Инфоурок Информатика Другие методич. материалыАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТУ ӘДІСТЕМЕСІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Скачать материал

Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалалық ғылыми-практикалық конференциясы

Баяндама

 

 Тақырыбы: АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәні мұғалімі:  Пернеева Айжамал Амангелдиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТУ ӘДІСТЕМЕСІ

І. КІРІСПЕ.

 

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі критерийлерінің бірі –оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс.Талантты дер  кезінде  танып, дарынды таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу қажет.

Шығармашылық-әр адамның жеке-дара ой еңбегі.Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге үйренген тұлға қалыптастыру.

Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгейге көтеретін –дарынды  да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске  әр мұғалім оқушыны өзі таңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. Әрбір ұстаз алдындағы міндет -өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып,оған бағыт-бағдар беріп, оны дамыта білу. Оларды баулып, қамқорлыққа алып тәрбиелеу -ортақ шара. Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре білу-мұғалім үшін аса қажетті қасиет. Ол үшін әр мұғалім  өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтайды. Сондықтан әр ұстаздан шеберлікті, жан-жақты білімділікті, әсіресе бала жанын тани түсетін сезімтал психолог  болуды қажет етеді.

Дарынды оқушылармен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік ету.

Осы шығармашылық ізденіспен айналысатын дарынды оқушыны информатика пәніне қызығатын, талабы жоғары жас жеткіншектерді таңдап алу үшін оқушыға  мынандай талаптар қойылды:

·        Өздігінен білім алуға үйрету;

·        Өздігінен программалау тілдерінің бірімен жұмыс істей білу;

·        Өз бетінше программа құру барысында жіберілген қателіктермен жұмыс істей білу;

·        Кез келген әдебиетпен және дайын программалармен өздігінен жұмыс істей білу;

·        Өз бетінше талдау жасап қорытындылай білу;

·        Өз ойын толық айта білу, түсіндіре білу, басқаны үйрете білу;

·        Басқаны тыңдай білу, ақпаратты  терең түсіну, қабылдай,сұрақ қоя білу;

·        Ұжыммен қарым-қатынас жасай білу, өзін-өзі тексере , бағалай білу.

·        Мектепішілік, мектепаралық жұмыстарға, олимпиадаларға қатысу;

·        Кездескен проблемаларды келісіп шешу.

Жыл бойы үздіксіз сабақ өту барысында икемі, талабы бар  балаларды байқап ерекше қамқорлыққа алып отыру керек. Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқушының таным белсенділігін, ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі.

 

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте –мөте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі дарынды балаларды таба білу, тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу мақсатында дарынды оқушылардың мектепішілік конференциясын ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың парасаттық мүмкіндігін күшейтіп, білім сапасын арттыру, танымдық іс -әрекет белсенділігін көтеру, қажет ақпараттың көлемін кеңейту, ақпараттық кеңестікте дұрыс бағыт таба білу.

Міндеттері:

                          Оқушыларды ерте жастан ғылыми –ізденіс жұмыстарына бейімдеу, интелектісін дамыту;

                                 Шығармашылық дарындылығын айқындап, дамыту, ізденіс деңгейлеріне мүмкіндік, бағыт-бағдар беру;

                                 Оқушылардың жоғары деңгейдегі саналы білім іскерлігін көтеруге мүмкіндік жасау, сол жолдағы жетістікке жетудің тетіктерін көрсетіп беру;

                                 Оқушылардың жүйелі ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, зерттеу және шығармашылық іс -әрекеттерін, қызығу қабілетін арттыру;

                                 Алған теориялық білімдерін өндірісте тиімді пайдалануға ұмтылдыру.

         Біз бағдарламалау әлемінде өмір сүреміз. Біздің организмде болып жатқан барлық физиологиялық өзгерістер күрделі құрылған өте үлкен бағдарлама. Адамның күнделікті өмірі ол да бағдарлама бойынша жасалатын әрекет. Режим сақтайтын әрбір адам өзін мақтанышпен бағдарламалаушымын деп айтуға болады. (өздеріңнің таңертеңгі сабаққа келулеріңді алуға болады). Кез келген кәсіпорында барлық өндірістік процесс –ол бағдарламалар бойынша жұмыс істеу. Сол өндірістегі процестің тиімділігі сол бағдарламалардың тиянақты жасалу дәрежесіне байланысты. Ғылымда, өндірісте, т.б қай салада болса да жұмыс істейтін әрбір маман компьютерді тиімді пайдалана және бағдарламалау тілін білуі тиіс. Бағдарламалау –екінші сауаттылық деп есептейміз.

       Соңғы кезде бағдарламалауға деген қызығушылық өте үлкен сұранысқа ие. Егер оқушы компьютермен жұмыс істесе, онда ерте ме кешпе, онда компьютерге деген қызығушылық сезім туады, кей жағдайда бағдарламалауға да ынта пайда болады. Себебі оқушының пәнге деген қызығушылығынан өзге, компьютер құрылғыларын, бағдарламалау тілін жетік меңгеруі ең басты мәселе. Сол себепті оқушылар арасында бірнеше нұсқада сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы сараптай келе бірнеше оқушының бағдарламалау тіліне деген көзқарастарын байқадық. Қазіргі уақытта мектептерде техникалық база сапасына қарай Turbo Pascal7.0, Visual Basic, Delphi т.б бағдарламалау тілдерін таңдау мүмкіндігі бар. Оның ішінде  Visual Basic нысанды бағдарламау ортасына оқушылардың қызығушылықтары басым болды.

1.                 Оқушылар бағдарламаның қыр-сыры мен мүмкіндіктерін және дайын электронды оқулықтармен танысты. Нәтижесінде Халмұрат сәулет 10 «А» сынып оқушысы «Visual Basic жобалау ортасында оқушылардың білім көрсеткішін көрсету мониторингі» жобасын  жасады.

Логикалық тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай бере отырып оқушының ғылыми-танымдық қабілетін байқау, оқушыны толық тануға мүмкіндік алу. Оқушы ақпараттық-коммуникациялық технологияның бағдарламалау тілі арқылы ой - өрісі, ой ұшқырлығын қалыптастыру, өзіндік шешім қабылдауға баулу. Информатика пәні бойынша теориялық білімді бекітіп, оны бағдарламалау тілінде, өмірде қолдануы қарастырылады. Қазіргі ғылыми техниканың қарыштап даму кезеңінде оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік беріледі. Жоғарғы сынып оқушыларының өз бетінше ізденісін бағалауға, дүниетанымдық қабілеті мен белсенділігі байқалады.

Күллі адамзатқа қажетті ақпараттық-технологияның күрделі бағдарламаларын меңгерте отырып, өмірге икемді, жан-жақты толысқан ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды ақпараттық -коммуникациялық технология арқылы көрсету, оқушыға бағалата білу.

Мақсаты мен міндеті.  Оқушылардың ойын  жетілдіруді, информатика бағдарламасын басшылыққа ала отырып оқушыны тез де ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдап, оның дұрыстығын дәлелдеуге мүмкіндіктер береді. Берілген  тапсырмаларды  орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына  ықпал етеді. Оларды ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға  бағытталған. Берілген тапсырма арқылы оқушылардың логикасы дамытылып, өздігінен  ізденіп  жұмыс жасауына мүмкіндік  береді.  Оқушы өз білімін де өзгенің ерекшелігін де көре біледі.

Ерекшелігі. Білім беру стандарты ескеріле отырып, тапсырмалар мен бағдарламалау күрделі оқушының шығармашылық деңгейіне сай құрылған. Мұнда бағдарламалау тілі оқушының шығармашылық ізденісін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының теориялық білімін анықтауға негізделген күрделі тапсырмалар қарастырылған.

Күтілетін нәтиже. Оқушы ақпараттық-технологияның күрделі праграммаларын меңгере отырып, теориялық білімдерін көрсетеді. Әр тақырыптың ғылымилығына  назар аударады. Оқушы өздігінен де ізденіп, тапсырмалар арқылы да өзіндік жетістігін көрсетеді.  

              Оқушыға жұмыс барысында өзіндік ізденісіне  ықпал етеді. Оқушының өмірге икемді, ақпараттық- коммуникауиялық технология арқылы өзіндік бағдарламалар құрып және оны қорғай да біледі, оқушының бағдарламалаудағы теориялық білімдерін  тиянақтап, алған теориялық білімдерін практикада қолдануына мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері

 

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:

- педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бəрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары жəне себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды əрі дамиды;

- құбылыстарды даму барысында зерттеу;

- бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

- зерттеу процесінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген əдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

- зерттеу əдістері зерттелетін құбылыстың мəн-мағынасына сай келуі;

- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші жəне даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс жəне өзіндік даму ретінде қарастыру;

- сынақталушыға, білім-тəрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік- инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу;

-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу;

-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,

Жер - қазына, саусаң да таусылмайды.

 

 

Қазіргі кезеңде адам үшін, қажетті мәліметті алу мақсатында, компьютерді қолдана отырып, әр түрлі мәліметтерді өңдеуді көздейтін компьютерлік білімділіктің өзекті мәселенің бірі болып отырғаны белгілі. Компьютерлік білімділік пен бағдарламалауды үйрену мақсатында «Бағдараламалау тілінің» алатын орны ерекше.

Соңғы кезде бағдарламалауға деген қызығушылық өте үлкен сұранысқа ие болды. Бұл ақпараттық –коммуникациялық технологияның дамуымен және күнделікті өмірге енуімен байланысты. Егер оқушы компьютермен жұмыс істесе, онда ерте ме кешпе, онда компьютерге деген қызығушылық сезім туады, кей жағдайда бағдарламалауға да ынта пайда болады.

1.     Себебі оқушының пәнге деген қызығушылығынан өзге, компьютер құрылғыларын, бағдарламалау тілін жетік меңгеруі ең басты мәселе.

б) Оқушының жеке тұлғасын зерттеу

Оқушының жеке тұлғасын зерттеу.

1.     Жеке басы.

·        Оқушы туралы мағлұмат –оқушының аты –жөні, туған жылы, айы, күні, құжаттары.

·        Оқушының күн тәртібі –оқушы күн тәртібін сақтай ма? Оның сақталуын отбасында кім қадағалайды? Бос уақытын қалай пайдаланады?

·        Отбасындағы тәрбиесі –отбасы мүшелерінің балаға әсері, ата-аналардың мектепке, сынып жетекшісіне деген көзқарасы, отбасында баланың болашақ мамандық таңдауына көзқарасы

·        Баланың отбасындағы жағдайы –Ата-анасының қызметі, тұрғын үй жағдайы, материалдық жағдайы, отбасындағы өзара қарым-қатынас, оқушының жұмыс орны.

2.     Интеллектуалдық ерекшелігі.

·        Талдау –бағдарламалау жүйесін талдай алады

·        Маңыздылығын анықтау –оқылған мәтіннен абзацтарға тақырып беру, жоспар құру, мәтіннің негізін екі –үш сөйлеммен жеткізу, түйінін шығару.

·        Дербестік –берілген тапсырманы оқушы өз бетінше орындайды, оның шешу жолдарын өзі табады, проблемалық жаттығуларды және білімді меңгеруге белсене қатысады, достарының жауаптарын бекітуге және толықтыруға тырысады, бағдарлама құруда дербестік элементтерін енгізеді.

·        Сөйлеу жүйелілігі –оқушының сөзі жүйелі, локикаға сәйкестігі, қорытындыны дәлелдеуі аңғарылады.

·        Ойлау шапшаңдығы - өте тез ойлайды, мимен жұмыс жасайтын амалдарда және тез сол сәтте проблемаларды шешуде белсенділік танытады.

 

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

         Нысанды бағдарламалау тіліне жасақтауға келетін бірнеше тақырыптар қарастырылды. Оқушылар дайын электронды оқулықтар және бағдарламалармен танысты.

      Зерттеу тақырыптарын үш топқа біріктіруге болады:

·        Блум таксономиясы - оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу

·        Теориялық –бұл тақырыптар нақты кітаптарда жазылған немесе дайын материалдарға бағытталған және белгілі бір фактілерге сүйенеді.

·        Эмпирикалық – мұндай тақырыптар зерттеушінің жасаған тәжірибелерімен эксперименттерін қамтиды.

 

Тақырып таңдау ережелері

1.Тақырып оқушыны қызықтыратын болуын ойластырған жөн. Зерттеу тақырыптары да басқа шығармашылық жұмыстар сияқты оқушының өз еркімен жүзеге асқаны абзал. Күштеу арқылы, еріксізден туған жұмыстардың нәтижесі болмайтындығы анық.

2.     Таңдалған тақырыптың шешімі табылып, оқушыға пайдасы тиетіндей жағын ойластыру керек. Ол зерттеу барысында тың ақпараттармен сусындап, білім және білік дағдыларын қалыптастырады. Бұл тұрғыда педаготың міндеті, оқушыны осы тақырыпты таңдауда қатеспегендігіне көз жеткізу.

3.Зерттеушілік қызметке тұрақты қызығушылық жетекші тарапынан да байқалуы қажет. Сонда ғана сіз оқушыны қызықтыра аласыз.

4.Тақырыптың даралығына, жаңашылдығына, өзектілігіне назар аудару қажет. Сонымен қатар, бағдарламалық жасақтамалардың жаңа құралдарын пайдалану.

5.Оқушының жас ерекшелігіне сай бағдарламалау тілін дұрыс таңдау. Жиналған материалдардың қандайда бір бағдарламалау тілінің жүйесіне сәйкес келетіндігіне назар аударған дұрыс.

 

ЖОБАЛАР БӨЛІМІ

 

   «Visual Basic жобалау ортасында оқушылардың білім көрсеткішін көрсету мониторингі» Халмұрат Сәулеттің жобасы.

Жобаның мақсаты: оқушыларға теориялық мағлұмат бере отырып, сабақта алған білімдерін визуальды  түрде  көрсету.

Құндылығы:

1.Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып жалпы білім  деңгейі мен ықыласын көтереді.

2.Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес, барлық пәндер бойынша электронды оқыту құралын пайдалану бүгінгі күн талабына. Бұл алгебра, геометрия, физика, технология, әдебиет, информатика пән мұғалімдеріне береді. Көп оқушының бойындағы жасырын жатқан қабілетін дер кезінде білуге және шығармашылықпен дамытуға жол ашады.

Өзектілігі:

1.Ұрпақ үшін кітаптің маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді таудың табиғи құралы болып табылады.

2.Коммуникативті және шығармашылық  алгоритімдік  ойлау қабілетін дамытудағы оқушының өзіндік жүмыс істеу дағдысы мен белсенділігі артады.

3.Мұғалім сабақ барысында уақытты үнемдейді оқушыға қажет деген тың материалдар туралы  мағлұмат бере алады.       

Visual Basic жобалау ортасында бағдарламалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Visual Basic -тің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруды  компоненттік  және объектілік тәсілдер пайдаланады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Visual Basic-те  бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедиа, процесстерін ұйымдастыу, OLE технологияны пайдаланады, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс-әрекеттерді орындауға болады. Бірақ, мұнда бағдарламалауды үйрену үшін обьект, оқиға, әдіс, қасиет ұғымдарымен еркін танысып, басқару элементтерін, компоненттерді пайдаланып және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу керек.      

PictureBox, Textbox, label,  т.б тағы басқа басқару элементтерін қолданды.

Visual Basic тілі бағдарламалаушыға графикалық сызбалар, схемалар, иллюстрациялар шығаруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама графиканы формаға немесе PictureBox компаненті көмегімен гистограмманың бейнесін экранға  шығарады.

Case операторы арқылы жасалған керекті түстерді  таңдаймыз.

Commandbox компанентін шерткен кезде гистограмманың бейнесі және қысқаша анықтама экранда көрініп тұрады.

Бұл көмекші құралды кез келген сабаққа қатысқан оқушы және оқытушыда пайдалануына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көмекші  құралдың жобасының  бейнесі

 

        

 

Сонымен, жасалған көмекші құралдың жобасына  жаңадан басқада оюларды және өзгерістер енгізуге болады. Программа қолданушы үшін өте ыңғайлы, түсінікті етіп жасалған. Бұл  көмекші құралды басқа да пән  сабақтарына қолданылуына  ұсынылады.

Білім беруде мектеп оқушыларының арасында өтетін ғылыми-шығармашылық конференцияларға оқушыларды дайындау, оларға қатыстыру ерекше  мазмұнға ие. Ғылыми-шығармашылық конференцияларға қатысу оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен мақсаттылықа, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады.

Сонымен қатар, барлық дарынды бала тумысынан дарынды бола бермейтіні де белгілі. Бірақ аса талапты, талантты, алғыр, ұғымтал балаларға қоымша  материалдардан  жеке тапсырмаларды саралап беру арқылы жан қырын ашуға, мадақтай жүріп бір нәтижеге қол жеткізуге болатыны анық.  Оқушыларды ғылыми-шығармашылық конференцияларға дайындау, елдің болашақ білімді, сауатты да қабілетті жастарын тәрбиелеудегі, өзіндік қиыншылықтары мен қызықтары мол, үздіксіз процесс.

 

Жобалау әрекетінің жоспары

 

Ізденіс жұмысының мазмұны

Жобалау әрекетінің

І кезеңі

Жобалау әрекетінің

ІІ кезеңі

Жобалау әрекетінің

ІІІ кезеңі

1.Топтарға бөлу, қалаулары бойынша тақырыптарды бекіту, жоба қорғау тақырыбын анықтау.

 

1-топ. Электрондық есептеуіш машинаның даму тарихы

2-топ.  Электрондық есептеуіш техникасының буындары

 

Кіріспе кезең.

Жалпы шолу.

 

Мақсат, міндеттерін айқындау, бағыттарын нақтылау.

 

Ақпараттар жинау(кітапхана, интернет, баспасөз материалдары)

 

Ақпаратты мазмұнына қарай топтау

 

Топ тақырыптарына қарай іріктеу, жүйелеу

Жиналған ақпараттардың тарихи дәйектілігін зерттеу, әр түрлі деректерді салыстыру, зерделеу.

 

Жиналған ақпараттарда күтілетін нәтижені анықтау.

 

Толықтыратын, нақталайтын тұстарын анықтау.

 

Материалдар негізінде сызбалар, слайдттар дайындау.

Материалдарды жинақтап, жүйелеп қорғауға әзірлеу.

 

Күтілетін нәтижені болжап-бағдарлау.

 

Ақпаратты ұсыну түрін анықтау, іс-әрекеттерін нақтылау. Нәтижесін шығару.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ақпараттық және техникалық құралдарды, электрондық оқулықтар  қолданылады.

 Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

-          ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

-          бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

-          оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

-        мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

-         бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

-        оқушыларға жаңа ақпараттық технологияны еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде білімін дамыту.

Нәтижелер:

-               жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

-               жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

-               жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

-               бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

-               мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

-               отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

-               бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

-               республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп,  бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

      -  интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу.

Электрондық оқулық және оның құрылымы, қажеттілігі

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтарды қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс жасалынады.

Электрондық оқулықты пайдалану мына алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

1.      Оқу пәнiнiң мазмұндық көлемiн бағалау.

2.      Оқу элементтерiн оқушының бiлiмдiлiк, икемдiлiк дағдыларын  қалыптастыру деңгейiне сай    анықтау.

3.      Оқу материалын өзiндiк бiлiм алу деңгейiне бөлу.

4.      Оқу материалының мазмұнының негiзгi элементтерi (тарау, тақырып, сабақтар)  аралығындағы мағыналық байланыстар жүйесiн айқындау.

5.     Әрбiр тақырыптар бойынша динамикалық және статистикалық компьютерлiк слайдтар жиынтығынан құралған лекциялар конспектiсiн дайындау.

6.      Тест материалдарын дайындау (тест тапсырмалары қиындықтары бойынша 3 деңгейде – жабық, ашық және типтiк емес есептердi шешу).

7.      Көрнекi материалдарды электрондық түрде дайындау.

8.      Өзiндiк және практикалық сабақтарды жүргiзетiн материалдарды дайындап көрсету.

9.     Оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Электрондық оқу курсының құрылымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ақпараттық технологияларды пайдаланып Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушы шығармашылығын дамытуға болады.

Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен  компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың  теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады.

Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:

·        ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;

·        ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне  бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

·        информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты  іргелі ұғымдарын  оқушыларға  меңгерту;

·        әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың рөлі;

·        оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы  бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

·        мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

шығармашылық бағыттағы әр түрлі жұмыстар арқылы оқушы белсенділігін арттыруға болады. Менің басты мақсатым – оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру болып табылады. Білімді толық меңгерту технологиясы оқушының білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге көтерілумен түсіндіріледі;

Американдық ғалымдар Ди Кэрон мен Б.Блумның білімді толық меңгерту технологиясының да маңызы зор. Педагогикада бұл технологияны «Блум таксономиясы» деп атайды. Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады: оның кестесі төмендегідей:

Блум таксономиясы негізінен:

«Оқу мен жазу арқылы жеке дара пікір туғызу, ол мынадай құрылым:

-                     шыңдалған ойлау, кез келген тану деңгейіне байланысты мәселелерге пікір қосу;

-                     күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға әкелту.

-  үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады:

1. Білім

2. Түсіну

3. Қолдану

4. Талдау

5. Жинақтау (синтез)

6. Бағалау.

Қазіргі уақытта мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапты міндет – оқушыға тиянақты білім беру. Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімін туғыза білу, оқушының білімге ынтасын көтере білудің маңызы ерекше.

Осы оқыту негізінде қолданатын оқыту формалары топтық, топтық – жеке, жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар, т.б. қолдану оқытудың міндеті мен шарты болып табылады.

Күтер нәтиже: қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім – тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан – жақты дамыған жеке тұлға туғызу.

Бұл әдістеме оқушылардың креативтілігін дамыту мәселесін шешуге жол ашады. Е.Торрекс бойынша креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір кемшіліктерді шешудегі қабілеттілік.

Д. Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның «шығармашылық дарындылығы» деп қарастырады. Блум таксономиясы қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттері қалыптасатыны анықталып тұр, белгілері мынадай:

  - тәрбиеге ұмтылушылық – жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік;

  - талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу;

  - ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі;

  - ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.

Блум таксономиясы жеке тұлғаның біліктілік қасиеттерін шыңдай түсуге жол салат, атап айтсам, аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой – пікірлерге тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисын ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру. Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігі, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Демек, б.т. оқытуы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру – жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы.

Блум таксономиясы «интерактивтік – педагогикалық әрекет» ұғымын іске асыруға жүзеге асырушы болып табылады.

Блум таксономиясы

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың үйренгендерін, алған білімін  тәжірибеде қолдану (когнитивті) іс - әрекеті

Білім

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсінік

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Анализ

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Синтез

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Баға(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

 

          Блум таксономиясының басты белгісі осындай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Ғалым әдіс тәсілдерді когнитивті іс - әрекетіне байланысты өнімді - өнімсіз деңгей деп бөледі. Оны жоғарыдағы кестеден де көруге болады.

Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол оқушылардың білімін шығармашылық деңгейге жетелеумен ерекшеленеді.

Блум таксономиясы – тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс.

Сабақ өту барысында Блум таксономиясы әдісін үнемі қолданамын. Сол сабақтардың бірі 10 сыныбымен өткізілген сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы:

Label, TextBox, CommandButton, OptionButton, CheckBox

Сабақтың мақсаты:  

1.      Оқушыларға элементтер панелі компоненттерін дұрыс қолдануды,  жобалау, программа мәтінін дұрыс  құра білуді меңгерту,практикалық есептерді шығара білуін дамыту, оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауда компьютерлік техниканы өзінше тиімді қолдана білуге үйрету.

2.      Теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.      Өз бетінше жұмыс жасай білуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Талдау сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:

         Блум таксономиясы

Дамыта оқыту;

         Жеке жұмыс, топпен жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

         Оқушылар VB жаңа жобасын іске қосуды, ашуды, сақтай білуді үйренеді.

         Негізгі түсінігі қалыптасады.

         Жобада әр түрлі компоненттерді қолдана отырып, қолданба жасауды үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, итерактивті тақта, маркер, қағаздар.

 

Сабақтың барысы:

                   І. Ұйымдастыру

                   ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(Басқару батырмалары бойынша мультимедиялық  тақта арқылы беріледі)

 Қайталау сұрақтары :

А) Басқару элементтерінің қызметін атаңыздар

Б) Visual Basic ортасында қолданба құру неше кезеңге бөлінеді?

Оқушылардың теориялық білімдерін байқау. Дайын слайдтарды көрсете отырып, оқушының өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

І топ: Бас меню қызметі, стандартты құралдар тақтасы (слайд)

ІІ топ: Жоба терезесі, қасиеттер терезесі (слайд)

ІІІ. Жаңа сабақ: Басқару элементтері: Label, TextBox, CommandButton, OptionButton, CheckBox

 Блум таксономиясын қолдану  арқылы сабақтың мазмұнын түсіндіру

Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өту барысы

Оқушы жұмысы

Сабақтың әдісі

Білім

Ұйымдастыру кезеңі,ойлану

Визуал Бейсик жобалау ортасының терезе элементтері қызметі

Топтық жұмысқа оқушылар дайындығы

Ой – пікір, ой түзу

Түсіну

Тақырыптың негізгі ішкі мағынасына зер салдырту

Басқару элементтерін қолданудағы негізгі мақсаты

Жеке жұмыс

Ой – толғау

Оқушыға өз ойлау жүйесін  туғызу

Қолдану

Ерекше есте қаларлық элементтер туралы ой бөлісу

Әрбір оқушы өз білімін көрсетіп, жұмыс жасауы тиіс

Жеке жұмыс.

Даралық ой туғызу

Жеке тұлға пікірі

Талдау

Салыстыру

Визуал Бейсик жобалау ортасының терезе элементтері мен қолданбалы бағдарламаларды салыстыр.  

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Анализ. Синтез. Қорыту.

Жинақтау (синтез.)

Алған білімді жинақтау

Бағдарламалау кезеңі

 1.Басқару элементтерін пайдаланып пішін терезесіне орналастыру

2.Бағдарламасын  дайындаужазу

3.Бағдарлама кодын жазу

  Жеке жұмыс

Ойлап табады,

байланыстырады,

шығарады.

Ойын түйіндейді

 

Бағалау

 Сабақ барысында

оқушы көзқарасы

Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі.

Жеке жұмыс

Бағалайды,

талқылайды. Өз пікірін айтады.

 

 

ІV.  Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатымен, оқушыларға  жұмыс жасату, сұрақтар беру.      

Басқару элементтері:

1) Түсіну: Әрбір элементтің қызметі мен қолданылуы, жазылу ережелерін түсіндіріп көрсетеді.

2) Қолдану: Бағдарлама жазылу ережесіне тоқталып, прцедура терезісімен жұмыс жайлы көрсетеді. Ой дәлелдемеңді келтір. Бағдарлама құрастыр.

3)Талдау: Құрылған бағдарламадағы әрбір команданың қызметіне талдау жасайды.

 4)Топтау: Жалпы басқару элементтерін қолдану тиімді екенін түсіндіру. Өз ойыңды қорытынды пайымдаумен жеткіз.

 

1) Түсіну: Визуал Бейсик жобалау ортасының терезе элементтері қызметі қандай?

2) Қолдану:  Экранда әрбір терезе элементіне тоқталып, ойын дәлелдейді, түсіндіреді.

3) Талдау: Қолданбалы бағдарламалармен салыстыра отырып, анализ жасады.

V.Деңгейлік тапсырмалар орындату:

І деңгейлік тапсырма

1)Пішінге элементтерді орналастыр.

ІІ деңгейлік тапсырма

2) Пішінге орналасқан элементтердің қасиеттерін жаз.

ІІІ деңгейлік тапсырма 

3) Пішінге орнатылған элементіндегі енгізілген мәтінді пішімдеу:

ІV  деңгейлік тапсырма

4) Жасалған форма үшін төмендегі есептің бағдардарламасын құру: 

 y = 0.3 * x + 5 * x ^ 2 функциясын    х-тің кез-келген   мәнінде есептеу.

 «Пішінде сурет салу» программасын құру

 

Объект

Объект аты

Қасиеті

Орнату

Пішін

Form1

Caption

Пішінде сурет салу

Пішін

Form1

AutoRedraw

True

Пішін

Form1

BackСolor

Қызғылт түсті таңдау

Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда MouseMove процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:

If Button = 1 Then Form1.PSet (X, Y)

4.     Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінде тышқанның сол  жақ батырмасын басып тұрып, сурет саламыз.

5.      Жобаны сақтап қойыңдар. 

Тапсырма №1. Өз қалауларыңша Пішін фонының түсін өзгертіп, қосымшаны қайта іске қосыңдар.

 

Объект

 Объект  аты

Қасиеті

Мәні

Пішін

Form1

Caption

у=0.3*х + 5*х^2 өрнегін есептеу

  Жазу

Label1

Caption

Бос

Басқару батырмасы

Command1

Caption

Есептеу

Басқару батырмасы

Command2

Caption

Тазалау

Мәтін өрісі

Text1

Text

Бос

Жазу

Label2

Caption

X=

Сommand1 басқару элементін екі рет шертіп, кодтар терезесінде берілген өрнекті есептейтін мына төмендегі процедураны толтырыңдар:

Private Sub Command1_Click()

x = Val(Text1.Text)

Y = 0.3 * x + 5 * x ^ 2

Label1.Caption = "Y=" + Str(Y)

End Sub

5.     Сommand2 басқару элементін екі рет шертіп, келесі кодты теріңдер:

Private Sub Command2_Click()

Text1.Text = " "

End Sub

6.     Қосымшаны іске қосыңдар, нәтижені алыңдар.

 

VI. Тест. Мультимедиалық тақтамен тест беріледі. Оқушылар тестке жауап беріп, экраннан жауаптары тексеріледі.

VII. «Кім жылдам?» ойыны бойынша сұрақтар беріп, оқушыларды жылдамдыққа, ізденімпаздыққа үйрету.

VIII. Сабақты қорытындылап, оқушылардың білімін бағалау. Мониторинг жасау. Білім деңгейлерін көрсету.

 

Басқару элементтерінің  құрылысын талдау

 

Тақырып

Идея

Оқушының жұмыс жасау әдіс- тәсілі

Талдау жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізу

Элементтердің, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері

Пішін терезесіне дұрыс қойылуы, қасиеттерінің дұрыс жазылуы

Түсіндіру, баяндау,

пішімдеу,

бағдарлама құру

 

жинақтау,

қорытындылау,

саралау

 

 

Үйге тапсырма: Формаға орнатылған OptionButton, CheckBox элементтерін пайдаланып бағдаршам жұмысын басқаратын форма жасап, программа құру.

 

Оқушының бiлiктiлiгiн арттыратын жүйе бойынша негiзгi қойылған мiндеттердi жүзеге асыруда.

       педагог мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз жетiлдiру; 

       информатика мұғалiмдерiнiң және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бiлiм беру процесiне пайдалану мүмкiндiктерiнiң тиiмдiлiгiн айқындайтын озық тәжiрибелерiн жинақтап, жүйелеу тәжiрибелермен толықтыру;

       информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды, Блум таксономиясы әдісін қолдану мазмұнымен, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен толықтыру.

 

Қорытынды

Блум таксономиясы негізіндегі жүйе оқушылардың  өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын, қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді,таным белсенділіктерін арттырады.Нәтижесінде оқушы бойында төмендегідей қабілеттері қалыптасады:

 

-         Әдеби – лингвистикалық, оқушылардың көркем тілдері дамиды.

-         Көркемдік - білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алуды жүзеге асырады. Білім деңгейлері анализ, синтезге дейін көтеріледі, өнімді білім беру үрдісі жүреді.

-         Танымдық -жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.

-         Тұлғалық - жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

-          Көркемдік - берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.

-         Технологиялық - алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді, бағдарлама жасау  арқылы компьютермен қарым-қатынас жасайды

-         Коммуникативтілік - оқушылардың дүниетанымын  кеңейтіп, білімдерін жан-жақты толықтыруға түрткі болады.

Ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.

Түйін: Блум таксономиясы – жеке тұлға шығармашылығын дамытушы әдіс туралы ғылыми- теориялық сипаттама.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Қ.Ө.Бітібаева.Оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары 120—121 беттер.

2.     «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ

3.     Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

4.     Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

5.     Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

6.     Таксономия Блума Википедия

7.     Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Алматы, 1998ж.

8.     Н.Т.Ермеков,Н.Т, В.А. Криворучко,С.Ж.Ноғайбаланова . Информатика 10 класс    Алматы  Жазушы, 2010

9.      Сейітқұлов О.Программалау  Visual Basic 6  Екінші бөлім  Шымкент -2005

10.     «Информатика негіздері» №6 2009 ж 5 бет

11.     Практикум по информатике и информационным технологиям. Учебное пособие для общеобразовательных учреждений. Угринович Н. Д., Босова Л. Л., Михайлова Н. И. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001.

12.     Журнал, //Информатика негіздері, №2, 2007ж. 41-42-беттер.

13.     Журнал, //Информатика негіздері, №3, 2006ж, 8-11 беттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТУ ӘДІСТЕМЕСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП, БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫн қолдану арқылы оқушылардың ойын  жетілдіруді, информатика бағдарламасын басшылыққа ала отырып оқушыны тез де ұшқыр ойлауға, тез шешім қабылдап, оның дұрыстығын дәлелдеуге мүмкіндіктер береді. Берілген  тапсырмаларды  орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастырады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына  ықпал етеді. Оларды ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға  бағытталған. Берілген тапсырма арқылы оқушылардың логикасы дамытылып, өздігінен  ізденіп  жұмыс жасауына мүмкіндік  береді.  Оқушы өз білімін де өзгенің ерекшелігін де көре біледі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 865 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 1656
    • DOCX 312 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Perneeva Aijamal Amangeldievna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    Perneeva Aijamal Amangeldievna
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19759
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 543 человека

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека