Инфоурок Обществознание КонспектыАдам және қоғам пәнінен 10 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары.

Адам және қоғам пәнінен 10 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары.

Скачать материал

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.       Үй тапсырмасын тексеру

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Конституциялық құқық.

2.       Конституциялық – құқықтық нормалар.

3.       ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.

     Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

    Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

    Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.

    Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

1)      құқық беру әдісі, яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;

2)      рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,

3)      міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;

4)      тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.

    Конституциялық-құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:

-          реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;

-          баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;

-          құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:

-          құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;

-          міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;

-          тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.

    Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:

-          1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.

-          Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т.б. заңдар.

-          Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады.

-          Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;

-          Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;

-          Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;

-          Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т.б. шешімдері.

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?

2.       Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?

3.       Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?

2.       Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?

8.      Үйге тапсырма:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

2. Конституциялық құқық дегеніміз не?

3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.

3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.

4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.

    Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі – адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.

    Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.

    Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.

    «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

    Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:

- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;

- «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;

- егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

- тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну  нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу

Азаматтығын тоқтату

Азаматтыққа қабылдамау

-тумысынан

-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

-«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;

- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса

- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша

- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

- терорлық әрекеті үшін сотталған болса;

- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

- басқа мемлекеттің азаматы болса

 

 

    Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін   Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.

    Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 


    Жеке құқықтар мен бостандықтар – адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.

    Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.

    Саяси құқықтар мен бостандықтар – Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.

Жеке адамның конституциялық міндеттері – ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың   Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:

·         әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;

·         әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;

·         әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін -                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;

·         заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;

·         Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;

·         Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;

·         Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?

2.       Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?

3.       Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?

7. Жаңа материалды бекіту:

1.       Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?

2.       Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?

8. Үйге тапсырма: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

9.  Бағалау:

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық мәртебесі, сайлану тәртібі және өкілеттігі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мызғымастығын және тұтастығын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсендігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді баға жетпес құндылығы деп жариялайды?

2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?

3. Экономикалық және әлеуметтік құқықтарға қандай құқықтар мен бостандықтар жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

    1. Кестені толтырындар.

 

 

 

 

 

 


4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасының Президенті.

2. Қазақстан Республикасының Парламенті.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

4. Қазақстан Песпубликасының Конституциялық Кеңесі.

5. Қазақстан Республикасының сот билігі.

6. Жергілікті мемлекеттік басқару.

    Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары  органдары жүйесінде басты орын алды. Конституцияның 40- бабында сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

    Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, яғни Қазақстанда туған, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

    Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы өз қызметін тиімді атқару үшін Конституция мынадай талаптар белгілейді:

1) бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.  Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды;

2) Президенттің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

    Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігінің аяси өте кең. Олар: Үкіметпен қатысты өкілеттігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот және жергілікті соттарға қатысты ерекше өкілеттіктері бар.

     Парламент – заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы. Ол екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан (Алматы) және республика астанасынан екі адамнан және тиісінше облыстың және Алматы қаласы мен республика астанасының барлық өкілдік органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының өкілдік мерзімі – алты жыл, бірақ сайланатын сенаторлардың жартысы үш жылдан кейін қайтадан сайланады. Сонымен қатар он бес депутатты Сенат өкілеттігі мерзіміне республика Президенті тағайындайды және олар әр жыл сайын қайта сайлануға жатпайды.

    Мәжіліс 107 депутатан тұрады, Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

    Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың аумағында, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған, Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған адам Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының жасы Жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарын өз депутаттарының арасынан сайланған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Сенат пен Мәжіліс төрағалары басқарады..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет мүшелерінің құрамына:  Премьер-министр мен оның орынбасарлары, министрлер мен Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды адамдары кіреді. Үкімет құрылымын министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар құрайды.

    Өз қызметінде Үкімет республика Президенті алдында жауап береді және оның өкілеттігі (жеті жыл) шегінде қызмет етеді, жаңа сайланған Президент қызметіне кіріскеннен кейін өз өкілеттігін тоқтатады. Өз қызметі мәселелері бойынша Үкімет елдің барлық аумағында күші бар қаулылар шығарады.

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі – мемлекетіміздің барлық аумағында Конституцияның басымдығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Ол жеті мүшеден тұрады: Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен тағы ек мүшесін Республика Президенті; екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды және босатады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экс-президенттері құқықтары бойынша Кеңестің ғұмыр бойы мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің өкілеттік мерзімдері- алты жыл. Қазақстан аумағында тұруы; жасы отыздан кіші болмауы; жоғары заңгерлік білімі және заңгер мамандығы бойынша кем дегенде бес жылдық жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

    Қазақстан Республикасының сот билігін тұрақты соттар, сондай-ақ заңда көзделген тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізетін алқа соттар арқылы жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының сот жүйесін Конституцияға және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңына сәйкес құрылатын Жоғары Сот пен жергілікті және басқа да соттар құрайды.

    Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңмен судьялар мәртебесінің төмендегідей қағидаттары белгіленген:

·         Судьялардың ауыспайтындығы;

·         Судьялардың тәуелсіздігі;

·         Судьяларға қол сұқпаушылық.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 79- бабына сәйкес Республиканың 25 жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және біліктілік емтиханын тапсырған республика азаматтары судья бола алады.

    Жергілікті мемлекеттік басқару ол тиісті аумақтағы жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар экономикалық-әлеуметтік және өзге де мәселелерді шешу жөніндегі жергілікті өкілетті органдар(маслихаттар) мен атқарушы органдар(әкімдер) жүзеге асыратын қызмет.

    Маслихаттар – тиісті аумақтарда тұратын азаматтардың еркін білдіретін және мүдделерін қорғайтын халықтың сайланбалы органдары. Жасы 25-ке толған Қазақстан Республикасының азаматы маслихат депутаты болып сайлана алады.

    Жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) – ол облыс, қала, аудан әкімі өз құзыры шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган.

    Маслихаттар өз құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.

    Жергілікті өзін-өзі басқару – ол халқы ауылдық және қалалық қауымдастықтар мен олардың сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Конституцияның 89- бабында: «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін болып жергілікті өзін-өзі басқару танылады» деп жазылған.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Қазақстан Республикасның мемлекет басшысы кім?

2.       Мемлекеттің қандай органы заң шығарушылық билікті жүзеге асырады?

3.       Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органы қалай аталады?

4.       ҚР-да сот төрелігін қандай органдар іске асырады, ол қалай жүзеге асады?

7. Жаңа материалды бекіту:

1.       ҚР-сы Конституциясының үстемдігін қандай органдар жүзеге асырады? Кесте арқылы толтырындар.

8. Үйге тапсырма: § 3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 4. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету, түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттіктері қандай?

2. Парламент палаталарын атандар?

3. ҚР үкіметін кім басқарады?

4. Конституциялық Кеңес неше мүшеден тұрады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

       1. Маслихаттар дегеніміз не?

       2. Жергілікті атқарушы орган қандай орган?

       3. сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы қандай қағидаттар белгіленген?

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы бұл Президентті, Парламент депутаттарын және республика маслихаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін зерттейтін конституциялық – құқықтық нормалар жиынтығы.

    Сайлау – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзеге асыратын маңызды институт.

    Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары – бұл сайлау үдерісінің барлық қатысушыларының басшылыққа алуға тиісті нормалар мен институттардың негізі болып есептелетін жетекші идеялар.

    Жалпы сайлау құқығы дегеніміз – заң белгілеген жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, нәсіліне және басқа да жағдайларға қарамастан, Президент, Парламент, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болып сайлану және сайлау құқығына ие болу

    Тең сайлау құқығында сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады, олардың әрқайсысы бір дауыспен бір сайлау бюлетенін иемденеді, ал кандидаттар сайлауға қатысуда тең құқықта болады.

    Тікелей сайлау құқығында Президент, Парламент, Мәслихат депутаттарын сайлайды. Жанама сайлау құқығында Парламент сенатының депутаттарын Мәслихат депутаттары сайлайды. Жасырын дауыс беруде сайлаушының еркінен тыс оған бағалаушы қойылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    Президентті, Сенат депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент  Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% - дан артық дауысын жинағанда;

2) қайта дауыс беруде басқа кандидаттарға қарағанда сайлауға қатысқандардың көпшілігінің дауысын иеленгенде.

    Пропорционалдық сайлау жүйесі партиялық тізім негізінде пропорционалдық ұсыныс бойынша және біртұтас жалпыхалықтық сайлау округтерінің аумақтары бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің 98 депутатын тандау кезінде қолданылады.

    Мәжіліс сайлауы өткізілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы, сайлауға қатысқан жеті пайызы  немесе одан көп сайлаушылар дауысын жинаған саяси партияларға берілген сайлаушылар дауысының жалпы есебін шығарады.

    Содан кейін аталған партияларға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы мәжілісте партияларға бөлінген депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже (алғашқы сайлау жеке саны) квота болып табылады.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттарын атаңдар?

2. Жалпы бірдей сайлау құқығының қағидатын қалай түсінесіңдер?

3. Қазақстанда қандай сайлау жүйелері қолданылады?

7. Жаңа материалды бекіту:

1. Сайлау құқығы дегеніміз не?

2. Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының саны қанша?

8. Үйге тапсырма: § 4. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: ұғымы, негізгі қағидаттары.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 5. Сайлауалды үгіт-насихаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сайлауалды үгіт-насихат дегеніміз не және оған қойылатын талаптар жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1.       Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттарын атаңдар.

2.       Жалпыға бірдей сайлау құқығының қағидатын қалай түсінесіңдер?

3.       Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутатарының саны қанша?

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Кандидат сайлау комиссиясында тіркелген күннен бастап, сайлауалды үгіт-насихаты (сайлаушыны осы немесе басқа саяси партияның кандидатына дауыс беруге немесе бермеуге) жүргізіледі, ол жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта дауыс беретін күннен бір күн бұрын аяқталады. Ол БАҚ арқылы көпшілік алдында мерекелік шаралар өткізу (сайлауалды жиналыс, пікірталас, митингі, сайлаушылар мен кездесу, т.б.) және көруге, естуге арналған үгіт-насихат материалдарын басып шығарып таратады. Саяси партияның кандидаттарына сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін бірдей жағдай жасауға, БАҚ-қа кіруге кепілдік беріледі.

    Сондай-ақ мемлекет кандидаттарға өздерінің бағдарламасымен БАҚ-қа шығуға, бірдей қаражат мүмкіншілік беруге кепілдік береді: әрбір кандидат 15 мин теледидардан сөз сөйлеуге; 10 мин радиодан, 0,1 бет көлемінде баспасөзде мақаласын жариялауға болады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын және белгілейтін уақыт көлемінде саяси пікірсайыстарға қатысуға, срндай-ақ БАҚ шарттық негізде эфир уақытын баспасөз бетінен орын беруге құқылы.

    Сайлау комиссиясының өтініші бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға келісімшарт негізінде сайлаушылармен кездесу үшін ғимараттар береді.

    Сайлау комиссиясы берілген ғимаратта кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін құрып, оны БАҚ-та жариялайды. Үгіт-насихат плакаттарын, парақтарын және басқа да басылым материалдарын шығару үшін сайлау комиссиясы кандидаттарға бірдей көлемде қаражат бөледі. Осыған қосымша үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

    Сайлау болатын күні және одан бір күн бұрын сайлауалды үгіт-насихатының кез келген түрін жүргізуге тыйым салынады, бірақ басылған үгіт –насихат материалдарын, сайлау комиссиясының және сайлау болатын ғимараттан басқа жерде бұрын ілінген материалдардың сақталуына болады.

    Партия тізімінен ұсынылған саяси партия кандидатының сенімді өкілдері болады, олар сайлау науқанында көмектеседі, сайлауалды үгіт-насихатын жүргізеді. Кандидаттар және саяси партиялар сенімді өкілдерін өздерінің қалаулары бойынша тандайды да, тиісті сайлау комиссиясына тіркеу үшін хабарлайды.

    Президентті, Парламент депутатын сайлау партия тізімі негізінде сайлауға түскен, Мәжіліс  депутатынан және мәслихат депутатынан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін республика бюджетінен қаржыландырады. Кандидаттың өз бағдарламасымен БАҚ-қа шығуды, сайлауалды шаралары, жүргізілген үгіт-насихат материалдары және тасымал шығыны партия тізімі бойынша дауысқа түскен кандидаттың шығыны республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен жабылады.

    Президент, Парламент және мәслихат депутаттары сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, кандидаттардың мемлекеттік тіркеуге жататын сайлау қоры қаржатынан (мемлекеттік емес қаржыландыру) қаржыландырылуы мүмкін. Сайлау қорлары келесі көздерден құралады:

1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиулардың қаражатынан;

2) кандидатты ұсынып отырған қоғамдық бірлестіктің кандидатқа бөлген қаражатынан;

3) азаматтар мен ұйымдардың өз еркімен берген жәрдемінен.

Сайлау қорларына  заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалады.Қорға келіп түскен ақшаның жалпы сомасы жайлы ақпаратты сайлау өткеннен кейін 10 күннің ішінде сәйкес сайлау комиссиялары БАҚ-та жариялайды.

    Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктерге, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға өз тарапынан сайлауды қаржыландыруға қатысуға рұқсат етілмейді.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің үгіт-насихат материалдарын маңызды тарихи ескерткіштерге жапсырды. Кандидаттың бұл іс әрекеті дұрыс па?

2.       Сайлау комиссиясы Президенттік сайлаудың кандидатына сенімді адамдарының болуына  тыйым салды. Бұл қалай?

7. Жаңа материалды бекіту:

1.       Сайлауалды үгіт-насихат дегеніміз не?

2.       Сайлау қорлары қандай көздерден тұрады?

3.       Кімдерге өз тарапынан сайлауды қаржыландыруға рұқсат етілмейді?

8. Үйге тапсырма: § 5. Сайлауалды үгіт-насихат.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 6. Сайлау еркіндігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Сайлау еркіндігі дегеніміз – онда азаматтар ерікті түрде қатысды, әр азамат (ша) сайлауға қатысуға немесе қатыспауға құқылы және оның еркіндігін ешкім шектемейді. Сайлауға қатысу – азаматтарға міндетті емес. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу әрекеті заң бұзушылықпен бірдей болып саналады және жауапқа тартылады.

    Президенттікке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркеуден өткен күннен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери жиыннан босауға құқылы.  Кандидаттың сайлауға қатысу уақыты оның тіркеу күніне дейін істеп жүрген мамандығы бойынша еңбек өтіліне қосылады. Мұнан басқа, оларға Парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттардан басқаларына, бұл кезеңде республикалық бюджеттен сайлауды өткізуге арналған қаражаттан орташа еңбекақы мөлшерінде шыққан шығындары төленеді. Кандидаттардың өздерінің келісімінсіз: жұмыстан шығарылмайды, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстырылмайды, іссапарға жіберілмейді және әскери жиындарға шақырылмайды.

     Дауыс беру және оның алдыңдағы күні соттар, прокуратура және ішкіістер органдары, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдары үшін жұмыс күні болып есептеледі. Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары талап етеді:

1.       Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

2.       Сайлаушылардың тізімін аңықтау;

3.       Сайлау комиссиясының жұмысындағы дауыс беру күнінде туындайтын басқа да мәселелерге көмек көрсету.

    Сайлау заңдарының бұзылғандығы туралы азаматтар мен ұйымдардың арыздары сайлау комиссиялары тарапынан арыз түскен күннен бастап бес күн аралығында қаралады.

    Азаматтардың өзінің сайлау құқығын емін –еркін жүзеге асыруын, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне қарсы күш қолдану, алдау, қорқыту, сатып алу және т.б. әдістер:

·         кандидаттар туралы олардың адал атымен шынайы қадір-қасиетін түсіретін жалған мәліметтерді таратып немесе басқа да арам пиғылды әрекеттерді іске асыру;

·         сайлау күні және оның қарсаңындағы күндерде үгіт насихат жүргізу;

·         сайлау комиссияларының ісіне араласу;

·         дауыс беру, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге;

·         берілген дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын анықтауға;

·         кандидаттардың сенімді өкілдерімен бақылаушылардың заңды іс-әрекеттеріне бөгет болатынадамдар заңда қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.        

·         сайлау құжаттарын өзгерткен, ауыстырған;

·         қасақана дұрыс санамаған, дауыс беру ережесін бұзған;

·         «Сайлау туралы» заңды басқа да бұзушылыққа жол берген сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері жауаптылыққа тартылады.

    Кандидат саяси партия тарапынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заң талаптарын бұзушылыққа жол берген жағдайда оларға ескерту жасалады, ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда –сәйкес сайлау комиссиясы тарапынан кандидатты, партиялық тізімнен шығарады.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Сайлау еркіндігі дегеніміз не?

2.       Сайлауалды компаниясына кірер кездегі кандидаттар қызметінің кепілі қандай?

3.       Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары нені талап ете алады?

7. Жаңа материалды бекіту:

1.       Ауылдық аймақтың әкімі тұрғындардың сайлауға міндетті түрде қатысуы туралы шешім шығарды. Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңына сай келе ме?

2.       Парламент Мәжілісі депутаттары азаматтардың сайлауға келмегені үшін әкімшілік айыппұл белгілеуді талап етеді. Мәселені осылай қою заңды ма?

3.       Сенат сайлауына депутаттыққ кандидат болған Ізбасовты жұмыс істеген мекемесі оны өз рұқсатынсыз басқа жұмысқа ауыстырады. Бұл дұрыс па?

8. Үйге тапсырма: § 6. Сайлау еркіндігі.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 7. Қазақстан Республикасының сайлау органдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды Қазақстан Республикасының сайлау органдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1.       Сайлау еркіндігі дегеніміз не?

2.       Сайлауалды компаниясына кірер кездегі кандидаттар қызметінің кепілі қандай?

3.       Ішкі істер органдары және тұрғын үй қорын пайдалану ұйымдарынан сайлау комиссиялары нені талап ете алады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Ауылдық аймақтың әкімі тұрғындардың сайлауға міндетті түрде қатысуы туралы шешім шығарды. Әкімнің мұндай шешімі сайлау заңына сай келе ме?

2.       Сенат сайлауына депутаттыққ кандидат болған Ізбасовты жұмыс істеген мекемесі оны өз рұқсатынсыз басқа жұмысқа ауыстырады. Бұл дұрыс па?

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Орталық сайлау комиссиясы

 
    Елдегі сайлауларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік орган сайлау комиссиялары болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    Сайлау комиссиялары жүйесін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) басқарады. Ол тұрақты әрекет ететін орган болып табылады және ел аумағында сайлау туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырып, Президент пен Парламент депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады. Жалпы, бүкіл ел бойынша Президент пен Парламент депутаттары сайлауларының қорытындысын шығарады, сайланған депутаттарды тіркейді, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті маслихаттар сайлайтын облыстық, аудандық, қалалық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. Ол Президенттің, Парламент, мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшелерінің сайлауын ұйымдастыруда және өткізуді қамтамасыз етеді; төмендегі аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялар қызметін басқарады; Сенат депутаттары сайлауын өткізуді қамтамасыз етеді.

    Округтік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті маслихаттар сайлайды және сайлау округтерінде Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Тікелей Мәжіліс депутаттарының сайлауын өткізуді, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді. Округ бойынша сайлаудың қорытындысын БАҚ- та, т.б. жерде жариялауды белгілейді.

    Учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсынысы негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Мәжіліс пен мәслихатдепутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауларын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді (учаскедегі сайлаушылар тізімін жасайды, сайлау күні учаскеде дауыс беруді және т.б. ұйымдастырады.

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және мемлекет қорғауында болады. Сайлау комиссиясының мүшелері комиссия отырысында сөз сөйлеуге, комиссия құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға, т.б. құқылы.       Сайлау комиссиясы мүшелерінің міндетіне:

·         Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, жалпы қабылданған әдеп нормаларын сақтау;

·         Азаматтардың сайлау құқығын және заңды тілектерін орындау және қорғау;

·         Шешім қабылдаған кезде шынайы және тәуелсіз болу.

    Сайлау комиссиясының мүшесі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүддесін қорғауға құқығы жоқ және олардың шешімдеріне араласпайды. Сондай-ақ комиссия мүшесі комиссия орналасқан жердегі әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұруы керек.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Қазақстан Республикасында сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін қандай орган басқарады?

2.       Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясы қанша уақытқа сайланады?

3.       Қазақстан Республикасындағы сайлау комиссиясының түрлерін атаңдар.

7. Жаңа материалды бекіту:

1.       Облыс әкімі облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін өзі тағайындады. Бұл заңға сәйкес пе?

8. Үйге тапсырма: § 7. ҚР сайлау органдары.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 8. Қазақстан Республикасындағы сайлау үдерісінің сатылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасында сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін қандай орган басқарады?

2. Қазақстан Республикасының сайлау комиссиясы қанша уақытқа сайланады?

3. Сайлау комиссияларының міндетіне не жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

1. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі неше жыл?

 

 
2. Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлағанда Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссиясы елдің аумақтық-әкімшілік бөлінісін ескере отырып, шамамен сайлаушылар санын тең бөлу арқылы сайлау округтерін құрады.

Бұл жерде облыс аумағында, Алматы қаласында, республика астанасында, аудан қаладағы сайлау округтерінде сайлаушылар саны осы аумақтық-әкімшілік бірліктегі әрбір депутаттық мандатты сайлаушылардың орта санының 15%- нан аспауы керек.

    Аудан және қала әкімінің шешімі бойынша сайлау комиссиясымен келісе отырып, дауыс беру үшін сайлау учаскелері құрылады. Мұндай сайлау учаскелерін құрғанда жергілікті және басқа жағдайлар (әскери бөлімшелер, емхана және шипажайлар, сондай-ақ шет мемлекеттердегі Қазақстан  Республикасының елшіліктері, т.б) барынша ескеріледі (әр сайлау учаскесінде үш мың сайлаушы).

Президентті, Парламент мәжілісінің депутатын, сондай-ақ мәслихат депутатын сайлау үшін жергілікті басқару органдарының мүшелері Қазақстан Республикасының сайлау құқығына ие азаматтардың, яғни сайлаушылардың тізімін жасайды. Белгілі сайлау учаскесіне тіркеуге алу үшін азаматтың тұрғылықты мекенжайы негізге алынады. Сайлаушылар тізімі алфавит бойынша немесе басқа тәртіппен жасалады.   Тізімде сайлаушылардың тегі, аты, әкесінің аты, туылған жері (18 жаста болса, айы, жылы және мекен-жайы) көрсетіледі.

    Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін халық санын тіркеуші органдардың берген мәліметін пайдалана отырып әкімшілік дайындайды. Сайлаушы азамат сайлаушылар тізімінің біреуінде ғана болады.

  Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған күннен бастап жергілікті атқарушы органға тіркелуге құқылы. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау өтетін күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған мекенжайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, өзі дауыс бере алатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

    Мұндай жағдайда жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелу орны бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді жүзеге асырады.

Сайлау комиссиясы сайлаушылар тіркелген тізімді сайлау болатын күннен 15 күн бұрын сайлаушыларға көрсетеді. Сайлаушы азамат учаске комиссиясы отырған ғимаратта сайлаушылар тізімімен танысып, берілген мәліметтің дұрыс бұрыстығын тексере алады. Сондай-ақ олар тізімде мәлімет дұрыс берілмеген немесе тізімнен түсіп қалған немесе аты-жөні дұрыс жасылмаған жағдайда учаске комиссиясына шағымдана алады. Сайлаушы азаматтардың өтінішін тез арада қарап, учаске комиссиясы шешім шығарады.

    Президентті, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнінде дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден сағат жиырмаға дейін болады. Сенат депутаттарына дауыс беру бір күннің ішінде өтеді.

 

 

 

 

 

 


    Әрбір дауыс беруші (сайлаушы) жеке өзі дауыс береді: дауыс құқығын біреуге беруге, басқа тұлға үшін дауыс беруге рұқсат етілмейді. Ал жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына байланысты, отбасының науқас мүшелерін қарауына байланысты дауыс беруге келе алмаса, учаскелік комиссия олардың сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат12-ден кеш емес уақытта берілген жазбаша өтініші бойынша дауыс беруді осы сайлаушылар тұратын жерде ұйымдастыруы тиіс.

Президентті, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыстарды санау барлық сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20-да басталады.

    Президентті, Парламент депутаттарын сайлаудың соңғы нәтижелерін ОСК белгілейді; мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары депутаттарының сайлау нәтижесін аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды. Сайлау нәтижелері жайлы хабарламаларды сайлау комиссиясы БАҚ-та жариялайды. Жоғарыда көрсетілген сайлау комиссиялары сайланғандарды тіркейді: Президентті,   Парламент, мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін, олардан жеті күн мерзімнің ішінде өздерінен Конституцияға және Президент, Парламент, мәслихат депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі заңдық статусқа сай емес міндеттерді алып тастайтыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркеуді жүзеге асырады.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Сайлау кезіңде дауыс құқығын біреуге беру немесе сайлаушының басқа тұлға үшін дауыс беруі мүмкін бе?

2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаудың соңғы нәтижесін қандай орган анықтайды?

7. Жаңа материалды бекіту:

1. Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыға сайлауға келмеген жұбайы және көршісі үшін дауыс беруге рұқсат етті. Учаскелік комиссияның мұндай шешімі сайлау жөніндегі заңға сәйкес келе ме?

2. Қазақстан Республикасында сайлау кезінде қандай сайлау жүйелері қолданылады?

8. Үйге тапсырма: § 8. Қазақстан Республикасныдағы сайлау үдерісінің сатылары.

9.  Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 9. Азаматтық құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен қағидаттары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Азаматтық құқықтың қайнар көздері мен қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

1. Сайлау кезінде  дауыс құқығын біреуге беру немесе сайлаушының басқа тұлға үшін дауыс

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Сабақ жоспары:

1. Азаматтық құқық түсінігі.

2. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері.

    Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқық салаларының бірі. Құқық саласы ретінде ол мүліктік қатынастарды және онымен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді. Күнделікті өмірде азаматтардың арасында заңды тұлғалардың арасында белгілі бір қарым-қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар азаматтық құқықпен реттелетіндіктен азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

    Қазақстан Республикасының азаматы түрлі құқықтар мен бостандықтарға ие. Мысалы:

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы сақталуына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.

2. «Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хатының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдар мен берілген хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар...» (Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабы)

    Бұл құқықтарды жүзеге асыру тәртібі азаматтық құқықпен қосымша бекітілмесе, Конституция нормалары толық мәнінде қолданыла алмайды.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері дегеніміз- азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік-құқықтық акт.

    Қазақстан Республикасында Азаматтық кодекс әрекет етеді. Азаматтық заңнама неден тұратыны Азаматтық кодекстің 3-бабында көрсетілген. Азаматтық кодекс екі: жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, Қазақстан   Республикасы Жоғары Кеңесінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Қаулысымен қолдануға енгізілген болатын.

Республикада азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген заңдар, заңға қосымша нормативтік актілер қабылданған және қолданымға енгізілген.

Азаматтық құқық қағидаттарға сүйенеді. Азаматтық құқық қағидаттары осы құқық саласы үшін азаматтық-құқықтық нормалар негізіне жататын едәуір маңызды идеялар дегенді білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі. Бұл қағидаттың мәні- азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің бір-біріне бағынбайтындығы, еріктілігі. Әкімшілік құқықтық қатынастарда азамат (заңды тұлға) мемлекетке бағынады. Азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтар (заңды тұлғалар) мен мемлекет бір-бірімен тең дәрежеде қарым қатынасқа түседі.

2. Меншікке қол сұғылмау. Меншік иесі заңмен шектелмеген кез келген мақсаттарға қол жеткізу үшін өз мүлкін жеке қалауы бойынша еркін пайдалануға құқылы (Азаматтық кодекстің 188-бабы). Бұл қағидаттың мәні кімді болса да мәжбүрлей отырып, меншігінен айыруға жол берілмейді дегенді білдіреді.

3. Шарт жасасу еркіндігі. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілері өз қалаулары бойынша кез келген келісім шарттарды жасауға құқылы.

4. Азаматтық кодекстің 144- бабына сәйкес азамат жеке өмірінің құпияларын қорғауға құқылы.

5. Құқықтарын қорғау. Субъектілердің құқықтары бұзылған жағдайда құқықтарын қорғау.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

2.       Азаматтық құқық ретінде нені түсінеміз?

3.       Азаматтық құқықтың қайнар көзі деп нені түсінеміз?

4.       Меншікке қол сұғылмауы мен шарт бостандығы қағидаттарының әрекет етуі неден көрініс тапқан?

7. Жаңа материалды бекіту:

1.      

 

 
Кестені толтырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


8. Үйге тапсырма: § 9. Азаматтық құқық түсінігі, оның қайнар көздері мен қағидаттары.

9. Бағалау:

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 10. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Азаматтық құқықтың қайнар көздері мен қағидаттарының мәнін терең ашып көрсету.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2.  Үй тапсырмасын тексеру

      1. Азаматтық құқық дегеніміз не?

      2. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне нелер жатады?

      3. Азаматтық құқық қағидаттарына тоқталыңдар.

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

    Сабақ жоспары:

1. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар.

2. Жеке тұлға.

3. Заңды тұлға.

4. Құқық қабілеттігі.

5. Әрекет қабілеттілігі.

Азаматтық құқық қатынастарына жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қатысады. Сонымен бірге мемлекет те (әкімшілік-аумақтық бірлік) оларға қатысушы болып табылады. Осы құқықтық  қатынастарға қатысушыларды олардың субъектілері (субъектілерді басқаша айтқанда «тұлғалар» деп атайды) немесе қатысушылар деп атайды. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар жағдайының ерекшеліктері олардың бір-біріне қатысты теңдігі, бұл осыларға бір мезгілде қатысқан кезде көрініс береді.

Азаматтық құқық қатынастарына

 

 


Жеке тұлға                                                         Заңды тұлға

 

                                  азаматтық құқықтың                                                              ұыймдар

                                    қатысушылары

 

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарында

 


             Құқық қабілеттілігі                                                                                                    әрекет қабілеттілігі

 

 

Азаматтық құқыққа ие болып өз міндетін атқару қабілеті                                    әрекетке қабілетті жеке тұлғалардын  жалпы иелену құқығы              

 

Туылған сәттен бастап                                                                                                       кәмелет жасқа толғандар

 

Жеке тұлға дегеніміз- азаматтық құқықтың қатысушылары болып табылтын Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ азаматтар. (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы «жеке тұлға түсінігі»).

Жеке тұлғадан басқа, азаматтық-құқықтық қатынастарға түрлі ұйымдар да қатысады. Оларды заңды тұлғалар деп атайды. Банктер, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, мұражайлар, мектеп, университеттер мен басқа ұйымдар заңды тұлғаға мысал бола алады.

Заңды тұлғаны оның белгілері арқылы сипаттайды.

Заңды тұлғаның белгілері

 

                    Жеке мүлкі болуы шарт                                                   мүліктік жауаптылығы

 

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын қамтамасыз ету үшін азаматтық құқықта азаматтық құқықта азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі түсінігі қолданылады.

Құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтық құқыққа ие болып өз міндетін атқару қабілеті.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12- бабында құқық қабілеттілігі барлық азаматтарда бірдей дәрежеде танылады деп айтылған.

Құқық қабілеттілігі туылған сәттен бастап пайда болады. Бала туыла салысымен ата-анасы оның атына ақша салуы мүмкін. Бұл оның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы болғанын білдіреді. Ал баланың өзі ата-анасының арқасында белгілі бір дәрежеде құқық қабілеттілігін іске асырады. Құқық қабілеттілік азамат қайтыс болғанға дейін сақталады.

Құқық қабілеттілігі баланың бүкіл даму кезеңінде қатар жүреді. Бала ер жеткен соң айналасындағылар оны құқық қабілетті адам ретінде қабылдайды. Бірақ ол өте қате пікір, бала әрдайым құқықтық қабілетті болған, енді ол әрекетке қабілетті болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 17- бабына сәйкес: «Азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықты алуы мен жүзеге асыруы, өзіне азаматтық міндеттемелер жасауы мен оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толуымен толық көлемде басталады».

 

Азаматтық құқық қатынастарына

 

 


Жеке тұлға                                                         Заңды тұлға

 

                                  азаматтық құқықтың                                                              ұыймдар

                                    қатысушылары

 

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарында

 


             Құқық қабілеттілігі                                                                                                    әрекет қабілеттілігі

 

 

Азаматтық құқыққа ие болып өз міндетін атқару қабілеті                                    әрекетке қабілетті жеке тұлғалардын  жалпы иелену құқығы              

 

Туылған сәттен бастап                                                                                                       кәмелет жасқа толғандар

 

   Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабында құқық қабілеттілігі барлық азаматтарда бірдей дәрежеде танылады деп айтылған.

   Құқық қабілеттілік туылған сәттен бастап пайда болады. Азамат мүлікті шетел валютасын меншіктеуге құқылы. Азамат тұрғылықты жерді өзі тандауға  және республика  аумағында емін-еркін жүріп тұруға  ерікті т.б азаматтар иеленетін құқықтар бар. Құқық қабілеттілік азамат қайтыс болғанға дейін сақталады.

   Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 17-бабына сәйкес: «Азаматтың  өз әрекетімен азаматтық құқықты алу мен жүзеге асыруы, өзіне азаматтық міндеттемелер жасауы мен оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелеттік жасқа, яғни 18 жасқа толуымен толық көлемде басталады».

   14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар әрекетке қабілетсіз деп танылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін олардың ата-аналары немесе қамқоршылары заңдық әрекеттерді іске асырады. Заңда (АК) аталған заңдық әрекеттер мәмілелер деп аталады.

   14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-аналарының  немесе қамқоршыларының келісімімен іске асырады.

   Кейбір жағдайларда ересек адамдарда әрекет қабілеті болмауы мүмкін. Айталық азамат психикалық  аурумен науқастанады.Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы мәміле жасайды.

 

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

7. Жаңа материалды бекіту:

 

8. Үйге тапсырма: §10. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар.

9. Бағалау:

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы ________________

Мерзімі _________________

Сабақтың тақырыбы:§ 11. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға меншік түрлері мен меншік құқығына ие болу тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі, термин сөздер.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

 

Азаматтық құқық қатынастарына

 

 


Жеке тұлға                                                         Заңды тұлға

 

                                  азаматтық құқықтың                                                              ұыймдар

                                    қатысушылары

 

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарында

 


             Құқық қабілеттілігі                                                                                                    әрекет қабілеттілігі

 

 

Азаматтық құқыққа ие болып өз міндетін атқару қабілеті                                    әрекетке қабілетті жеке тұлғалардын  жалпы иелену құқығы              

 

Туылған сәттен бастап                                                                                                       кәмелет жасқа толғандар

 

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Меншік құқығы түсініктері.

2.       Меншік нысандарының түрлері.

3.       Ие болу түсінігі.

4.       Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері.

   Азаматтық заңнамаға сәйкес меншік иесі өз меншігі болып табылатын заттарды пайдалануға, иеленуге және билік етуге мүмкіндігі болады. Иемдену нақты бір затқа қожалық ету екенін білдіреді.

   Азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да меншік иесі бола алады. Сонымен қатар мемлекет те меншік иесі.

   Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің мемлекетімізде «мемлекеттік меншік және жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» (ҚР Конституциясының 6-бабы)

Жеке меншік дегеніміз – меншік иесі азамат жеке тұлға екенің білдіреді.

Жеке меншік

 

 

                                 Азаматтардың меншігі                                заңды тұлғалардың меншігі

   Жеке меншікпен қатар ҚР-да мемлекеттік меншік те бар. ҚР Конституциясынының 6 –бабы 3- тармағына сәйкес меншіктің белгілі бір түрлері тек қана мемлекет меншігіне жатқызылуы мүмкін.

                                                                        Мемлекеттік меншік

 

 

                                                       Республикалық                           Комуналдық

   Републикалық меншік түсінігі – меншік иесі тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы екенін білдіреді. Үкіметтік ғимараттар, біздің мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін ұстап тұруға қажеттінің бәрі республикалық меншік.

   Коммуналдық меншік мемлекеттік меншік түрі ретінде Қазақстан облыстарына тиесілі әкімшілік – аумақтық бірліктен құрылған.

                                                    Меншік құқығының тоқтатылу тәсілдері

 

 


                           Реквизициялау                   тәркілеу                                   жерге меншік құқығының тоқтатылуы

   Реквизициялау. Ол меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтату тәсілдерінің бірі. Бұл өте сирек жағдайларда қолданылады. Бұл, әсіресе соғыс кезінде, сонымен қатар табиғи апат кезінде де(жер сілкінісінде, су тасқыны, орман өртенгенде және т.б) қолданылады. Реквизицияланатын мүлік адамдарды құтқару, төтенше оқиғалардың қауіпті салдарын жою үшін қажет.

   Тәркілеу. Меншікке құқықты мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір тәсілі тәркілеу болып табылады. Ол тек сот тәртібімен іске асырылуы мүмкін. Тәркілеу істеген қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жаза ретінде қолданылады.

       6.   Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Меншік құқығын иелену тәсілдері дегеніміз не?

2. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?

3. Меншік құқығы қандай жағдайларда тоқтатылады?

  

7.Жаңа материалды бекіту:

                                                        Меншік нысандарының түрлері

 

                                        Жеке меншік              мемлекеттік            республикалық коммуналдық

8.Үйге тапсырма:§ 11. 5-6 тапсырмалар.

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

Сыныбы ___________

Мерзімі ___________

Сабақтың тақырыбы:§ 12. Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлеріне түсінік беру. Шарт түрлерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: Азаматтық кодексі, термин сөздер.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Меншік құқығын иелену тәсілдері дегеніміз не?

2. Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?

3. Меншік құқығы қандай жағдайларда тоқтатылады?

  4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Міндеттемелер түсінігі.

2.       Міндеттемелердің орындалуы.

3.       Үлестік және ортақ міндеттемелер.

4.       Ақшалай міндеттеме.

5.       Шарт еркіндігі мен ттүрлері.

   Азаматтық құқықта барынша мол алуан түрлі шарттар көзделген. Міне, осындай шарттардың негізінде міндеметтемелер деп аталатын құқықтық қатынастар пайда болады.Оны басқаша түрде міндеметтелік құқықтық қатынастар деп атайды.

   Міндеттемеге сай бір адам белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруға тиіс. Ол борышкер деп аталады. Оның пайдасына іс-әрекет жүзеге асырылатын адам несие беруші деп аталады.

   Міндеттеме тиісінше орындалуы қажет. Ол заңға және шартқа сәйкес орындалуы тиіс деген сөз. Егер борышкер пайдалану үшін үш бөлмелі пәтер ұсынуға міндеттенсе, ол оны беруге міндетті.Борышкерлердің шарттары бойынша басқа да міндеттемелері заңдардан туындауы мүмкін.

Кейбір міндеттемелерде орындалу мерзімі көрсетілмеуі мүмкін. Азамат А. Азамат К-ға 10 мың теңге қарыз берген. Оны қашан қайтару керектегін айтпаған. Азамат К. Қарызын қайтару үшін ол кезге дейін жалақысын алып үлгермеген. Әлбетте оған қарызын қайтаратын ақшаны табу үшін уақыт керек. Заңда бұл жағдай ескерілген.Азаматтық кодекстің 722-бабы 1-тармағының 3-бөліміне сәйкес ақша отыз күн ішінде қайтарылуы тиіс.

   Субъектілер жасайтын барлық заңды әрекеттер мәмілелер деп аталады.Шарт та мәмілелер болып кледі.

   Шарт еркіндігі дегеніміз-тұлғалардың өз еркін білдіруі. Біріншіден, азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасқанда ерікті болады.Екіншіден, адамдар заңнамада көзделген және заңнамада көзделмеген шарттарды жассаса алады.

 

 

 

 

 

 

 


   Жария шарттың ерекшелігі, шартқа бір тарап ретінде әрқашан кәсіпкер(жеке және заңды тұлға) жасайды. Жария шарттың ерекшелігі міндетті түрде кәсіпкермен жасалуында ғана емес. Тауарлардың, жұмыс пен қызмет  көрсетулердің бағасы, сондай-ақ жария шарттың басқа да жағдайлары оған жүгінгендердің бәрі үшін бірдей белгіленеді, халықтың жекелеген санаттарына арналған жеңілдіктер тек заңнамада ғана белгіленуі мүмкін.

   Кәсіпкер жасасатын шарттың тағы бір түрі-қосылу шарты. Оның ерекшелігі мұндағы шарттарды тараптың бірі стандартты түрде белгіленуінде. Тараптың бірі ретінде тауарды сататын, жұмысты орындайтын, қызметтер көрсеттетін кәсіпкер деп түсінеміз.

   Заңда көрсетілген шарттың үшінші түрі- тұтынушылық шарт.Оның ерекшелігі бір тараптан оған кәсіпкердің, ал екінші тараптан клиенттің қатысуы болып табылады. Ол «тұтынушы» деп аталады және көп жағдайда қатардағы азамат болады.

       6.   Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Міндеттеме дегеніміз не?

2. Міндеттемелер қалай орындалу керек?

3. Шарт дегеніміз не?

4. Шарттың қаңдай түрлері бар?

7.Жаңа материалды бекіту:

 1. Ортақ міндеттемелерді орындау тәртібі қандай?

2. Жария шартың ерекшеліктері қандай?                                                      

8.Үйге тапсырма:§12. Міндеттемелер мен шарт түсінігі және оның түрлері.

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы __________

Мерзімі ___________

Сабақтың тақырыбы:§ 13. Азаматтық құқықтағы жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Міндеттеме дегеніміз не?

2. Міндеттемелер қалай орындалу керек?

3. Шарт дегеніміз не?

4. Шарттың қаңдай түрлері бар?

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

1. Ортақ міндеттемелерді орындау тәртібі қандай?

2. Жария шартың ерекшеліктері қандай?                                                       

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.      Мүліктік залал үшін жауапкершілік.

2.      Азаматтық құқық бұзушылық үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі.

3.      Өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру.

Кез келген құқық бұзушылық үшін құқықта жауапкершілік көзделген. Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік азаматтық- құқықтық жауапкершілік деп аталады.

Көп жағдайда шарттың бұзылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдануға себеп болады. Оның бұзылуы салдарынан мүліктік залал келеді. Құқық бұзушы қандай да бір әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі болуға тиіс.

Белгілі бір адамға тиісті заттардың жоғалуы немесе зақымдануы да мүліктік залал деп түсіндіріледі.

Бұған дейін біз субъектілер арасында шарттық қатынастар болмаған жағдайда кең тараған міндеттемелердің пайда болу негізін атамадық. Ол- зиян келтіру. Зиян келтіру азаматтық құқық бұзушылық жасаумен бірдей. «Қажетті қрғаныс», «өте қажеттілік» жағдайында зиян келтіру айрықша жағдай ретінде есепке алынбайды.

Он төрт жастан бастап, он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің әркеттерінен келтірілген зиян үшін өз беттерінше жауап береді.

Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік- азаматтық-құқықтық жауапкершілік деп аталады. Қандай да бір субъект құқық бұзушылық жолмен залал келтіре отырып, нақты субъектінің құқын бұзса, оны қолдану мүмкін болады.

Залал (зиян) келтірген адам оның орның толтыруға тиіс. Көп жағдайда мүліктік зиян келтіріледі. Ол мүліктің жоғалуынан немесе зақымдануынан, жәбірленушінің шығынынан, ол ала алмаған кірістерден құралады. Жауапкершілік шарасы ретінде айып  төлеттіру қолдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмағандар зиян келтіргенде жауапкершілік туындауы тиіс. Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата-аналары (қамқошылары) және басқа да заңнамада көрсетілген субъектілер жауапкершілікте болады. 14- тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар олар келтірген зиян үшін өз бетінше жауап береді. Олардың мүлкі (ақшасы) жеткіліксіз болғанда, олардың ата-аналары (қамқоршылары), заңнамада көрсетілген басқа адамдар жауапкершілікке тартылады. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенде, оның жоғалтқан табысының (кірісінің) жәбірленушілер мен басқалардың емделуге кеткен шығындарының орны толтырылуға тиіс.

       6.   Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянның орны қалай толтырылады?

7.Жаңа материалды бекіту:

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?

2. Мүліктік залал дегеніміз не?

3. Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?

8.Үйге тапсырма:§ 13. Азаматтық құқықтағы жауапкершілік.

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы ___________

Мерзімі ___________

Сабақтың тақырыбы:§ 14. Ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік. Кәсіпорындар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ерікті еңбек ету құқығы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?

2. Мүліктік залал дегеніміз не?

3. Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

1. Өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянның орны қалай толтырылады?

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Ерікті еңбек ету құқығы.

2.       Мамандықтың түрлері.

3.       Кәсіпорындар және олардың түрлері.

4.       Басқа жұмыс берушілер.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 24- бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар». Бұл ҚР-ның азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кте алады дегенді білдіреді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген.

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқуға отырып,қандай мамандықтар барын ескереді. Мамандық қандай да бір қызметті жүзеге асыруға қажетті білім жиынтығын білдіреді.

   Азамат ерікті еңбек ету құқығын іске асыру үшін оны жұмыс бкруші жұмысқа алуы керек. Жұмыс беруші ұғымына Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің 1-бабында анықтама беріледі. Жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан      Республикасының Азаматтық кодексі негізінде құрылады.Сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заң күші бар 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңымен белгіленеді. Заңды тұлғалардан басқа азаматтар жеке кәсіпкерлермен де еңбек қатынастарында болады.     Жұмыс берушілер ретінде шаруа (фермерлік) қожалықтары да болады. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтары туралы» Заң негізінде әрекет етеді.

6.       Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1. Ерікті еңбек ету құқығы деп нені айтамыз?

7.Жаңа материалды бекіту:

1. Мамандық бойынша жұмыстың маңызы қандай?

2. Жұмыс беруші деген кім?

3. Заңды тұлға деген кім?

8.Үйге тапсырма:§ 14. Ерікті еңбек ету құқығы.

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы _____________

Мерзімі _____________

Сабақтың тақырыбы:§ 15. Еңбек шарты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау қажеттігін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек заңы.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Ерікті еңбек құқығы деп нені айтамыз?

2. Жұмыс беруші деген кім?

3. Мамандық бойынша жұмыстың маңызы қандай?

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

1. Кәсіпорындар және олардың түрлері

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Еңбек шарты.

2.       Еңбек шартының мерзімі.

3.       Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.

   Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек. Осыған байланысты жұмыс беруші мен нақты қызметкердің арасында жасалатын еңбек шарты негіздерінің екі тобы ерекшеленеді.

1-топқа мәнісі еңбек заңнамасымен көзделінген шарттар жатады. Сондықтан оларды еңбек шартының дербес тараптарын орындауға қабылдайды және тараптардың еркіне қарамастан келісімге енгізіледі.

2-топқа тараптардың өздері қоюы мүмкін жағдайлар жатады. Өз кезегінде олар қажетті және қосымша болып бөлінеді. Қажетті жағдайларсыз еңбек шарттары жасалмағандар қатарына жатады. Онда жұмыс орны міндетті түрде  белгіленуі тиіс.

   Еңбек шартында қызметкерлердің атқаратын жұмыстары туралы талап қойылуға тиіс. Онда қызметкер қай мамандық, қай біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс істеуге міндеттенетіні ескертіледі.Көптеген ұйымдарда қызметкерлердің лауазымдық міндеттері көрсетіледі.Қызметкердің  жұмыс орнын (еңбек қызметтерін) еңбек шарты тараптарының екі жақты келісімі бойынша өзгертуге болады. Еңбек шартының тағы бір қажетті жағдайы еңбек шарты жасалған күннен кейінгі жұмысты бастау уақыты туралы болмақ.

Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексінің 32-бабына сәйкес еңбек шарты жазбаша түрде жасалады.Шарт кем дегенде 2 дана етіліп жазылады, жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды. Заңда еңбек шартының ұстанымдық мазмұны беріледі.  Жұмыс беруші еңбек шартын жасасу үшін қызметкердің еңбек  қызметін растайтын құжаттарын талап етуге құқылы, қызметкер өзінен талап етілген және заңнамамен ұжымдық еңбек шартында қарастырылған  басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті . Шартқа сәйкес жұмысты атқару үшін белгілі білім мен біліктілік  қажет болса, қызметкер осындай білімі барлығын растайтын құжатты тапсыруға міндетті. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді.

   Тараптар белгілі бір мерзімге шарт жасауы мүмкін. Бұл жағдайда шарттың өзінде оның алты айға, бір жылғы, т.б. мерзімі көрсетілуі керек. Шарттың мерзімі өтісімен, ол өз әрекетіне тоқтатады. Шарт белгілі бір жұмысты орындау кезеңіне жасалуы мүмкін. Шарттың дәл әрекет ету мерзімі белгісіз.

Еңбек шарты қызметкерлермен бұрынғы қызметкер ұзақ уақыт жұмысқа шықпаған мерзімге жасалуы мүмкін. Қызметкерлердің  тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауға тиіс. Ол қызметкерлердің ауырып қалуына , басқа да дәлелді себептерге байланысты жұмыс тоқтатылса, ол уақыт аралығы сынақ мерзіміне  кірмейді. Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе , онда қызметкер сынақтан өткен болып саналады.

      6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру

1. Еңбек шарты деген не, оған қандай шарттар жатады?

2. Еңбек шарты қандай мерзімдерге жасалуы мүмкін?

3. Еңбек шарты қалай тоқтатылады?

7.Жаңа материалды бекіту:

1. Екі ұшты мерзімге жасалған еңбек шарты дегеніміз не?

8.Үйге тапсырма:§ 15. Еңбек шарты.

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы _____________

Мерзімі _____________

Сабақтың тақырыбы:§ 16. Еңбек жағдайлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау қажеттігін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек заңы.

Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Еңбек шарты деген не, оған қандай шарттар жатады?

2. Еңбек шарты қандай мерзімдерге жасалуы мүмкін?

3. Еңбек шарты қалай тоқтатылады?

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Еңбек жағдайлары

2.       Жұмыс уақыты

3.       Демалыс уақыты

Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды.Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.

Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарына сай болуға тиіс. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждықтарына сәйкес белгіленеді.

 

      6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру

7.Жаңа материалды бекіту:

8.Үйге тапсырма:§

9.Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы __________

Мерзімі ___________

Сабақтың тақырыбы:§ 17. Әкімшіліктің міндеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушыларға қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарындағы негізгілердің бірі қызметкер еңбегіне ақы төлеу керектігін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Еңбек жағдайлары дегеніміз не?

2.       Жұмыс уақыты қалай белгілнеді?

3.       Демалыс уақытына нелер жатады?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Жексенбі және мерекелі күндері жұмыс істеуге жол беріле ме?

2.       Еңбек демалыстары жөнінде не айта аласыңдар?

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Еңбекке ақы төлеу тәртібі.

2.       Еңбек ақыны төлеу орны.

3.       Еңбек тәртібі.

4.       Азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі.

5.       Кәмелетке толмағандардың еңбегі.

6.       Еңбек дауларын шешу.

   Қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарындағы негізгілердің бірі- қызметкер еңбегіне ақы төлеу. Еңбекке ақы төлеу- еңбекақы деп аталады.

   Еңбекақы төлеудің негізгі жүйесі-мерзімді немесе кесімді болады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еңбекке бірдей сыйақы белгіленуге тиіс.  Әркімнің «еңбегі үшін кемсітусіз сыйақы алуына» (ҚР констит-ң 24-бабы, 2-тармағы) құқығы бар.

    Еңбекақы төлерде лауазымы мен қызметкер атқаратын еңбек қызметінің көлемі, оның біліктілігі ескеріледі.

Мерзімінен тыс жұмыс, жексенбі және мерекелі күндердегі жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемнің көтеріңкі мөлшері ескеріледі.

Еңбекақы төлеу күндері жеке, ұжымдық еңбек шарттарында көрсетіледі. Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес еңбек жалақысы ҚР—ның ұлттық валютасымен ақшалай нысанда, келесіайдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей жүргізіледі.

   Қызметкер белгіленген еңбек тәртібін сақтауға тиіс. Егер қызметкер еңбек тәртібін бұзса, онда мәжбүр ету әдістемесі қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза белгілеу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс беруші ескерту жасауға, сөгіс жариялауға құқықты. Оның Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес еңбек шартын бұзуға құқығы бар.

   Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қолданып келеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету ҚР    Конституциясына да негізделген, оның 28-бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы зейнет жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуынауына кепілдік беріледі».

   Жалпы тәртіп бойынша зейнеткер болып 63 жасқа толған ер адам мен 58 жасқа толған әйел адам есептеледі.

   Зейнетақымен қамтамасыз етудің жеке жүйесі бойынша, жұмыс беруші жинақтаушы зейнетақы қорын жұмысшыға есептелетін жалақының 10%-ын аударып отырады.

Жалпы тәртіп бойынша ҚР-да кәмелетке толғандардың еңбегі пайдаланылмайды.Жеке еңбек шартын жасауға,

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Сөзжұмбақ

 

з е й н е т а қ ы

                                 з а ң

                                е ң б е к а қ ы

                                  м е н ш і к

   к ә с і п о д а қ

 

 

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Еңбекақыны төлеу қалай жүзеге асырылады?

2.       Зейнеткер дегеніміз кім?

3.       Кәмелетке толмағандар еңбек қатынасына кіре алады ма?

8.      Үйге тапсырма:§17. Әкімшіліктің міндеттері.

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.23. Қылмыс құрамының элементтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қылмыс құрамының элементтерін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Қылмыстық құқық дегеніміз не?

2.       Қылмыстық заңның басқа заңдардан айырмашылығы неде?

3.       Қылмыстық құқыққа қандай міндеттер жүктелген?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қай жылы қабылданды?

2.       Қылмыстың қандай белгілері бар?

3.       Қылмыс құрамы неше элементтен тұрады?

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Қылмыс объектісі

2.       Қылмыстың объективтік жағы.

3.       Қылмыстың субъектісі.

4.       Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, ол бір нысананы, яғни объектіні көздейді.Объектісі жоқ қылмыс болуы мүмкін емес. Кез келген қылмыс белгілі бір құндылықтарға қол сұғады.

Қылмыстың заты дегеніміз- осы қылмыс объектісінің мазмұнына кіретін қылмыс жасау кезінде тікелей ықпалға ұшырайтын материалдық және рухани заттар.Мысалға автокөлік ұрлап кетсе, оның иесінің меншік қатынастары қылмыс объектісі де, автокөлік- қылмыс заты.

Қылмыстың объективтік жағы болса, ол қылмыстың сыртқы, көзге көрінетін жағы. Әйтпесе ойлаған ой жүзеге асырылмаса, қылмыс болып табылмайды. Бірінші кезекте жүзеге асырылатыны, әлбетте әрекет. Осы әрекет қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады. Қажетті белгі дегеніміз- оның ҚК-тегі барлық қылмыс құрамдарында келтіретіндігін көрсетеді. Ал басқа белгілер (зардап, уақыт, орын, тәсіл, т.б.) барлық қылмыс құрамында келтірілмеген.

Сонымен объективтік жақтың өзегі болып табылатын әрекеттің өзі екі нысанда көрініс табады. Олар-іс-әрекет және әрекетсіздік. Іс әрекет дегеніміз қылмыс жасау кезіңде субъектінің мінез-құлқындағы сырттай көрініс тапқан белсенді, саналы және ерікті қимылы.

Әрекетсіздік те әрекет сияқты саналы мінез-құлық. Бір ол әрекет сияқты белсенді емес, керісінше әлсіз. Мысалы, заңда көрсетілген, жасалуға тиісті қимылды жасамауда.

Қылмыстың субъектісі деп қылмыс жасаған адамды танимыз. Сол себептен де қоғамға қайшы қылық жасаған адамды қылмыстың субъектісі деп тану үшін ол адам қойылатын бірнеше шартарға жауап беруі керек. Ең алдымен, ол есі дұрыс адам болуға тиісті,

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

7.      Жаңа материалды бекіту:

8.      Үйге тапсырма:§23

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.24. Қылмыс жасаудың сатылары және қылмысқа қатысу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қылмыс жасаудың сатылары мен қылмыстың түрлерін түсіндіру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Қылмыс дегеніміз не?

2.       Қылмыс құрамы дегеніміз не?

3.       Қандай қылмыстарды әрекетсіздік арқылы жасауға болады?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Қылмыс жасау сатылары.

2.       Қылмысқа қатысушылардың түрлері.

    Кез келген қасақана қылмыс белгілі бір кезеңдерден (сатылардан) өтеді. Тек аяқталған қылмыстар ғана емес, сонымен қоса аяқталмаған қылмыстық әрекеттер де қоғамға қауіпті. Қасақана қылмыс жасағанда көп жағдайда адам қылмыстық әрекетке дайындалыпе барып өз ниетін жүзеге асырады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың үш сатысы көрсетіледі:

1)      Қылмысқа дайындалу;

2)      Қылмысқа оқталу;

3)      Аяқталған қылмыс.

    Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақан жағдайлар жасау» , объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады.

    Егер адам қылмыс жасау үстінде оған байланысты діттеген арам пиғылы жүзеге аспай қалса, ол қылмыс жасауға оқталу болып табылады. Қылмысқа оқталу кезіңде айыпты адам қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді жасай бастайды.Өзінің еркі мен санасынан тыс жағдайларға байланысты ойлаған әрекетінің барлығын жасап үлгермейді немесе үлгерсе де Қылмыстық кодексте міндетті белгі деп келтірілген зардап тумай қалады. Егерде қылмыстық кодексте зардаптың келуі ғана қылмыстың аяқталу уақыты деп есептеледі. Егер зардап тумай қалса, ол тек оқталу. Мысалы, кісіні өлтіремін деп у беріп қояды, бірақ оны басқа кісілер келіп құтқарып қалады.

   Қылмыстық құқық теориясында жарамсыз оқталу түрлері де кездеседі. Олар:

1.      Жарамсыз объектіге оқталу(мысалы, адам терезесінің сыртынан «ұйықтап жатқан адамға» оқ атады, ал шын мәнінде, ол бұған дейін оқ тигенше өліп қалған болып шығады);

2.      Жарамсыз құралмен оқталу(мысалы, кісінің маңдайына мылтық тіреп, шүріппені басады, бірақ айыпты адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты атылмай қалады).

 

 

 

 

 

 


    Егерде көзделіп отырған әрекетте оның заңдағы көлеңкесі болып табылатын қылмыс құрамының барлық белгілері бар болатын болса, онда қылмыс аяқталған деп есептеледі.

Егер де адам қылмыстан өз еркімен бас тартты деп тану үшін және қылмыстық жауаптылықтан босату үшін бірнеше талапты орындау керек:

1)      Амалсыз емес, өз еркімен болу;

2)      Әлі де ойласып қалатындай емес, бас тарту кесімді түрде болуы;

3)      Қылмысты аяғына дейін жеткізбеуі;

4)      Қылмысты аяғына дейін жеткізу мүмкін екендігін ұғыну;

5)      Бұған дейінгі әрекетінде басқа қылмыс құрамының болмауы;

Қылмысқа қатысушылардың төрт түрі бар:

1.      Орындаушы

2.      Ұйымдастырушы.

3.      Көмектесуші

4.      Азғырушы

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Қылмыс жасаудың қандай сатылары бар:

2.       Қылмыс жасаудан өз ерімен бас тарту дегеніміз не?

3.       Қылмысқа қатысушылардың қандай түрлері бар?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Қылмыс жасауға оқталу дегеніміз не?

2.       Аяқталған қылмыс дегеніміз не?

8.      Үйге тапсырма:§24. Қылмыс жасаудың сатылар және қылмысқа қатысу.

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға «Неке, отбасы, отбасы қатынастары, туыстық қатынастар, туыстықтың түрлері» жайлы мағлұмат беру. Өмірмен байланыстыра отырып, мәнін ашу.

Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге баулу.

Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.

Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Жауаптылық деген не?

2.       Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері қандай көрініс береді?

3.       Жазалардың жүйесі қандай?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Қылмыстық жазадан босатудың қандай түрлері бар?

2.       Қажетті қорғануды қалай түсінесіңдер?

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Отбасы және неке ұғымы

2.       Неке және некенің түрлері

3.       Неке және отбасын құқықтық реттеу

4.       Некеге тұру тәртібі.

    Отбасы құқығы- некеге тұру шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды айқындайтын, отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтың дербес саласы.

    1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз- некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.

    Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар:

1.      Отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі

2.      Өмірге ұрпақ әкелу қызметі.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына сай: неке және отбасы қатынастары- ата-ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттің қорғау қызметі төмендегі қағидалар негізінде жүзеге асады:

-          ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

-          ерлі- зайыптылардың отбасында, құқықтық жағынан тең болуы;

-          отбасы өміріне ешкімнің де өз бетінше араласуына жол бермеу;

-          отбасындағы мәселелерді өзара келісіммен шешу;

-          балалардың отбасында тәрбиеленуіне, жағдайына көмектесу;

-          кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау;

-          отбасы мүшелерінің қорғану, соның ішінде сот арқылы қорғану құқығының болуы,т.б.

    Еліміздегі неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды. Ол 7 бөлімнен, 213 баптан тұрады.

Некеге тұру шарттары:

1.      некеге тұрушы ер мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

2.      Қазақстан Республикасында неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып есептеледі.

«Неке және отбасы туралы» Заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол берілмейтін адамдар санаты берілген:

1)      Егер жұбайлардың біреуі басқа тіркелген некеде болса, біздің елімізде заңды түрде некесі бұзылмаған адамның жаңа некесін тіркеуге жол берілмейді.

2)      Қандас туыстар арасындағы неке

3)      Асрап алғандар арасындағы неке

4)      Психикалық ауру немесе ақыл есі кем адамдар арасындағы неке

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Отбасы дегеніміз не?

2.       Отбасының қоғамдағы қызметі қандай?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Некеге тұру шарттары қандай?

2.       Отбасының қандай түрлерін білесіңдер?

3.       Неке жасын кеміту қандай жағдайларда жүзеге асады?

4.       «Неке және отбасы туралы» Заң қашан қабылданды?

8.      Үйге тапсырма:§27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.28. Некенің тоқтауы және бұзылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар білімін тиянақтау, өмірмен, ата-анамен байланыс орнату. Некенің қай кезде қандай себептермен бұзылатынын және оны бұзу жолдары туралы заңның, отбасы, неке туралы құқықтың негіздерін баяндау.

Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, өмір суруге баулу.

Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа  қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Отбасы дегеніміз не?

2.       Отбасының қоғамдағы қызметі қандай?

3.       Некеге тұрудың қандай шарттары бар?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       «Неке және отбасы туралы» Заң қашан қабылданды?

2.       Қандай жағдайларда неке қиюға жол берілмейді?

3.       Жалған неке дегеніміз не?

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Некенің бұзылуы

2.       Некені сот тәртібімен бұзу

3.       Некенің жарамсыздығы

    Некенің бұзылуы- отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.

    Әр отбасының ажырасу тарихы, себебі әртүрлі. Алайда әр отбасында оның себептері әр түрлі болуы мүмкін:

-          Тұрмыс жағдайының ауыртпалығы (материалдық қажеттіліктер, тұрғын үй қиыншылығы, т.б);

-          Тұлғааралық келіспеушіліктер (өзара сүйіспеншілікті жоғалту, дөрекілік, маскүнемдікке салыну);

-          Ішкі жағдайлар (жаңа отбасының пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы).

    Заң тұрғысынан алғанда, некенің бұзылуы дегеніміз- жұбайлардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым-қатынастардың тоқтатылуы. Бұл ерлі зайыптылар арасындағы құқықтық қарым- қатынастардың тоқтатылғанын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 


    Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңы некені бұзудың екі түрін белгілейді.

1.      Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу.

2.      Некені сот тәртібімен бұзу.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:

1.      Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ;

2.      Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын;

3.      Ерлі зайыптылардың өзара келісімі жағдайында жүргізіледі.

Некені сот тәртібімен бұзу

1.      Кәмелетке жасқа толмаған ортақ балалары болса;

2.      Жұбайлардың біреуі некені бұзуға келісім бермесе;

3.      Ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға қарсы болмаса, бірақ өз әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы некені бұзудан жалтарса неке сот тәртібімен бұзылады.

    Некенің жарамсыздығы дегеніміз- некеге тұрғаннан бастап пайда болған барлық құқықтық салдарды жою.   Некенің күшін жоюдың мәнісі мұндай неке бұрын – соңды болмаған деп танылады, ешкімге құқықтар мен міндеттер жүктемейді. Мысалы, бірлесіп тапқан мүлік тепе-тең мөлшерде бөлінбейді, алимент алу немесе талап ету құқығы жойылады:

-          Некеге тұрушы ер адаммен әйелдің өзара келісім нәтижесінде құрылмаса;

-          Заңда көрсетілген неке жасына толмаған болса;

-          Неке, араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар арасында жасалса;

-          Некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен отбасы мүшелеріне, жеке басына, қоғамға қауіпті ауруын жасырып келсе, неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.

    Сот некені жарамсыз деп танығаны туралы шешімнің көшірмесі үш күн ішінде АХАЖ органдарына жіберіледі. Неке тіркелген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Неке дегеніміз не?

2.       Некені тоқтату дегеніміз не?

3.       Қандай жағдайлар некені тоқтатуға негіз бола алады?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Ажырасу ұғымына анықтама беріңдер. Оның қандай жағымсыз жағдайлары бар?

2.       АХАЖ органында некені тоқтату қандай жағдайларда жүзеге асады?

3.       Некенің жарамсыздығы дегеніміз не?

8.      Үйге тапсырма:§28. Некенің тоқтауы және бұзылуы.

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.30. Отбасындағы алименттік қатынастар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алименттік қатынастар мен оның түрлері, мәні, оның тағайындалу тәртібі мен ережесі, алименттік міндеттердің тоқтатылуы туралы жалпы білім беру.

Тәрбиелік: құқықтық тәрбие беру, өмір сүруге даярлау, құқықты өмірде пайдалануға баулу

Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа  қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Отбасында ерлі-зайыптылардың қандай құқықтары мен міндеттері болады?

2.       Ерлі -зайыптылардың ататегін біріктіріп жазуға заң рұқсат ете ме?

3.       Неке шартын жасау не үшін қажет?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Алимент туралы түсінік және оның түрлері.

2.       Алиментті тағайындаудың тәртібі.

3.       Алименттік міндеттерді тоқтату.

    Алимент – алуға құқығы бар екінші адамға отбасының басқа бір мүшесі беруге міндетті асырау қаражаты.

    Алименттік қатынастар пайда болу үшін біріншіден, туыстық қатынастар, екіншіден, заңда көрсетілген немесе тараптардың келісіміне сай жағдайлардың болуы (яғни, алимент алушының еңбекке жарамсыздығы, төлеушінің алимент төлеуге қажетті қаражатының болуы), үшіншіден, соттың алимент төлету туралы немесе тараптардың өзара келісімінің болуы керек.

    Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алуға құқығы бар адам сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.

    Көрсетілген алименттік міндеттемелердің Заңда көрсетілген төмендегідей түрлері:

1)      Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қатысты алименттік міндеттемелері;

2)      Кәмелетке толған балалардың ата-анасын асырап –бағу туралы міндеттемелері;

3)      Ерлі-зайыптылардың бір-бірін асырап бағу туралы міндеттемелері;

4)      Аға-апалары мен кәмелетке толмаған  іні-қарындастардың арасындағы міндеттемелері;

5)      Немерелерін асырап-бағу жөніндегі атасы мен әжесінің немесе керісінше немерелерінің ата-әжесінің немесе алдындағы алименттік міндеттемелері.

    Кәмелетке толмаған балаларға қатысты төленетін алименттік міндеттеме:

-          Баланың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаражат көзі;

-          Мақсатты көздерге, яғни баланы асырап-бағуға жұмсалады;

-          Ай сайын тұрақты төленеді;

-          Қымбат бағалы мүлкі, басқа қаражат көздерінің болғандығына қарамастан төленеді;

-          Ата-ана құқығынан айырылған, шектеген жағдайлардың барлығында төленеді;

-          Қасақана орындамау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын міндеттеме болып табылады.

    Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттемелер сол келісімнің мерзімі біткенде, тараптардың біреуі қайтыс болғанда тоқтатылады.

Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

1.      Бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін иеленгенде;

2.      Асырап-бағу үшін алимент өндіріп алушы бала асырап алынғанда;

3.      Сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылды деп танылғанда;

4.      Жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жұбай жаңа некеге тұрғанда;

5.      Алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Алимент дегеніміз не?

2.       Алименттік қатынастар қандай жағдайларға сай пайда болады?

3.       Алименттін қандай түрлері бар?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       Кәмелетке толмаған балаларға   қандай мөлшерде алимент төленеді?

2.       Жұбайлардың арасында алименттік қатынастар бола ма№

8.      Үйге тапсырма:§30. Отбасындағы алименттік қатынастар

9.       Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы  --------------------

Мерзімі    --------------------

Сабақтың тақырыбы:§.31. Құқық қорғау жүйесіндегі ІІМ, ҰҚК органдарының, әділет министрлігінің және прокуратураның рөлі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға құқық қорғау  органдарының қызметін, олардың негізгі қағидаларының мәні және маңызы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: құқықтық тәрбие беру, адамгершілікке, әділеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа  қызығушылығын туғызу, танымдық белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: ҚР «Әділет органдары туралы» Заң.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

 

2.       Үй тапсырмасын тексеру

1.       Алимент дегеніміз не?

2.       Алименттік қатынастар қандай жағдайларға сай пайда болады?

3.       Жұбайлардың арасында  алименттік қатынастар бола ма?

3.      Білімдерін жан- жақты тексеру

1.       Отбасындағы алименттік міндеттемелер қалай пайда болады?

4.      Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5.      Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1.       Полиция органдары

2.       Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі

3.       Прокуратура органдарының қызметі

4.       Әділет министрлігі

    Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Құқықты қорғау қызметі негізгі үш нысанда жүзеге асырылады:

А) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

Ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

Б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Қазақстан Республикасында мынадай құқық қорғау органдары құрылған

    Полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б.), сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.

    Полиция- Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ІІМ жүйесінде көптеген полициялық органдар құрылған. Олар:

1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;

2) патруль полициясы- көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

3) жол полициясы- жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;

4) әкімшілік полициясы, оның міндеті- әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

5) полицияның арнайы отрядтары- күзетілетін маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.

    Құқық тәртібін қорғауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен  рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдар жұмыс істейді.

    ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның Президентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.

    ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контробандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады.

    Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық-нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

    Прокуратуралық қадағалаудың мақсаты – республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.

     Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жүзеге асыруда, сондай-ақ Әділет министрлігінің органдары үлкен рөл атқарады. Олардың міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері ҚР «Әділет министрлігінің органдары туралы» 2002 жылға 18 наурызда қабылданған арнаулы заңмен белгіленген.

 

Әділет органдарының құқық қорғау қызметіндегі тікелей жұмыстары мыналар:

-Заңды тұлғаларды тіркеу

-Министрліктер мен жергілікті әкімдердің құқықтық-нормативтік актілерін тіркеу

-Қылмыстық жазалардың орындалуын ұйымдастыру

-Жергілікті комиссиялардың есірткі мен есірткі саудасымен күресу жөніндегі қызметін бақылау және үйлестіру

6.      Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

1.       Мемлекеттік құқық қорғау қызметі дегеніміз не?

2.       Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғаау органдары құрылған?

3.       Полиция органдарына қандай міндеттер жүктелген?

7.      Жаңа материалды бекіту:

1.       ҚР ҰҚК-нің негізгі міндеттері қандай?

2.       ҰҚК і қандай құқықтарды иеленеді?

3.       Прокуатура  органдары кімге бағынады?

8.      Үйге тапсырма:§31. Құқық қорғау жүйесіндегі ІІМ, ҰҚК органдарының, әділет министрлігінің және прокуратураның рөлі.

9.      Бағалау:

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Адам және қоғам пәнінен 10 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспарлары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берілетін мектептердегі 10 сыныпқа арналған адам және қоғам пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары. 1 тақырыптан бастап соңғы тақырыпқа дейін. Барлығы 31 сабақ. Күнтізбелік жжоспарға сәйкес құрылған.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берілетін мектептердегі 10 сыныпқа арналған адам және қоғам пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары. 1 тақырыптан бастап соңғы тақырыпқа дейін. Барлығы 31 сабақ. Күнтізбелік жжоспарға сәйкес құрылған.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берілетін мектептердегі 10 сыныпқа арналған адам және қоғам пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары. 1 тақырыптан бастап соңғы тақырыпқа дейін. Барлығы 31 сабақ. Күнтізбелік жжоспарға сәйкес құрылған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2020 930
    • DOCX 486 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Окур Анна Борисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Окур Анна Борисовна
    Окур Анна Борисовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66077
    • Всего материалов: 197

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1358 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 901 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека