Главная / Математика / «Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы , мода». 6 сынып

«Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы , мода». 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы , мода»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы туралы білімін қалыптастыру

2. Дамытушылық мақсаты: Сандардың арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы туралы ережелерді есептер шығаруда қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге

тәрбиелеу, сынып ішінде бір – біріне деген

сенім, жылы қарым – қатынас орнату


Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: оқулықпен жұмыс, «Лотореялық ұтыс» ойыны, тест, сәйкестендіру тесті

Пәнаралық байланыс: ден шынықтыру, қазақ тілі

Көрнекілік:үлестірме материалдар, АКТ, ресурстар

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

  2. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин

  3. Сабаққа мақсат қою 3 мин

  4. Жаңа сабқаты меңгеру 7 мин

  5. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру 3 мин

  6. Бекіту 15 мин

  7. Қорыту 4 мин

  8. Үйге тапсырма беру:; 2 мин

Бағалау 3 мин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыларды түгелдеу және сыныптың

тазалығына мән беру

ә) Балалардың сабақта жұмыс істеу дайындығын

тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі:

Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

4.Жаңа материалды меңгеру кезеңі:

Үш топқа үш тақырыпты бөліп беріледі.

1 – топ: Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

      1. топ: Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасы.

      2. топ: Шаманың модасы – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

1 – мысал: 5 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен оқу жылдамдығын тексергенде, төмендегідей нәтиже көрсетті:

Оқушылардың аттары

Оқыған сөздері

Бұлбұл

165

Ердос

147

Айым

156

Бекбол

166

Айжан

151

5 – сынып оқушыларының оқу жылдамдығының арифметикалық ортасын табыңдар.

2– мысал: 5 – сынып қыздарының дене шынықтыру пәні кезінде бойларын өлшеп жазды: 110см, 114см, 96 см, 99 см, 115 см, 111 см, 110 см, 106 см. Оқушылардың бойларының өзгеріс ауқымын табыңдар.

3 – мысал: Айнұрдың тоқсан ішіндегі математика пәнінен алған бағалары:

«4», «5», «5», «3», «4», «5», «3», «4», «5». Айнұрдың осы алған бағаларының модасы қай баға?

5.Жаңа материалдарды түсінгенін тексеру

1210. Көп нүктенің орнына тиісті статистикалық сипаттаманың атын жазыңдар:

  1. 15+21+17+18+19=90; 3) 41; 43; 40; 39;

90:5=18; сандардың ... ... – 4;

сандардың ... ... - 18

  1. 3,5; 4,8; 4,7; 4,8; 4) 2,5; 3; 2,5; 1,8; 1,8:

сандардың ... ... – 4,8; сандардың ... ... – 2,5 және 1,8.

6.Бекіту


Оқулықпен жұмыс

C:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Scan\Scan_20040214_134713_001.jpg

«Лотеялық ұтыс» ойыны

Әр оқушыға жеке лоторея таратылады, лоторея билетіндегі сұраққа жауап берсе, ұтыс алады.

Тест

  1. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:

1,3; 0,6; 2,4; 0,5:

А. 1,1 В. 1,2 С. 1,3

2. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар:

3,5; 0,8; 4,9; 0,6; 5,7

А. 6,5 В. 5 С. 5,1

3. Сандардың модасын табыңдар:

1,3; 1,2; 1,5; 1,3; 1,5; 1,4

А. 1,3 және 1,5 В. 1,3 С. 1,5

7.Қорыту

Әр топ өткен тақырыпқа өмірмен байланыстырып, бір мысалын келтіреді.

8.Үйге тапсырма:

А. №1213 есепті шығару

В. №1221 есепті шығару

С. 6 есеп құрастыру

Бағалау

Жинаған фишкалары бойынша бағаларын қою.







А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Математика пәнінің мұғалімі А.Ж.Ботаева






































«Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы , мода». 6 сынып
  • Математика
Описание:
Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы , мода» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы туралы білімін қалыптастыру 2. Дамытушылық мақсаты: Сандардың арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы туралы ережелерді есептер шығаруда қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. 3. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, сынып ішінде бір – біріне деген сенім, жылы қарым – қатынас орнату Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: оқулықпен жұмыс, «Лотореялық ұтыс» ойыны, тест, сәйкестендіру тесті Пәнаралық байланыс: ден шынықтыру, қазақ тілі Көрнекілік:үлестірме материалдар, АКТ, ресурстар Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин 2. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин 3. Сабаққа мақсат қою 3 мин 4. Жаңа сабқаты меңгеру 7 мин 5. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру 3 мин 6. Бекіту 15 мин 7. Қорыту 4 мин 8. Үйге тапсырма беру:; 2 мин Бағалау 3 мин Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушыларды түгелдеу және сыныптың тазалығына мән беру ә) Балалардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру. 2.Үй тапсырмасын тексеру. 3.Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі: Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Автор Примбетова Орынкул
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров 1156
Номер материала 58212
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓