Главная / Информатика / Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау(11 сынып)

Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау(11 сынып)


Күні: 6.10

Пәні: информатика

Сыныбы:11 «A»

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары:  файлдарды қорғаумен, компьютерлерді

қорғаумен жабдықтау;

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ақпараттық жүйе ұғымын меңгерту;

ә) компьютерді,файлдарды қорғау жабдықтамаларымен таныстыру.

б) Ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу


Сабақтың әдісі: аралас сабақ


Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, ЭО


Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;

ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;

б) оқушыларды сабақ мақсатымен және жоспарымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Лицензиялық құқықтар ?

  2. Лицензия алудың бірнеше әдістері ?

  3. өнімнің әр түрлі категориясына қарай қалай ажыратылады?

3. Жаңа сабақ

Қорғалған ақпараттық жүйенің негізгі сипаттамалары. Қазіргі уақытта пайдаланушылардың өмірін компьютерлік вирустар ғана емес сонымен қатар қауіпті программалар құртады. Бұлардан басқа Интернетте қауіпті программалар толып жатыр. Сондай кең тараған программаларды қарастрамыз: шпиондық модуль Spyware және рекламалық модуль Adware.

Қорғалған операциялық жүйені құрғанда колдану. Соған қарамастан құртушы программалармен қамтамасыз етушілер бөтен компьютерлерге кру жолдарын қарастыру үстінде, келесі қиын емес алдын- алу жолдары адамдарды көптеген керек емес қиындықтардан құтқарады.

  • Файлдарды Интернеттен көшіргенде оған арнайы арнаулы программаларды қолдану, көшіргелі жатқан файлдың мүмкіндігін қарап жэне оған анализ жасайды. (мысалы, Download Master)

  • Кейде көшіретін файлыңыздың ссылкасын шерткенде немесе экранда автоматты түрде басқа ссылкаға көшуге немесе басқа (арзанырақ, жаңарырақ, пайдалырақ) программаны көшіруге шақыру пайда болады. Мұндай шақырулардан бас тартқан жөн. Болмаған жағдайда компьютеріңізге көптеген қатерлі модульдер кіру қауіпі бар.

  • Мүмкіндігінше Интернеттен көшірмеңіз және белгісіз құрастырушылардың программалары мен утилиттерін компьютеріңізге орнатпаңыз.

  • Компьютеріңізге орнатар алдында оны арнайы программалар Antispyware мен Antiadware шпиондық және жарнамалық модулдерге тексеріңіз.

Қорғалған ядроның концепциясы. Қорғалған домендер. Spyware шпиондық модулінің компьютерлік вирустардан негізгі айырмашылығы, компьютер жадындағы программалық қамсыздандыруға және мәліметтерге әсер етпейді. Шпиондық модульдердің мақсаты - пайдаланушы туралы ақпараттар (электрондық пошталардың адрестері, қатты дискідегі мәліметтер, Интернетте қарайтын беттерінің тізімі, жеке өзіне байланысты мәліметтер) жинау және оны арнайы мекен-жайға жібереді. Тіпті пайдаланушы оның артынан құпиялы түрде аңдып жүргенін сезбейді. Мұндай жолмен алынған ақпараттарды әр түрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Олар заңға қайшы немесе пайдаланушыға қауіпті болуы мүмкін.

Қандай әдіспен шпиондық модульдер компьютерге кіреді? Көптеген жағдайларда мұндай оқиғалар пайдаланушының керекті және қажетті материалдарды өз еркімен орнату кезінде болады. Мысалы, тегін және тек қана шпион- программамен орнатылатындарды. Егер осы «қосымшаны» өшіретін болсақ, онда негізгі программада істемей қалады.

Программаны орнатқанда мұқият қараңыз: компьютерге кейбір шпиондар, мысалы инсталяция кезінде, экранда шыққан қандай да бір сұрауға, пайдаланушы ойланбай мақұлдап жауап берегенде болуы мүмкін. Шпион программалар Интернеттен кіре алады.

Иерархиялық әдісті. Шпиондық модульдердің түрлері: Қазіргі уақытта шпиондық модульдердің келесі түрлері ерекше кең тараған.

  • Қатты дискінің сканері. Мұндай модульдер қатты дискіні оқып және алған мәліметтерін берілген адрестерге жібереді. Нәтижесінде алаяқтар компьютердегі ақпараттарға, сақталған файлдарға және компьютерде орнатылған программаларға қол жеткізе алады.

  • Пернетақта шпионы. Осы сияқты программалар пернетақтаны бақылап және әр басқан пернені жаттап, одан кейін арнайы адрестерге жібереді. Алынған ақпарат бөтен адамдардың қолына түседі; ал онда хаттар, құпиялы құжаттар, тіпті несие карталарының нөмірлері, парольдер болуы мүмкін. Пернетақта шпиондары туралы толығырақ төменде айтылған.

  • Автоматический дозвон. Мұндай программа орнатылған компьютерлердің модемдері сонда көрсетілген телефон номерлерімен автоматты түрде байланысады. Бұл телефон номері басқа шет елде болуы мүмкін, сондықтан пайдаланушы өте үлкен көлемде телефондық есеп алуы мүмкін. Ондай болмас үшін модем динамикасын қосып қойған дұрыс, сол кезде модемнің автоматты түрде телефон номерін теріп жатқанда назар аударасыз.

  • Программалардың контролері. Осындай түрдегі шпиондар сол компьютердегі жиі қолданылатын программалар туралы мәліметтер жинап, арнайы адрестерге жібереді.

  • Пошталық шпион. Бұл программалар пошталық хаттарға «жөндеуліктер енгізеді»: мысалы, олар электрондық хаттардагы қолдарды өзгерте алады, орындарына жарнамалық ақпараттар қойып және т.б. Кейбір пошталық шпиондар адрестік кітапшаның мазмұнын алаяқтарға жібереді.

  • «Прокси-сервер» түрдегі программалар. Мұндай программа орнатылған компьютерде Интернетте оңай жұмыс істеу үшін прокси-сервер ретінде қолданылады. Осы программаны компьютерге орнатқан алаяқтар, осы басқа атпен жасырынып, ал оның іс-әректттері (заңды және заңсыз) үшін пайдаланушы жауаты болады.

  • Интернет - монитор. Программа несие карталарының номерлерін және интернет-магазиндерден тауарлардың ақшасын төлегенде тез жаттап алады.

  • Басқа да шпиондық модульдер. Бұған комбинирленген шпион- программаларды жатқызуға болды, мысалы қатты диск сканері, программа контролерімен қосылған.

Бұған сонымен қатар ойсыз, әзіл программаларда кіреді. Олар ешкімге ақпарат таратпайды, ешқандай бақылау жүргзбейді, тек қайталап экранға компьютердегі қиындықтарды (мысалы,Сіздің компьютеріңізге вирус жұққан, 15 минуттан кейінСдискісіне автоматты түрде форматтау жүргізіледі) айтып отырады. Мұны оқыған пайдалану тез-тез ең қажетті документтерін сақтайды, көптеген керек емес іс-әрекеттер істейді. Кейде автоматты түрде істегенін күтпей өзі форматтау жүргізеді.


Бекіту сұрақтары:

  1. Қорғалған ақпараттық жүйенің негізгі сипаттамалары қандай?

  2. Криптографиялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.

  3. Шпиондық модульдердің түрлері.

































Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді қорғаумен жабдықтау(11 сынып)
  • Информатика
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздікті операциялық жүйелер құралдары: файлдарды қорғаумен, компьютерлерді

қорғаумен жабдықтау;

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ақпараттық жүйе ұғымын меңгерту;

ә) компьютерді,файлдарды қорғау жабдықтамаларымен таныстыру.

б) Ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, ЭО

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;

ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;

б) оқушыларды сабақ мақсатымен және жоспарымен таныстыру

Автор Тенизбаева Алтынай Амановна
Дата добавления 14.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 397
Номер материала MA-061323
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓