері едәуір
болғандықтан, одан металды бөліп алу экономикалық жағынан тиімді. Кен орындары:
Жезқазған, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Кенді
Алтайда бар. Мыс Балқаш және Жезқазған тау- металлургия комбинатында
өндіріледі.
Алтын: Алтын – химиялық
элементтердің бірі. Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл болып
саналады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды.
Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен
бағаланады. Қазіргі таңда алтын қаржы жүйесінде маңызды элементтердің бірі
болып қала бермек. Өйткені металл коррозияға ұшырамайды, сонымен қоса оның
шығымы да аз.
Күміс: Күміс өте ерте
заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді. Мысалы, Мысыр фараоны – Менес заманында (біздің
заманымыздан бұрынғы 3600 жылы) күміс алтыннан 2,5 есе қымбат болған. Одан
күміс теңгелер, зергерлік бұйымдар жасалған. Күміс 16-ғасырдан 19-ғасырдың
аяғына дейін Еуропа елдерінің ақша айналымында (күміс монометалл не биметалл) болған. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді.
3-тапсырма.
«Сұрақ-жауап» Оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақ беріледі.
1-сұрақ. Химия пәні нені зерттейді
2-сұрақ. Атом дегеніміз не?
3-сұрақ. Молекула дегеніміз не?
4-сұрақ.Химиялық формула дегеніміз не?
5-сұрақ. Валенттілік дегеніміз не?
6-сұрақ. Зат мөлшерінің формуласы
7-сұрақ. Химиялық реакцияның типтерін ата
8-сұрақ. Қышқылдар дегеніміз не?
9-сұрақ. Оксидтер дегеніміз не?
10-сұрақ. Тұздар дегеніміз не?
11-сұрақ. Негіздер дегеніміз не?
12-сұрақ. Периодтық жүйені кім ашты?
4-тапсырма. «Ақ серек-көк серек» ойыны.
Өткен тақырыптарды қайталау барысында топ
арасында бір-біріне сұрақ қою.
1-топ
1. Химиялық
реакцияны теңде. Химиялық реакция
типтерін анықта
K2O + H2O ®
2KOH
Mg +2HCl ® MgCl2 + H2
2Ag2O ®2Ag + O2
FeCl2
+ 2NaOH® Fe(OH)2
+ 2NaCl
ZnS + 2HCl
® ZnCl2 + H2S
Fe2O3 +
3H2 ®
2Fe + 3H2O
|
2-топ
1. Химиялық реакцияны теңде. Химиялық
реакция типтерін анықта
4Сr + 3O2 ®
2Cr2O3
H2O2
® H2 + O2
3CuO +2Al ®
3Cu + Al2O3
2HCl + ZnO ® ZnCl2
+ H2O
Fe2O3
+ 6HCl ® 2FeCl3 + 3H2O
MnO2
+ 2H2 ®
Mn + 2H2O
|
3-топ
1. Химиялық реакцияны теңде. Химиялық
реакция типтерін анықта
2NH3 ® N2
+ 3H2
WO3
+ 3H2 ®
W + 3H2O
4Al + 3O2 ®2Al2O3
MgO +2HBr ® MgBr2
+ H2O
3NaOH
+ H3PO4 ® Na3PO4
+ 3H2O
3MnO2
+ 4Al ® 2Al2O3 + 3Mn
|
4-топ
1. Химиялық реакцияны теңде. Химиялық
реакция типтерін анықта
MgCl2
+ 2AgNO3 ®Mg(NO3)2
+ 2AgCl
Na2O
+ H2O® 2NaOH
2HgO ®2Hg
+ O2
NO + O2 ® NO2
2Fe2O3
+ 3C ® 4Fe + 3CO2
2KOH
+ H2SO4 ® K2SO4
+ H2O
|
Қорытынды: 3 түрлі стикер беріледі. 1-ші
сабақта не қызықты болды. 2-ші қандай ақпараттар алдыңыз. 3-ші нені
түсінбедіңіз. 3-ші стикер қорапқа салынып келесі сабақтың басында талқыланады.
Бағалау: әр оқушының бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады және көп ұпай
жинаған топ марапатталады.
Үйге тапсырма
беру: Д.И.Менделеевтің өмірі және қызметі жайлы оқып, мағлұмат іздестіру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.