Инфоурок Другое Другие методич. материалы1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.(ашық сабақ)

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.(ашық сабақ)

Скачать материал

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы  шаруалар көтерілісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:         Шаруалар көтерілісінің негізгі себептері мен қозғаушы күші,  

көтерілістің  барысы, жеңілуі, тарихи маңызы және көтеріліске басшылық жасаған  батырлармен танысу.

 

Тәрбиелік:         Мәдени, адамгершілік тәрбие бере отырып, басқа көзқарастарды сыйлауға, өз білімі мен жолдастарының біліміне сыни тұрғыдан қарауға  тәрбиелеу.

 

Дамытушылық:  Тарихи фактілерді саралай білу, шығармашылықпен жұмыс істеу, сыни  ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

 

Сабақтың типі:   Жаңа білім беру сабағы.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:    Миға шабуыл, кубизм, бес жолды өлең стратегиялары.

 

Сабақтың ұйымдастырылу формасы:  Жеке, жұппен, топпен, жалпы сыныппен.

 

Сабақтың көрнекілігі:          Портреттер, көтерілістің кезеңдері жазылған плакат, сызба, дайын мәтін, кесте, слайд, бағалау парақшалары.

 

Пәнаралық байланыс:           Қазақ әдебиеті, бейнелеу

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың негізгі кезеңдері:

1.      Ұйымдастыру кезеңі     /3 мин/.             2.   Қызығушылықты ояту.    /5 мин/.        

3.   Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)  / 30 мин /

4.   Толғаныс     /5 мин/                                 5.   Бағалау      /2 мин/

 

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды түгендеу, себебін анықтау. Оқулық, дәптер, күнделік, қалам, қарындаш, сызғыш, сыртқы киім тазалығын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) оқушыларды алты топқа бөліп отырғызу.(міндетті түрде оқушылар жұптасып отыру керек мысалы, 4,6,8 оқушы)

 

Сабақтың жоспары:

1.     Миға шабуыл стратегиясы.

2.     Кубизм стратегиясы

3.     Бес жолды өлең.

 

1.  Қызығушылықты ояту кезеңі.  Миға шабуыл.

Кешегі өткен Исатай

Жауды көрсе састы ма?

Одан қорқып қашты ма?

Қанша батыр өтсе де

Бір қазақтың ерлігі

Махамбеттен асты ма?

  Ал енді оқушылар біз осы тыңдаған өлең жолдары жайлы қандай түйінді мәселені, тақырыпты ашамыз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың  Исатай мен Махамбет жайлы білетін ойлары түгел  айтылып, тыңдалады.

   Иә, дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз 

«1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі».

a.     тақырып көлемінде  білетіндерін әр оқушы  дәптерге жазып шығады.

b.     тақырып көлемінде жазғандарын бірінші жұппен, екінші топпен, толықтырады

c.      әр топтан лидер шығып сөз алады.

 

2. Мағынаны ажырату сатысы. Кубизм стратегиясы.  

Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс жайлы жақсы қорғаған топ төмендегі тапсырмалардан біреуін таңдап алады, ал қалған топтарға кубик тасталып тапсырмалар бөліп беріледі

1.   Суреттеу.  Исатай мен Махамбеттің бейнесі.

2.   Салыстыру.  Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліспен Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ұқсастығы, ерекшелігі.

3.   Талдау. Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қалай болды, неден басталды, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін.

4.   Таңдау. 1836-1838жылдардағы Бөкей Ордасында шаруалар бастаған көтеріліс не ойлауға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту.

5.   Қолдану.   Исатай,  Махамбет, Жәңгір хан  образдары? Неге?  .

6.   Бағалау  «Жәңгір хан патшаның сойылын соғып, қара басын ойлаған қанаушы – феодал ма, әлде халқының қамын ойлаған, елі үшін еңбек еткен халқының ұлы, мақтанышы ма? Баға бер.

  Тапсырманың шарты:  әр топ таратылып берілген мәтінді  пайдалана отырып, бірден берілген тапсырманы әр қайсысы  бірінші өзі дәптерге жазады, екінші жұппен алмасады, үшінші топпен бөліседі. Араларынан лидер шығарып, қорғатады.

 

3. Толғаныс кезеңі: «Бес жолды өлең» стратегиясы.

1-жол. 1 сөз. тақырыпты сипаттайтын мәтінге қатысты 1 зат есім.

2-жол. 2 сөз. мәтін мағынасын ашатын, сапасын көрсететін, негізгі мәселені сипаттайтын 2 сын есім.

3-жол. 3 сөз. мәтіндегі тақырып бойынша  іс-әрекетті көрсететін 3 етістік.

4-жол. 4 сөзден тұратын мәтінге, тақырыпқа қатысты, тақырыпты ашатын, сезім көзқарасты білдіретін бір сөйлем.

5-жол. 1 сөз – мәтінді, тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним сөз.

Мысалы:

              Батыр

                                              ер жүрек                                  батыл

                              бастады                      рухтандырды                      басқарды

                       өзі                     өлседе                                    аты                       өлмейді

    Ер

Исатай мен Махамбет

Өкіне ме екен өлдім деп! –

күйші Құрманғазы айтқандай, аталарымыздың атын өшірмей, кейінгі ұрпаққа, алғы күндерге ашық та, ақ жарқын жүзбен қарай алатындай қызмет жасау – бәріміздің парызымыз! – дей келе қандай ортақ пікірге келеміз?

 

Сабақты аяқтау (бір пікірге келу)

      а) ХІХғ. 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

ә) Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

б) Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жатқанда елің еркін, азат болып,

Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып.

Халқыңның тарихын біл, жұртын таны,

Сонда сен көгерерсің қазақ болып –  дей келе сабағымды қорытындылаймын.

 

4. Бағалау

Бағалау парақшасы.

 

Оқушының аты - жөні

Оқушының өзін-өзі бағалауы

Топтың өзін-өзі бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

Жалпы бағалау

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2015 644
    • 278.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаги Анар Шагиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаги Анар Шагиқызы
    Шаги Анар Шагиқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 706
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой