Главная / Другое / 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шара."Ана тілі – жүрек үні"

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шара."Ана тілі – жүрек үні"

Ана тілі – жүрек үні


Мақсаты : Оқушылардың қазақ тіліне деген қызушылығын арттыру , тілдің байлығын ұғындыру , мемлекеттік тілге сүйіспеншілігін арттыру

Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер , «Жұмбақтар жинағы» ,» Мақал-мәтелдер»


Құрметті оқушылар, қонақтар.

22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні.


Ана тілім – әнім.

1 оқушы – Ана тілім – менің

Әлдилген әнім

Ана тілім – демім

Ана тілім – жаным.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым,

Мұра еткен бабам

Жарқыраған шамым.

(Қ.Қайымов)

2 оқушы – Ана тілім арың бұл

Ұятын боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте

(Қ. Мырза Әли)


Тіл – халықтың байлығы. Ол халықпен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр. Тілімізді сақтап дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз. Әр азамат ана тілінде сөйлеп, жаза білуі керек. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай әр білімді азамат үш тіл білуі қажет.

А.Жұбанов тіл туралы былай депті: « Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын».

Ғ.Мүсірепов «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, балашағынан да қол үзеді».

Ал П.М.Мелиоранский былай депті: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Қазақтардың әдебиеті аса бай әрі жан – жақты».

Бүгінгі іс – шарамызды халқымыздың бай ауыз әдебиетінен бастаймыз. Бәріңізге сәттілік тілеймін.


1.Жұмбақтарды шеш :

Әлемнің бар екі күзетшісі

Бірі – күндіз тынығады ,

Бірі – түнде тынығады

(Күн мен түн)



1)Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан

(Күн)


2)Еш тесікке тұрмайды ,

Ол жоқта жер құрғайды

(су)


3) Түбі толған құмалақ

( Картоп)


4) Тіл жоқ өзінде

Сөзі бар ізінде

( Қалам )


5) Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп

(Аяз )


6) Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық

( Қар )


2. Синонимдерді тап:


1 Әдемі сұлу, көркем, әсем, ару

2 Уақыт мерзім, кез, мақ, мезгіл

3 Батыр батыл, ер, қайсар

4 Той мейрам, салтанат

5 Жылдам шапшаң, тез, асығыс


3. Жаңылтпаш айту.


1) Торта қойдым 2) Жағажай

Орта қойдым Жағажайда- Қамажай

Орта қойдым Жағажайды жағалай

Жорта қойдым Жүгіреді Қамажай


3 ) Ақ шар бар 4 ) Тұз – мұздай

Көк шар бар Мұз- тұздай

Көп шар бар

Төрт шар бар


5) Істі үш үзді

Үш үзіп, үш бұзды


4. Метограммалар.


1) Егер « С » - дан бастасаң ,

Сұйықпын да тазамын

Басамын жер тозаңың .

«С » орнына « Б » қойсаң ,

«Бозғылт боп» тозамын

(су- бу)


2) « Ж » әрпімен бастасаң ,

Көрінеді бар маңым ,

«Ж » - ны сызып тастасаң

Су ағатын арнамын

(жарық - арық)


3) Жайнаған жер үсті

Мекенім келісті

«Қ » орнына «Д» қойсаң ,

Боламын кеңістік

(қала -дала)


4) Сөз басында «Б» болса ,

Бас киімің боламын

Сөз басында «Ө» болса

Жазда пісіп соламын

(бөрік - өрік )


5) Егер «Қ»-дан бастасаң - адамнан табасын

«Ж» - дан бастасаң - алдында жатады

( Қол - жол )


6) Егер « А » -дан бастасаң ,үлкен ақын атамыз

« А »-ны алып тастасан , мол дәулетке батамыз

«Б »- ны алып тастасаң , түнде жарық шашамыз


5. Логогрифтер

Мені жұтсаң , қуанып

Тыныс алып тұрасың

Қоссан алдан бір әріп ,

Маған суды құясың ,

Малдарынды суарасын

( ауа – науа )

6. Мақал – мәтелдер

Баламасын орыс тілінде тап

1) Жел тұрмаса , шөптің басы қимылдамайды

( Нет дыма без огня )

2 )Аш адам сөзбен тоймайды

( Голодного словами не накормишь)

3)Сөз күміс , үнсіз алтын

( Молчание золото )

4) Су ішкен құдығына түкірме

( Не плюй в колодец из которого придется напиться)

5)Жеті рет өлшеп , бір рет кес

(Семь раз отмерь , один раз отрежь )

6)Көз қорқақ , қол батыр

( Глаза боятся , руки делают )

7) Түймедейді түйедей қылу

( Из мухи делать слона )

8) Аз да болса , саз болса

( Мал золотник , да дорог )

9) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді

(Одна ложка меда портит бочку меда )

10) Темірді қызған кезде соқ

( Куй железо пока горячо)


7. Қазақ халқында жеті , тоғыз , он екі , қырық сандар қасиетті , киелі сандар болып есептеледі . Осы сандармен қатар қолданылатын сандар үш , төрт , бес , алты .

Үш қуат (три силы )

  • Ақыл

  • Жүрек

  • Тіл

Үш көз (три источника)

Су арнасы-бұлақ

Жол анасы - туяқ

Сөз анасы – құлақ


Төрттік ұғым Төрт тұлға (четыре явления)

  • От

  • Су

  • Жел

  • Жер

Төрт құбыла (четыре стороны горизонта)

  • Шығыс

  • Оңтүстік

  • Батыс

  • Солтүстік





Бестік ұғым Бес қатер (пять врагов)

  • От

  • Жау

  • Борыш

  • Ауру

  • Сөз


Алтылық ұғым

  • Ұғым

  • Білім

  • Жомарттық

  • Әділдік

  • Шыншылдық

  • Кең пейіл


Сөйлеу әдептері

Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып, өсек айтпаңыз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз. Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Ата – баба, не ұстазыңыздың артықшылығын айтып мақтанбаңыз. Біреудің сұрағанына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтінсеңіз, айып емес. Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әңгімелесіңіз. Өзің сөйлегенде ойыңды анық жеткіз. Ант ішіп сөйлеме, ол – өтірікшінің әрекеті. Өзің толық білмеген сөзге таласпа. Болымсыз әңгімемен уақыт өткізбе. Заманға лайық іс қылып, халықтың жайын ойла.


Осы іс – шарамызға қатысқан оқушыларға сыйлықтарымыз бар.

Марапаттау рәсімі.


Құрметті оқушылар! Бүгінгі тілдер күніне арналған «Ана тілі – жүрек үні» іс – шарамыз қызықты өтті.

Мемлекеттік тілімізді үйреніп, сол тілде әдемі сөйлеп, мемлекетіміздің білімді, беделді азаматы болуларыңызды тілеймін.

Бәріңізге рахмет.



22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған іс-шара."Ана тілі – жүрек үні"
  • Другое
Описание:

Тіл – халықтың байлығы. Ол халықпен бірге жасап, бірге дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр. Тілімізді сақтап дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз. Әр азамат ана тілінде сөйлеп, жаза білуі керек. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай әр білімді азамат үш тіл білуі қажет. 

    А.Жұбанов тіл туралы былай депті: « Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын».

 

    Ғ.Мүсірепов «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, балашағынан да қол үзеді».

Автор Сулейменова Бакыт Ризабековна
Дата добавления 14.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1770
Номер материала 56329
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓