Главная / Другое / Ашық сабақ. Тақырыбы: "Мен еңбекқор баламын" (3 сынып)

Ашық сабақ. Тақырыбы: "Мен еңбекқор баламын" (3 сынып)

3 «б» сыныбы

Сабақ тақырыбы: Мен еңбекқор баламын

Сабақ мақсаты:

Білімділік: «Мен еңбекқор баламын» тақырыбы бойынша сөздерді меңгеріп, ауызекі сөйлеу тілінде қолдана алуға жетелеу.

Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгеріп, дұрыс айту мен сауатты жазуын қадағалау.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сөз, сұрақ-жауап, тәжірибе, логикалық әдіс, әңгімелеу әдісі

Сабақ формасы: Жұппен, топпен, жеке

Сабақ көрнекілігі: Белсенді тақта


І. Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

- Отырыңдар!

- Бүгін нешесі?

- Қазір қандай сабақ?

- Нешінші сабақ?

- Кім жоқ?

- Ауа-райы қандай?

- Аптаның қай күні?


ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Қандай тақырып өттік?

  • Қандай жаңа сөздерді меңгердік?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

а) Оқушылар топпен ортаға шығып, үйге берілген тапсырма, өз әпкелері туралы айтады.

ә) бағалау

ІV. Жаңа тақырыпқа шығу. (Өлең арқылы)

Дайын дәптер, қаламым,

Мен мектепке барамын,

Қуанышым менің мол,

Мектебіме тарттым жол

V. Жаңа сабақ

-Ал, балалар бүгінгі күнді жазыңдар.

1. Жаңа сөздерді меңгеру

Еңбекқор – трудолюбивый

Еріншек – линивый

Көмектесемін – помогаю

Ұқыпты – прилежный

а) оқушылар танысады

ә) берілген сөздермен сөз тіркестерін құрау

2. Мәтінмен жұмыс.

Әділ ауылда тұрады. Ол үшінші сыныпта оқиды. Әділ жақсы оқиды. Ол атасына акөмектеседі.

3. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Әділ қайда тұрады?

- Ол нешінші сыныпта оқиды?

- Ол қалай оқиды?

- Әділ кімге көмектеседі?

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Сен кімге көмектесесің?

4. Топпен жұмыс.

І топ – Мәтін бойынша диалог құрап оқиды.

ІІ топ - Мәтінді І жақта жазады.

ІІІ топ. Мәтін мазмұнын айтады.

5. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Жел алдымнан еседі,

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

6. Тапсырмалар орындау.

1-жаттығу. Сурет бойынша сәйкестір.

Еріншек Еңбекқорhello_html_m152f3008.pnghello_html_m477c8dc5.png




2-жаттығу. Сөйлемді теріп жаз.

  1. Мұрат атым менің.

  2. Еңбекқор баламын мен.

  3. Көмектеседі атасына Әділ.

  4. Сыныпта үшінші оқиды ол.



3-жаттығу. Сөздерді өрбіт.

  1. Еңбекқор

  2. _________ бала.

  3. _________бала __________ .

  4. _________ ___________ бала __________.

VІ. Үй жұмысы.

  • Ал балалар, күнделіктерінді ашындар, үй жұмысын жазындар.

  • «Дайын дәптер, қаламым» өлеңнің жаттау

VІІ. Баға қою.

-Қане, балалар, ең белсенді оқушы кім екен?

-Кім сабақта өзін белсенді танытты екен? (алдын-ала әр орындаған тапсырмаға берілген түсті дөңгелектерді санап, анықтау. Бағалау)

VІІ. Рефлексия.

а) Сұрақтар қою.

1) Бүгін қандай тақырыптар өттік?

2) Қандай жаңа сөздер білдік?

3) Еңбекқор бала – ол қандай бала?

4) Сыныпта еңбекқор бала бар ма?


Ашық сабақ. Тақырыбы: "Мен еңбекқор баламын" (3 сынып)
  • Другое
Описание:
3 «б» сыныбы Сабақ тақырыбы: Мен еңбекқор баламын Сабақ мақсаты: Білімділік: «Мен еңбекқор баламын» тақырыбы бойынша сөздерді меңгеріп, ауызекі сөйлеу тілінде қолдана алуға жетелеу. Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгеріп, дұрыс айту мен сауатты жазуын қадағалау. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Сөз, сұрақ-жауап, тәжірибе, логикалық әдіс, әңгімелеу әдісі Сабақ формасы: Жұппен, топпен, жеке Сабақ көрнекілігі: Белсенді тақта
Автор Сахаринова Ляззат Шаймерденовна
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 618
Номер материала MA-062193
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓