Инфоурок ИЗО, МХК Конспекты"Алғырлар мен тапқырлар" іс шара

"Алғырлар мен тапқырлар" іс шара

Скачать материал

Тақырыбы: "Алғырлар мен Тапқырлар."
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау, сөйлеу, математикалық білім қабілеттерін арттыру. Қызықты ойындар, сұрақтар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ойната отырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге және ұжымдасып жұмыс істеуге жұмылдыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ойындар, логикалық есептер т.б.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әртүрлі  суреттер, карточкалар,т.б
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өтетін «Алғырлар мен  Тапқырлар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар.
Жұмбақ, есеп бәрі бар,
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.


1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Тапқырлар»

Оқушылар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды көрсетуге.

Тыңдаңыздар, халайық, балалардың,

Өздерінің таныстыру кезеңдерін.


Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
«Алғырлар»  тобы:
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғырлар» тобы атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Тапқырлар» тобы:
Мақтанбаймыз «тапқырмыз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Тапқырлар» тобы атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық. Кезеңдермен таныстыру.

 

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жұптаспай,

Тәлім-тәрбие алар ма?

Бұл сайыс ойдың белгісі,

Кім зерек  болса сол алда  дей - отырып 1-ші кезеңімізді әзіл сұрақтарынан бастайық.


1- кезең: Әзіл сұрақтар.

"Алғырлар" тобы

1. Қар қашан жауады?

2. Қыстың соңғы айы?

3. Қар жана ма?

4. Мақта қыздың досы?

5. Есік пен терезенің арасында не тұр?

6. Тауық өзін құспын деп айта алама?

7. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?

8. Барар жеріңе қалай жетесің?

9. Қорадағы тауықты кім алып кетеді?

10. Түнгі 12 де кім екен есікті қаққан?

"Тапқырлар" тобы

1.  Көрмес кімді көрмейді?

 2. Доп суға құласа не болады?

 3. Оқи берсең, кім боласың?

 4. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады?

 5. Қай қолмен шайды араластырған дұрыс?

6. 10 жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алса нешеуі қалады?

 7. Басты байлық не?

 8. Есту мүшесі не?

9. Үш арсызды ата?

10. Жыл басы не?

 

2- кезең: "Кім шапшаң?" Құстар мен аңдардың суреттерін жинау.

3-кезең: "Орнын тап", орны ауысқан әріптерден сөз құрау.

1-ші топ:

1. л, а, қ, б, ы (балық)

2. ғ, а, а, ш (ағаш)

3. а, ғ, а, з, қ (қағаз)

2-ші топ:

1. і, і, м, л, б (білім)

2. б, а, а, қ, с (сабақ)

3. қ, а, а, б (бақа)

 

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық - деп сөз сайысына кезек берейік.

 

4-кезең: "Сөз сайысы"

 

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикадан орың берсең басыңнан,

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың олар табылатын қасыңнан - дей отырып, келесі кезеңімізді бастайық.

 

5-кезең: "Ертегі есеп"

«Алғырлар»  тобы
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

 Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

«Тапқырлар» тобы

 Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?

 

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.  Келесі кезеңімізді бастайық.

 

6- кезең Шығармашылық жұмыс: "Гүл құрастыру"

 

Сергіту сәті: "Көңілді маймылдар"
Жүргізуші- «Маймылдардың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!
Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар, өз өнерлерін көрсетеді.


6-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр, "Ұйқасын тап"

1. Жазу үшін саған... ,қажет саған (қалам)

2. Дауысына құлақ түр, жер жыртып жүр...(трактор)

3 Қарды қояр күреп, керек жалпақ...(күрек)

4. Өзінше ноян,   қорқақ кім? (қоян)

5. Бата алмас түлкі, үсті тікен...(кірпі)

6. Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан)

7. Алмастан тыным, шабады...(құлын)

 

Қорытынды:

1. Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Жеңістермен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткіземе мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысуда бір жеңіс,

Жан болсаң сен ұғатын.

 

2. Білім-теңіз,мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алғырлар мен тапқырлар" іс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: "Алғырлар мен Тапқырлар."Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, математикалық білім қабілеттерін арттыру. Қызықты ойындар, сұрақтар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ойната отырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуге және ұжымдасып жұмыс істеуге жұмылдыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс. Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ойындар, логикалық есептер т.б.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әртүрлі суреттер, карточкалар,т.бҰйымдастыру бөлімі: - Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі өтетін «Алғырлар мен Тапқырлар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер! Уа, халайық, халайық Бәріне жар салайық Бүгінгі кеш төрінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыт тасып, шалқысып Көңілді кеш жасайық Жұмбақ шеру шашайық, Мұнда қызық табылар. Жұмбақ, есеп бәрі бар, Ал, сайыскер балалар Білімдеріңді сынайық. - деп бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін. 1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Тапқырлар» Оқушылар келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды көрсетуге. Тыңдаңыздар, халайық, балалардың, Өздерінің таныстыру кезеңдерін. Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін. «Алғырлар» тобы: Озып шығып бәйге аламыз Аты аңызға айналған«Алғырлар» тобы атанып Бізде ғалым боламыз. «Тапқырлар» тобы: Мақтанбаймыз «тапқырмыз» деп Таудай бірақ талабымыз«Тапқырлар» тобы атанып, Келешекте өскенде Үлкен ғалым боламыз. Ей, балалар, балалар, Қане бері қараңдар Сайысымызды бастайық. Кезеңдермен таныстыру. Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жұптаспай, Тәлім-тәрбие алар ма? Бұл сайыс ойдың белгісі, Кім зерек болса сол алда дей - отырып 1-ші кезеңімізді әзіл сұрақтарынан бастайық. 1- кезең: Әзіл сұрақтар. "Алғырлар" тобы 1. Қар қашан жауады? 2. Қыстың соңғы айы? 3. Қар жана ма? 4. Мақта қыздың досы? 5. Есік пен терезенің арасында не тұр? 6. Тауық өзін құспын деп айта алама? 7. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? 8. Барар жеріңе қалай жетесің? 9. Қорадағы тауықты кім алып кетеді? 10. Түнгі 12 де кім екен есікті қаққан? "Тапқырлар" тобы 1. Көрмес кімді көрмейді? 2. Доп суға құласа не болады? 3. Оқи берсең, кім боласың? 4. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? 5. Қай қолмен шайды араластырған дұрыс? 6. 10 жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алса нешеуі қалады? 7. Басты байлық не? 8. Есту мүшесі не? 9. Үш арсызды ата? 10. Жыл басы не? 2- кезең: "Кім шапшаң?" Құстар мен аңдардың суреттерін жинау. 3-кезең: "Орнын тап", орны ауысқан әріптерден сөз құрау. 1-ші топ: 1. л, а, қ, б, ы (балық) 2. ғ, а, а, ш (ағаш) 3. а, ғ, а, з, қ (қағаз) 2-ші топ: 1. і, і, м, л, б (білім) 2. б, а, а, қ, с (сабақ) 3. қ, а, а, б (бақа) Қайсысы білгір, білімді, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық - деп сөз сайысына кезек берейік. 4-кезең: "Сөз сайысы" Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикадан орың берсең басыңнан, Барлық ғылым соған үйір болады, Досың олар табылатын қасыңнан - дей отырып, келесі кезеңімізді бастайық. 5-кезең: "Ертегі есеп" «Алғырлар» тобы«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты: Сапырып-сапырып Арманға бер, Құйып-құйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.«Тапқырлар» тобы Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу? Шеберлерім өнер тамып қолынан, Жаңылмаған ата-баба жолынан. Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, Біз айталық төрелігін соңынан. Келесі кезеңімізді бастайық. 6- кезең Шығармашылық жұмыс: "Гүл құрастыру" Сергіту сәті: "Көңілді маймылдар" Жүргізуші- «Маймылдардың апасы»: Біз – көңілді маймылдар, Өте қатты шулаймыз, Алақанды соғамыз, Еденді де таптаймыз. Ұртымызды үрлеп, Әндетеміз гулеп. Төбеге де секірдік, Маңдайға саусақ келтірдік. Құлағымыз – қалқан, Құйрығымыз – салпаң. Бірақ тәртіп – қатаң, «Үш» дегенде апаң- Бәрің тілді алыңдар, Қозғалмай, қатып қалыңдар! Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар, өз өнерлерін көрсетеді. 6-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр, "Ұйқасын тап" 1. Жазу үшін саған... ,қажет саған (қалам) 2. Дауысына құлақ түр, жер жыртып жүр...(трактор) 3 Қарды қояр күреп, керек жалпақ...(күрек) 4. Өзінше ноян, қорқақ кім? (қоян) 5. Бата алмас түлкі, үсті тікен...(кірпі) 6. Айбат шегер алыстан, аң патшасы...(арыстан) 7. Алмастан тыным, шабады...(құлын) Қорытынды: 1. Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын кең аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәрімізде біргеміз. Жеңістермен жеңілістен тұратын, Өмір күрес жеткіземе мұратың. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме, Қатысуда бір жеңіс, Жан болсаң сен ұғатын. 2. Білім-теңіз,мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз. Әдебі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа еге дейміз. Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар, Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар. Ойлы орта кеңейсін күннен күнге, Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 980 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2020 343
    • DOCX 19.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимшаева Эльвира Эмир-Асановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68334
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство")

Учитель изобразительного искусства

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Обучение архитектуре детей от 12 лет. Проектный подход

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек