Главная / Информатика / Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)

Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)

hello_html_750110f6.gifПән Информатика сынып 5 Күні 15.12.15 ж.

сабақ №: 14

Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.

Мақсат: Қарапайым графикалық редактор бағдарламасымен таныстыру. Суретті ашуға, сақтай білуге үйрету.

Білімділік – оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы, видео.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.

ІІ. Өткенді қайталау

7 мин

ДК-де My test бағдарламасында тест жұмысын орындайды.


Тест

  1. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?

А) Буманын, терезесінде Д әрпі бар пернені басу

Ә) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу

Б) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу

В) Іздеуге кіріп, Shift жөне Д пернелерін басу

  1. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:

А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз

Ә) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз

Б) Tab пернесін басамыз

В) Бос орын пернесін басамыз

  1. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бүйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

Ә) Қайтадан сақтау

Б) Сақтау

В) Құру

  1. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

Ә) Қайтадан сақтау

Б) Сақтау

В) Құру

  1. Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

Ә) Ашу

Б) Сақтау

В) Құру

  1. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

Ә) Ашу

Б) Сақтау

В) Құру

  1. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?

А) Ctrl+S

Ә) Ctrl+O

Б) Alt+F4

В) Alt+Tab

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

8 мин

Тақтада ребусты шешу арқылы, бүгінгі сабақта не туралы өтетінімізді табады.

hello_html_53d8099d.png

Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.

Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері - ЗD-графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.

? Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа - Paint графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.

?Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болады?

Бейнелерді сендер сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыңдар.

Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ, Paint ортасында графиканы өңдеу қағидаларын үйреніп алсаңдар, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.

Сурет салу, сақтау және ашу

?Компъютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдеуге арналған? Қайсысы басып шығару үшін?

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:

  • Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);

  • Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

  • Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді (72-сурет).

Бұл - бейненің әр нүктесін өзгерте алатынымызды білдіреді!

Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растрлық бейненің ең кішкентай элемент!

Мөлшерін өзгеткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.

Ол үшін ( 73-сурет):

  • Paint батырмасын шертіңдер;

D:\2015-2016 оқу жылы\сабақ жоспарлары 2015-2016 оқу жылы\5 сынып\информатика 5 сынып окулык\Изображение 042.jpg

  • Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.

Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезінде оны жиі сақтап отыру керек.

hello_html_1adc2f8f.pnghello_html_63a296a.png

73-сурет. Бейненің қасиеттерін баптау

hello_html_m173c6076.png

  1. Өз суреттеріңді мұгалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегің_Сынып (мысалы, Cypemmep_ Сәрсенбаев бА) бумасын. құрыңдар.

  2. Смайликтің суретін салыңдар.

  3. Paint Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар ( 74-сурет ).

  4. Өз суреттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі пішімді таңдауларың керек.

  5. Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

  6. Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді (Қосымша - Кесте батырмасы) орындаңдар.

  7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

hello_html_ea46be5.png

Сонымен суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеріңдер. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.

Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйры- ғын таңдаңдар.

Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу (Добавить на панель быстрого доступа) бұйрығын таңдаңдар.

hello_html_31dc6331.png

  1. Жылдам қол жеткізу тақтасына Ашу, Басып шығару бұйрықтарының батырмаларын қосыңдар.

  2. Тақтаны жолақтың астына орналастырыңдар.

  3. Тақтаның мәзірін пайдаланып, өзгертулерден бас тартыңдар

hello_html_4107f39c.png

Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады ( 75-сурет). Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.

hello_html_m28e8b4e0.png

75-сурет. Палитра

Алдыңғы саптағы түс (Цвет 1) Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін (Цвет 2) фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып-қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.

Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады.

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.

Компьютер миллиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін (оттенок), қарама-қарсылығын (контраст), ашықтығын (яркость) және санын (әрңайсысының мәні 0-ден 255-ке дейін өзгеруі мүмкін) көрсетіп анықтауға болады (76-сурет ).

hello_html_m7cc2ab41.png

Түйін

  • Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар

графикалық редакторлар қолданылады.

  • Растрлық бейнелерді Paint Стандарттық программасында өңцеуге болады.

  • Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі - пиксель.

  • Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.

IІІ. Практикалық жұмыс

15 мин

Оқулықпен жұмыс, 123-124 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.







Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

  1. Жаңа сурет салыңдар (Paint – Құру батырмасы).

  2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10X15 см етіңдер.

  3. Белсенді түстерді таңдаңдар.

  4. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Маштаб hello_html_252f4a5b.pngсайманың қолданыңдар.

  5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

  6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншықтар.bmp деген атпен сақтаңдар.

hello_html_m693331f7.png

В деңгейі.

  1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

  2. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.

hello_html_m693331f7.png






С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.hello_html_m5ad88823.png

  2. Суретке мәтін қосыңдар.


ІV. Сергіту сәті

2 мин

Тақтада көрсетілген видеодағы қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt

  • Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

  • Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

  • Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.

  • Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

  • Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

V. Бекіту

5 мин

1-жаттығу

hello_html_62880ef6.png

2-жаттығу.

hello_html_m12186b6.png

3-жаттығу.

hello_html_4e18f1d4.png

Жауабы:

hello_html_m7ca86cd6.png

Жауабы:

hello_html_3d05661f.png

Жауабы:

hello_html_7fc856d4.png

VI. Рефлексия

2 мин

«Кері байланыс» Оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін жазады.

hello_html_645e39cb.png

VIІ. Бағалау

2 мин

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.

VIІI.Үй жұмысы

2 мин

V тарау, §14 оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.




Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау тақырыбы бойынша сабақ жоспары (5 сынып)
  • Информатика
Описание:

Пән Информатика сынып 5 Күні 15.12.15 ж.

сабақ №: 14

Тақырып: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу, сақтау.

Мақсат: Қарапайым графикалық редактор бағдарламасымен таныстыру. Суретті ашуға, сақтай білуге үйрету.

Білімділік – оқушыларды Paint графикалық редакторымен, редактордың терезе элементтерімен таныстыру. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу тәртібін үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Тәрбиелік – жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы, видео.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады.

ІІ. Өткенді қайталау

7 мин

ДК-де My test бағдарламасында тест жұмысын орындайды.

Тест

  • 1. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?

А) Буманын, терезесінде Д әрпі бар пернені басу

Ә) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу

Б) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу

В) Іздеуге кіріп, Shift жөне Д пернелерін басу

  • 2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:

А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз

Ә) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз

Б) Tab пернесін басамыз

В) Бос орын пернесін басамыз

  • 3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бүйрықты таңдау керек?

А) Қалай сақтау

Ә) Қайтадан сақтау

Б) Сақтау

В) Құру

А) Қалай сақтау

Ә) Қайтадан сақтау

Б) Сақтау

В) Құру

  • 5. Ctrl+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

Ә) Ашу

Б) Сақтау

В) Құру

  • 6. Ctrl+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

А) Қалай сақтау

Ә) Ашу

Б) Сақтау

В) Құру

  • 7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?

А) Ctrl+S

Ә) Ctrl+O

Б) Alt+F4

В) Alt+Tab

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

8 мин

Тақтада ребусты шешу арқылы, бүгінгі сабақта не туралы өтетінімізді табады.

Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды. Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.

Компьютерлік графикада 2 бағыт бар: бейнелерді құру және бар бейнелерді өңдеу.

Графикалық редакторлардың түрі көп. Олардың бірі сурет салу үшін, екіншілері - ЗD-графика құру үшін қолданылса, үшіншілері күрделі инженерлік сызбалар жасауға мүмкіндік береді.

? Қандай графикалық редакторларды білесіңдер?

Графикалық редакторды таңдау жұмыс істеу мақсаты мен компьютердің мүмкіндігіне байланысты. Мәселен, сабаққа хабарлама толтыру үшін Стандарттық программа - Paint графикалық редакторын пайдалансаңдар жеткілікті. Бұл программа сурет салуға және дайын суреттерді өзгертуге мүмкіндік береді.

?Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болады?

Бейнелерді сендер сканерден, фотоаппараттан, web-камерадан, бейнебаяндар коллекциясынан немесе файлдан ала аласыңдар.

Paint графикалық редакторында жұмыс істей отырып, өздеріңнің мәтіндеріңнің көркемдеулерін, Жұмыс үстелі үшін фондық бейнелер құруды, қарапайым фотомонтаж жасауды, бейнелерді өзгертуді және тағы да көп нәрселерді үйренесіңдер.

Өз мүмкіндіктері бойынша Paint заманауи талаптарға жауап бере алмайды. Бірақ, Paint ортасында графиканы өңдеу қағидаларын үйреніп алсаңдар, одан күрделірек программаларды игеру жеңілдейді.

Сурет салу, сақтау және ашу

?Компъютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдеуге арналған? Қайсысы басып шығару үшін?

Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:

• Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);

• Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.

Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған гра­фикалық редактор.

Барлық растрлық бейнелер нүктелерден - пиксельдерден тұрады. Ол суреттін мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді (72-сурет).

Бұл - бейненің әр нүктесін өзгерте алатынымызды білдіреді!

Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растрлық бейненің ең кішкентай элемент!

Мөлшерін өзгеткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық.

Ол үшін ( 73-сурет):

• Paint батырмасын шертіңдер;

• Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.

Суретті жоғалтып алмау үшін жұмыс жасау кезінде оны жиі сақтап отыру керек.

73-сурет. Бейненің қасиеттерін баптау

1. Өз суреттеріңді мұгалім көрсеткен жерде сақтау үшін Суреттер_Тегің_Сынып (мысалы, Cypemmep_ Сәрсенбаев бА) бумасын. құрыңдар.

2. Смайликтің суретін салыңдар.

3. Paint Қалай сақтау бұйрығын орындап, пішімдер тізімін біліп алыңдар ( 74-сурет ).

4. Өз суреттеріңді Бірінші сурет деген атаумен бірнеше рет сақтаңдар. Әрине әртүрлі пішімді таңдауларың керек.

5. Графикалық редактордың терезесін жиырыңдар.

6. Өз бумаларыңның терезесінде кесте түрінде көрсетуді (Қосымша - Кесте батырмасы) орындаңдар.

7. Алған файлдарыңның қасиеттерін қарап шығыңдар. Файлдардың мөлшеріне көңіл бөліңдер.

Сонымен суреттің сапасы жоғары болған сайын, ол сақталатын файлдың мөлшері де үлкен болады. Жұмыс істегенде осыны ескеріңдер. Мысалы, егер файлды поштамен жөнелту керек болса, оның пішімін өзгертіп, «жеңілірек» ету керек.

Программада суретті ашудың бірнеше мүмкіндігі бар. Paint батырмасын шертіңдер. Егер суретпен жақында жұмыс істеген болсаңдар, онда оны Соңғы бейнелер (Последние изображения) тізімінен қарауға болады немесе Ашу бұйры- ғын таңдаңдар.

Жиі орындайтын бұйрықтарыңды Жылдам қол жеткізу тақтасына шығарып қоюларыңа болады. Ол үшін бұйрықтың атын тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Жылдам қол жеткізу тақтасына қосу (Добавить на панель быстрого до­ступа) бұйрығын таңдаңдар.

1. Жылдам қол жеткізу тақтасына Ашу, Басып шығару бұйрықтарының батырмаларын қосыңдар.

2. Тақтаны жолақтың астына орналастырыңдар.

3. Тақтаның мәзірін пайдаланып, өзгертулерден бас тартыңдар

Түсті таңдау үшін Түстер тобындағы Палитра қолданылады ( 75-сурет). Оның сол жақ бөлігінде пәрмендер көрсетіледі.

75-сурет. Палитра

Алдыңғы саптағы түс (Цвет 1) Қылқаламның түсін, сызықтың, фигуралар контурының түсін анықтайды. Фонның түсін (Цвет 2) фигуралардың ішін толтыру үшін және өшіргіш үшін қолданады. Түсті таңдау үшін алдымен қажетті алып-қосқышты таңдап, одан кейін тышқанмен палитрадағы керек түсті шертеді.

Суретті тышқанның сол жақ батырмасын да оң жақ батырмасын да жібермей ұстап тұрып салуға болады.

Палитрада 20 түс анықталып, бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға бо­лады.

Компьютер миллиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сарының реңкін (оттенок), қарама-қарсылығын (контраст), ашықтығын (яркость) және санын (әрңайсысының мәні 0-ден 255-ке дейін өзгеруі мүмкін) көрсетіп анықтауға болады (76-сурет ).

Түйін

  • Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы программалар

графикалық редакторлар қолданылады.

Растрлық бейнелерді Paint Стандарттық программасында өңцеуге болады.

Растрлық бейнелердің ең кішкентай элементі - пиксель.

Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.

IІІ. Практикалық жұмыс

15 мин

Оқулықпен жұмыс, 123-124 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1. Жаңа сурет салыңдар (Paint – Құру батырмасы).

2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10X15 см етіңдер.

3. Белсенді түстерді таңдаңдар.

4. Қылқаламды, Қарындаш сайманын, Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар. Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Маштаб сайманың қолданыңдар.

5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл – алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл – қажетті түсті – фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.

6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншықтар.bmp деген атпен сақтаңдар.

В деңгейі.

1. А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2. Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар.

С деңгейі

1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2. Суретке мәтін қосыңдар.

ІV. Сергіту сәті

2 мин

Тақтада көрсетілген видеодағы қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt

Ø Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.

Ø Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.

Ø Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.

Ø Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

Ø Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму.

V. Бекіту

5 мин

1-жаттығу

2-жаттығу.

3-жаттығу.

Жауабы:

Жауабы:

Жауабы:

VI. Рефлексия

2 мин

«Кері байланыс» Оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін жазады.

VIІ. Бағалау

2 мин

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.

VIІI.Үй жұмысы

2 мин

V тарау, §14 оқу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Автор Нургалиева Гульмира Талгатовна
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 490
Номер материала MA-063820
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы