Тәрбие
сағаты
Күні:
Өткізілетін сынып:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттарымыз бен
ұстаздарымызға – мың алғыс!
Мақсаты:
Жасы үлкенді сыйлауға, халқымыздың дәстүрін
қадірлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Тәрбие
сағатының барысы:
Нәзкен:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты, -
деп өлең жолдарында айтылғаннан,
қариялардың сөзі ұлы сөз, даналықпен айтылған
ұлағатты сөз екенін байқаймыз.
Құрметті жиналған қауым! Зымыраған сағат
тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп
кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, бүгін, қарттар мен ұстаздар мерекесі
аталып өтілуде. Неткен шіркін уақыт десеңші, қарияларымыздың бір кезде елі,
халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері мен ұстаздардың ұлағатты еңбек
жолы қазіргі кезде қоғамымызда ерекше орын алуда.
Кешімізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраның орындаудан
бастаймыз.
Аяжан:
Абай атамыз:
«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы
көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата - анаға
қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу
ісіне арнайы күш - жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін
үйретіп, тәрбиелейді.
Ғылым иесі ғалым да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған
диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де
– бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге
бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!
Бүгін біз қарттар
күні мен ұстаздар күндеріне орай, қатардан тыс қалмай, мектебімізде шағын
мерекелі кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған ардагер
ұстаздарымыздың, ата-әже болып жүрген адамдарымыздың мейрамы құтты болсын!
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Қазкеева
Алтынжан Тіржанқызына береміз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
Нәзкен: Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе
атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол отбасының құты болып
табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы
құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты, - деп, кезекті келесі көрініске
береміз.
Көрініс.
Аяжан:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй! – деп, Кәмиля мен
Құндыз Қанатайларға кезек беріледі.
Нәзкен:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.! - қазақ биі, ортада Кәмиля мен Меруерт,
қарсы алыңыздар!
Аяжан:
«Перзент сыры» әні. Ортада 6-сынып оқушылары Жансая мен Құндыз. Қарсы
алаңыздар!
Аяжан:
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар сөз данасын» - деп Абай
атамыз айтқандай, ендігі нөмірдің кезегін оқушыларымыздың қарттар күніне
дайындап келген өлең-тақпақтарына береміз.
Нәзкен: «Жалынды
жастар» жайдарманшылар командасына кезек береміз.
Аяжан:
Әнге толы қазағымның тірлігі,
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.
Ән жүректе бүршік жарып гүлдейді,
Сезіміңді сергітетін ән жыры! – деп,
келесі нөмірімізде 5-сынып оқушылары Диас пен Дарханның әнін қабыл алыңыздар!
Нәзкен:
Бишілерім баладан,
Сүйріктей туған анадан
Қамқорлық керек сіздерден,
Сәті түсер саладан.
Бала өнері халықтың,
Бар кәдеге жараған, - ендігі ретті өнерлі қыздарымызға береміз. Қарсы
алыңыздар, би.
Аяжан: Мектеп оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні, қабыл
алыңыздар!
Нәзкен:
Аса құрметті ұстаздар, ардагер мұғалімдер, ардақты
қариялар, Сіздер сый-құрметке лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір
жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа ұлағатты үлгі болып табылады. Осындай халықтың
ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты азаматтарымызға зор денсаулық,
отбасыларына амандық тілей келе, бүгінгі шағын мерекелік кешімізді тәмамдаймыз.
Сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.