Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Абзал ана бейнесі" ашық тәрбие сағаты

"Абзал ана бейнесі" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Жүргізуші:Құрметті асыл аналар, әжелер,сыныптас қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт ,еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрқашан әдемі болып ортамызда жүре берулеріңізді шын жүректен тілейміз!

 

Күннің нұрынан, ананың сүтінен нәр алдық емес пе? Олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды құрметті аналар , қызғалдақ қыздар сіздерге арнаймыз.

Өмірдің иесі сен ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сенде ғана.

 

         Хор: «Ана туралы жыр».(интербелсенді тақтадан слайд көрсетіледі).

 

Жүргізуші:8- наурыз Халықаралық әйелдер күні! Бұл мерекенің жылдың басқа мезгіліне келуі мүмкін емес, өйткені, көктем секілді аналар да адамзатқа өмір жылылығы мен әсемдігін сыйлайды емеспе?

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

  Ана туралы өлеңдерге кезек берейік.Оның ішінде Садирбай Әсем мен Бұрхан Аида авторлық өлеңдерін оқиды.

1.Асхат Нияз

2.Садирбай Әсем

3.Нұрболұлы Руслан

4.Бұрхан Аида

5.Сагимбаев Данияр

 

Жүргізуші:Ана! Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді жылы естіледі.

Адамзат қуат алар  ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

        Күй (домбыра) Баймырза Әмина

 

Жүргізуші:Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі- жаным деген, сая маған.

              «Тара-ролли-поли» биі.

 

 Жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз –адамның,

Қыздарға айтар лебізі.

    Сахналық көрініс «Анамның күнделігі».(Асхат Нияз, Сагимбаев Данияр, Нұрболұлы Руслан)

 

Жүргізуші:Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс !

                Үздік шығармалар: «Абзал ана бейнесі»

                Баймырза Әмина

               Советбай Әсем

 

Жүргізуші:Құтты болсын, ардақты ана!

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын, теңдік алған.

 Қуанышты мерекең.

           «Анашым - анажаным» әні

Амантаева Аружан

Баймырза Әмина

Советбай Әсем

 

Жүргізуші:Өмірде ащы-тұщы аралаған,

Сондықтан анам ойы дана маған.

Жайқалып жауқазындай өсіп келем,

Өсірген, ер жеткізіп панам- Анам.

Ана туралы мақал - мәтелдерге кезек берейік.

Искакова Анель

Серикова Айсана

   1. Ананың алдында асқар тауда аласа.

   2.Аналар жылдардың салмағынан шөкпейді.

 Ұл қыздарының зардабынан шөгеді.

         3.Анасы өз бөбегін ернін тигізерден бұрын өбеді.

         4. Әке - асқар тау,

   Ана - ағып жатқан бұлақ,

              Бала - жағасындағы құрақ.

          5.Ана әлдиі - азаматтықтың биссмиласы.

          6. Ана алдында құрмет, әке алдында қызмет.

          7. Әкеден ақыл, анадан мейір.

          8. Ана сүтін ақтамағанды , ешкім мақтамайды.

 

             Ойын «Анамның вальсі» (ойын шартын түсіндіру)

 

Жүргізуші:Міне, балалар біз өзіміздің аналарымыздың алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарызымызды тек қана  жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды сыйлап құрметтеуіміз арқылы ғана қайтара аламыз.Бұл қасиеттер ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын байлық.

Ол тек адам жүрегінде орын алатын қасиет.

Аналарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлап қадірлей білейік! Олай болса алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер!

Аналарымыздың алдында әрқашанда басымызды иейік!

 

Жүргізуші:Енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қатысқан аналарымызға рахмет айтып , дайындаған сыйлықтарыңды сыйлаңдар.Келесі жүздескенше!

                                       № 48 – ЖББОМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             «АБЗАЛ   АНА  БЕЙНЕСІ»

 

       (8 – НАУРЫЗ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР

КҮНІНЕ    АРНАЛҒАН  АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      дайындаған: 5 «А» сынып жетекшісі

                                                             Айнабекова Сандуғаш Елеусизовна   

                                                                

 

 

 

 

 

                             Қарағанды, 2016 ж.                                       

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Абзал ана бейнесі" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жүргізуші:Құрметті асыл аналар, әжелер,сыныптас қыздар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт ,еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрқашан әдемі болып ортамызда жүре берулеріңізді шын жүректен тілейміз!Күннің нұрынан, ананың сүтінен нәр алдық емес пе? Олай болса бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды құрметті аналар , қызғалдақ қыздар сіздерге арнаймыз.Өмірдің иесі сен ғазиз ана,Келтірген дүниеге нелер дана.Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ,Өмірдің алтын кілті сенде ғана.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 227 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2020 346
    • DOCX 15.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Убинин Вячеслав Михайлович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Убинин Вячеслав Михайлович
    Убинин Вячеслав Михайлович
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84286
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 092 человека

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Мини-курс

Психология воспитания и детско-родительских отношений

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 340 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 193 человека

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе