Главная / Математика / алгебра сабағынан сабақ жоспары "квадраттық функцияның графигі"

алгебра сабағынан сабақ жоспары "квадраттық функцияның графигі"

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функцияның графигі тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Өткенді қайталау

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайд, плакаттараратпа материалдар, тестік тапсырмалар

Сабақтың әдісі: Тренинг сабақ, сұрақ-жауап

Қолданылған модульдер: АКТ, СТО (блум таксаномиясы), топтық жұмыс, диалогты оқыту, жеке жұмыс, бағалау.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру(3 мин)

2.Қызығушылықты ояту.Ауызша сұрақтар(1мин)

3.Теориялық материалды қайталау.(5мин )Оқушылардың презентациялары

4.Ауызша есептер. (5 мин)

5.Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс. (20 мин )

6.Тест тапсырмасы.(7мин)

7.Үйге тапсырма. (1мин)

8.Қорытынды. (2мин). Бағалау.(1мин)

Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты мен міндетімен таныстыру,топқа бөлу топ ережесін құру,топ мүшелерінің міндеттерін бөліп алу. Үй тапсырмасын тексеру

II. Білу. «Қызығушылықты ояту».Теориялық материалды қайталау

1.Қандай фукцияны квадраттық функция деп атайды?

2.Кваадраттық функциялардағы а коэффициенті нені білдіреді?

3. Берілген функциялардың қайсысы квадраттық функция болады?

1) у=5х2-6 4) у=4х2

2) у=7х-1 5) у=x3+x+1

3) у=-3х2+х+7 6) у=-9х2+4х

III. Үйге берілген шығармашылық тапсырманы тексеру

(у=ах2+вх+с квадраттық функциясының анықтамасы, графигін MS Power Point бағдарламаларын қолданып, өздері слайдтар дайындаған 3 оқушы тақтаға шығып түсіндіреді)

IV.Түсіну. Ауызша есептер шығару

  1. Сәйкестікті табыңдар

Квадраттық функция келесі формуламен берілген. Парабола төбесін анықтаңдар.

у = х 2 - -5 2) у= -5х 2+3

  1. Параболаның координата осьтерімен қиылысу нүктелерінің координаталарын табыңдар

  1. у=х2- х; 2) у= х2+3; 3) у=5х2-3х-2

V. .Шығармашылық .топтық жұмыс

4 топқа бір практикалық тапсырма график салуға

VI.Т е с т 2-нұсқадан беріледі.қайталауға.

VII. Үйге №276, 277, қайталау

Қорытынды.Топ бақылаушылары әр топтың жұмысына қорытынды береді

Бағалау. Өзін-өзі бағалау «Баcпалдақ» бойынша.

























алгебра сабағынан сабақ жоспары "квадраттық функцияның графигі"
  • Математика
Описание:

Оқушыларды квадраттық функцияның дербес түрлерін қайталау және белгілі графиктердің көмегімен квадраттық фунцияның графиктерін салудағы білімдерін бекіту және өз беттерімен ізденуге, қорытындылай білуге үйретуге арналған сабақ жоспары. оқушыларды ойлауға, шешім қабылдауға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттырады, өз өмірі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және қойған мақсатына жетуге тәрбиелейтін сабақ.

Автор Омарова Шахмарал Ахметжановна
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров 596
Номер материала 58506
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓