Инфоурок Химия Рабочие программыАдам организміндегі бейметалдардың рөлі 8 сынып

Адам организміндегі бейметалдардың рөлі 8 сынып

Скачать материал

Сабақ жоспары

Сынып:8                 Сабақ реті:                        Пәні: химия                                 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің биологиялық рөлі. № 2 (2.2) көрсетілім

Мақсаты: А) Білімдік: Тірі және өлі табиғатта кездесетін химиялық элементтер, олардың маңызы жайлы және адам организміндегі химиялық элементтердің атқаратын қызметі, организм үшін маңызы туралы мәліметтер беру.

Ә) Дамытушылық: Химиялық элементтер, олардың қосылыстары, табиғатта таралуы, атқаратын қызметі мен маңызы туралы білімдерін тереңдетіп, дамыту.

Б) Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық және адамгершілік тәрбиелерін беру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, қырағылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, химиялық элементтер қосылыстары, алтын, күміс бұйымдар, «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» — слайд, «Табиғатта химиялық элементтердің таралуы» — презентация, мақал-мәтелдер, батырлар жырларынан үзінділер.

Сабақтың түрі: Аралас.

Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, қазақ әдебиеті, математика, география, т.б.

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап, баяндау, сұхбат, т.б.

Оқыту формасы: Жалпы сыныптық, жеке.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларымен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, зейіндерін сабаққа бағыттау.

2.Жаңа сабақты түсіндіру. Үйге берілген тапсырманы сәл шолу түрінде еске түсіріп, химиялық элементтерге сипаттама берудің маңызы, периодтық жүйе мен периодтық заңның маңызы жайлы айта келе, осы химиялық элементтердің табиғатта кең таралғандығын, жан-жағымыздың барлығына зер сала қарасақ олардың кездесетінін айта келе, жаңа тақырыпқа көшемін. Бүгін «Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам организміндегі химиялық элементтердің рөлі» тақырыбын өтеміз, дәптерімізді ашып, күн ретін, тақырыпты жазамыз. Енді тақырыпқа көшпес бұрын өздерің күнделікті тұрмыста, үйде, табиғатта кездесетін қандай химиялық элементтерді білесіңдер? – деген сұрақты қойып, оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдеріне сүйенемін. Балалар, айналамызға зер салып қарасақ: мектепте, үйде, көшеде, транспортта бізді көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары қоршайтынын көреміз. Олардың барлығы бізге қызмет етеді. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда химиялық элементтер туралы білімімізді бір жүйеге келтіреміз.Күнделікті көріп жүрген тұрмыста кездесетін химиялық реакцияларды көрсетіп, олардың сырын түсіндіру. (крахмал мен йод, ас содасы мен сірке қышқылы, натрий мен судың әрекеттесу реакциялары демонсртациялап көрсету, әрі әрбір көрсетілген химиялық реакцияның біздің тіршілігіміз үшін маңызына тоқталып кету). Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен химиялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесінде 30-ға жуық элементтің биологиялық ролі анықталды. Таратып айтсақ…Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады. Атап айтар болсақ, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі. Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Жетіспесе, ауырасыз. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб (іспебұғақ), молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Мұнан соң оқушылар шығып, өздері зерттеп, іздеп тапқан материалдары бойынша жеке элементтерге тоқталады және слайд арқылы көрсетіп, маңызына мән бере айтады. ТЕМІР. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті. Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады.ЙОД. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады. Йод — өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет. Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр. КАЛЬЦИЙ. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады. МАГНИЙ. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады. Адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Ал магний — күйзеліске қарсы макроэлемент. Әсіресе, В6 витаминімен бірге ол жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ сүйек түзуге де қатысады. Жүрек соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қолданады. Ғалымдар қант диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром, селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр. Сондай-ақ, жүкті әйелдерге де магнийдің пайдасы зор. Фолий қышқылымен бірге қолданған жағдайда құрсақтағы нәрестенің ақаусыз дамуына, күні жетпей болуы мүмкін түсіктің алдын алуға көмектеседі. Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балықта және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.ФОСФОР. Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.МЫС. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде, алмада көбірек кездеседі. СЕЛЕН. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі. МЫРЫШ. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш. Мырыш цитрус жемістерінде, қарақатта, сұлыда, қызанақта, қызылшада, асқабақ дәні мен шемішкіде, сарымсақта, сүтте, тазартылған күріште болады. КАЛИЙ.Қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді. Бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.АЛТЫН. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады. КҮМІС. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажа-йып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Сірә, алтын-күміс қасықпен ас ішу тек қана байлықтың көрінісі ғана емес, салауаттылықтың да белгісі болса керек. Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.Са – жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 — әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.Ең жоғарғы мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері (800 – 1000 мкг/кг). Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз, өсімдіктекті азықта тіпті аз. Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті. Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады. Ержігіт мінген атты күміс ермен әшекейлеп, бойжеткеніне қақтаған ақ күмістен сырға тағып, өмірге келген нәрестесін күміс теңге салынған суға шомылдырып, Күміс, Айкүміс деген есім берген қазақтың төл мәдениетінде күмістің орыны ерекше. Ал, оның медициналық қасиет-қуатының өзі үлкен әңгіме.Күмістің косметикалық салада қолданысқа енгеніне де жарты ғасырға жуық уақыт болды. Бұл бет терісіне сергектік беруімен қатар, әжімге қарсы тұрар үлкен күш көрінеді. Дүние жүзіне гүл экспорттаумен айналысатын голлaнд бағбандары жылыжайларда күмісті тыңайтқыш ретінде пайдаланатынын жасырмайды. Әлем ғалымдарының обыр (рак) ауруының емін таппай бас қатырғанына ғасырға жуық уақыт өтсе де оңтайлы шешім әлі табылған жоқ. Бұл болжам соның бірі болуы да ықтимал, нәтижесінде обырдың алғашқы сатысында күміспен емделу арқылы жазылуға да болады деген пікір қалыптасты. Неміс ғалымы Р. Бекер күмістің әсерінен ағзада иммундық жүйені нығайтатын жасушылар бөлініп, ісікті қайтаруға ықпал ететін күш пайда болады деп үлкен жаңалық ашты. Дала дәрігері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баянда» сырқаттарға берер суға ұдайы күміс салып отырғанын жазады. Ал, суға салынған күміс өзінен иондар бөліп, бұл арқылы ұзақ жылдар бойы жинақталған токсиндерді ыдыратып, адам ағзасының иммундық жүйесіне сауықтырарлық күш беретінін бүгінгі медицина толық дәлелдеді де. Көшпенділердің сән-салтанатын сөз еткенде күміс шолпы, күміс көзе, күміс кесе деген сөз тіркестерін жиі естиміз. Александр Македонскийдің жорыққа шыққанда күміс бөшкелермен су алып жүргенін тарихшыларымыз талай жазды. Аңыздарда емдік қасиеті мол ыдыстың ішіндегі су оның әскеріне күш беріпті делінеді. Күміс тістің қызыл иегі үшін де пайдалы, ауыз қуысындағы түрлі бактерияларды жойып, асқазанға таза ас түсуін қамтамасыз етеді. Балалар дәрігерлері мүмкін болса баланы тамақтандыру үшін арнайы күміс қасық қолданудың дұрыстығын жиі ескертеді. Баланың ойыншығын және бөлмесін күміс қосылған сумен жуып тазалау арқылы да залалсыздандырады. Қолына күмістен жүзік тақпаған әйелді ас-су сақталатын қараша үйге кіргізбеу көшпенділердің тыйым салған дағдысының бірі болған. Баршын тартқан жастағы кейуаналардың білегіне алтыннан гөрі күміс білезікті жиірек салатыны, қыз баланың шашбауын алтын немесе басқа металдардан емес, бірыңғай күмістен жасауының өзінде мән бар. Дәрігерлер күмісті кісі саулығын анықтауда таптырмайтын құрал дейді. Жапондық өндірістен шыққан УЗИ аппаратының қателесуі мүмкін, бірақ, күміс қателеспейді, күміс тағынған кісінің сырқаты болса әшекей тұрған жердің айналысы қарайып «белгі» береді. Күмістен бөлінетін нитрат дененің бойымен жүретін әлсіз электорлы тоқтың нәтижесінде тарап, көптеген ауруларға ұшырасады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралған абзал. Күміс әшекей тынышсыз, күйгелек, күмәншіл адамдарды сабырға шақыруда белгілі бір дәрежеде қызмет атқарады. Күмістен жасалған алқаның мойында, жүзіктің аты жоқ саусақта болғаны қан қысымын төмендетсе, сол қолдың сұқ саулағына салынған жүзік ішек жолдары қызметін жақсартып, әжімнің алдын алуға көмектеседі. Ал, сол қолдың шынашақ саусағына салынған жүзік жүрек ауруларының алдын алады. Минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар мен зергерлік әшекей жасайтын ерекше тобын-асыл тастар деп атайды. Біздің данагөй бабаларымыз асыл тастарды ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңжылдықта тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған қызғылт сары ақықтан жасалған моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нефрит, ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайында тұр. Өмірде біреулер асыл тасы бар, жүзік, білезікті қолына, сырғаны құлағына, алқаны мойнына жәй әшейін сән-дік үшін тақса, кейбіреулер оның адамға энергия беру көзі, ғарышпен байланысқа түсіру құралы екенін біледі. Ал енді ғалымдардың ай-туынша, осы асыл тастар- дың барлық қасиеттерін бо- йына жинаған бір мыс-қалдайы әркімнің денесінде де бар. Табиғатта жетілген элементтер түрінде кездесетін алмаз, көмір, өзен тастары адамның организміне қажет болғандықтан, өзінің саналы күш-қуатымен оның белгілі орталықтарына әсер ете алады. Яғни, ғалымдардың дәлелдеуін-ше, жүзіктегі, білезік, алқа, сырғадағы асыл тастар адамның энергия қабылдау көздерінде жетпей тұрған күш-қуатты ғарыштан жи- нап береді Таңғажайыптылығы сол, адамдар саусағына жүзік кигізгенінде ол өз энергиясымен де, минерал ретіндегі табиғатымен де, түсімен де сәйкестене кетіп, үндес энергетикалық орталыққа тартыла бастайтын болып шықты. Атап тұрып айтсақ, сары түсті тастар өзінің бойындағы минералдарымен дененің осы минералдары бар 3-энергетикалық орталығына (манипура – үндіс тілі), ал қызыл түсті тастар төменгі энергетикалық орталыққа (муладхара) қарай тартылады. Адамның қолдары түрлі орталыққа тартылу қабілетіне сәйкес әртүрлі аураға ие. Бас бармақта – қызыл түсті аура, сұқ саусақта – қызғылт сары аура, ортаншы саусақта сары түсті аура, аты жоқ саусақта – көкшіл – күлгін, шынашақта – жасыл түсті аура бар дейді зерттеушілер. Тек аты жоқ саусаққа барлық түсті тасы бар жүзіктерді киюге болады екен. Себебі, бұл саусақ-тың космостық көкшіл-күлгін түсі қалған энергетикалық орталықтардағы түстерді басқарып отыратын көрінеді. Тағы бір зерттеуші-лердің анықтаған қызық жағ-дайы, егерде сіз ортаншы саусағыңызға сары топаз көзді жүзік кигеніңізде сіз-дің денеңізде энергия жеткіліксіз болса, тас жарқ-жұрқ етіп, ғарыштан күш-қуат жинап оны тиісті орталыққа (асқазан түбіндегі) береді. Сары, қызғылт сары түсті тастар адамның физикалық табиғатына өте жақын. Сол себепті мұндай тастарды барлық адамдар тағып жүре алады. Жасыл түсті тастар бойында жақсылығы мен жамандығы алмасқан, алайда түбінде жақсылығы жамандығын жеңетін адамдарға тән екен. Күлгін түсті тастар көк (ғарышқа тән) және қызыл (динамикалық) түстердің қоспасынан құралғандықтан, оның адамға әсері өте айрықша өткір. Олай болса, асыл тасты бұйымдар таңдағанда да мамандармен пікірлескеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Біз енді жекелеген асыл, қымбат, бағалы тастардың құпия сырларына, табиғатына тоқталсақ. Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Оны сағат өнеркәсібінде, ванттық генераторларда қолданады. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин. Алайда зерттеушілер Жер Ананың қойнындағы барлық минералдардың бірдей қымбат екендігін дәлелдейді. Негізінен, лағыл – адамның психикасына күшті әсер етіп, оның мінезін ұштай түседі. Мейірімді жан бұрынғыдан да мейірімді, қатал адам бұрынғыдан да қаталданып кетеді. Олай болса, лағыл көзі бар жүзікті сыйларда оны мінезі қан-дай адамның тағып жүретінін есіңізге алып, ойланыңыз. Асыл тастардың тылсым сырын зерттеушілердің түсіндіруін-ше, адамдар лағыл жүзіктерді елді өзіне тәнті еткісі келген де, бойын сенімсіздік жайлап алғанда тағу қажет деп ақыл айтады. Мұндай сәттерде әлгі лағыл көзі бар бұйымдар адамдардың ой-санасына, бойына күш-қуат қосады. Және де лағыл сақинаны дұрыс пайдаланып, дұрыс тағып жүрсеңіз ол сіздің денсаулығыңызға ешқандай зиянын тигізбей, қайта өзіңізге даңқ пен байлық әкелетін көрінеді. Мамандар рубинді айына бір-үш рет, аты жоқ саусаққа, барлық металлмен, ал дұрысы алтынмен көмкеріп кигенді дұрыс санайды. Ең абзалы, қатты ауырып тұрғанда лағылды тақпаған жөн. Анар тастар, гранаттар (анар дәндеріне ұқсастығына байланысты лат. «granatus» — «түйіршік» сөзінен шыққан) – силикаттар класына жататын минералдар тобы. Гранаттар – барлық қасиеттері жағынан лағылдан кейінгі асыл тас. Гранаттың құрылымы рубиннен (лағылдан) бір саты тө-мен. Мамандар гранатты – бейнетқор адамның тасы дейді. Өйткені, ол өзінің түсіне сәйкес эмоционалды жұмыс ырғағын сіңіріп алады екен де, адамға ерекше шабыт, іскерлік қасиеттерді сыйлайтын көрінеді. Гранат таққан адам бұл тастың құрылымы-ның әсерінен бұрынғыдан да жинақы, жылдамырақ бола түседі. Оның табысқа жеткізетін кілт екенін түсінеді. Гранатты қандай металлмен де тағуға болады. Гранат иесіне экономикалық табысқа жету-ге көмектеседі. Гранаттар адамның жүй-ке жүйесіне қажетті күш-қуатын молықтырады. Оны қандай металлмен де таға береді. Зерттеушілер гранат иесін табысқа жеткізеді деп те болжам айтып, еліктіреді. Негізінен, гранаты бар сақина, жүзіктер адамның сұқ немесе аты жоқ саусағына тағылады. Төменгі энергетикалық орталықтың (ішек-қарын, несіп жолдары жүйесі) жұмысын жақсартады деп есептелетін анартасты бір күн (24 сағат) суға салып қойып, сол суды ем ретінде де ішетіндер бар. Сонан соң бір апта демалу қажет. Гранатты денеңдегі қызыл түсті энергетикалық орталыққа қарайтын бір жерің ауырғанда, соған қоюға болады.
Лал (мейірбан шпинель). Ол өзінің құрылымы жағынан лағылға ұқсас. Оны таққан адамның да мінезі ұшталады, бойына сенімділік бітеді деген пікірлер бар. Қызғылт сары түсті тастар Зерттеушілер қызғылт сары түсті тастарда жерге деген махаббат және нәзіктік пен ізгілік тұнып тұр дейді. Қызғылт сары түс – күшті энергетикалық антисептик. Қызғылт сары яшма. Бұл минерал да мөлдір емес. Мамандардың есептеуінше, ол өз иесін қоршаған ортамен үйлесімділікке жетелеп, пәле-жаладан сақтап, адамның қызба, еліктегіш қасиеттерін, махаббат сезімін оятуға әсер етеді. Мұндай тасты түйреуіш, кулон, галстук тасы ретінде барлық металлмен көмкеріп, сұқ саусаққа, аты жоқ саусаққа тағып жүреді.
Падпараджа. Мөлдір түсті минерал әрі жарық. Ол та-биғатта сирек кездеседі. Зерт-теушілердің әспеттеуінше, оны таққан кісі тастың қуатты күшімен махаббат азабынан құ- тылып, адамды сақтап, қор-ғайды. Оны таққан адамның махаббат сезімі күшейеді. Бұл тастың несеп жолдарының, жыныс органдарының суық тиіп ауруын қорғайтын қасие- ті бар. Қызғыл сары опал. Түсі күн сияқты жарқырап тұрады. Құрылымы тұрақты. Энергия- сы күшті бұл тастың адамға сыйлайтыны: махаббат, құш-тарлық, қуаныш, бақыт. Мұндай көзі бар жүзік, алқа таққан адам шаршап, шалдықпайды. Осы тастан жасалып, күміспен қабысқан жүзікті адамдар оң қолының сұқ саусағына, аты жоқ саусағына тағады, басқа да әшекей етіп пайдалана алады. 

3.Бекіту сұрақтарын беру. А) Химиялық элементтер табиғатта қалай таралған? Маңызы неде? Ә) Адам ағзасында кездесетін қандай химиялық элементтер бар? Олар адам ағзасында қандай роль атқарады?

Б) Химиялық элементтер табиғатта қандай маңызды минералдардың құрамында болады, ол минералдардың адам өмірі мен тіршілігі үшін, денсаулығы үшін маңызы қандай?

В) Күнделікті тұрмыста қандай химиялық элементтердің қосылыстарын кездестіреміз? Олардың маңызы неде?

4.Үй тапсырмасын сұрау.

А) Химиялық элементтерге жеке сипаттама қалай беріледі?

Ә) Химиялық элементтердің атом құрылысы неден тұрады? Ядро құрамы қандай бөлшектерден құралған?

Б) Атом құрылысы мен ядро құрамын қалай анықтауға болады? Нақты химиялық элементтерді мысалға алып, сипаттама беру.

В) Д.И.Менделеевтің периодтық заңға берген анықтамасы қандай? Қазіргі кезде заң қалай айтылады? Ерекшелігі неде?

Г) Химиялық элементтердің қасиеттері период бойынша және топ бойынша қалай өзгереді?

Тапсырмалар

Вариант 1

Вариант 2

1. Берілгені бойынша қайсы элемент екенін анықта

а)2e 8e 3e

б)2e 1e

в)2e 8e 8e

а)2e 4e

б)2e 8e 7e

в)1e

2. Периодтық жүйедегі орны бойынша элементті анықта.

а)2период 3 топтың негізгі топшасы

б)3 период 5 топтың негізгі топшасы

а)4 период 1 топтың негізгі топшасы

б)2 период 6 топтың негізгі топшасы

5.Пысықтап, қортындылау.

Уақыт болса, химиялық элементтерге сипаттама бергізіп, атом құрылысын айтқызу, мақал-мәтелдер сұрау. Сабақ барысында белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берген, оза оқыту бойынша берілген тапсырмаларды дайындап келіп, сабақ айтқан оқушылардың білімдерін бағалау. Алтын адам, тайқазан жайлы деректерге тоқталып, қосымша ізденуге тапсырмалар беру.

 6.Үйге тапсырма беру.Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің ролі.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Адам организміндегі бейметалдардың рөлі 8 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Я молодой учитель , работаю второй год в гимназии. Я составила поурочный план. Данный файл содержит образцы написания поурочного плана по химии. Поурочный план располагается на листе формата А4, что очень удобно для распечатывания. В логической последовательности расположены : дата урока, номер урока, класс, предмет, цель, тип урока, методы, ход урока. В таблице " Ход урока" имеется колонки "Ранжирования этапов", "Этапы урока", "Элементы урока", "Способ обратной связи" . В поурочном планировании указаны тема урока, тип урока, задачи урока. Указаны элементы задачи, оборудование к уроку, ход урока. Ход урока основная часть, здесь в развернутом виде изложена последовательность действии по проведению урока. Этот раздел можете представить в виде таблицы для себя.Особенно надо быть внимательным надо быть при изложении методических приемов построения изображения. То, что для преподавателя является элементарным, для учащихся часто оказывается необыкновенно сложным. Поэтому в конспекте урока надо как можно подробнее излагать методику работы с классом. Надеюсь вам эта разработка поможет провести хороший урок

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.08.2020 728
    • DOCX 31.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шерстобитова Елена Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шерстобитова Елена Васильевна
    Шерстобитова Елена Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78281
    • Всего материалов: 219

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек