Инфоурок Музыка КонспектыАшық сабақ. 3 сынып

Ашық сабақ. 3 сынып

Скачать материал

 

Тлепова Айзада Ерхауовна

музыка  пәнінің

ІІ- санат мұғалімі

М-С Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі

 

Сабақтың тақырыбы: Эстрада өнері 

Сәлемдесу.
 Оқушылар:Сәлем сізге,сәлем сізге,мұғалім.
     Мұғалім:Амансың ба,оқушыларым,
                    Қал-жағыдайың жақсы ма?
                    Ән сабағы басталады
                    Бар ма оқу,құралың?
Оқушылар:Ән сабағы басталады
                  Ән айтуға біз дайын!
Мұғалім:Жарайсыңдар оқушыларым
                Ал бастайық сабақты
Оқушылар.До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до
  До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до.

 

Сабақтың мақсаты: қазіргі уақытта халық арасында кең тараған музыкалық эстрада өнері туралы түсініктерін кеңейту.

 

Дамытушылығы: Музыкалық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның сезімін оятып, ән айту қабілеттерін шыңдау. 

Тәрбиелілігі: Музыкалық шығармаларды түсініп тыңдап, орындай білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, танымдық сұрақтар. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 

Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі.

                                      

Сынып оқушыларын, назарларын сабаққа аудару. 

Сабақ барысы. 
Үй жұмысы. 
1.Кино музыка өнері деген не?
 
2. Қандай мультфильм кейпікерлерін білесіңдер?
 
3. Музыкада неше дыбыс бар?
 
4. Нота сызығы деген не?
 
5.Кілт не үшін керек және не деп аталады?
 
6. Ноталар қалай орналасады?
 

                « Айгөлек»  әнін тыңдаймыз
Ой шақыру. 
- Қандай ән тыңдадық? 
-
Қандай екпінде орындалады? 

-Бұл ән кім орындайды?
- Осындай музыкада айтылатын әндер музыканың қандай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
(әр оқушы өз пікірлерін білдіріп өтетін тақырыпты ашады. 
Жаңа сабақ.
 
- Иә балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз- эстрада өнері.
 

  Эстрада (француз сөзі «estrade») -қазақша мағынасы «тақтайша үстел». Ол әр алуан сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері 20 ғасырда пайда болды. Қазіргі уақытта халықтың арасында өте тез дамып, әлемге кеңінен тараған. Осы кезде көптеген жаңа әндер дүниеге келді. Эстрадалық жанр музыкалық көркемделуі жағынан күрделі болғанымен, орындалуы жеңіл. Вокалдық әндер мен кәсіби классикалық әндерді арнайы музыкалық білімі бар адамдар ғана айта алады. Ал эстрадалық әнді кез келген арнайы музыкалық білімі жоқ адамдар да орындап шыға алады. Эстрадалық әнді орындау үшін баланың музыкаға деген қызығушылығы мен музыканы қабылдау және орындау қабілеті болса болғаны.

   Эстрада жанрына қазір мүмкіншілік мол, техника дамыған осы заманда кімге еліктеп, қалай қарап, қайтіп айтам десе де өз еріктері. Бірақ, бір ескеретін жағдай – қанша эстрада болса да өз ұлтының дәстүрі, тілі, ұлттық менталитеті, ұлттық нақышы аңқып тұруға тиіс. Халық әндерін орындау эстрада әндерін айтудың өзіндік ерекшелігімен, тамашалығымен ерекшеленеді. Бірақ, дауыс шығару, техникалық орындау тәсілдері классикалық бағытта тәрбиеленген орындау тәсілдерінен айырмашылығы мол. Қай бағытта болса да ән орындаудағы негізгі мақсат – дауыс құлаққа жағымды, қысылып-қымтырылмай дауысты дұрыс тәрбиелеп, еркін меңгеру болып табылады.

  Оқулықпен жұмыс. 

Қазақстанда эстрада өнері. «Алатау», , «Дос-Мұқасан», «Гүлдер» эстрадалық ансамбльдері құрылды. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Ескендір Хасанғалиев, Алтынбек Қоразбаев т.б. композитор әншілер эстрада өнеріне көп еңбектерін сіңірді және дамуына үлес қосты. 

- Қане балалар мына сұраққа жауап беріңдерші 
-
Қазақстанда қазіргі жас танымал қандай эстардалық топтарды білесіңдер? 
- Қандай әншілерді сүйіп тыңдайсыңдар? 

Музыка сауаттылығы:  «си» нотасына анықтама.  Си нотасы Үшінші сызықтың бойында жазылады. 

Нота дәптерімен жұмыс: нота дәптерлеріне «си» нотасын салып үйрену. 

 

Тапсырмалар орындау: 

 

Ойла,жинақта,түйінде!
  Жұмбақ жасыру.

Орындалсын асқақ ән
Қандай нота бастаған?
\до\

Жаттығулар жасауға көмектескен 
Қандай нота құлақтың үнін тескен?\ля\

Ми мен сольдың жолдасы
Қандай нота болғасын?\фа\

Домбыраның ішегінің бірімін
Ноталардың ортасында жүремін
Менімен әркез скрипка кілті де
Менсіз ол кілт басталмайды білемін?\соль\

Ре мен бірге күн кешкен
Фа сіңілім бірге өскен
Асқан бірге белестен 
Мен қандай нотамын?\ми\

Бес сызықтың астында 
Орналасқан жайы бар
До-ның ылғи қасында
Қатарланған жолы бар?\ре\ 

Сергіту сәті.  Иілеміз оңға біз
2.
«Біліміңді байқап көр».\топпен және жекелеген оқушылармен жұмыс жасау\электронды оқулықпен жұмыс.

Жекелеген оқушыларға топшамаларға тапсырма жазылып ұсынылады.

 

Тапсырма. .Әр нотаның қасына жалғап сөз құрастыру.
До-
Ре-
Ми-
Фа-
Сол-ь
Ля-


Ән үйрену.                               Ақ мамам               ә.Дүйсенбиев

                                                                                           ә. Ә.Бейсеуов

Бұл әнді бұрын естідіңдерме?  

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман-сау жүр ақ мамам

 

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен

 

Көрсетемін күллі елді

Жарық етем түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді

 

Өзің маған мият-күн

Сен деп таңым жиі атты

Ақ маманың айқайы

Айналайын сияқты

 

Қуат беріп құшағың

Қанат бітіп ұшамын

Естіртемін алып кеп

Ел білмейтін құс әнін

 

    Ән төрт шумақты , бір қайырмадан тұрады. Әнді бер рет оқушылармен айтып шығамыз. 
- Ән не туралы, кімге арналған? 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма: 
1. Өз сөздеріңмен «Анаға» деген ықыласыңды қалай жеткізер едің? (сұрақтарға жауап алу) 
Түйіндеу. «Жоғалған нотаны тап!» дидактикалық ойыны. 
1. до, ре, фа, соль, ля си (ми) 
2. ре, ми, фа, соль, ля си (до) 
3. ми, фа, соль, ля, си, до (ре) 
4. до, ре, ми, соль, ля, си (фа) 
5. до, ре, ми, фа, ля, си (соль) 
6. до, ре, ми, фа, соль, си (ля) 
7. си, соль, фа, ми, ре, до (ля) 
Бағалау. Үй тапсырмасы. «Ана» тақырыбына 1 шумақ өлең құрастырып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Эстрада өнері Сәлемдесу. Оқушылар:Сәлем сізге,сәлем сізге,мұғалім. Мұғалім:Амансың ба,оқушыларым, Қал-жағыдайың жақсы ма? Ән сабағы басталады Бар ма оқу,құралың? Оқушылар:Ән сабағы басталады Ән айтуға біз дайын! Мұғалім:Жарайсыңдар оқушыларым Ал бастайық сабақты Оқушылар.До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 918 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2020 280
    • DOCX 93 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кочетов Олег Викторович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кочетов Олег Викторович
    Кочетов Олег Викторович
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67797
    • Всего материалов: 217

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания электромузыкальных инструментов и компьютерной музыки в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Народные щипковые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Реализация ФОП: содержание, внеурочная деятельность и оценка качества образования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы продаж и управление продуктом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека