Главная / Биология / Адамды және ауыл шару Адамды және ауыл шаруашылығы жануарларын паразит құрттарды жұқтырудан сақтандыру.

Адамды және ауыл шару Адамды және ауыл шаруашылығы жануарларын паразит құрттарды жұқтырудан сақтандыру.

Сабақтың тақырыбы: Адамды және ауыл шаруашылығы Описание: G:\Фото3х4.bmp

жануарларын паразит құрттарды жұқтырудан сақтандыру.
Сабақтыңмақсаты:Білімділік: Оқушыларға жалпақ және

жұмыр құрттар туралы алған білімдерінқорыта отырып,

олардан сақтану, алдын алу жолдары туралы білімдерінің

қалыптасуына жағдай туғызу.

Дамытушылық:. Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып,жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіру, дамыту

Тәрбиелік:Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабаққа өз еркімен белсене араласуы,білімдерін көрсете алуға ықпал ету,жауапкершілікке,жеке бас тазалығын сақтай білуге үйрету.

Оқушылардың жалпақ және жұмыр құрттар туралы алған білімдерін дамыту
Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа білімді ұғындыру.

Сабақ әдісі: топтық, СТО: зерттеу шеберханасы.

Көрнекілігі:электронды оқулық, кесте, слайд, видеороликтер т.б.

Күтілетін нәтиже:сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

Ақпараттық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуы қамтамасыз етіледі.

Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

2. Ақпаратты бағдарлау біліктілігін қалыптастыру;
3. Сын тұрғыдан ойлау - қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері:топтық әдіс, СТО:зерттеу шеберханасы.
Сабақтың барысы:

Iқызығушылықты ояту.

« Миға шабуыл»

Оқушыларды 2 топқабөлу үшін тапсырмалар беріледі:карточкадан жалпақ

және жұмыр құрттардың өкілдері қылқұрт, бауырсорғыш, үшкірқұрт, сиыр цепені, ақ сұлама, суыртқы, ішексорғы т.б. суреттерін суырып, қай типке, қай класқа жататынын айтып, «жалпақ құрттар» және «жұмыр құрттар» тобына бөлінеді.

І.Терминдерге шолу.

І топқа: Гельминтология

Эктодерма

Гиподерма

Мезодерма

Эндопаразит

Анаэробты

ІІ топқа:Паренхима

Энтодерма

Эктопаразит

Кутикула

Гермофродит

Екі жақты симметриялы

ІІ.Тест.


ІІ.«Диагнозын тап» ойыны.

1.Қой мен сиыр отыға алмай денесі қызып, ісініп, арықтайды. Аурудың атауы не? (бауыршірік-фациолез)

2.Науқастың оң жақ қабырғасының астындағы қазантолмасы ауырып, лоқсиды, кейде құсады, сілекейі шұбырып кекіре береді. Бауыры ауырған кезде саусақтарымен сипаса, оның үлкейгені,адамның әлсізденіп, кейігіш қалпы мен басы ауыратыны байқалады . Бұл қай ауру? (описторхоз)

3.Адамның, әсіресе күріш егетін адамдардың терісіне еніп алып,құйрығын тастайды да, ересек айырденелі сорғышқа айналады.Бұл паразиттің дернәсілі денеге қадалған кезде дене қатты қышып, теріде бөрткен пайда болады. Бұл ауру қандай ауру? (шистозомотоз)

4.Ірі қара мен ұсақ малдарды аздырып, бауырын зақымдайды. Қоздырғышы таспаша сорғыш болатын бұл ауру қалай аталады? (дикроцелиоз)

5.Егер таспа құрттың финкасы қан арқылы көзге жетіп, одан финка дамыса, адам соқыр болып қалады.Ал егер жұмыртқа мида дамыса адам кенеттен өліп кетуі мүмкін. Бұл қандай ауру? (финноз немесе цистицеркоз)

6.Адамның ішегіне қадалған дернәсілдердің бөлген улы заттарынан ішектің қызметі бұзылады. Бұл ауру не деп аталады? (бөсір немесе аскаридоз)

7.Суыртқының аналығы көбіне адамның аяқ терісінің астында паразит тіршілік етеді, сол кезде аяқ терісі қышып, қызарып және ісініп іріңді жараға айналады. Бұл қандай ауру? (дракунлез)

8.Миқұрттың финкасы миына орналасып, өсуіне байланысты қой басын кекжитіп, бір орында тұра алмай шыр айналады, отыға алмай ақыры мүлде азып өледі. Бұл ауру не деп аталады? (тентек немесе ценуроз)

9.Бұл аурумен ауырған сиырдың бауырындағы финканың салмағы 12 кг-ға жетеді. Бұл ауру қалай аталады? (эхинококкоз)

«Зерттеу шеберханасы» бойынша топтарға тапсыпма беру:

І топқа:суреттеу, салыстыру, көрініс немесе жарнама көрсету;

ІІ топқа:дәлелдеу, газет шығару, интервью алу.



Үй тапсырмасын тексеру бағытында І топ жалпақ және жұмыр құрттар түрлері, құрылысы туралы суреттеп айтып береді, жалпақ және жұмыр құрттар типін венн диаграмма арқылы салыстырады және құрттар зияны туралы көрініс шығарады.

ІІ топ жалпақ және жұмыр құрттардың көбею айналымдары, зияны туралы дәлелдеп, түсіндіріліп, газет шығарады, сабаққа қатыстырылып отырған мектеп медбикесінен интервью алынады.

ІІ.Мағынаны тану.

Интервью алуда мектеп медбикесінен сұхбат алынып, жаңа сабақ тақырыбы ашылады.

Паразит құрттар жабайы және асыранды жануарлар организмінде, ал кейбіреулері адам организмінде, иесінің организмінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді және оның әр түрлі мүшелерін бүлдіріп, уландырады.     Паразит құрттармен күресудің көптеген әдістерін ұсынып, оларды жұқтырып алмаудың шараларын ұсынған Константин Иванович Скрябин мен оның шәкірттері өте маңызды ғылыми және практикалық нәтижелерге ие болды.
      
К.И.Скрябин ережелері: 1)Ішқұрттарды жою, 2) сыртқы ортадағы ішқұрттарды жою:

а)көңді биотермиялық жолмен төгу, яғни көң дұрыс төгілсе бактериялар әрекетінен температура +500С,+700С-ге дейін көтеріліп, ішқұрттардың дернәсілдері мен жұмыртқасы өледі;

ә) адам нәжісіне шымтезек немесе жылқы тезегін салып өңдеу;

б)мал жайылымын жүйелі түрде ауыстыру;

в)сойылған мал өнімдерін малдәрігерлік тексеруден өткізіп, тазалығын анықтау.

Ішек құрттарын жапондық «Зингда» аппаратымен 2 - 3 күнде түсіруге болады. Бұл аппаратта арнайы магниттік қондырғы болады. Сол қондырғыны шалқасынан жатқызылған адамның асқазан, бауыр, көкбауыр, ішек тұстарына апарып, әуелі оңға қарай, содан кейін солға қарай 4 минуттан айналдырғанда магниттің айналу әсерінен ішекқұрттар бөлшектеніп, нәжіспен бірге түсіп қалады. Паразит құрттармен күрес жүргізуде, әсіресе ауыз суды тазалаудың, қасапханадағы тазалықты бақылаудың, асты дұрыс даярлаудың, жеке бас гигиенасының ережесін сақтаудың үлкен маңызы бар.
керек.

Ой толғаныс: Тест.

Шығармашылық жұмыстар.
1-топқа РАФТ
2 –топқа эссе жазу.
Құрттар туралы видеоролик қарау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу. Шағын жоба қорғау.

Гупранова Айнур Сагындыковна

Шалғын НОМ-нің І санатты биология пәні мұғалімі

БҚО Қаратөбе ауданы

Шалғын ауылы.









Адамды және ауыл шару Адамды және ауыл шаруашылығы жануарларын паразит құрттарды жұқтырудан сақтандыру.
  • Биология
Описание:

Сабақтыңмақсаты:Білімділік: Оқушыларғажалпақ және

жұмыр құрттартуралыалғанбілімдерінқорытаотырып,

олардан сақтану, алдын алужолдарытуралы білімдерінің

қалыптасуына жағдай туғызу.

Дамытушылық:. Жаңа сабақтағы басты мәселеге назарын аударып,жеке тұлғаныңойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіру, дамыту

Тәрбиелік:Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сабаққа өз еркімен белсене араласуы,білімдерін көрсете алуға ықпал ету,жауапкершілікке,жеке бас тазалығын сақтай білуге үйрету.

Оқушылардың жалпақжәнежұмырқұрттар туралы алғанбілімдеріндамыту

Автор Есенбаева Захот Болатовна
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров 985
Номер материала MA-062668
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓