Инфоурок Другое Другие методич. материалыАксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар

Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:    Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар

Сабақтың мақсаты:    а) аксонометриялық проекциялардың салыну жолдарын,       оларды сызбада дұрыс орналасуын түсіндіру, үйрету.

                                        ә) оқушылардың логикалық талдау және алған білімдерін практикада дұрыс қолдануын дамыту.

                                        б) оқушыларды сызбада ұқыпты орындауға, сызбаны тиянақты сызып аяқтауға баулу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, сызба үлгілері

Пәнаралық байланыс:  геометрия, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру бөлімі:

-         оқушыларды түгелдеу,  сабаққа дайындықтарын тексеру

2.     Үй тапсырмасын тексеру. (Оқушыларға интерактивті тақтадан слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру, мысалдар келтіру, аксонометриялық проекцияларды тұргызу әдісін үйрету)

-         Оқушылар өткен сабағымызда түзу сызықтың кесіндісі мен жазық фигураның  эпюрін салған болатынбыз.

-         Сонымен , оқушылар өткен сабағымызды еске түсіріп, сұрақтарға жауап береміз.

-         Сұрақтар

-         1. Проекциялар жазықтықтарына көлбеу орналасқан түзу кесінділері қалай проекцияланады? 

-         2. Проекциялар жазықтықтарына параллель орналасқан түзу кесінділері қалай проекцияланады?

-         3.  Проекциялар жазықтықтарына перпендикуляр орналасқан түзу кесінділері қалай проекцияланады?

-         4.  Проекциялар жазықтықтарына параллель орналасқан  жазық фигуралар қалай проекцияланады, параллель ме әлде көлбеу ме?

 Үйге 4-тапсырма берген болатынмын, сол тапсырмаларды ашып қоямыз мен тексеріп өтемін.

      4 тапсырма. Нұсқа – 1.

 D  x-95  y-5  z-20         

 E  x-60  y-5   z-0

 F  x-20  y-55 z- 45

Тақтаға қараймыз, біздің жазық фигурамыз нақты осылай шықтыма?

Үй тапсырмасын тексеру. Дұрыс орындап келген оқушыларды атап айту.

3.     Жаңа сабақ    

Оқушылар адамдар күнделікті өмірде, өндіріс жағдайында кескіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады: орталық немесе перспективалық проекция, аксонометриялық проекциялар, тікбұрышты проекциялар, т.б.

 Аталған әдістер бір-бірінен кескіндеу сипатымен, сол сияқты тұрғызу шартымен де ерекшеленеді.

   Керек есепті шешуге мүмкіндік беретін кескіндерді қайтымды , мүмкіндік бермейтін кескінді қайтымсыз деп атайды.Сызуда қайтымды кескіннің екі түрі  - АКСОНОМЕТРИЯ мен МОНЖ эпюрі қарастырылады.

ЭПЮР – француз сөзі, қазақшаға аударғанда жазық сызба деген мағына береді. Француз ғалымы ГОСПАР МОНЖ / 1746 – 1818 / дың құрметіне қайтымды кескін Монж эпюрі деп аталған.

   Аксонометрия (гректің “axco” - ось және “metreo” – өлшеу) осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы – көрнекілігінде және бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде қолданады.

Проекциялау әдісі

Проекциялар жазықтықтарын гректің п / пи / әрпімен белгілеп, бір бірінен ажырату үшін жоғарғы немесе төменгі индекстер пайдаланылады.

П’ – аксонометриялық проекциялар жазықтығы ;

П1 – горизонталь проекциялар жазықтығы;

П2 – фронталь проекциялар жазықтығы;

П3 –профиль проекциялар жазықтығы

Оxyz жүйесін натурал координаталар жүйесі дейді.

—  I О АхI- абсциссиясы.

—  I Ах А2I- ординатасы.

—  I А2 А I- аппликатасы.

—  ОАхА2А- сынық сызығы  А нүктесінің координатасының сынық сызығы дейді.

 1 Проекциялар бағыты жазықтығына перпендикуляр болса, аксонометрия тік бұрышты деп аталады.

     2 Егер проекциялау бағыты проекциялар жазықтығына перпендикуляр болмаса аксонометрия қиғаш бұрышты деп аталады.

     3 Аксонометрияның V=Н=W , болатын жеке түрін изометрия дейді. ИЗОМЕТРИЯ –грек сөзі  / бірдей өлшем / деген мағына береді.

4         Бұрмалану көрсеткіштерінің екеуі өзара тең және олар үшіншісіне тең болмайтын түрін диметрия деп атайды. ДИМЕТРИЯ – грек сөзі / екі өлшем / дегенді білдіреді.

5        АКСОНОМЕТРИЯ ның біз танысатын екі түрі бар олар.Тік бұрышты изометрия , қиғаш бұрышты фронталь диметрия .                   https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR9UjBMnXKlNZqM2yqxZrEkW_n1Rn9Bxjfct7WZ194gnEIIYA7x              https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQNUOazy7_5PbsWbJaEyCW_2GZow_Doc2jJ8cT5Fu4nqRIyKDgx      

 

                       

Мына текшелердің қайсысы изометрия, қайсысы диметриялық проекцияда орналасқан?

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS27QdD3X_tEJ-Nxa5QN3DFzBBSHmewYjYKiqumJXpf2ySW1j7X

Сөзжұмбақ   «Проекция»    

1.     Фронталь, горизонталь проекциялар жазықтығына тағы бір вертикаль жазықтық орналасқан, ол қандай жазықтық? Профиль

2.     Бізге қарсы орналасқан вертикаль проекция жазықтығын қандай жазықтық деп атайды? Фронталь

3.     Фигураны жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, мұндай әдісті қалай проекциялау деп атайды? Орталық

4.     Координаттарының екі осінің көлбеулігі бірдей, үшіншісі басқаша болатын аксонометриялық проекция түрі? Диметрия

5.     Координаттар жүйесінің осімен Oz жүйесі не деп аталады? аппликата

6.     Координаттар жүйесінің осімен Oх  жүйесі не деп аталады? Абсцисса

7.     х және у осьтерінің көлбеулігі бірдей, барлық үш ось бойынша өлшемдер бірдей кемиді, бұл аксонометриялық проекцияның қай түрі? изометрия

8.     Осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіретін проекция түрі? аксонометрия

4.     Практикалық кезең.

Екі көрінісі суретте берілген детальдың  аксонометриялық проекцияларын салудың  жалпы тәсілін қарастырайық.

  

    Оқушылар тақтада берілген текшеге қарап өлшемдерін түсіріп, сызба орындауға кіріседі. Текшенің изометриялық, диметриялық  проекциясын орындау. Әр қатардан бірінші болған оқушыларды тақтаға шығарып, тақтаға сызып көрсеттіру.

 5. Қорытынды:    

Тестпен жұмыс. Жауабын  жаз. 

1.      Бұрмалану көрсеткіші Х,У,Z осітерінде 1-ге тең болатын аксонометрилық проекция түрі ------------------------------------------  (изометрия)

2.     Бұрмалану көрсеткіші  Х,Z- осітерінде    1- ге , ал У осінде 0,5 –ке тең болатын аксонометриялық проекция түрі----------------------- (диметрия)

3.      Аксонометриялық проекциялар саны--------------------------------------( 2)

4.     Аксонометриялық  немесе перспективалық проекциялар ережелері мен көз мөлшермен пропорциясын сақтай отырып , қолмен орындалған нәрсе кескіні-------------------------------------------- (техникалық сурет)

5. Тік бұрышты изометриялық проекцияда остерінің бұрыштары мен бұрмалану көрсеткіші ---------------------------------------- (K=xyz= 120)   

6Бағалау:  Оқушылар  бірі – бірінің жауаптарын тексеріп, бағалайды.

Сабақ соңында барлық оқушылар тесттің қорытындысымен практикалық тапсырманы дұрыс орындағандар аталып бағаланады.

7. Үйге тапсырма:   

Изометриялық, диметриялық осьтерді тұрғызу.

 Детальдың диметриялық проекциясын салыңдар .  Тақтадан детальдың өлшемдерін дәптерлеріне түсіріп алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұматтар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: а) аксонометриялық проекциялардың салыну жолдарын, оларды сызбада дұрыс орналасуын түсіндіру, үйрету. ә) оқушылардың логикалық талдау және алған білімдерін практикада дұрыс қолдануын дамыту. б) оқушыларды сызбада ұқыпты орындауға, сызбаны тиянақты сызып аяқтауға баулу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2020 1489
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сивкова Марина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сивкова Марина Александровна
    Сивкова Марина Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69062
    • Всего материалов: 193

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе