Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы1 сыныпқа арналған "Рахмет саған,Әліппе!" ертеңгілігі

1 сыныпқа арналған "Рахмет саған,Әліппе!" ертеңгілігі

Скачать материал

 

 Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

                                               «Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі
Мақсаты:
1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайд, шарлар,нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «Г» сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған,Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы  - Әліппе. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп,сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген , сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отырмыз.

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың, дей келе ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Жүргізуші:

Еліміздің ескеріліп, еңсесі көтеріліп,тәуелсіз мемлекет болғанына да 23 жылдай уақыт өтті. Еліміздің отыз елдің қатарына қосылу үшін елбасымыз білім беру саласына көптеген міндеттер жүктеді. Сондықтан жас ұрпақтың сауатты болуы үшін біздің алдымызда міндеттер де аз емес. Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік алып отыр.

-Ендеше біз ортаға Қазақстанның болашағын өркендететін  ұл-қыздарын шақырайық.

Би «Нұр Отан»

Жүргізуші:

-          Біз тәуелсіз Қазақстанның болшағымыз

Хормен: Мен де !Сен де! Ол да!

-          Болашақта қазақ елінің даңқын көтереміз

Хормен: Мен де !Сен де! Ол да!

-          Тәуелсіздік тұғырын биік ұстаймыз

-          Хормен: Елін! Жерін! Рәміздерін!

Оқушыларымыздың Отанымыз жайлы не айтар екен,тыңдап көрелік.

Күнім:

Отанды жас кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өткені онда бәріміз де

Туып-өмір сүреміз.

Нұрислам:

Отан Халқымыздың анасы,

Атасы-ол ,данасы

Көз жетпеске көсілген,

Қазақстан даласы.

Жүргізуші:  Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:

Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!

Ол  - сүйікті Әліппе!
Жүргізуші: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
(Әліппе ортаға шығады)

Әліппе:Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жүргізуші: : - Қош келдің, әліппе. Төрелетіңіз,біздің оқушылардың өнерін тамашалаңыз.

- Балалар сендер   екі тоқсан бойы көп еңбек еттіңдер. Әліппе оқулығын қолдарыңа ұстатып,сендерге оқуды,жазуды,санауды  үйреткен кім?

Бәрі: Мұғалім

Жүргізуші:Келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.

Амина:

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ерназар:

Достастырған өзіңмен,

Ұстазыма мың алғыс,

Иландырған сөзіне

Қамқоршыма мың алғыс.

Ақмарал:

Арналады ұстаздарға

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма?

Ұстаз алдын көрмеген.

Аяжан:

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

Алдыңда әрқашанда да тағзым етем,

Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

Жүргізуші:

Хор : Ұстазым

Жүргізуші:

Әріптерді қатар қойып,

Альфавитті құраған.

Оқу, білім, өнерді,

Шамшыраққа балаған.

Кім екен ол данышпан?

Хормен: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Жүргізуші: Балалар,альфавитте неше әріп бар?(42)

-          Осы альфавитегі әріптердің сыры неде екен? Оқушыларды тыңдап  көрелік?

Нұрдана:

Альфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші

Санжар :

«А» деген ол –аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол – әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Назерке:

Алшақ кетпей

Сондықтан да расында,

Тұрады олар альфавиттің басында.

Жүргізуші: Балалар әліппе оқулығымен қатар басқа да пәндерді оқып,үйренуде.Бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін үйренуде. Балалар өздерінің басқа тілді де үйреніп жатқандарына қуанышты. Ендеше келесі кезекті ағылшын тіліндегі әнге берейік .

Ән : ағылшын тілінде «Уэр а ю фром»

Жүргізуші: Түн ұйқысын төрт бөліп, сендерді өмірге әкелген - аналарымыз. Альфавиттің де «А» деп басталуы «Ана» деп ұғамыз. Ендеше оқушыларымыз ана жайлы не айтар екен?

Аружан Далелова:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі,

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Айсу:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста , ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Ернар:

Ана! Ол  - біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанды да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Жүргізуші: Бізді осы күнге жеткізіп бір қуанып,бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен аналарымыз, әжелеріміз бен аталарымыз, ендеше сіздерге мың алғыс айтамыз.Келесі  ән сіздерге арналады.

Қыздар хоры: Ата-ананы тыңдаймыз.

(ұлдар шығып кетеді,биге дайындалады)

Жүргізуші:

Мен қазақтың жігіті деп,

Жігіттер шығар ортаға,

Тамсандырар биімен тек

Қарсы алайық қол соға.

Би «Біздің жігіттер»

Жүргізуші:

Оқушыларымыз әліппемен қатар математика пәнінен 10 дейінгі  сандарды, амалдарды үйренді.

Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді,

Айтып берер санамақ ?

Санамақ : Құдайберген Аружан

 Жүргізуші:

Мың бұралып билеген,

Әсем әуен жырменен

Саусақтары майысып,

Ұштасқандай үнменен.

Би «Гүл»

Жүргізуші: - Балалар білім алу үшін мектепке келеді. Ендеше әліппе оқулығы мен басқа пәндерді оқуда мектептің орны ерекше. Ендігі жырларымызды  білім алу үшін жағдай жасап отырған мектебімізге арнаймыз..

Ералы:

Білім алып мектепте,

Талай пәнді оқимыз.

Мұғалімнің айтқанын

Зердемізге тоқимыз.

Аружан Қ.

Тәрбиесі жақсы игі,

Аяулы менің мектебім,

Шәкірт деп соққан жүрегі

Ұстаздарым көп менің.

Нұрали:

Білім көзі-мектебім

Жарқыраған күнмен тең.

Сыңғырлаған қоңырау,

Сиқырлы,сырлы үнмен тең.

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік.

Ән : «Оқуда озат боламын»

Жүргізуші:

Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Ұл-қыздарды сахнаға шақырып,

Вальс биін тамашалап қалайық.

Жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын,

Бимен шашу шашылсын,

Мың бұралған биші қыз,

Бимен кешті жалғасын.

деп, арнайы әліппемен қоштасу кешіне дайындап келген Аружанның биін тамашалайық.

 

 

Жүргізуші:

Бүгінгі кештің басты қонағы ол –Әліппе.Әліппе   оқушылармыздың сауатын ашты.Енді өздері оқып,жаза алатын болды.Оқушылармыздың әліппе арнаған жырларын тыңдап көрелік.

Илдар:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Әліппемен қоштассақ,

Ана тілімен достасссақ.

Аружан Даниял:

Әліппе –білім анасы,

Әліппе – кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған,

Адам бар ма баласы?

Малика:

Ашыла берді алдымнан

Кең дүниенің есігі,

Соғылған сандар алтыннан,

Әліппе –білім бесігі

Ерназ:

Әліппе деген –алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

Жүргізуші:

Әуезді ән, жаны раушан,күй жүрегі

Жел басқан сезімдерді идіреді.

Тамсанып, кошеметтеп қол соғыңыз

Үнді биін билейді Аяжан қызымыз.

 (Балалар залға қайтадан кіреді)

Жүргізуші: - Балалар ,Әліппе сендерді оқуға, жазуға, үйретті . Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп,

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Ұстаз бен әліппеге рахмет.

Әліппе: Ал,достар,сендер бүгін менің жолымды ары қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі мен болам.

Ана тілі – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

-          Балалар , мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Жүргізуші: -Төрлетіңіз ана тілі! Келген қадамыңыз құтты болсын.

Ән: «Рахмет саған,Әліппе»

Әліппе:

-Ал, балалар, мен сендермен қоштасайын.Ана тілін жақсы оқыңдар.

 Арайлым:

Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Аяулым:

Әліппемен қош айтысып,қаламыз.

Енді қолға ана тілін аламыз,

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын,

Білімдерін ары қарай дамытатын,

Ана тілі пәні қадамы құтты болсын.

Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен қаншама,
Тілек айтар баршаға

Мектеп..................

Жүргізуші:
Бүгінгі 1 «Г» сынып оқушылары дайындаған  «Рахмет, саған Әліппе!» атты ертеңгілігімізге уақыттарыңызды бөліп, қуанышқа ортақ болып келгендеріңізге рахмет!

Назарларыңызға рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 сыныпқа арналған "Рахмет саған,Әліппе!" ертеңгілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кутешова Жадыра Серикалиевна

                                               «Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі
Мақсаты:
1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайд, шарлар,нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін сіздер 1 «Г» сынып оқушыларының әзірлеген «Рахмет саған,Әліппе!» атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы  - Әліппе. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп,сауаттылықтарын арттырды. Сондай жағдайға жеткізген , сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отырмыз.

 

Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың, дей келе ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2015 415
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кутешова Жадыра Серикалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кутешова Жадыра Серикалиевна
    Кутешова Жадыра Серикалиевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27908
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе