Инфоурок Другое Рабочие программыАшық сабақ. «Адам үшін еңбегім» Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Ашық сабақ. «Адам үшін еңбегім» Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

Скачать материал

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына шолу.

Білімділік: Оқушылардың  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  туралы  білімдерін арттыру; Ақын өлеңдерінің идеясын ашу;рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу; өлеңдерінің нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау;

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қылыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін  қалыптастырып, жаман  мінезден  аулақ  болу,адами сезімді қастерлеу,сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету;

 

Сабақтың түрі:   жарыс  сабақ

 

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап,пікірлесу,талқылау,зерттеу, СТО технологиясы(Венн диаграммасы,топтастыру) СКТ(өлең құрылысына қарай талдау), топтық, жұптық, жеке  жұмыс  жасау

 

Көрнекіліктер:Абай,Шәкәрім портреттері, «Дана  сөздің  дарасы» кітап  көрмесі, ақын портреті , жапсырма қағаздар, слайдтар,  компьютер жабдықтары,кері  байланыс парағы   т.б

 

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру(амандасу,отырғызу, оқушыларды  түгендеу, журнал толтыру)

 

Үй тапсырмасын  сұрау:  Абай  шығармашылығы  туралы  оқушылардан сұралады.(Үй тапсырмасына орай сұрақтар «Тіке тест» арқылы жүреді)

 

1.     Ауыз  әдебиетінен  мол сусынды Абай кімдерден алды?

2.     Абай  Құнанбайұлының  шын есімі кім?

3.     Абай  қай  жылы  дүниеге  келді?

4.     Құнанбай  қандай  адам  болған?

5.     Әкесі  Құнанбай туралы Абайдың айтқан өлеңі

6.     Бөтен  сөзбен  былғанса сөз арасы. Ол ақынның білімсіз бейшарасы. Қай өлеңнен үзінді?

7.     «Ызалы жүрек,долы қол,улы сия,ащы тіл» деген жолдары қандай көркемдегіш тәсілмен берілген?

8.     Әбдірахман кім? Оған арнаған өлеңі қалай аталады?

9.     Абайдың неше қарасөзі бар?

10. 17-қарасөзінде «Ақыл,қайрат,жүрек» кімге келіп жүгінеді?

Ұлжан,Зере

 

Ибраһим

 

1845

Шешен,ақылға бай, қажы, болыс

«Арғы  атасы  қажы  еді»

«Өлең-сөздің пашасы,сөз сарасы»

 

 

Эпитет

 

Ұлы «Әбдірахман өлгенде»

 

45

Ғылымға

 

Ақыл-ой,ақындықтың киесі –Абай,

Түгел  сөздің түбі  бір жүйесі –Абай.

Патшаға енді ұсынбас төрді Абай,

Патша мүлде тағымен төңкерілген,

Өлеңнің құдыретті киесі-Абай!,-деп үй тапсырмасы қорытындыланады.

 

Жаңа сабақ: Ұлы Абай әйгілі «Ескендір» поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген жолмен бастағаны белгілі.Осынау өлең жолын бүгін «Біз осы Шәкірімді білеміз бе?» деп сәл-пәл өзгерте қолдансақ. Шынымен де бір сәт ойланалықшы, «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?»...

Шәкәрім  ХІХ ғасырдың  екінші  жартысы, ХХғасырдың  алғашқы  ширегінде  өмір  сүріп  шығармашылықпен шұғылданады. Оның өнеге көрген ортасы- Құнанбай ауылының зиялы тобы,ұлы Абайдың талант сүйгіш төңірегі.

 

                                            Құнанбай

 

 

 

1.Күңкеден-Құдайберді                              2.Ұлжаннан-Абай

Құдайбердінің кенже ұлы-Шәкәрім.Яғни,Абайдың  немере інісі,өйткені әкесі  Құдайберді-Абайдың ағасы. Абайдан 13 жас кіші. Абайдың балалары Ақылбай мен Мағауиядан үлкен.Шәкәрімнің балалық шағы,ұшқан ұясы Абайдың отбасы болды.Ол ауыл мектебін оқып,білім алады. Шәкәрімнің әкесі қайтыс болғанмен,жетімдік көрмей,емін-еркін өседі.Шәкәрім-пысық , ұғымтал, алғыр  болған.Оған Абай ерекше көңіл қойып,өз жанына жақын ұстайды.Сауатын ашып,жазу өнерін игеру,кітап оқу мүмкіншілігі жетілген кезден бастап,кемеңгер Абай оны терең білім алуға бағыттап отырады. «Шәкәрім-өз өмірін өзі жазып кеткен адам»,-деп көрсетеді жазушы өміріне жетік  ғалым  Қайым  Мұхаметханов.

*Шәкәрім төрт тілге жетік болған:орыс,араб,түрік,парсы;

*Шәкәрім өз тұсындағы құсбегі,мерген болғандардың алдыңғы қатарындағы адам болды.13 жасынан бастап аңшылықпен айналысады.15жасында қаршыға ұстап,құс баптайды;

*Шәкәрім болыс болып,ел де басқарған;

*Шәкәрім геометрия заңдарын үйренген,тік үшбұрыштың есебін білген.

*Шәкәрім Абайдың себепші болуымен Долгополов,Михаэлистердің әңгімелерін көп тыңдаған.Л.Толстойды өзіне ұстаз тұтқан,онымен хат алысып тұрған.

*Шәкәрім   кітапханасындай кітапқа бай адам сол тұста кемде-кем еді.

*1918жылы Алаш азаматтары облыстық соттың бастығы етіп,сырттай Шәкәрімді сайлаған.

*Шәкәрім неміс ғалымы,професссор дәрігер Маркс Кушинскиймен жақсы таныс болған.Ол Шәкәрімді «сахараның ойшыл ғалымы» санаған.

*Шәкәрім  оқыған  қазақ  жастарымен қоян қолтық араласып тұрған. Солардың бірі-М.Әуезов болатын.

*Шәкәрім  Меккеге  барып  қажы  атанған.

*Шәкәрім өз заманында  қазақ арасындағы,қала берді Түркістан өлкесіндегі білімдар,ғұлама,ойшыл азаматтардың бірі атанған.Мекке сапары Шәкәрім үшін діни сапар ғана емес,ілім іздеу жолы да болды.Аса бай Стамбул қаласында болады.Египеттегі  Александрия  кітапханасында қызмет еткен  ғалымдардан сұрап,керекті кітаптарды жаздырып алады.

*Шәкәрім тарихпенде айналысқан. «Меккенің де,Мединенің да тарихтарын ақтардым»,-дейді өзі.Бұл саладағы басты еңбегі-«Шежіре»деп аталады.

*Шәкәрім  түйеқарын  өсімдігін  қайнатып,қойылтып,оған ашудас қосып,қолдан сия жасай білген,өзі сол сиямен жазған.

*Шәкәрім әкесі қайтыс болғаннан кейін,Абайдың қолында тәрбиеленеді. Осы кезде Абай 21жаста болған,ал Шәкәрім 7-8 жасында -ақ өлең  жаза  бастайды.Ендеше,Абай  Шәкәрімнің ақындық жолдағы ұстазы да,әкесі де екен.

 

 

«Қазақ айнасы»  

(Семей,1912ж)     «Үш анық»     «Бәйшешек бақшасы»          «Түркі,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі»(Орынбор,1911)

                                                                               (проза)          

Тома  ағайдың  балалары»

 

Овал:       Шығармашылығы
                                                                               

«Еңлік-Кебек

поэмасы( 1891)ж                                                                                                        «Түрік хандардың шежіресі»

                                                                                                                           

 

 


«Боран»повесі Пушкиннен                                        

аударған,1908ж

 

                                «Адамдық борышың»    «Жастарға»                      «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

                                         өлеңі                         өлеңі

 

 

 

Р/с

Оқиға   желісі

Оқиға   өрісі

1

Оқиғаның   басталуы(экспозиция)

Туыстық  байланыс

2

Оқиғаның  байланысуы

1.Мамырдың  бойжетуі

2.Қалқаман мен Мамырдың кездесуі

3.Қос ғашықтың бірге қашуы

3

Оқиғаның   дамуы

Мәмбетей мен Көкенайдың баба сөзіне келіспеуі

4

Оқиғаның  шиеленісуі

Мамырдың  өлімі

5

Оқиғаның   шарықтау  шегі

1.Қалқаманға шығарылған үкім

2.Қалқаманның елден кетуі

 

6

Оқиғаның  шешімі

Елдің күйзелісі.Қалқаман ұрпағы

 

«Қалқаман  -  Мамыр»  поэмасы

«Түсініктеме парағы»

 

Еркек-шора:еркек балаша киінген қыз.

Бастаңғы:әке-шешесі үйде жоқта қыз-бозбала мал сойып,құрбыларын жинау.

Оғат:оғаш,қателік

Халал: адал

Асық:ғашық

Шаһит болу:дін жолында қаза болу, «ақ өлім»

 

Сұрақтар  жүрек арқылы  сыңарын тап?

1.Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы(1722жылы)

2.Әрі би,әрі молда,әрі ғұлама кім?(Әнет баба)

3.Қалқаманның әкесі кім?(Олжай)

4.Ауыл үлкендерін жинап той жасаған хан? (Сәмеке)

5.Мамыр Қалқаманға қашан,қай жерге келуді сұрады? (Бүрсігүні, қалың қамыс)

6.Мамыр қызбалаша киінгеніне неге өкінді?(Әкесі құда түсірмекші болды)

7.Екі жастың қосылуына не бөгет болды?(Туыс,аталас болуы)

8.Қалмақтың бастаушысы кім?(Саван Раптан)

9.Елі Қалқаманды не себепті іздемеді?(қазақ-қалмақ соғысы)

10.Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр?(Ұлы жүз)

 

 

 

Оқушылар  3 топқа  бөлінеді.(«Абай ауылы», «Шәкәрім ауылы», «Ізгілік  ілім ауылы») Сұрақ беріледі. Сол сұрақтың жауабы бойынша пікір алмасады.

 

Екі жас бірін-бір і қатты  ұнатады. Бірақ ,олардың  қосылуына  ата-аналары  қарсы. Сіздің ойыңыз?

 

Бесжолды  өлең  стратегиясы.

 

Зат есім:        Абай                                                                 Шәкәрім

Сын есім:     ұлы, дана                                                          ойшыл, сазгер

Етістік   :  жазады , аударады,тәрбиелейді                         басқарады,үйренеді,баулиды

Сөз тіркесі:  Қазақ  әдебиетінің  ұлы  жазушысы.              Өмірін  жазып  кеткен  адам

Синоним:    жазушы                                                              ақын    

           

Овал: Қазақ халқының данышпаны, ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, ағартушы-ұстаз, әділ би, заңгер, қоғам қайраткеріОвал: Лирик, эпик ақын сазгер, әнші прозашы, аудармашы, тарихшы философ,ғалым-зерттеуші, мәдениет қайраткері, терең ойшыл, қажы    Абай                                                                  Шәкәрім

 

 

                                                       ұқсастығы

 

Блок-схема: альтернативный процесс: Ақын,сазгер,
ойшыл,
мысалшы, аудармашы, түсінбейтін  қоғамда өмір сүрді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сергіту сәті:

 

Шәкәрім  Абайдың сазгерлік  дәстүрін  ары қарай  жалғастырушы. Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған.Оның сазға толы «Жастық», «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» .б әндері бар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей,ендігі кезекте әсем әнге берейік.

Шәкәрімнің «Бұл  ән  бұрынғы  әннен  өзгерек»  әні,

«Желсіз түнде жарық ай» әні

 

Шәкәрім-лирик: 1.Адамгершілік тақырыбы,2.Ғылым-білім тақырыбы,3Әлеуметтік тақырып, 4.Еңбек тақырыбы. 5.Махаббат тақырыбы

 

Шәкәрім  аудармашы:1.Пушкиннен «Дуровский», «Боран», Толстойдан «Асарходан патша», «Үш сауал», 3.Физулиден «Ләйлі-Мәжнүн»

Шәкірім-эпик: 1. «Еңлік-Кебек»,2. «Қалқаман-Мамыр»,3. «Нартайлақ пенАйсұлу» (Шығыс сюжеті.Бастан-аяқ ақын қиялының жемісі.Бақытсыз ғашықтар тағдыры)

 

Шәкәрім-сазгер:1. «Шын сырым», 2. «Жастық»,3. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»т.б

 

Шәкәрім-тарихшы,ойшыл.1. «Түрік,қырғыз,қазақ һәм хандар шежіресі(қазақ халқының шығу тегі,оның негізін құраған рулар.Автордың  алға  тартқаны-қазақ қанша ықылымнан бері атамекен  жерінде  өсіп,өркендеп  келе жатқан,бағзы замандардың өзінде іргелі ел болған жұрт дейтін өзекті түйін)

 

Жаңа сабақты бекіту: «Қалқаман-Мамыр» поэмасының  негізгі  идясы  қандай?

                                            Автордың ойы?Егер  сен  автордың орнында  болсаң,         

                                             поэманы қалай аяқтар едің?

 

Бағалау:Сабаққа жақсы қатысып,сұрақтарға толық жауап берген оқушыларды бағалаймын

 

Үйге тапсырма: «Махаббатсыз-дүние бос....» шығарма жазып келу

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. «Адам үшін еңбегім» Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына шолу. Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін арттыру; Ақын өлеңдерінің идеясын ашу;рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу; өлеңдерінің нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау; Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қылыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзыреттіліктерін дамыту; Тәрбиелік: Шәкәрім өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу,сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету; Сабақтың түрі: жарыс сабақ Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап,пікірлесу,талқылау,зерттеу, СТО технологиясы(Венн диаграммасы,топтастыру) СКТ(өлең құрылысына қарай талдау), топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау Көрнекіліктер:Абай,Шәкәрім портреттері, «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, ақын портреті , жапсырма қағаздар, слайдтар, компьютер жабдықтары,кері байланыс парағы т.б Сабақтың барысы:Ұйымдастыру(амандасу,отырғызу, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру) Үй тапсырмасын сұрау: Абай шығармашылығы туралы оқушылардан сұралады.(Үй тапсырмасына орай сұрақтар «Тіке тест» арқылы жүреді)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 990 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2020 702
    • DOCX 24 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аллаярова Гульсина Ульфатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аллаярова Гульсина Ульфатовна
    Аллаярова Гульсина Ульфатовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92637
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе