Главная / Начальные классы / Қарттарым- асыл қазынам

Қарттарым- асыл қазынам

Тақырыбы: Қариясы бардың - қазынасы бар.

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Негізгі бөлім

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, сөзі нәр.



Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен 1 қазан – Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қариясы бардың қазынасы бар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!

Көкіректен жыр төгілмей жата ма?

Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,

Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кездеелі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп – өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдынғы буын ата – әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата – әжелеріміз бар. Солардың бірі ........................, ................. , ................... , т.б. әжеміз бүгін бізде қонақта.

Қадірлі ата –әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймы. Сіздер жас ұрпаққа төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Жұмбақ шешу:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің ,

Білер оны сұраған,

Ол кім? (Ата)



Аймалайды « Күнім» деп,

Мейірімді жүзі күлім деп.

«Тәтті - ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім? (Әже)

Ән: Анашым

Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.

Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өскенше» деген сөз бар.

Бала, немере туралы ақын М. Әлімбаев былай дейді.



Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында,

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен,

Нағыз бала ойласаң.

«Немере» екен тәтті екен.



Оқушылардың ата – әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

Ахат: Менің әжем , ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем,

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.



Бекзат: Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутандаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап.



Айна: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген әжетайым.

Салем жазып бүгін саған,

Мейрамынмен құттықтаймын.



Сағындық: Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Алдың орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.



Албина: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістермен мен сексендер жүр қалқайып.



Наргиза: Көп жасаған қария.

Ақылы теңіз дария

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты

Әрбір сөзі салмақты,

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күні бармақты.



Валс биі

Мен атамның жалғасымын.

а) Оқушыларға жеті атасын айтқызу

ә) Оқушылардың ата – әже туралы эсселеріне кезек берелік



Қорытындылау.

Мұғалім:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Бабаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Балаларым рахмет сендерге!», -деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдыңда қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!







Қарттарым- асыл қазынам
  • Начальные классы
Описание:

3 класқа арналған тәрбие сағаты жоспары. жас ұстаздарға көмек ретінде ұсынылады. Отбасындағы ата мен әжені қадірлеу, құрметту тақырыбы қозғалады. Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеуді мақсат тұттық.

Автор Зубирова Асемгуль Жасталаповна
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 161
Номер материала MA-066890
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓