Инфоурок Информатика Рабочие программы5 сыныптарға арналған «Мультимедиалық технологиялар әлемі» факультатив жоспары

5 сыныптарға арналған «Мультимедиалық технологиялар әлемі» факультатив жоспары

Скачать материал

 

«Мультимедиалық технологиялар әлемі»

 

Кіріспе

Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді. Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады.

Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын тілін, не информатиканы оқытуда компьютер мұғалім рөлін атқарады. Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Бұл құралдарды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колданылса, оқушылармен атқарылатын жұмыс өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.


Түсінік хат

Информатика пәні біздің мектепте 5-ден бастап 11 сыныптарға дейін оқытылады.

Заманауи әлемде өзің мен өз жұмысыңды көрсете білу маңызды болып келеді. Сол себептен де аталмыш факультатив бағдарламасы 5–6 сынып оқушыларының басқа сабақтарда қосымша материал ретінде қолдануға болатын мультимедиялық нысандар жасауға деген қажеттілігі көрінісін береді. 

Мультимедиялық презентациялаудың басты міндеті – тыңдаушыны таң қалдыру, оны қызықтыру, қажетті эмоция шақыра білу және тыңдаушыға өзінің басты ойын жеткізе білу болып табылады.

Алға қойған міндеттің шешімін келесілер арқылы табуға болады:

-         презентация мақсатын қоя білуге көмек көрсету;

-         презентация жоспарын, оның қисынды схемасын дайындау; 

-         презентацияның стильдік шешімін табу;

-         презентация  слайды дизайны; 

-         анимациялық және виде рөлдер құру;

-         презентацияны дыбыстау;

-         мәліметтерді динамикалық жүктей білу;

-         презентацияны құрастыру.

Бағдарлама «Мультимедиялық технологиялар әлемі» деп аталады, себебі бұл мультимедиялық технологияларды нағыз көркем туынды ретінде қолданудағы мол мүмкіндіктер болып табылады.

Программа практикалық қолданысқа ие болып табылады.

Мақсаты:

         Информатика пәні бағдарламасының маңызды элементтерімен тереңірек танысу және ерекшеліктерін ашу.

1.              Оқушылардың бойына графика және мультимедиямен баайланысты практикалық міндеттердің шешімін табу құралы ретінде компьютерді игеру машығын қалыптастыру арқылы оларды технологиялық дамыған қоғам жағдайындағы белсенді толыққанды өмірге және еңбекке дайындау.

Міндеттері:

Білімділік:

1.     - оқушыларды мультимедиялық технологияларды қолдана отыра ақпарат өңдей білуге үйрету;

2.     - оқушыларды практикалық зерттеушілік жұмысқа тарту;

3.     – оқушылардың ақпарат жинау мотивациясын ояту;

4.     – оқушыларды Интернетті қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік:

2.     – оқушылардың өзін-өзі дамыту белсенділігін көтеру қажеттілігін сезіндіру;

3.     – белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

4.     – қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

5.               Дамытушылық:

1.     – дербес жұмыс істей білу, жауаптылық, белсенділік, мұқияттылық сияқты іскерлік қасиеттерін дамыту;

2.     – жоғары эстетикалық сезімдерін дамыту.

Аталмыш бағдарлама 11-13 жастағы балаларды 2 жыл оқытуға есептелген.

1-ші оқу жылында – 5 сынып оқытылады, 2-ші оқу жылында – 6 сынып оқытылады.

Сабақ аптасына 1 рет 1 сағаттан өткізіледі. Барлығы 68 сағат.

Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты сәйкес құрылады: сабақ өткізу әдістері, тапсырмаларды бөлу жолы айқындалады, ұжымдық жұмыс ұйымдастырылады, теория мен практикаға арналған уақыт жоспарланады. Әр сабақ ішіне теория элементтері, практика, демонстрациялау енгізіледі. Курстың теориялық бөлігінің негізін әдістемелік қоржында екжей-тегжейлі ұсынылатын материалдар құрайды.

Бұл жағдайда ұжымдық атқарылған жұмыстар жұмысты ұйымдастырудың неғұрлым табысты формасы болып табылады.

Жұмыс қорытындысын шығару, талдау және бағалаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Бағалаудың неғұрлым жарамды формасы – презентациялар, жұмыс қорғау, көрермендер алдында, соның ішінде ата-аналары, ата-әжелері алдында сөйлеу болып табылады.

1-ші оқыту жылы соңында өзін-өзі презентациялау конкурсы, мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық жұмыстар қорғау жұмысы өткізіледі. 

2-ші оқыту жылы соңында оқушылар жоба қорғайды, оқушылар жұмысы көрмесі өткізіледі, біліміне баға беріледі.

 

Бағдарламаны жүзеге асыру шарттары.

Бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

-         мүмкіндігінше әр оқушының жеке жұмыс істеуі үшін әрқайсында жеке компьютер болуы қажет;

-         PowerPoint, Мovie Maker бағдарламалары болуы керек;

-         Интернетке шығу мүмкіндігі болуы керек;

-         Мұғалімнің жұмыс үстелінде әдістемелік көмекші құралдар, дидактикалық материалдар болуы керек.

Оқу жылы соңында оқушылар келесіні меңгеруі керек.

Келесілерді білуі керек:

-         MS PowerPoint  интерфейсін;

-         анимация эффектілерін күйге келтіру;

-         суреттерді, диаграммаларды, графиканы, дыбысты қою ережелерін;

-         слайдттық фильм қалай жасалатындығын.

Келесілерді істей білуі керек:

-         мультимедиялық презентация жасау;

-         слайдтық фильм жасау.



 

 

 

 

 



Тақырыптық оқу жоспары

 

п/п

Тараулар мен тақырыптар атауы

Оқу сағатының жалпы саны

Соның ішінде

Теориялық

Практикалық

1

Кіріспе сабақ.

 

2

1

1

2

MS PowerPoint интерфейсімен танысу. Слайд толтыру.

2

1

1

3

Слайд конструкторы. Анимация эффектілерін күйге келтіру.

2

1

1

4

Сурет, диаграмма, графика, дыбыс, гиперсілтеме кірістіру. Презентацияны демонстрациялау.

2

1

1

5

Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы презентация жасау).

8

2

6

6

Өзін-өзі презентациялауды демонстрациялау (көрсету).

2

-

2

7

Слайдтық фильмдер жасау теориясы.

3

3

-

8

«Мультфильм» слайдтық фильмін жасау.

10

-

10

9

Слайдтық фильмдер конкурсы.

2

-

2

10

Қорытынды сабақ.

1

1

-

 

Қорытынды:

34

10

24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Әәңгімелесу, Л – лекция, П – практикум. ШЖҚ – шығармашылық жұмыс қорғау

п/п

Тараулар мен тақырыптар атауы

Сабақ формасы

Әдістемелік көмекші құралдар

Датасы

1

Кіріспе сабақ

Ә

П

«Жыл мұғалімі», «Күлше қыз» конкурстарының жеңімпазы болған оқушылардың өзін-өзі презентациялауы;

«Жыл мұғалімі», «Үздік сынып жетекшісі» конкурстарының жеңімпазы болған мұғалімдердің өзін-өзі презентациялауы.

 

 

2

MS PowerPoint интерфейсімен таныстыру. Слайд толтыру.

Л,

П

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

3

Слайд конструкторы. Анимация эффектілерін күйге келтіру.

Л

П

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

4

Сурет, диаграмма, дыбыс, гиперсілтеме кірістіру. Презентация демонстрациялау.

Л

П

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

5

Өзін-өзі презентациялау. (өзі туралы презентация жасау).

П

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Өзін-өзі презентациялауды демонстрациялау (көрсету).

ШЖҚ

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

7

Слайдтық фильмдер жасау теориясы.

Л

П

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

 

 

 

 

8

«Мультфильм» слайдтық фильмін жасау.

П

 

PowerPoint-та презентация жасау жөніндегі электронды мультимедиялық оқулық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Слайдтық фильмдер конкурсы.

ШЖҚ

 

 

 

10

Қорытынды сабақ.

Ә

«Компьютерлік презентация» тақырыбы бойынша кроссворд құрастыру.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5 сыныптарға арналған «Мультимедиалық технологиялар әлемі» факультатив жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 754 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2020 1199
    • DOCX 25.8 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусарбаева Лилия Ишбулдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусарбаева Лилия Ишбулдиевна
    Кусарбаева Лилия Ишбулдиевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75569
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 53 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 680 человек из 79 регионов

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе