Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Школьному психологу / АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ОЛАРДЫҢ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕГІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫНЫҢ БІРІ

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ОЛАРДЫҢ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕГІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫНЫҢ БІРІ

  • Школьному психологу
Описание:

АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ОЛАРДЫҢ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕГІ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫНЫҢ БІРІ
Психолог: Ахмедова А.Т.

Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Қазақстан Республикасының президентінің Н.Ә. Назарбаев жолдамасында «Дарынды балаларға арналған мектепті дамыту және оған мемлекеттік қолдау көрсету» туралы өкілі талантты балалармен жұмыс істеуді жаңа үлгісін жасауға жол ашты. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі деп 2012-2013 жылға дейін өзекті тақырып етіп алдым. 

Зерттеу объектісі:
1-сынып оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні:
Логикалық ойлау қабілеті. Оқушының субъект ретінде дамуы.

Зерттеудің мақсаты:
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысында оқушының логикалық шығармашылық потенциалын арттыру жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Ақпараттық-коммуникативті технологияны терең меңгеру;
  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін зерттеу;
  3. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
  4. Ақпараттық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде тиімділігін арттыру.

Ғылыми болжам:
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік
Желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам. 

Ақпарат – информатика саласының негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдайды, біз не көреміз не істейміз оның барлығы ақпарат. Кибернетиканың атасы атақты оқымысты Виннер «Ақпарат – сыртқы әлемде бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген. Алынған ақпаратты адам миы өңдейді.

Ақпараттық технология:

  1. Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;
  2. Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;

Коммуникация – байланыс, мәліметтерді жеткізу – ақпаратты тасмалдап жеткізу.Әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады. 

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады.

Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыруда, білімін жетілдіруде өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік құндылығын анықтауда, тұлғалық және шығармашылық әлеуетті субъектілік ұстаным болып табылады. 

Жалпы зерттеулер бойынша субъект туралы анықтамалар өте көп. Негізгі ілім бойынша ең жоғарғы дербестілік, тұтастық таныта алатын адам болып табылады. 

Субъектілік - тұлғаның қандай да іс-әрекетті, қарым-қатынасты дамытып, жетілдіруге деген қатынасыфн өзекті ететін әлеуеттік қасиет (ерекшелігі, мүмкіндігі, ұстаным) ретінде анықталады. 

Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады. 

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;
  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады. 
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

  1. Машық. Сергіту;
  2. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
  3. Іздену тапсырмаларын орындату;
  4. Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату. 


Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  1. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).

А.Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. 
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. 
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.
    Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:
  • Ақыл-ой әрекеті үстінде;
  • Білімді меңгеру;
  • Тіл үйрену;
  • Жылдам есептеу.

Ой процесінің негізгі формалары
1 .Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы
2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:

  1. Затты әрекеттік.
  2. Көрнекі-бейнелі.
  3. Сөздік логикалы.

М. Жұмабаев «Ойлау – жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Сондықтан мен алдыма келген оқушыларды логикалық ойлауын 2013 жылы қыркүйек айында психологиялық диагностика арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Онда мынандай әдебиеттер қолдандым. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінен», тестік тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жүргіздім. «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен»: 

  1. «Артық сөзді алып тастау» 59 бет.
  2. «Төртінші артық» 55 бет.
  3. «Үй әдістемесі» 19 бет

К. Йерасектің оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша сұрақтары:
1. Жануардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?
Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай
2. Күндіз жарық па, әлде түнде...
Қараңғы – 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай
3. Аспан көк, шөп...
Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай
Тағы да осыған ұқсас сұрақтар арқылы оқушылардың психологиялық таным үрдістерін байқап, мынандай нәтиже шығардым.
Кесте 1.


Көрсеткіш


қабылдау


есту


ойлау


зейін


сөз


оқушы


%


оқушы


%


оқушы


%


оқушы


%


оқушы


%


Жоғары 


12


48%


14


56%


13


52%


14


56%


8


28%


Орта


10


40%


8


32%


6


24%


7


28%


10


40%


Төмен


3


12%


3


12%


6


24%


4


16%


7


28%



В.С. Мерлиннің әдістемесі бойынша логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесінен тапсырмалар анықтадым. «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі бойынша баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 сериядан құралған. «Артық сөзді алып тастау» 59 бет. 

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

  1. Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.
  2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады. 
  3. «Су тартылған жерде қай құс жүреді?». Торғай – 3, оляпка – 4, сауысқан – 

5 -6 +7 -6 +5 -4



Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды: 

  1. Пәнге қызығушылығы артады;
  2. Ой-өрісі дамиды;
  3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Осындай зерттеу жұмысының қорытындысынан мынандай сызба-нұсқаны ұсынамын:

Сурет. 1 «Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру субъект ретінде дамуының алғы шарты»

Осындай психологиялық диагностикалық зерттеудің барысында логикалық ойлау оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Сондықтан да мен оқушының ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай мақсат пен міндет қойдым:

  1. Оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беру, әр түрлі тәсілдерді пайдалану.
  2. Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру. 
  3. Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетілуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.
  4. Логикалық есептер жинағын жасау.

Қорытындылай келе оқытудың ақпараттық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын. 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.                Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы «2030 бағдарламасы»

2.                Білім заңы 

3.                Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж

4.                Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2005 жыл

5.                12 жылдық білім бағдарламасы

6.                Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл

7.                Информатика негіздері №1-2, 2005 жыл

8.                Қазақстан мектебі №11-12, 2008 жыл

9.                Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

 

 

Скачать материал
Автор ахмедова айгерим тоймуратовна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел
Просмотров 2233
Номер материала 33529
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Нет результатов.