Главная / Другое / Ғарыш туралы алғашқы түсінік

Ғарыш туралы алғашқы түсінік

Сабақтыың тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер.

Мақсаты:  Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару .  Бір-бірімізге қарап

 хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,                

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,            

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:

Қараңғыда жымыңдайды жанады,

Жарық түссе, бірден сөніп қалады.

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері  планеталар айналып жүреді.(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Планеталар—өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ІV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы әңгімелесу.

 -Жұлдыз деген не? Планетаның жұлдыздан қандай айырмасы бар?

-Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?

Галактика неден тұрады? Ғарыш деп нені айтады? Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

Қазір ғарыш қалай зерттелуде?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 68-69-беттерді оқу. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

ІХ.Бағалау



Ғарыш туралы алғашқы түсінік
  • Другое
Описание:

Сабақтыың тақырыбы: Ғарыш туралы алғашқы түсінік Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер.

Мақсаты: Ғарыш туралы, жердің ғарыш денесі екені жайлы түсінік беру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін тіл байлығын дамыту.Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап

хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

Автор Ниязова Райса Суйеугалиевна
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 314
Номер материала MA-066126
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓