Инфоурок Иностранные языки КонспектыАғылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Скачать материал

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

 

      Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді.

Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.

Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды

•        Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;

•        Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

•        Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;

•        Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

•        Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;

•        Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;

•        Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

1) стол үсті ойындары

2) дидактикалық ойындар

3) қозғалыс ойындары

4) іскерлік ойындар

5) интеллектуалдық ойындар

І. Стол үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

ІІ. Дидактикалық ойындар.

Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

ІІІ. Қозғалыс ойындары.

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.

IV. Іскерлік ойындар.

Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

V.Интеллектуалдық ойындар.

Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

1.Teaching with limited Resources:-

«Шектелген ресурстармен оқыту»

Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.

«Hot chair» - «Ыстық орындық»

Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі – «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Женген оқушы тиісті «5» бағасын алады.

2.“Grammar`s Wild” ойыны.

1.Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см

2. 3х5 қағаздарға саналатын және саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;

5х7 қағаздарға Counted, Uncounted, Both –деп жазыңыз;

3.Оқушыларды екі топқа бөліңіз;

4.Әр топқа қима қағаздарды таратыңыз (түстері әр-түрлі болсын);

Әр команда қағаздарды өз категориясы бойынша бөлу керек.

3.“Compare them”ойыны.

1.Жануарлардың суреттерін дайындаңыз;

2.Оқушыларды жұптап бөліңіз де, әр жұпқа 2 суреттен беріңіз;

3.Тақтаға бірнеше сын есімдерді жазыңыз;

Мысалы:

Bad short tasty

Beautiful long small

Good young big

Nice old sweet

4. Оқушылар суреттеріндегі жануарлар ды салыстырып, неғұрлым көп

сөйлем жазады.

4.Анаграмма / Wordsnakes

Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз:

woruyehao

hellohowareyouIamfineseeyougoodbye

5.Guess the word

Оқушылар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы моқушылардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, оқушылар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын жалғаса береді.

6. “Kim`s Game” ойыны.

Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?

7.“Bingo” ойыны

Бұл ойын лексиканы да, грамматикалық тапсырмаларды тексеру үшінде өте қолайлы ойынның бірі. Оқушылар 16 торкөзді кесте сызады. Оған есімдіктерді кез келген ретпен жазады. Жазып болғаннан кейін мұғалім оларға есімдіктері түсірілген жаттығу ұсынады. Осы жаттығуды оқушылар торкөзге жазған есімдіктерін қою арқылы толтырады. Егер көлденең не тігінен жазылған есімдіктер қатары бірінші болып бітсе, оқушы жеңімпаз болып, «Bingo!» деп өзінің жеңімпаз екенін білдіреді. Мысалы:

 

my    they   she

Our

Mine your  Her    Their

You   Herself        Its     His

yours Myself        himself       it

 

Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. [3, 1-б]

Ойын арқылы сөздің айтылуы, лексикалық және грамматикалық материал белсенді түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование) және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын арқылы баланың шығармашылық және ойлау қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін уйренуге деген қызығушылығын оятады. Теңдікті сезіну, сабаққа қызыға қатысу - оқушыларға ұялшақтықты, жасықтықты жеңе алуға, тілдік барьерден өте алуға және шаршауды баса алуға мүмкіндік береді.

Грамматикалық жаттығулар бойынша мынадай ойындарды ұйымдастыруға болады.

1. «What’s this?» (“to be” етістігін жаттықтыру ойыны)

Мұғалім ашықхатты балаларға көрсетіп, «Guess what is this?» – деп сұрайды, оқушылар «Is this a girl?». Мұғалім «No, it isn’t» немесе «Yes, it is» деп жауап береді. Мұғалім кез- келген затты көрсетіп, сол сұрақты қоюына болады.

2. «Questions» (“to be” етістігін жаттықтыру ойыны)

ЖүргізушіАәрпінен басталатын бір сөзді ойлап, былай дейді : “I spy with my little eye something beginning with A”. Оқушылар сол сөзді табу үшін: “Is it an apple?”, “Is it an apricot?” сияқты сұрақтарды қою арқылы мұғалімнің ойлаған затын табулары тиіс.

3. «Hide-and-seek in a picture». (“Prepositions” арналған ойын)

Тығылатын адамды санамақ арқылы анықтайды. Оқушылар көздерін жұмады, тығылатын оқушы ойша үлкен суреттегі қай заттың артына тығылатынын қағазға жазып, мұғалімге береді. Қалған оқушылар сол уақытта:

Bushel of wheat, bushel of clover

All not hid, can’t hide over

All eyes open! Here I come

Оқушылар көздерін ашып, «іздей» бастайды:

P1: Are you behind the wardrobe?

P2: Are you under the bed?

P3: Are you in the wardrobe?

Тапқан оқушы тығылуға мүмкіндік алады.

4. «Where was …?» (“Prepositions”, “to be” арналған ойын)

Мұғалім үстел үстіне ағылшын тілінде атаулары белгілі заттарды қояды: қалам, қарындаш, пенал, кітап және т.б. Қаламды үстел үстіне қойып, қаламды кітаптың ішіне салып, пеналды үстелдің астына тығып қояды. Оқушыларға заттардың қайда тұрғандығын естеріне сақтауға 1-2 минут береді. Одан кейін заттарды қайта орнына үстелдің үстіне жайып, мынадай сұрақтар қояды:

Teacher: Where was the book?

Pupil: The book was on the table.

Teacher: Where was the pen? Where was the pencil-box? etc.

5. «Funny trip» (“Past Indefinite” арналған ойын )

Сынып Past Indefinite етістік формаларын оқыған. Мұғалім оқушылардан қайда барғандықтарын сұрайды: “You went on a trip. What did you take with you?”

Pupils: I took a book to read

I took a dictionary

I took a note book etc. (т.б)

Әр оқушы бір-бір заттан айту керек.

Teacher: Very good. But I know very well that was the only thing you took. Yes, don’t be surprised. That was a very unusual trip. So every body took only one thing. Aizhan took a book, Bekzhan took a dictionary and so on.

What did you eat? Remember you took only one thing with you.

6. «There is …»

Сынып 2 топқа бөлінеді. Мұғалім қорапқа сыныпқа таныс заттарды салады. Топ мүшелері кезек-кезек сол заттарды айтады: “There is a book in the box. There is an eraser in the box ” etc.

7. « In the zoo» (“Present Indefinite”, “can” арналған ойын)

1) Сыныпқа зообақта қандай жануарларды көретіндігіңді айт.

Pupil: “I can see a tiger in the zoo”

2) Қандай жануарлар зообақта жоқ.

Pupil: “Cows don’t live in the zoo. There is no cow in the zoo”

3) Ауылда қандай жануарларды көретіндігіңді айт.

Pupil: “I can see a horse in the village”

8. «My room» (“Present Indefinite” арналған ойын)

Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Одан кейін бірінші топқа бөлменің суретін береді. Оқушылар суретке 2-3 минут мұқият қарайды. Сол суретті екінші топтың мүшелеріне береді, олар кезек-кезек сурет бойынша сұрақтар қояды. Мысалы:

How many desks are there in the classroom?

Where is the table (chair, book, television )?

What things do you see on the desk?

Екінші топ бірінші топтың жауаптарын қадағалайды. Сурет қайта ілініп, екінші топтың мүшелері оны суреттеп береді.

9. «Interpreters» (“All grammar themes” арналған ойын)

Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім қазақша сөйлем береді, оқушылар оның аудармасын берілген текстен іздейді. Қай топ бірінші табады, сол топқа ұпай беріледі. Ойын осылайша жалғасады.

10. «Detectives» (“All grammar themes” арналған ойын)

Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім әр топқа тапсырма береді. Тапсырма бойынша оқушылар текстен сөз таптарын іздейді: 1-топ “Noun”, 2-топ “Adjective”, 3-топ “Adverb”, 4- топ“Verb”. Уақыт біткеннен кейін әр топтың оқушылары кезек- кезек оқиды.

Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі Ағылшын тілін оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды• Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;• Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;• Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;• Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;• Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;• Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;• Ойынның өту барысының жоспары жасалуы. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді: 1) стол үсті ойындары2) дидактикалық ойындар3) қозғалыс ойындары4) іскерлік ойындар5) интеллектуалдық ойындарІ. Стол үсті ойындары.Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.ІІ. Дидактикалық ойындар.Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. ІІІ. Қозғалыс ойындары.Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.IV. Іскерлік ойындар.Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.V.Интеллектуалдық ойындар.Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.1.Teaching with limited Resources:-«Шектелген ресурстармен оқыту»Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.«Hot chair» - «Ыстық орындық»Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі – «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Женген оқушы тиісті «5» бағасын алады.2.“Grammar`s Wild” ойыны.1.Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см2. 3х5 қағаздарға саналатын және саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;5х7 қағаздарға Counted, Uncounted, Both –деп жазыңыз;3.Оқушыларды екі топқа бөліңіз;4.Әр топқа қима қағаздарды таратыңыз (түстері әр-түрлі болсын); Әр команда қағаздарды өз категориясы бойынша бөлу керек.3.“Compare them”ойыны.1.Жануарлардың суреттерін дайындаңыз;2.Оқушыларды жұптап бөліңіз де, әр жұпқа 2 суреттен беріңіз;3.Тақтаға бірнеше сын есімдерді жазыңыз;Мысалы: Bad short tastyBeautiful long smallGood young bigNice old sweet4. Оқушылар суреттеріндегі жануарлар ды салыстырып, неғұрлым көп сөйлем жазады.4.Анаграмма / WordsnakesОқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз:woruyehaohellohowareyouIamfineseeyougoodbye5.Guess the wordОқушылар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы моқушылардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, оқушылар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын жалғаса береді.6. “Kim`s Game” ойыны.Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?7.“Bingo” ойыныБұл ойын лексиканы да, грамматикалық тапсырмаларды тексеру үшінде өте қолайлы ойынның бірі. Оқушылар 16 торкөзді кесте сызады. Оған есімдіктерді кез келген ретпен жазады. Жазып болғаннан кейін мұғалім оларға есімдіктері түсірілген жаттығу ұсынады. Осы жаттығуды оқушылар торкөзге жазған есімдіктерін қою арқылы толтырады. Егер көлденең не тігінен жазылған есімдіктер қатары бірінші болып бітсе, оқушы жеңімпаз болып, «Bingo!» деп өзінің жеңімпаз екенін білдіреді. Мысалы:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.07.2020 366
    • DOCX 23.9 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кинзибаева Таисия Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кинзибаева Таисия Викторовна
    Кинзибаева Таисия Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88001
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе

Учитель иностранного языка в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 194 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 521 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека