Главная / Биология / Антропосоциогенез. Приматтар эволюциясы. 9 сынып

Антропосоциогенез. Приматтар эволюциясы. 9 сынып

Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Антропосоциогенез. Приматтар эволюциясы.

Сабақтың мақсаты: 1.Ағзалық әлем эволюциясының дәлелдеулері және кезеңдері бойынша оқушылардың білімін пысықтау және адамның шығу ткгі, антропогенез себептері мен кезеңдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Өзінің оқушылық міндетіне саналылық пен қарауға тәрбиелеу.

3. Оқушылардың қорытындылау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: оқулықтағы суреттерді,кестені пайдалану.

І. Ұйымдастыру

Амандасу, кезекші есебін тыңдау.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

§ 34 мазмұнын сұрау. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою

  1. Макроэволюция үдерісі деген не ?

  2. Оның микроэолюциядан айырмашылығы неде ?

  3. Ағзалық эволюциялық үдерістер дәлелдерінің қайсысы дәлелді деп есептейсіңдер, неге ?

  4. Биогенетикалық заңның дұрыстығын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

  5. Ата тектік белгілер кімде пайда болады ? Олардың пайда болу себебі және ықпалы қандай ?

  6. Қалдық деген не ?


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Антропосоциогенез (латынша: антропос – адам,генезис – шығу тегі, социум - қоғам) – адамның осы заманғы қалпына дейінгі шығу тегі мен даму үдерісі. Осы заманғы барлық деректерді жинақтай келіп, адамзат 100 – 300 жылға дейін – ақ қоғамның, заңының ықпалында дамыпты. Сондықтан «антропосоциогенез» терминін пайдаланған жөн.

Приматтар эволюциясы адамның өз эволюциясына қарағанда көптеген миллиондаған жылдар бұрын басталды. Адам тәріздес маймылдардың ата тектерінің қалыптасуы мен пайда болуы эволюциялық шежіреде көрнекңі көрсетілді.

Тірі ағзалардың барлығы туыстық белгілері бойынша жүйелі топтарға жіктеледі. Ең жоғарғы таксон – дүние. Адамды жануарлар дүниесіне жатқызу шүбә келтірмейді. Ал одан әрі мына тізбекте жүйкеленеді :

Желіліер типі → бассүйектілер немесе омыртқалылар тип тармағы → сүтқоректілер класы → қағанақтылар класс тармағы → приматтар отряды → маймылдар отряд тармағы немесе адам тәрізді приматтар → адамтәріздес маймылдардың жоғары тұқымдасы → гоминидтер тұқымдасы → адам туысы → саналы адам түрі.

Палеонтологиялық деректер бойынша понгидке (адамтәріздес маймылдар) және гоминидке (адамдар) бөліну бұдан 15 – 20 млн жыл бұрын болған.


ІV.Бекіту

  1. Антропосоциогенез дегеніміз не ?

  2. Приматтар эволюциясы жайлы қысқаша түсіндіріңдер ?

  3. Тірі ағзалардың туыстық белгілері бойынша жүйеленуінің тізбегін атаңдар.

  4. Понгид және гоминидке бөліну қашан өтті ?


V. Бағалау

Әр оқушының жауаптарына , белсенділігіне қарай талдап бағалау.


VІ. Үйге тапсырма беру.

  • § 35 оқу

  • 165 беттегі сұрақтарға жауап беру (ауызша)


Антропосоциогенез. Приматтар эволюциясы. 9 сынып
  • Биология
Описание:

Ағзалық әлем эволюциясының дәлелдеулері және кезеңдері бойынша оқушылардың білімін пысықтау және адамның шығу ткгі, антропогенез себептері мен кезеңдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Өзінің оқушылық міндетіне саналылық пен қарауға тәрбиелеу.

 

3. Оқушылардың қорытындылау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.

Адам тәріздес маймылдардың ата тектерінің қалыптасуы мен пайда болуы эволюциялық шежіреде көрнекңі көрсетілді.

Тірі ағзалардың барлығы туыстық белгілері бойынша жүйелі топтарға жіктеледі.

Автор Нагызбаева Аяулым Жанымхановна
Дата добавления 17.02.2015
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 1366
Номер материала 56511
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓