Главная / Иностранные языки / 7 - 8 сыныпқа арналған сайыс

7 - 8 сыныпқа арналған сайыс

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету;

Дамытушылық – тіл әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой –өрісін дамыту;

Тәрбиелік – тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекетік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Сөзмерген» танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп Мағжан ақын айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жас ұрпақтың қолында.

  • Құрметті оқушылар, бүгін біз үш топ болып «Тапқырлар», «Зеректер», «Жүйріктер» болып қазақ тілі мен шетел тілі елдеріне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жанашырлары» және «Ағылшын тілінің білгірлері» атағын жеңіп алады.

  • Алдымен барлығымыз ортаға шығып, қол ұстасып шеңбер құрып, бір-бірімізге үш тілде жылы лебіздер айтайық.

  • Сайысымыздың 1-бекеті – «Тапқыр болсаң тауып көр».

  1. Бауыр

Жүрек алып ұшты

Бүйрек

(Жүрегі алып ұшты)

  1. Жіп

Ине қазу

Тарақ

(Инемен құдық қазғандай)

  1. Жылқы

Ит жер

Бозторғай

(Ит өлген жер)

  1. Көз

Мұрын шығу

Құлақ

(Көзі шарасынан шығу)



  1. Құлын

Тай басу

Тауық

(Тайға таңба басқандай)

  1. Таяқ

Шыбық тастам жер

Бұтақ

(Таяқ тастам жер)



Жүргізуші:

Make up as many words as you

may out of the next letters:

I T C D L B E O P A N E R G S H



Pupil 1:

В гостях у бабушки

Возле river старый house.
В
нем живет Grandmother-mouse.
Mouse
дарит вкусный chees.
-
Дай мне cup, Grandmother, please.
Thank you,
очень вкусный tea.
Five o clock-
пора идти.
Mouse в window глядит:

Cat усатый сторожит.
Занял возле tree свой пост.
Что это? Мышиный хвост?
Тянет хвост из дома Cat.
Даже закружилась head.
Mouse снова спасена.
Cat запутала она.





  • Осымен біз сайысымыздың бірінші бекетінен өтіп, өз мақсатымызға жеттік.

Осы тілде Абай атам жырлаған,

Мұқағали шаққандай ма мұң маған?

Осы тілде «Отан» деген сөз жазып,

Осы тілде бесік жырын тыңдағам.


Енді «Тілдің көркі – мақал» бекетіне сапар шегеміз. Бұл бекеттің сіздерге берер тапсырмасы – бір сөз айтылады, сол сөзді мақалдың құрамында келтіру керек.

Отан... Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы. Отанды сүю от басынан басталады.

Білім ... Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп. Алтын алма, білім ал. Білім – арзан, білу – қымбат.

Еңбек ... Еңбек ет те, міндет ет. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.

Тіл... Өнер алды – қызыл тіл. Тіл қылыштан да өткір. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл.

Өнер... Өнерлінің өзегі талмас. Өнерлі бала сүйкімді. Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді.

Дос... Досы көпті жау алмайды.


Жүргізуші:


  1. Arrange these 4 months according to this order of seasons :

1. Spring 2. Winter 3. Autumn 4. Summer

А)September B) June

  1. March D) February

2.Arrange these 4 periods of time from shorter to longer:

А) a century B) a year

C) a month D) a week

1.Arrange these 4 letters according to their order in the English alphabet:

A) L B) W

C) J D) O

2.Arrange these 4 things in the correct order according to their size (from smaller to bigger)

A) an airplane B) a water-melon

C) a tennis ball D) a car


1.Arrange these parts of the UK according to this order of capitals:

1.Cardiff 2.Edinburgh 3.Belfast 4.London

A) Scotland B) England

C) Wales D) Northern Ireland

2. Match the currencies to the countries.

1. Euro 2. Lire 3. Dollar 4. Yen

A) Turkey B) Japan

C) Spain D) Australia

Pupil 2:

Зимняя прогулка

Вот и winter наступила,
Белым snow все покрыла.
Хорошо на skates кататься.
И на sledge с горы помчаться.
Mouse надевает skis,
Но за елкой ждет сюрприз.
Mouse мчится все быстрей.
Cat, как wind, летит за ней.
Ой, да это же трамплин.
Покатился Cat один.
Превратился в снежный ком,
Вновь все дело кувырком.
У ребят сегодня play.
А у Cat-тяжелый day.


3-бекет «Әзіл – көңіл кілті» деп аталады. Мұнда сіздер әзіл сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет. Жауапты мақалмен немесе тұрақты тіркеспен бересіңіз.

  1. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? (Бетің қисық болса)

  2. Қорқақ неден қорқады? (көлеңкесінен)

  3. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

  4. Аппақ қарға бола ма? ( қарға баласын аппағым дейді)

  5. Қар жанады ма? ( Қалауын тапса қар жанар)

  6. Шошқа үреді ме? ( Ит жоқта шошқа үреді)

  7. Отқа түсіп күймеуге бола ма? ( Отан үшін отқа түс, күймейсің)

  8. Қандай кілт аспанда болады? ( Кісідегінің кілті)

  9. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)



Жүргізуші:



1.What colour is sugar? (black, green, white, blue)

2.Which of the following is the largest? (an elephant, the moon, a tennis ball, Toyota Land Cruiser)

3.Which of the following you can't drink? (juice, sparkling water, mineral water, mineral stone)

4.Which is not a part of the human body? (arm, earring, head, leg)

5.Who of these people was a writer? (Jack London, George Washington, Ludwig Van Beethoven, Alexander Popov)



1.Which of the following is not a flower? (lily, forget-me-not, lullaby, rose)

2.What can you do with your mouth? (eat, swim, run, see)

3.Which temperature is normal for the human body? (35.5, 36.6, 37.7, 38.8)

4.How much blood is there in the human body (typical adult human)? (2 litres, 5 litres, 10 litres, 15 litres)

5.Which of the following is not a kind of vegetable? (tomato, cucumber, carrot, cherry)



1.Which of the following is round? (a square, a triangle, a circle, a pyramid)

2.Who helps Santa to make toys at the North Pole? (rabbits, horses, elves, parrots)

3.What is seventy-eight plus sixty-four? (one hundred and fourteen, two hundred and fourteen, one hundred and forty-two, two hundred and forty-two)

4.How many players does a football (soccer) team consist of? (10, 11, 12, 13)

5.Which country is not in Europe? (Greece, Spain, Finland, Turkey)



Pupil 3:

В огороде

Morning. Надобно вставать.
Kitchen-garden поливать.
Вот tomatoes полила,
С грядки carrot сорвала.
Flowers несет букет,
Возле house видит Cat.
-Mouse, how do you do!

Я сейчас к тебе приду.
Mouse видит: плохо дело,
Basket на врага надела.
Налетел на apple-tree.
Сверху фрукты: one, two,three.

Ну, теперь тебя я съем.
No, Cat,-ответил Ram.



Төртінші бекет «Киелі сандар сыры» деген атаумен өз тапсырмаларын ұсынады.

  1. Үш бәйтеректі атаңыз? (Ілияс, Бейімбет, Сәкен)

  2. Бес арыс деп кімдерді атаймыз? (Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып, Мағжан, Шәкәрім, Жүсіпбек)

  3. Жеті күн (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, қасиетті күн, соңғы күн, азына)

  4. Үш биді атаңыз? (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

  5. Үш арсыз? (күлкі, ұйқы, тамақ)


Жүргізуші:

Find a suitable endings of these proverbs:




East or West

Live and

Actions speak louder

Knowledge is

Better late

First think

Speech is silver



than words

than never

but silence is gold

home is best

power

learn

then speak



Бесінші бекетке де келіп жеттік. Бұл бекетте жеңіске жетулеріңіз үшін «Сұрақ – бізден, жауап – сізден» дейтін тапсырмадан өтесіңіз. Мен сұрақ қоямын сіздер нақты жауап бересіңдер.

«Тапқырлар» тобына

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым саласы? (фонетика)

  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

  3. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы.Алтынысарин)

  4. Қобланды батырдың сүйген жары? (Құртқа)

  5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  6. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшелері бар? (3)

  7. Абай айтқан бес асыл іс? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)


«Зеректер» тобына

  1. Қазақ тіліндегі буындарды ата? (ашық, тұйық, бітеу)

  2. Кіші жүздің биі?( Әйтеке)

  3. Алпамыстың сүйген жары? (Гүлбаршын)

  4. Сөйлемнің неше тұрлаулы мүшелері бар? (2)

  5. Абай айтқан бес дұшпан? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  6. Су жүрек тіркесінің синонимі? (қорқақ,

  7. Екі адамның сөйлесуі? (диалог)


«Жүйріктер» тобына

  1. Қазақ әліпбиінде неше дауыссыз дыбыс бар? (25)

  2. Шоқанның азан шақырып қойған аты кім? (Мұхаммедқанафия)

  3. Құрманғазы Сағырбаев кім? (Күйші, сазгер)

  4. Ауызына құм құйылды тіркесінің мағынасы қандай? (үндемеу)

  5. Сәкеннің шын есімі? (Сәдуақас)

  6. Сол, осы, әне қай есімдік түріне жатады? (сілтеу)

  7. Ұлы жүздің биі кім? (Төле би)


Жүргізуші:

Contest 3. "Who is the best quicker?”


Соңғы бекет «Ой толғау»

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл.

«Болашақ жастардың қолында» деген тақырыпта өз пікірлеріңізді айтуға шақырамыз.


Жүргізуші: Осымен бүгінгі біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына күш беріп, өміріңе күш береді.

Үміт күтіп кейінгі ұрпақ – жастардан,

Сенім арту бабалардан басталған.

Қазақ тілін мойындату әлемге –

Жастар үшін болса екен басты арман! – деп біз де жастарымызға үміт арта отырып, «Сөзмерген» атты сайсымызды аяқтаймыз.







7 - 8 сыныпқа арналған сайыс
  • Иностранные языки
Описание:

 

 Мақсаты:

 Білімділік – оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету;

Дамытушылық – тіл әуезділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой –өрісін дамыту;

Тәрбиелік – тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мемлекетік тіл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

-         Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі  «Сөзмерген» танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін,- деп Мағжан ақын айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жас ұрпақтың қолында.

-         Құрметті оқушылар, бүгін біз үш топ болып «Тапқырлар», «Зеректер», «Жүйріктер» болып қазақ тілі мен шетел тілі елдеріне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілінің жанашырлары» және «Ағылшын тілінің білгірлері» атағын жеңіп алады.

-         Алдымен барлығымыз ортаға шығып, қол ұстасып шеңбер құрып, бір-бірімізге үш тілде жылы лебіздер айтайық.

-         Сайысымыздың 1-бекеті – «Тапқыр болсаң тауып көр».

 

Автор Койшыгалиева Венера Кайровна
Дата добавления 29.12.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 612
Номер материала 15536
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓