Главная / Информатика / Алгоритм, программа ұғымдары.Алгоритм қасиеттері.

Алгоритм, программа ұғымдары.Алгоритм қасиеттері.

Пән: Информатика

Сынып: 9 «Б», «В», «Г»

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм, программа ұғымдары.Алгоритм қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымы, оның қасиеттері және бейнелеу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Білімділік: Оқушылардың информатика пәні бойынша алған «алгоритм» туралы түсініктерін жинақтау, олардың қасиеттері мен жазу тәсілдерін пән арқылы толықтыру,білімдерін бақылап, бағалау.

  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  • Тәрбиелілік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру,іздендіру, салыстыру

Сабақта қолданылатын құрал –жабдықтар мен көрнекілік: компьютер, интерактвті тақта, қима қағаздар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2. Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3. С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4. Динисламов, «Паскаль программалау негіздері».

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі: /3 мин/

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру /8 мин/

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру /10 мин/

4) Жаңа сабақты бекіту. Сарамандық жұмыс. /15 мин/

5) Сабақты қорытындылау. /4 мин/

6) Үйге тапсырма /1 мин/

7) Рефлексия /2 мин/

8) Бағалау /2 мин/


Алгоритм ұғымына түсінік бермес бұрын шамалы тарихқа жүгінейік. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл- Хорезми /763-850ж.ж./ есімінің латынша Algoritmi / Алгоритми/ болып жазылуынан шыққан.


Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.


Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.


Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа – енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде – адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.


Алгоритм қасиеттері:

/Алгоритм/ ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұмат келтірейік.Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылды:

  1. Алгоритм анық дәл өрнектелуі тиіс;

  2. Оның модульдік /бөлікке- бөліну/ қасиеті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет;

  3. Алгоритм шектеулі уақытта нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек.

  4. Біртектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.

1.Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоримде келтірілген барлық іс- әрекеттрдің мағынасы айқын, нақты болу керек.

2.Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болуы керек.

3.Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез- келген алгоритмнің нәтижесі болу керек.Егер де есептің шешімі болмаса /шешімі жоқ/деген нәтиже беруі қажет.

4.Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана / есепке/ арналмай , осы тәріздес мәселелер шешімін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет. Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді.

Мысалы: у = (ах+b)(сх -d) функциясын есептеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:


1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;


2) У – ті b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;


3) с – ны х – ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;


4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;


5) У1 –ді У3 –ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.


Осы алгоритмдегі а, b, с, d, х сандары алғашқы мәліметтер, ал у-тің есептелген мәні нәтиже болып табылады.Алгоритмде бес бұйрық бар, ал әрбір команда белгілі бір нәтиже беріп тұр.


Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:

а) y=(5x2 – 4)(x2 + 7);

b) y=(4x + 2) 2 + x3;


Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Келтірілген алгоритм бойынша у - тің мәнін есептеуге арналған формуланы келтіріңдер:

1) 5 - ті х - ке көбейтіп, нәтижесін С1 деп өрнектеңдер;

2) 3 - ті х - ке көбейтіп, нәтижесін С2 деп өрнектеңдер;

3) С2 - ні 1 - ге азайтып, нәтжені С3 деп өрнектеңдер;

4) С1 - ді С3 - ке бөліп нәтижені У деп өрнекте.


Тапсырма №3

1) х - ке х - ті көбейтіп, нәтижені В1 деп белгілеу;

2) В1 - ді 5 - ке көбейтіп, нәтижені В2 деп белгілеу;

3) В2 - ден 6 - ны азайтып, нәтижені В3 деп белгілеу;

4) В1 – ге 4 - ті қосып, нәтижені В4 деп белгілеу;

5) В3 - ті В4 - ке бөліп, нәтижені У - тің мәні деп есептеу

Сабақты қорытындылау:

  1. /Алгоритм/ атауы Мұхаммед әл- Хорезми есімінің латынша айтылуынан шыққан.

  2. Алгоритмді алуан түрлі мәселерді шешуге пайдаланады.

  3. Алгоритм ықшамды бөліктерге бөлінеді.

  4. Алгоритм айқын әрі нақты өрнектеледі.

  5. Біртектес есептерге ортақ бір ғана алгоритм құрылады.

  6. Алгоритм шекті қадамдардан кейін нәтиже береді.


Үйге тапсырма:тақырыпты оқу, 3 тапсырма ә-сін орындау 12-13 бет, бақылау сұрақтарға жауап.

Алгоритм, алгоритмдеу, алгоритмдік тіл деген сөздерге глоссарий жазып келу.


Рефлексия:

Оқушыларға:

- Кімге бүгінгі сабақ ұнады, қолдарынды жоғары көтеріндер?

Мұғалім:

- Маған да ұнады.Өте қызық сабақ болды.


Бағалау: Оқушылардын сарамандық жұмыстарын тексеріп, жіберген қателеріне ескертулер жасап, бағалау.


Осымен сабақ аяқталды, сау болындар!



Алгоритм, программа ұғымдары.Алгоритм қасиеттері.
  • Информатика
Описание:

План урока по информатике. Тема "Алгоритм, программа ұғымдары.Алгоритм қасиеттері."

Цели и задачи урока:

закрепить умение учащихся различать виды алгоритмов, самостоятельно строить алгоритмы, изменять формы записи алгоритмов, совершенствовать умение работать на компьютере.

Тип урока: урок комплексного применения знаний и умений (урок закрепления).

Планируемые образовательные результаты:

Предметные – представление обо всех типах алгоритмов;

Метапредметные – умение самостоятельно планировать пути достижения целей; соотносить свои действия с планируемыми результатами, осуществлять контроль своей деятельности, определять способы действий в рамках предложенных условий, корректировать свои действия в соответствии с изменяющейся ситуацией; ИКТ-компетентность;

Личностные – способность связать учебное содержание с собственным жизненным опытом, понять значение развитого алгоритмического мышления для современного человека.

Автор Сакиева Жадыра Олеговна
Дата добавления 05.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 792
Номер материала MA-061052
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓