Инфоурок Другое Другие методич. материалыАна-біздің гүліміз

Ана-біздің гүліміз

Скачать материал

Бәсекеге қабілетті жас

ұрпақты тәрбиелеуде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі

 

Білім алу мен даму, қашанда болса өзгеріс сатысында болмақ. Міне сондықтан да, білім беру жүйесіндегі біздер баға берудегі өзгерістерді жетік білуге тиіспіз. Өзім кіші мектеп жасындағы бүлдіршіндердің оқытушысы болғандықтан, балаларды дамытатын бастауыш мектеп бағдарламасының жас балалардың білімінің өсуін үздіксіз баптап, балалардың өздері мен олардың дүниесін түсінуге бағытталуын құптаймын. Білім берудегі жаңа бағыт бағалаудың жаңа жолдарын ұсынуда. Осы жаңа тәсілдерді оқу тәжірибеме енгізуде біршама қиындықтармен қатар, ауыз толтырып айтарлық табыстарға да жеттім деп айтуға негіз бар сияқты. Оған осы байқауға қатысу мүмкіндігі тиген сәтте, жасалған жұмыстарды ой елегінен өткізе отырып көз жеткіздім.

 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшінші деңгейлі бағдарламасын меңгергеніміз жайлы заңды құжатқа қол жеткізіп, жаңа қарқынмен оқу жылын да бастадық. Әр модульді тәжірибеге енгізіп, қолданғанда жан-жақты ойланып, ой сүзгіден өткізу арқылы оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж, болжау мен сұрыптау, стандартты бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау мақсаттарын басшылыққа алу керектігін түсіндім. Әр сабақта бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындыққа кездесуі мүмкін екенін анықтау қажет. Сыныпта өзара іс- әрекетті, яғни оқушылардың әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырғандарын бақылау, үй жұмыстарын тексеру арқылы бірталай ақпарат алуға болады. Енді бірлесе жұмыс үстіндегі әрекеттер кезіндегі оқушылардың нені білетінін және одан әрі дамуы үшін қандай қадамдарды белгілеу керектігі туралы ойланып, сабақтарды осыған қарай икемдедім. Жоспарға түзету енгізу үшін әр оқушының үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарын анықтадым. Дербес оқу тапсырмасының кей оқушылар үшін жаңалық, яғни олар әлі де мұғалімнің көмегіне сүйенгісі келетінін байқадым. Осы арада сыртқы қолдау, яғни ата-ананың сүйеніш болуына себеп болып, олармен әңгімелесіп, балаға қолдау көрсетулерін, берілген тапсырманың орындалуын қадағалауды өтіндім.

 

Оқытудың жаңа тәсілдері: топпен жұмыс, бірлесе жұмыстың арқасында аз уақытта біз бірталай жетістікке жеттік. Оқушылар дайын білімді алушы оқушыдан дербес, сыни ойлайтын оқушыға айнала бастады. Олардың ішкі уәждеріне түрткі болып, тәсілдер таңдауда ішкі кәсіби түйсікпен жасаған әрекеттерімнің азғана табысын көру мені қуанышқа бөледі. Оқушылардың нені білетіндігін анықтап, одан әрі жаңа сабақпен байланыстырып, үздіксіз білімге қол жеткізу үшін сұрақтар тобын дайындап, өткен сабақпен байланыстырып отырдым. Дербес оқудың нәтижесі, оқығанын немесе алған білімін кез келген уақытта пайдалана алу дағдысы әр сабақта көрініс таба бастады. Оқушылардың әр жауабын тыңдап қана қоймай, басқа балалардың назарын аудару үшін әр сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты игеруде жасаған жұмыстарын, жаңа білімді алудағы әрекеттерін бір жүйеге келтіру үшін топтарда талқылау кезінде не үйренгенін сұрап, олар талқылаған сұрақтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіруге тырыстым. Сол арқылы оқушыларды оқудың басқы нүктесіне, оның алдында білгендеріне кері жетелеп отырдым. Бұл не үшін қажет? Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімнің арасын байланыстыру үшін керек. Тарау бойынша білімдерін ой сүзгілерінен өткізу және ұзақ мерзімді есті қайта жаңғырту үшін құрастырылған әр деңгейлі тапсырмалар тобын орындауда оқушыларым ойларын жинақтап, менің білгім келген сұрақтардың жауабын дәл тауып, жауап бергенімен қоймай, әр топ басқа екі топтың жауаптарын мұқият тыңдап, түзетулер енгізді. Оқушылардың бойында өзінің жұмысына баға беру, басқа құрбысын әділ бағалау қасиеттерін әрі қарай дамыту үшін мен келесі қадамдарды белгіледім:

 

• Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан көрі, олардың жетістіктерін атау;

• Нұсқауды мәлімдеу — балаға нені оқыту керектігі мен қалай оқыту керектігін анықтау;

• Ата-аналар мен мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы бірлескен, белсенді қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс;

• Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне ықпал етуі керек.

 

Мен оқушыларымның ақылы, ойы өскенін күнделікті қарым — қатынаста бақылау арқылы білемін. Олардың ақылының, ойының өскенін бағалау үшін мен ұдайы оқуым керек. Іздену, білім қорын құру арқылы менің кәсіби түйсігім қалыптасады, іргетасы қаланады. Джон Дьюи: «нағыз еркіндік білім қорының толығуымен үздіксіз қатынаста болатын рефлективтік ойлаудан шығады,» — дейді.

 

Мен оқушыларды бағалау жұмысы үш түрлі жолмен іске асатынына көзім жетті, яғни бақылау кезінде, оқушылармен қарым-қатынас жасағанда және оқушылардың әрекеттеріне талдау жасаған кезде бағалай алатынымды түсіндім.

 

• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
- “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: “Аяқталмаған сөйлемдер” * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

5) Мұғалімдерге екі сабақтың панорамасын көрсету.
- Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер. Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.
6) Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау.
- Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік. (орысшадан аударылды.)
- Топтық кері байланыс қай кезде тиімді екенін айтыңыздар?
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1. Жұмыс барысында топтағы қарым - қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
- жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті
- жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды
- біздің қарым - қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді, топтағы қарым - қатынасымыз тапсырма орындаған сайын нашарлап кетті.
2. Топтағы қарым - қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?
- ақпарат алмасуда
- өзара қарым-қатынаста
- өзара түсіністікте
- осы дәрежелердің бәрінде іске асты.

3. Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
- ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі
- коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау)
- тілдік, сөйлесу қарым - қатынасындағы қиыншылық
4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
- бір адамға бағытталған стиль
- тапсырманы орындауға бағытталған стиль
5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
- топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым - қатынас сақталды
- топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6. топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
- топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі
- топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым - қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы
- бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу.
- берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы
ІІІ. Қорытынды кезең.
• Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.


Бұл оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Дәлме-дәл бағалаудың өте маңызды бөлшегінің бірі — ол оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл процесс оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік береді. Өздерінің жұмыстары туралы жазған оқушылардың әсері — осының бәрі оқушының жетістігін бақылап отырғанға өте пайдалы. Мұғалім оқушыларды мақсат қоюға, өздерінің жетістіктерін бағалауға араластырса, олардың білім алуға қосатын үлестері артып, жасаған жұмыстарының сапасы өседі. Оқушылар көбінесе, мұғалімдер мен ата-аналарының олардан не күтетіндігін, қалай бағалайтындығын және қандай жетістіктерге жетіп жатқандығын білгенді қалайды.

 

Балаларды алдарына мақсаттар қоя білуге баулу, олардың өзіндік бағыты бар оқушы болуына себін тигізеді. Балаларға мен не үйрендім деген сауалға ойлану мүмкіндігін бергенде, мұғалім олардың шынымен біраз жетістікке жеткен екендігіне көздерін жеткізеді, немесе олардың бұрын білмеген заттарын ендігі біліп, танысқандығын аңғаруға мүмкіндік береді. Енді бір балалар кей нәрселерді бірінші рет жасап көргендігін аңғарады. Осы уақыт аралығында жасаған жұмыстарының үлгілерін көргенде, әжептәуір жетістікке жеткендеріне көздері жеткенде, олар өздерінің өсіп-жетіліп жатқандығына нақты дәлел алатын болады.

 

Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Формативті бағалау оқушының нақты білімін көрсете алмайды деген пікірді жақтаушыларға айтарым: оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты айқын, өзінің жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ажырата алатын толыққанды жеке тұлға қалыптастыра алғандығыңыздың куәсі боласыз. Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді.Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін айнаға үңілгендей қарасақ, кәсіби өсуіміз туралы ойлану үшін тиімді пайдаланамыз.

Қорытынды:
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана-біздің гүліміз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыТәрбиеші : Аджибекова Гульфира Касымхановна Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет :Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы:8 саны мен цифры мақсаты:Балаларды 8 санымен және цифрымен,көрнекі түрде 8 санын шығарып алу жолдарымен таныстыру;ретімен санау дағдыларын қалыптастыру;заттыңсанының оның түсіне,көлеміне,кеңістікте орналасуына тәуелді еместігі туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.Математикалық сөйлеу тілдерін,қисынды ойлауларын,зейіндерін, байқағыштықтарын,цифрларды заттың санымен сәйкестендіре білу дағдыларын дамыту.Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: 0-ден 9-ға дейінгі сандар,заттар жиынтығы: Әліппе-дәптер

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 931 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2020 274
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шинкарева Наталия Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шинкарева Наталия Николаевна
    Шинкарева Наталия Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93231
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек