Главная / Начальные классы / Ар намысым ,мақтанышым - Желтоқсан

Ар намысым ,мақтанышым - Желтоқсан

9


Бекітемін:........................................Құспанова Д. Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Тәрбие шараның мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік жоғары парасат, достық , ынтымақ –бірлік бейбіт өмір,жарасымды тіршілік иесі екендігін және оның барлығын сыйлаған елбасы екендігін,оның сіңірген еңбегін ұғындыру.
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу Көрнекілігі: рәміздер,елбасы портреті,нақыл сөздер, шарлар.мултимедиялық тақталар. Жүру барысы: І \Ұйымастыру бөлімі: Оқушылар 2 топқа бөлініп қолдарында жалауша ұстап тұрады.(Әнұран жүргізіледі.)

1-Жүргізуші : Армысыздар!қонақтар!Ұстаздар,оқушылар!Тәуелсіздік не деген тәтті сөз ең, Қазаққа да туды ма сәтті кезең?Қасиетке қасірет орын беріп,Әділеттің таңы да атты !–дей келе Қазақстанның тәуелсіздік күнімен және 1желтоқсан елбасы күнімен құттықтаймыз ! 2-ЖҮРГІЗУШІ: Кезі келіп кенелген,тәуелсіз боп теңелген. Қазағым менің неткен ел?малды кәсіп еткен ел. Егінді де еккен ел,Қай істеде құлшынып,маңдай теріне төккен ел!

1-оқушы:Шаттық нұры шашылып зеңбіректен, Шуағын күн төгеді енді көктен. Шылбыр үзді даланың арғымағы, Тәуелсіздік жалауын желбіреткен. Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке, Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те, Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты, Қазақсатан бет алды мәңгілікке!

2-оқушы:Міне,2 жарым ғасыр бойы күресіп,қан төгіп 200-ден астам рет бас көтеріп,көтеріліс жасап,бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «тәуелсіздік» сөзінің мәні ерекше.Асқақ,әрі құдіретті. Тәуелсіздік –ата бабам аңсаған,Жете алмай құрбан болды қанша адам. Махамбеттер,кешегі қайраттар,Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

3-оқушы:Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, Ол әркімге еркін өмір сыйлады. Мектебіміз алға шығып елімде, Жақсы атақ пен нұр шапағын жинады. Тәуелсіздік -11 әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара,даналардың көз жасы Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

4-оқушы:Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей,келешек жан-тәнімен ұғып біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал талдайын ,жеткенінше қызыл тіл.(әр оқушының қолында 2 беті де жазылған 1 парақтан болады.1-ші бетінде әріп жазылады, 11 оқушы өз сөздерін айтқанда әріп жазылған парақты көрсетеді)

Ән: «Елім менің»Б.ТІЛЕУХАНОВТІКІ: Орындайтын: 1-жүргізуші:«Тәуелсіздік» деген құрметті ұғым.Осы қасиетті ұғымды мемлекеттік рәміздер тілімен сөйлетер болсақ,ол сөз елдің өмір салтын,арманыны,ерекшелігін білдіреді. Әр мемлекеттің мемлекеттік рәміздері болады. Рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. 2-жүргізуші: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас талқан боп өлгені.
Тәуелсіздік ата - баба арманы,
Қандай елмін бүгін міне көр мені.

1-жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны! Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. 2-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. 5-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 2-жүргізуші: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 6-оқушы: Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 1-жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 2-жүргізуші: Осыдан 26 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс. - Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! 7-оқушы: Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді. Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 2-жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым». 8 –оқушы(Қайрат ) Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің , Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

1-жүргізуші: Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері ілулі тұрады ,соған оқушылар 5-6 оқушы гүл шоқтарын қояды)

2-жүргізуші: 1 минут үнсіздік

1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруақ ағалардың ырза болсын. 9-оқушы: Тұрса да биік өр басын, Қазаққа бақыт орнасын. Сексен алтыншы жылғыдай, Желтоқсан желі болмасын! Күн кешіп лапылдаған жастарым, Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін қорғау үшін көтерді олар бастарын.

1-жүргізуші: «Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. 2-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан

Қайраттың үйі. Көрініс. Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге милиционер жігіт кіреді. Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне! Жеңгесі: Қайрат, бері кел. Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің. Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз. Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. (Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.) (Қайрат) сөзі:сот залында:: «Ақтық сөзің не? деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма, Жоқ пиғыл менде жасымақ. Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы, Бөтен қолда кетпесін. Салт – санадан айырылып, Арақтан ұрпақ азбасын. Қызғаныштан тозбасын, Қолдаушысыз болмасын. Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан, Бірлік пен бақ таймасын. Осы айтылған ақтық сөз, Туың болсын әрдайым. Мойным алып жаланы, Мен болайын құрбаны! 17 жыл мен жатырмын, Ақ жазыңтың түбінде. Мені өлтірген таксист жігіт, Тірімісің бүгінде? Тірі жүрсің өткен күнді, Еске алғанның несі бар? «Желтоқсанда» құрбан болған, Ляззат қызды есіңе ал! Халқым, саған ризамын! Батыл бас аяқты, жас достар, Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар, Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр, Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр. Бұл жерден мәңгілік аттанған, Халқымның есінде сақталған!

Түрмедегі көрініс:»Қайраттан жауап алу кезінде»

1-жүргізуші: Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.

Көрініс. Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма сорыма. Біріншіден, мен сағындым анамды, Екіншіден, бұл құдайға не қылдым? Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым. Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де… Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басм бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты – құрбандық», Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.)

. Өлең: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші : Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамым!
Өркені өссін қазақтың,
Осы - менің арманым
Күн тұрғанда тұратын
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана
Осы - менің мұратым!
О, Ақ орда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы - менің мақсатым!
Халқым - менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы - менің тілегім!

15-оқушы:Барша халық таныған,Біздің үміт тілекті Шырқалғанда әнұран Шаттық кернер жүректі. Жеңіс туын көтерген Жарыстарда сан қилы Жетіп бізге шет елден,Көкке әнұран шалқиды. Шәмші атаның сазды үні,Жігер беріп қайратты Бәрімізді міз қылып , Жаңғыртады аймақты. 16-оқушы:Бейнелеп сан ғасырды, Елтаңбасы елімнің . Тартады хас үлгі киесіндей жерімнің Бабам тұлпар жаратты, Құлынында танып ақтұлпар барда қанатты Шайқалмайды шаңырақ Тәуелсіздік көркі олда, Өркениет өрінде , Нұр төгеді елтаңба Ақ орданың төрінде. 17-оқушы:Желбірейді шалықтап,Қазақстан жалауы Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады. Көк аспанда нұрлы күн Күлімдейді далама Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға. Ұлттық өрнек мұрамыз Адастырмас мұраттай Нық көтеріп тұрамыз Жалауды біз құлатпай.

1-жүргізуші: Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
Отан- елдің ......................(анасы)
Ел- ..............................(ердің анасы)
Туған жердей жер болмас,.........................( Туған елдей ел болмас).
Отанды сүю-.......................................(отбасынан басталады)
Отан оттан да ....................(ыстық)
Пәлен жерде алтын бар ..........................( Өз жеріңдей қайда бар)
Отансыз адам-..........................( ормансыз бұлбұл)
Отан үшін күрес...........................( Ерге тиген үлес)
Ел іші- ....................................(алтын бесік)
Ән; «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ»

18-оқушы:Бәрі болған қазақ сынды көне елде, Ел белгі де ерлік,өрлік өнер де Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді,ту болмады дегенге? Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын ,өзі әнші халықта, Кім айта алар,Болмаған деп,-әнұран?! Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ ,шығады екен қарты аңға. Қалай оның елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен-таңба?!

Ән:»Ақ көгершін»биі :Орындайтын: 2-жүргізуші: Тәуелсіздік тірегі-тіл мерейі үшін киелі күрес.Тіліміздің өркендеуі үшін әр адамзат үлес қосуы және атсалысуы тиіс. қазақстан тұратын әр азамат МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУГЕ МІНДЕТТІ.»Өзге тілдің бәрін біл-өзө тіліңді құрметте» деген нақыл сөздің мәнін түсінейік! 19-оқушы:Әркім тілін сүйеді,Қадірлейміз мұны біз Қазақ тілі киелі-Мемлекеттік тіліміз. Қазына бар бұл тілде,Анам айтқан жыр-әнін. Жоғалуы мүмкін бе,Өлмейтұғын мұраның?! Өлмейді еш уақытта,Ата-баба аңсары. Қазақ тілі бақытқа,Жеткізеді баршаны. 1-жүргізуші:Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз - ананың тілінен бастау алады. Ән: «Анамның тілі» Ә.Тінәлиев Орныдайтын: 1-жүргізуші: 1991жылы 1желтоқсанда сайлау алдындағы күрес нәтиежелері қорытындылағаннан кейін дауыс берген қазақстандықтардың 98 пайызынан астамының қолдауын алып,бүкіл халық сайлаған тұңғыш Қазақстан еліміздің елбасы (хормен);Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер?
20-оқушы• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. 21-оқушы :Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер?Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 22-оқушы:Президенттің саяси өмірбаянының бастауы Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
(елбасы туралы диафиль көрсету) Басқа лауазымдары мен мансаптары
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
* «Нұр Отан» партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төрағасы
1-жүргізуші. Отбасылық жағдайы туралы не білесіз?
23-оқушы
:Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; халық қалаулысы
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
2-жүр: Елбасының бірінші халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады?
24-оқушы:1997 жыл «Қазақстан – 2030»даму стратегиясы.
1-жүрг:. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді? 25-оқушы:«Балалық шағымның аспаны», Үшқоңырда түсірілген.
2-жүр:. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді? 26-оқушы:«Қазақстан жолы», ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағлымдары және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Бейбітшілік кіндігі»“. «.. Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”Нұрсұлтан Назарбаев. 27-оқушы:Еліміз –дүрсіл қаққан жүрегіміз,Елбасы-ел қалауы,тірегіміз. Бір Ел ,бір Елбасы болсақ мәңгі, Нығайып ,күшеймекші білегіміз. Айналған барша достық мекеніне,Елбасы елін көкке көтеруде. Ал Елі нық сенімді сол орынға,Елбасы өзі лайық екеніне. 28-оқушы:Дәл осылай Елі де, Елбасы да Күн туғанда бірігіп Ер басынаҚиындық пен жеңісті бастан кешіп, Жол тартты тәуелсіздік жиырмасына Жол тартар әлі талай ғасырларға Кезікпей көлденеңге.жасындарға Әлі де басталады талай жоба Елінде елбасындай асыл барда. 29-оқушы.Бір ел ,бір Елбасы-күші бірге,Бұған да жүрек керек түсінуге Сол күшпен қадалған шыңға байрақ. Болмайды оны ешқашан түсіруге! 2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана 1998 жылы 10маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті.1998жылы 6 мамыр күні Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.Астана-елімнің бас қаласы!Астана-ән қалаАстана-сән қала Еліңмен егеменді өркендей бер! Ақ қала .арман қала,астана!

30-оқушы:Өткені бар,бүгіні бар ертеңі бар,Қазақстан жерінде ертегі бар, Ол-Астана ,жасампаздық жетегімен Достықтың шапағатын сепкені бар Ежелгі сақ баба қазақ кескіні бар Кенесарыдай ел қорыған екпіні бар Адамзаттың мұрасын айшықтаған, Ол-Астана ,анық басқан септігі бар, Ғаламшар бәйтеректің ту басында Бейбітшілік сарайы дәл қасында Армандаған адамзат сан ғасырда Ол-Астана ,арқаның кең даласында. ӘН»Астана» ОРЫНДАЙТЫН

Көркем сөздер оқу

31-оқушы «Үш бақытым» М.Мақатаевтікі .Оқитын:

32-оқушы:.»Тәуелсіздікке тағзым» Н.Әжіғалиевтікі

33-оқушы:

34-оқушы:

35-оқушы:

Қорытындылау: «Атамекен» әнімен аяқталады.

Ар намысым ,мақтанышым - Желтоқсан
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

Тәрбие шараның мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік жоғары парасат, достық , ынтымақ –бірлік бейбіт өмір,жарасымды тіршілік иесі екендігін және оның барлығын сыйлаған елбасы екендігін,оның сіңірген еңбегін ұғындыру. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу Көрнекілігі: рәміздер,елбасы портреті,нақыл сөздер, шарлар.мултимедиялық тақталар. Жүру барысы: І \Ұйымастыру бөлімі: Оқушылар 2 топқа бөлініп қолдарында жалауша ұстап тұрады.(Әнұран жүргізіледі.)

Автор Магданова Аксауле Айдарбековна
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 338
Номер материала MA-065027
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓