Главная / Иностранные языки / Ағылшын тілі сабағында формативті бағалау

Ағылшын тілі сабағында формативті бағалау

Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері.


Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігін жақсартады.

Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.

Ауызекі тіл

Балл

Коммуникация

Оқушы мынаны жасай алады...

Ауқымы

Дұрыстығы

5

  • Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.

  • Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.

  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.

  • Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.

  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.


  • Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.

  • Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.


  • Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.

  • Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.



4

  • Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады

  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.

  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.

  • Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.


  • Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.

  • Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.

  • Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.

  • дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.


3

  • Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.

  • Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.

  • Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.


  • Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.

  • Түрлі шақтарды қамти алады (бірақ, үнемі сәтті болмайды).


  • Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.

  • Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.

2

  • Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.

  • Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.

  • Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.


  • Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі және/немесе қайталана береді.

  • Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.

  • Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.

  • Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.

  • Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс


1

  • Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.

  • Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.


  • Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.

  • Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.

  • Аяқталған сөйлемді сирек береді.

  • Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)

  • Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.


Ағылшын тілі сабағымда оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.

Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс.

1. Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.

  • Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.

  • Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.

  • Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.

  • Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.

  • Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.

2. Топтардағы өзара бағалау

Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.

Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).

Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:

Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

«Үздік жауаптың» топтық идеясы.

Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.

3. Өзін-өзі бағалау

Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау

  • Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:

  • Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?

  • Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?

  • Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады

  • Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.

Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:

  • Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.

  • Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.

  • Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер Pr Simle мен Past Simple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.

  • Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).

  • Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.
















Ағылшын тілі сабағында формативті бағалау
  • Иностранные языки
Описание:

Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері.

Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігін жақсартады.

Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.

Ауызекі тіл

Балл

Коммуникация

Оқушы мынаны жасай алады...

Ауқымы

Дұрыстығы

5

Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.

Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.

Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.

Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.

Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.

Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.

Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.

Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.

Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.

4

Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады

Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.

Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.

Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.

Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.

Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.

Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.

дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.

3

Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.

Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.

Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.

Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.

Түрлі шақтарды қамти алады (бірақ, үнемі сәтті болмайды).

Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.

Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.

2

Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.

Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.

Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.

Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі және/немесе қайталана береді.

Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.

Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.

Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.

Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс

1

Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.

Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.

Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.

Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.

Аяқталған сөйлемді сирек береді.

Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)

Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.

Ағылшын тілі сабағымда оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.

Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс.

1. Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.

Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.

Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.

Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.

Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.

Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.

Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.

2. Топтардағы өзара бағалау

Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.

Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).

Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:

Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

«Үздік жауаптың» топтық идеясы.

Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.

3. Өзін-өзі бағалау

Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау

Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:

Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?

Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?

Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады

Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.

Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:

Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.

Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.

Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер Pr Simle мен Past Simple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.

Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).

Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.

Автор Айткалиева Динара Ермеккызы
Дата добавления 21.05.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 338
Номер материала MA-067032
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы