Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МЕҢГЕРТУ

АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МЕҢГЕРТУ

Скачать материал

АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МЕҢГЕРТУ

 

Тунгатова Райкүл Биебаевна

№264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Қызылорда қаласы.

 

Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатыны, оның бүкіл рухани өмірінің ешуақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде...» деп көрсеткен болатын.

Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екендігі түсінікті емес пе?» – деген болатын. Сондықтан  бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағана қызықтыру үшін ана тілі сабағын жаңа технологияларды енгізу қажет. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.

Ана тілі сабағын тиімді өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігі арттады. Жаңа технология оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға ықпал етеді. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапаларымен сәйкес жан-жақты дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз көзқарасын дәледейді.

Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастырылуы керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Ал, енді қазірде жаңа технологияларды пайдаланылып жүрген сабақ төмендегідей үш құрамдас бөліктен тұрады:

1)   Оқу мақсаттарының қойылуы;

2)   Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру;

3)   Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 

Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек.  Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азамат қажет.

Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарас болса, ал жаңа технологияларды оқыту барысында бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйрету керек.

Қазіргі таңда ана тілі сабағында жаңа технологияларды падалануда көркем шығармаларды оқыту барысында сабаққа  мынадай талаптар қойылады:

А) дидактикалық;

Ә) дамытушылық;

Б) тәрбиелік;

В) гигиеналық;

Г) психолгиялық, ұйымдастырушылық талаптарды ескеру керек.

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мұғалім сонымен, сабақ өту барысында педагогикалық шеберлігіне байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білуі қажет. Тиімді әдістерді пайдалану барысында оқушының білімге деген қызығушылығын одан әрі арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады.

Ана тілінің әдістемесінің іргетасын қалаушы аса көрнекті ғалымы педагог А.Байтұрсынов: « ...Әдіссіз тек мәніс білім – өлі білім, тіршілік тірлік – шарасы. Тіршілік шаранасына үйретілетін білім түрі болу керек. Ондай білімді адам мәніс білім мен әдіс білімін қатар үйренгенде болмақ әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы-жаманы болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген. Демек, оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін қолайлы етіп, таңдап ала білуге тікелей байланысты. 

Мұғалім ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда  қажетті  әдістерді тиімді пайдалана білгенде ғана өз мақсатына жетеді. Мұғалім ана тілі сабағында қазірде қолданып жүрген белсенді оқыту  әдістерін пайдалана білу керек.

-       Белсенді оқыту әдістері кластық-сабақтық жүйедегі оқу үдерісінде, мемлекеттік стандарттар мен бағдарламаларды өзгертуді талап етпей ешбір қиындықсыз қолдана алды.

-       Белсенді оқыту әдістері бүгінгі білім саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келелі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;

-       Оқытудың белсенді әдістері білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жеке тұлғалығын қалыптастырады;

-       Белсенді оқыту әдістері мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуметінің дамуына және кәсіби әрекеттің шыңдалуына жол ашады.  

     Қазірде мұғалімдер көркем шығармаларды оқытуда пайдаланып жүрген  әдістерге тоқталайық:

Көркем шығармаларды оқытуда ұтымды әдістердің бірі – ойын. Ойын әдісін сабақта қалай пайдалануға болатынын көрейік. Осы ойын әдісі арқылы оқу үдерісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға таптырмайтын құрал.

Мысалы, «Жұмбақ шешу» ойыны оқушыларды тілін жаттықтырып, еске сақтау қабілеттін жетілдіре түседі. «Жұмбақ шешу» ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны баланы өздігінен ойлануына мүмкіндік беріледі, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

Топпен жұмыс әдіс арқылы баланы ұжымда жұмыс істеуге, өз ойын ұжымда айта білу, өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Мысалы, 2 сынып ана тілі сабағында М.Дулатовтың «Байлық» көркем шығармасын оқытуда мұғалім оқушыларды топқа бөледі. (Топпен жұмыс.) Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге?

ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге?

ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар?

ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер?

V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер.

VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер? деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын талқылап, сұраққа дұрыс  жауап іздейді.  Осы топпен жұмыста оқушылар жұбымен пікір бөліседі. Топпен пікірлер бөліседі, де әр топ ойларын ортаға салады, ой алмасады.

 Ана тілі сабағында көркем шығарманы оқытуда тиімді әдістің – бірі проблемалық әдіс.

Оқушының алдына проблема қойып үйретуде мынадай қағиданы басшылыққа алдық:

-       Проблемалық жағдайдың бала көңіл-күйіне сәйкес келуін қадағалау;

-       Шешілетін проблеманың оқушы үшін маңызды болуы;

-       Оқушы мен мұғалімнің диалогының өзара түсіністік сипатта құрылуы.

Жалпы көркем шығарманың құрылымдық ерекшелігін түсіндіру проблемалық сұрақтардан тұрады. Талдау барысында «көркем шығарманың мазмұнын тез түсіне аламыз ба?» деген проблемалық сұрақ туады. Мұғалім «неліктен олай ойлайсың» деген сұрағымен проблема нақтыланады.

Сабақты қызықты да тартымды өткізу үшін тиімді әдістің бірі – итерактивті әдіс. Интерактивті әдіс бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Ол ең алдымен, коммуникативтік іскерлік пен дағдыны дамытады. Тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі, себебі балалар топта жұмыс жасауға, бір-бірінің ойын тыңдауға үйренеді. Интерактивті әдіс мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін өзгертеді, мұғалім белсенділігі, оқушы белсенділігімен ауысады.

Өлең құрастыру әдісі. Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы жүргізуге болады.

а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.

 Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде:

«Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т.б.

ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегі ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:

байлық

алдық

құс біткен

қалдық.

Оқушы тапсырмасының орындалу:

     Күз – береке, күз байлық,

Күзде өнім мол алдық.

«Қош» айтысып құс біткен,

Кеткен ұшып біз қалдық.

Эссе жазу әдіс. – француз тілінен аударғанда «шағын көлемдегі ойталқы жазу» яғни, белгілі бір көріністен алған әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі.

Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:

1)   30-минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;

2)   Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма түрінде қолданылады;

3)   Сабақ қортындысын шығару үшін және сабақта туған ойларды жазып шығу үшін қоланылады;

4)   Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй жұмысына беруге болады.

Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар мен анықтамаларды қолдана отырып, оқушыны ойландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, мақал-мәтелдерді өту барысында еңбек жайлы мақал-мәтелді өткеннен кейін «Еңбексіз өмір жоқ» тақырыбына жазу. Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік ашылады. Ой қортындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдануға септігін тигізеді.

Қорыта айтқанда, ана тілі сабағында көркем шығармаларды оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылар жұппен, топпен, жұмыс жасатып, білім сапасын арттыруға болады. Көркем шығармаларды оқытуда мұғалімдердің алдында тұрған міндеттері аса маңызды. Сондықтан да, әр бастауыш сынып мұғалімі өз алдына нақты бір бағытты анықтап алған жөн. Мәселен, оқушылардың ана тілі пәніне деген қызығушылығын дамыту; ана тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқытуда сөйлеу белсенділігін  арттыру; өтілетін тақырыпқа байланысты оқушыларды өз бетінше мазмұндауға қызықтыру; Мұғалім сабақ өту барысында осыдай әрүрлі әдістер пайдаланса, онда мұғалім өз алдына қойған міндеттеріне жетеді деп ойлаймын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП МЕҢГЕРТУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: «Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатыны, оның бүкіл рухани өмірінің ешуақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі – барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде...» деп көрсеткен болатын.

Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. К.Д.Ушинский: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екендігі түсінікті емес пе?» – деген болатын. Сондықтан  бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағана қызықтыру үшін ана тілі сабағын жаңа технологияларды енгізу қажет. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап, оқытуға мүмкіндік туады.

Ана тілі сабағын тиімді өткізуде оқушылардың танымдық белсенділігі арттады. Жаңа технология оқушының жеке өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы оқушының білім жетістігін жақсартуға ықпал етеді. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапаларымен сәйкес жан-жақты дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдаланудағы сабақтың ерекшелігі оқушылардың өздері жаңалық ашуға ұмтылады, әрі ізденіп жауабын тауып, өз көзқарасын дәледейді.

Сабақ мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастырылуы керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиеді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Ал, енді қазірде жаңа технологияларды пайдаланылып жүрген сабақ төмендегідей үш құрамдас бөліктен тұрады:

1)   Оқу мақсаттарының қойылуы;

2)   Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру;

 

3)   Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 787
    • DOCX 45.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 139194
    • Всего материалов: 60

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек