Главная / Начальные классы / Ашық сабақ "Киіз үй"

Ашық сабақ "Киіз үй"

Мемлекеттік тілде оқытылатын Заречный орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы:Киіз үй



Тәрбиеші:Мыкъянова Ж.К







2014-2015ж

16.03.2015ж

Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлігі: Жапсыру

Тақырыбы: «Киіз үй»

Мақсаты: Қазақтың киіз үйімен таныстыру. Қазақ халқының дәстүріндегі киіз үйдің жасау- жабдығын көрсету.Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Билингвалдық компонент: Киіз үй - юрта

Сөздік жұмыс: шаңырақ, кереге, уық, киіз, есік, туырлық, үзік, бау-басқұр.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Күнге қарап шуақтанып

Суға қарап нәр алып

Табиғаттан шаттанып

Қонақтардан ізет алып.

Ойнап-күліп жүрейік

Тәрбиешінің балаларға жылы лебізі.

Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.

Ұйымдық

іздестіру


















Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі

Бар?

Кім маған атайды жыл мезгілдерін?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар көктемде қандай құбылыстар

Болады?

Көктемде қандай мейрам болады?

Наурыз мерекесінде қандай іс-шаралар жасалады.


Балалар олай болса киіз үйдің суретін

Тамашалайық.

Киіз үйдің суретін көрсетіп, таныстыру.

Неліктен «Киіз үй» деп аталатынын түсіндіру. Киіз үйдің бөліктерімен таныстыру.

Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Туырлық – киіз үй керегесінің іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауып тұратын киіз.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені қарайық

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Балалар бізге қазір Айсұлу қонаққа келеді.

Айсұлу: Сәлеметсіздер ме, балалар?

Айсұлу: « Айгөлек» тобы осы ма?

Айсұлу:Балалар көктем болса келіп қалды,Наурыз мейрамы жақындап қалды. Маған киіз үй керек еді,киіз үй

құрап беруге көмек сұрай келдім.

Балалар Айсұлуға көмектесеміз бе?

Ендеше Айсұлу сен отыра ғой.

Балалар орындарына отырып киіз үйді құрастырып, ақ парақ бетіне жабыстырады. Балалар біздің қолдарымыз шаршаған шығар қолға

арналған жаттығу жасайық.

Жазып, жазып өзіміз

Талып қалды қолымыз.

Мынау менің-Атам

Мынау менің-Әжем

Мынау менің-Әкем

Мынау менің-Анам

Ал мынау-мен.

Айсұлу: балалар көмектеріне көп рахмет.Сау болыныздар.

Төрт жыл мезгілі бар.


Күз, Қыс, Көктем, Жаз.

Көктем.

Күн жылиды, Қар ериді.


Наурыз.

Киіз үй құрылады,наурыз

көже жасалады.



Балалар киіз үйдің суретіне мән беріп, тыңдайды.



Слайдтарды тамашалайды.








Сергіту сәтін жасайды.





Сәлеметсіз бе.

иә




Иә көмектесеміз.






Жаттығу жасайды.







Балалар Айсұлу мен қоштасады.

Рефлекстік

түзету

Балалардың киіз үйін салыстыра

отырып, балаларды мақтап мадақтау.

Балалардан сұрақ жауап алу арқылы

Сабақты қортындылайды.

Осы мен сабағымыз аяқталды. Қонақтарға назарларынызға рахмет сау болыңыздар.

Балалар өздерінің жапсырған суреттерін достарымен бағалайды.





Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Қазақтың салт-дәстүрлерін және киіз үй туралы.

Біледі: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.

Қолданады: Слайдтар, көрнекіліктер.



06.03.2015ж

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ

«Айгөлек» тобы







Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

«Күлімдеп көктем келді»






Тәрбиешілер: Мыкъянова Ж К

Айтжанова Р А

















2014-2015 оқу жылы





«Күлімдеп көктем келді» атты ертеңгілік


Мақсаты:Балалардың Анаға деген сүйіспеншілігін, махаббатын арттыра отырып,ананың ерекше екенін түсіндіру. Қыздарды сыпайылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Құрметті аналар, ақ жаулықты әжелер, сұлу да сымбатты ұстаздар!

Бүгін көктеммен бірге келген 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

«Күлімдеп көктем келді» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздердей отырып,

Ертеңгілігімізді бастаймыз.

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Ортаға «Айгөлек» тобын шақырамыз.

(Күй ырғағымен балалар бір ұл,бір қыз қол ұстасып шығады)

Тәрбиеші:Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Осы кезде көңілді әуенмен Көктем келеді

Көктем сөзі:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, аналар!

Қарды ерітейін,

Жерді көгертейін,

Жүректерге жақсы сезім,

Ақ тілектерін қондырайын деп келдім.

Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә

Көктем: Мен кіммін?

Балалар: Көктем

Көктем: Сендер қандай мерекеге кедіңдер?

Балалар: Аналар мерекесіне.

Тәрбиеші: Жыл мезгілі көктем, қош келдіңіз!Сіз балаларға не алып келдіңіз?

Көктем: Мен балаларға өте қызықты ойын алып келдім «Гүл жинау»

ойыны.

Балалар: ойынды ойнайды

Балалар сендерге ойын ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Тәрбиеші:Тәрбиеші: Көктем енді балалардың өнерін тамашалаймыз.

Балалардың орындауында «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар



Тәрбиеші:

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген қуанышы көңілдің,

Ана деген әрбір үйдің жылуы,

Ана деген гүлі туған өмірдің,

деп сөз кезегін тақпақтарға береміз.

Гаухар

Ана менің сүйіктім Айда Анам менің-өмірдегі тірегім,

Тек өзіне табынам Анам менің-кеудемдегі жүрегім.

Қасымда жүрсең биікпін, Егер менің қасымда сен болмасан

Алыстасаң сағынам. Бұл өмірде қалай ғана жүремін.


Анаң болса қасында Ақнұр «Құттықтаймын мама» әні

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.


Мен анамды сүйемін, Жаннұр Мені жақсы көреді Әміржан

Құшағына енемін. Күндей күліп келеді

Мәпелеген анамды, Көп ертегі біледі

Қуантсам деп келемін. Маған айтып береді.

Мадияр


Аналарды сүйеміз, Дана Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

Ақылын ойға түйеміз. «Құлыным» деп құшағына алады

Әжені де ардақтап, Өзгеге де, өзіне де жауапты

Әдеппен бас иеміз! Барлығына қалай уақыт табады!


Айналайын анашым Ақерке Амирсултан

Аялайсың, бағасың Сыйлаймын мен әнімді,

Сен үшін балалармен Сізге арнап жаттаған.

Ән шырқайық бәріміз Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын, ақ анам.

Бізді өсірген апатай Аделия

Еңбегінде зор екен Алишер

Құтты болсын апатай Ойнаймыз күлеміз

Құтты болсын мерекең. Жарқылдап жүреміз

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз.


Әлпештеген аялаған Жарқынай

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамынмен құттықтаймын

«Шөжелерім» биі

Достықты біз ойлаймыз Сабит Бүгін наурыздың сегізі Азиза

Бірге күліп ойнаймыз Сұлулықтың негізі

Қыздарды да құттықтап Әдемі сөз адамның

Мерекесін тойлаймыз Анаға айтар лебізім


Тіс ауырса, іш ауырса Сайд

Мамам менің дәрігер Тәрбиеші:

Барлық ана, барлық бала Таусылмайды өлеңі

Оны жақсы көреді. Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Анашым анам Айым Кәмпит алып келетін әжелерге

Ыстықсын маған көп рахмет

Тәрбие бердің

Аяулы анашым

Әжемдей данадан Рауан

Анашым анам Сағыныш Ертекке қанамын

Ризамын саған Шақырса даладан

Тілінді алам Жүгіріп барамын

Ақылды болам

Ана біздің гүліміз Мағжан

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз


Ойын: «Сән үлгісін көрсету»



Тәрбиеші: Жігіттер қыздар дайындаған сыйлықтарың қайда?

( «Сұлу қыз» әнінің әуенімен залға қыздар болып киінген 2 ұл кіреді.

Иықтарында иін ағаш, ал шелектерінің ішінде сыйлықтар)

Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.

Қабыл алыңыздар қыздар!


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

( балалар аналарына сыйлық береді)

Сөз: Тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы Айнұр Төлепбергенқызына

беріледі. Ата аналардан сөз

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар біздің балаларымыздың дайындаған

«Күлімдеп көктем келді» атты ертеңгілігіміз аяқталды!

Назарларыңызға көп рахмет!















Ашық сабақ "Киіз үй"
  • Начальные классы
Описание:

Білім саласы: «Шығармашылық»

Бөлігі: Жапсыру

Тақырыбы: «Киіз үй»

Мақсаты: Қазақтың киіз үйімен таныстыру. Қазақ халқының дәстүріндегі киіз үйдің жасау- жабдығын көрсету.Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Билингвалдық компонент: Киіз үй - юрта

Сөздік жұмыс: шаңырақ, кереге, уық, киіз, есік, туырлық, үзік, бау-басқұр.Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 08.12.2014 жыл

Пән аты: Математика

Сынып: 1 «А» сынып

Сабақ тақырыбы: 8саны мен цифры

Сабақтың түйінді мақсаттары және талабына қол жеткізу тәртібі:

-санын қосу мен азайтуға үйренеді, компоненттерін,санды 0-ге қосуға және азайтуға болатынын біледі.

Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:

Топқа бөлінеді,Есептер шығарады, талдайды.

Сабақтың нәтижелері:

Қосу мен айтуға есептер шығарады, ауызша түсіндіреді.

Өзіне оқыту үшін бағалауға кіретін бағалау. Оүб,жиынтық бағалау.

Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:

Мен тапсырма мақсатына қол жеткізу үшін көмектесемін.

Ресурстар мен жабдықтар: Постер,маркер,түсті қағаз,желім,тақта

Ақпаева Ә.Б.,Лебедева Л.А, «Математика » Алматыкітап 2014жыл.

Автор Мыкъянова Жанар Камитовна
Дата добавления 27.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 1544
Номер материала 59735
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓