Главная / История / 20-40 жылдардағы мәдени құрылыс Қайталау сабағы (9 сынып )

20-40 жылдардағы мәдени құрылыс Қайталау сабағы (9 сынып )


9 сынып, Қазақстан тарихы

Күні: 20.12.14ж

Сабақтың тақырыбы: 20-40 жылдардағы мәдени құрылыс

Қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларда Қазақстанның  20-40 жылдардағы мәдениетінің дамуы, жетістіктері мен кедергілері туралы алған білімдерін пысықтау. 

2. Осы кезеңде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары, халық ағарту ісі,  әдебиет пен өнер саласындағы жеткен жетістіктер туралы білімдерін жан-жақты жетілдіру.

3. Тарихи кезеңге талдау жасай отырып, ұлтжандылыққа, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу


Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 

Пәнаралық қатынас: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка пәндері

II. Сабақ барысы: (3мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу, сынып оқушыларын түгендеу,

В) Психологиялық жаттығу


«Мен өз елімнің тарихын сүйемін» дегендер оң қолдарын көтереді

«Мен өзге елдің тарихын құрметтеймін» дегендер сол қолдарын көтереді.

«Мен елімнің потриотымын» деген оқушылар екі қолдарын да көтереді


Жарайды балалар барлығыныз да Отанын жерін қорғайтын нағыз патриоттары екенсіндер


«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (Хормен айту)


Сабақтың тақырыбымен мақсатын таныстыру


сынып оқушыларын топқа бөлу (мәдениет, өркениет, өнер – жазылған сөздерді тандау арқылы топқа бөлінеді)

Оқушыларға сәттілік тілеу


Топқа бөліну: І – топ «Мәдениет»

ІІ - топ «Өркениет»

ІІІ - топ «Өнер»

Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.


ІІІ. Пошта ойыны. (4 мин)

Оқушылар, біздің пошта жәшігімізге пошта тасушы үш топқа тапсырмалар тастап кетіпті, жәшікті қарап тапсырмаларын орындап көрейік. Әр топтан 2 оқушы шығып таңдасын.

Сұрақтар:

  1. XXғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Спандияр Көбеевтің алатын орны?

(Орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Мысалы И.Крыловтың мысалдар жинағы. 1913ж басылған «Қалың мал» романы Қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды. )

  1. XIXғ соңы – XXғ-ң бас кезіндегі мерзімдік басылымдарды ата

(Түркістан уалаятының газеті, Дала уалаятының газеті, Серке газеті, Айқап журналы, Қазақ , Степной край газетттері, 1911ж «Қазақстан газеті» 1913ж «Есіл даласы» газеті, Оралда «Ұран газеті» Семейде «Сарыарқа» апталық басылым т.б)

  1. Қазақ халқы үшін музыка өнерінің маңызы қандай




  1. Қазақтың қандай дәстүрлі аспаптарын білесің?

5 топқа бөлінді.

  1. Үрмелі аспаптар- саз сырнай, қос сырнай,сыбызғы, адырна, ұран, керней

  2. шекті аспаптар

  3. өздігінен үн шығаратын аспаптар

  4. бетіне керілген затты соғу арқылы үн шығаратын аспаптар

5. қоңыраушалардың көмегімен үн шығаратын аспаптар.

  1. 20жылдары Қазақстанда алғаш рет ашылған қандай ғылыми-зерттеу мекемелерін білесің?

  2. 20-30ж Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою үшін атқарылған іс-шаралар


IV. Постер қорғау (15мин)


Оқулықен жұмыс: Үш топқа тапсырмалар беріліп, постерлерін қорғайды.

Топтағы 2 оқушы сұрақ дайындайды өз тақырыптары бойынша, ал қалған оқушылар постер қорғайды.


І - топ «Мәдениет» - 1920-1930жж мәдени құрылыс (§24, 158 бет)

ІІ - топ «Өркениет» - XX ғ бас кезіндегі мәдениет (§7, 49 бет)

ІІІ - топ «Өнер» - Қазақтың музыка, бейнелеу және қолданбалы өнері (§8 57 бет )



V Тұлғаны танып ой шақыру. Әр топқа тапсырма беру (3мин)

Танымал адамдардың портреттерін тақтаға іліп, олардың шығармалары мен өмірінен анықтама беру.

І – топ «Мәдениет» - М. Жұмабаев
ІІ – топ «Өркениет» - А. Затаевич
ІІІ – топ «Өнер» - Ә. Қастеев



VI. Тұлғалардың тарихта сіңірген еңбектерін ата: (Слайд) (1мин)


Қаныш Сәтбаев – қазақ тілінде бірінші алгебрадан мектеп оқулығын жазды

Әлихан Бөкейханов – география оқулығын жазды.

Ахмет Байтұрсынов - араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.

Профессор Санжар Асфендияров - Қазақстан тарихы оқулығын құрастырды.




Тапсырма: «Мәдениет – өркениетке апарар жол» (ой-толғау) қалай түсінесіздер (2 мин)


Мәдениет өркениетке апарар жол. Мәдениеттің негізі – жазу, жазу болғанда ғылым дамиды, ғылым дамығанда өнер дамиды, өнер дамығанда – мемлекет дамиды. Жалпы айтқанда білім мен ғылымның пайда болуы нәтижесінде қалалар пайда болды, қалалардың пайда болуы нәтижесінде өркениет дамыды. Міне сондықтан мәдениет ол өркениетке апарар жол деген осындай ұғыммен келісесіздер ме менімен? Сондықтан біздер өзіміздің еліміздегі мәдениетің дамуына өз үлесімізді қосу керекпіз.


Бағалау: Әр топ басшылары өз тобының оқушыларына баға қояды (3 мин)


Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарды қайталау

Тәуелсіз Қазақстанның мәдениетін кеңес дәуірімен салыстыру (ой-толғау)


Рефлексия (3 мин)

Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы ойларын жазып, тақтаға жапсыру


20-40 жылдардағы мәдени құрылыс Қайталау сабағы (9 сынып )
  • История
Описание:

 9 сынып, Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:       20-40 жылдардағы мәдени құрылыс Қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларда Қазақстанның  20-40 жылдардағы мәдениетінің дамуы, жетістіктері мен кедергілері туралы алған білімдерін  пысықтау. 

2. Осы кезеңде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары, халық ағарту ісі,  әдебиет пен өнер саласындағы жеткен жетістіктер туралы білімдерін жан-жақты жетілдіру.

3. Тарихи кезеңге талдау жасай отырып, ұлтжандылыққа, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі:  дәстүрлі емес
Сабақтың түрі:   аралас сабақ.    

Пәнаралық қатынас: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка пәндері

 

  

Автор Рамазанова Маншук Наурзгалиевна
Дата добавления 08.01.2015
Раздел История
Подраздел
Просмотров 933
Номер материала 44606
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓